Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 21:56, доклад

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Вложенные файлы: 1 файл

Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары.docx

— 45.18 Кб (Скачать файл)

50. 6200 – «Басқа  да кірістер» кіші бөлімі басқа  да кірістерді есепке алуға  арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6210 – «Активтердің  шығуынан алынатын кірістер»,  онда мынадай активтерді, мәселен  негізгі құралдарды, материалдық  емес активтерді, қаржылық активтерді  сатудан түсетін кірістерді алумен  байланысты операциялар көрсетіледі;

6220 – «Өтеусіз  алынған активтерден алынатын  кірістер», онда өтеусіз алынған  активтерге байланысты операциялар  көрсетіледі;

6230 – «Мемлекеттік  субсидиялардан алынатын кірістер»,  онда мемлекеттік субсидиялардан  кірістерді алумен байланысты  операциялар көрсетіледі;

6240 – «Құнсызданудан  залалды қалпына келтіруден алынатын  кірістер», онда қаржылық есептілік  стандарттарының талаптарына сәйкес  пайда және залал туралы есепте  кіріс ретінде танылатын активтердің  құнсыздануынан залалды қалпына  келтірумен байланысты операциялар  көрсетіледі;

6250 – «Бағамдық  айырмадан түсетін кірістер»,  онда есептерде валюталардың  әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана  отырып есептілік валютасында  көрсетілген шетелдік валюта  бірліктерінің бірдей санын көрсетудің  нәтижесінде туындайтын бағамдық  айырмадан кірістерді алумен  байланысты операцияларды есепке  алуға арналған.

6260 – «Операциялық  жалдаудан түсетін кірістер»,  онда активтерге операциялық  жалдауға берілген кірістерді  алумен байланысты операциялар  көрсетіледі;

6270 – «Биологиялық  активтердің әділ құнын өзгертуден  түсетін кірістер», онда биологиялық  активтердің әділ құнын өзгертуден  түсетін кірістерді алумен байланысты  операциялар көрсетіледі;

6280 – «Өзге  кірістер», онда өткен топтарда  көрсетілмеген басқа да кірістерді  алуға байланысты операциялар  көрсетіледі:

шарттардың  талаптарын бұзғаны үшін есептелген айыппұлдардан, өсімақыдан, тұрақсыздық  айыптарынан алынатын кіріс;

түгендеу кезінде  анықталған материалдық құндылықтардың артығы;

келтірілген шығындарды өтеу;

қолданыстағы  заңнамада белгіленген талап  қоб мерзімі өткен кредиторлық  берешекті есептен шығарудан  түсетін кіріс;

қалпына келтірілген  бағалау мііндеттемелерінің сомасы;

қызметкерлерге  сыйақылар бойынша актуарлық  табыстар;

сақтандыру жағдайлары;

өзге кірістер.

51. 6300 – «Қысқартылатын  қызметпен байланысты кірістер»  кіші бөлімі қысқартылатын қызметке  байланысты кірістерді есепке  алуға арналған.

6310 – «Қысқартылатын  қызметпен байланысты кірістер»,  онда міндеттемелер бойынша сатылған  активтер немесе есеп айырысулардан  алынатын кірістерге байланысты  операциялар көрсетіледі.

52. 6400 «Үлестік  қатысу әдісі бойынша ескерілетін  ұйымдар пайдасының үлесі» кіші  бөлімі үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін ұйымдар пайдасының  үлесін есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

6410 – «Қауымдастырылған  ұйымдардың пайда үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген  қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың  үлесі ескеріледі;

6420 – «Бірлескен  ұйымдардың пайда үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген  бірлескен ұйымдардың пайда үлесі  ескеріледі.

 

10. «Шығыстар» 7 бөлімінің шоттары

 

53. «Шығыстар» 7 бөлімінің шоттары шығыстарды  есепке алуға арналған.

«Шығыстар» 7 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

7000 – «Сатылған  өнімнің және көрсетілген қызметтердің  өзіндік құны»;

7100 – «Өнімді  сату және қызметтер көрсету  бойынша шығыстар»;

7200 – «Әкімшілік  шығыстар»;

7300 – «Қаржыландыруға  арналған шығыстар»;

7400 – «Басқа  да шығыстар»;

7500 – «Қысқартылатын  қызметпен байланысты шығыстар»;

7600 – «Үлестік  қатысу әдісімен ескерілетін  ұйымдардың залалдағы үлесі»;

7700 – «Корпорациялық  табыс салығы бойынша шығыстар».

Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)»  тобының шоттарына жабылады.

54. 7000 «Сатылған  өнімнің және көрсетілген қызметтердің  өзіндік құны» кіші бөлімі  сатылған өнімнің және көрсетілген  қызметтердің өзіндік құнын есепке  алуға арналған.

7010 – «Сатылған  өнімнің және көрсетілген қызметтердің  өзіндік құны», онда сатылған  өнімнің және көрсетілген қызметтердің  өзіндік құны ескеріледі.

55. 7100 – «Өнімдерді  сату және қызметтер көрсету  бойынша шығыстар» кіші бөлімі  өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстарды есепке  алуға арналған.

7110 – «Өнімдерді  сату және қызметтер көрсету  бойынша шығыстар» онда өнімдерді  сатумен және қызметтер көрсетумен  байланысты шығыстар есепке алынады.

56. 7200 «Әкімшілік  шығыстар» кіші бөлімі әкімшілік  шығыстарды есепке алуға арналған.

7200 – «Әкімшілік  шығыстар», онда өндірістік процеспен  байланысты емес басқару және  шаруашылық шығыстары ескеріледі.

57. 7300 – «Қаржыландыруға  арналған шығыстар» кіші бөлімі  қаржыландыруға арналған шығыстарды  есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7310 – «Сыйақылар  бойынша шығыстар», онда қаржылық  міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша  пайыздарды төлеуге арналған  шығыстар көрсетіледі;

7320 – «Қаржылық  жалдау бойынша пайыздарды төлеуге  арналған шығыстар», онда активтерге  қаржылық жалдау алынған шығыстар  көрсетіледі, мәселен негізгі  құралдарға;

7330 – «Қаржылық  құралдардың әділ құнын өзгертуден  алынатын шығыстар», онда әділ  құн бойынша бағаланатын қаржылық  актив немесе міндеттеменің әділ  құнын өзгертуден түсетін шығыстар  көрсетіледі;

7340 – «Қаржыландыруға  арналған басқа да шығыстар»,  онда алдындағы топтарда көрсетілмеген  қаржыландыруға арналған басқа  да шығыстар көрсетіледі.

58. 7400 «Басқа  да шығыстар» кіші бөлімі басқа  да өндірістік емес шығыстарды  есепке алуға арналған, ол әдеттегі  қызмет процесіне қарамастан  туындайды. 

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7410 – «Активтерді  қатардан шығару жөніндегі шығыстар»,  онда активтерді сату, өтеусіз  беру және есептен шығару жөніндегі  шығыстар, мысалы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық  активтерді сату, өтеусіз беру  және есептен шығару жөніндегі  шығыстар, бөлшектеу жөніндегі шығыстар  ескеріледі;

7420 – «Активтердің  құнсыздануынан түсетін шығыстар»,  онда активтердің құнсыздануынан  түсетін шығыстар ескеріледі;

7430 – «Бағамдық  айырма бойынша шығыстар», онда  шетелдік қызметке бағамдық айырма  бойынша шығыстарды қоспағанда  ағымдағы кезеңде олар бастапқы  танылған немесе алдыңғы қаржылық  есептерде берілгендермен салыстырғандағы  бағамдар бойынша ұйымдардың  есептілікте монетарлық баптарды  өтеу кезінде немесе монетарлық  баптарды беру кезінде туындайтын  бағамдық айырмалар бойынша шығыстар  ескеріледі;

7440 – «Резервті  құру және үмітсіз талаптарды  есептен шығару бойынша шығыстар»,  онда резервті құру және үмітсіз  талаптарды есептен шығару бойынша  шығыстар ескеріледі;

7450 – «Операциялық  жалдау бойынша шығыстар», онда  операциялық жалдау бойынша шығыстар  ескеріледі;

7460 – «Биологиялық  активтердің әділ құнын өзгертуден  түсетін шығыстар», онда биологиялық  активтердің әділ құнын өзгертуден  түсетін шығыстар ескеріледі;

7470 – «Басқа  да кірістер», онда өткен топтарда  көрсетілмеген басқа да шығыстар  ескеріледі:

шарттардың  талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары;

түгендеу кезінде  анықталған материалдық құндылықтардың жетіспеуі;

келтірілген шығындарды өтеу;

сот шығындарын және төрелік алымдарды өтеуге арналған шығыс;

ғылыми-зерттеу  және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар;

бағалауға және барлауға арналған, капиталдандыруға жатпайтын шығыстар;

қызметкерлерге  сыйақылар бойынша актуарлы шығындар;

сақтандыру жағдайлар бойынша  шығындар;

өзге де шығыстар.

59. 7500 «Қысқартылатын  қызметпен байланысты шығыстар»  кіші бөлімі қысқартылатын қызметпен  байланысты шығыстарды есепке  алуға арналған.

7510 – «Қысқартылатын  қызметпен байланысты шығыстар»,  онда қысқартылатын қызметпен  байланысты міндеттемелер бойынша  сатылған активтер немесе есеп  айырысулар бойынша шығыстар  ескеріледі.

60. 7600 «Үлестік  қатысу әдісімен ескерілетін  ұйымдардың залалындағы үлес»  кіші бөлімі үлестік қатысу  әдісімен ескерілетін ұйымдардың  залалына үлесті көрсетуге арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

7610 – «Қауымдастырылған  ұйымдардың залалындағы үлес»,  онда үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың  залалындағы үлесі ескеріледі;

7620 – «Бірлескен  ұйымдардың залалындағы үлес»  онда үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін бірлескен ұйымдардың  залалындағы үлесі ескеріледі.

61. 7700 - «Корпорациялық  табыс салығы бойынша шығыстар»  кіші бөлімі корпорациялық табыс  салығы бойынша шығыстарды  есепке  алуға арналған.

7710 – «Корпорациялық  табыс салығы бойынша шығыстар»,  онда корпорациялық табыс салығы  бойынша шығыстар ескеріледі.

 

11. «Өндірістік есепке алу шоттары» 8 бөлімінің шоттары

 

62. «Өндірістік  есепке алу шоттары» 8 бөлімінің  шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге  және қызметтер көрсетуге арналған  шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың  пайда болу орындары және басқа  да белгілері бойынша шығындарды  топтау, сондай-ақ дайын өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау  жүзеге асырылады.

 «Өндірістік  есепке алу шоттары» 8 бөлімі мынадай  кіші бөлімдерді қамтиды:

8100 – «Негізгі  өндіріс»;

8200 –  «Жеке  меншік өндірістің жартылай фабрикаттары»;

8300 – «Көмекші  өндірістер»;

8400 – «Жүкқұжат  шығыстары».

63. 8100 «Негізгі  өндіріс» кіші бөлімі негізгі  өндірістегі шығындарды есепке  алуға арналған.

8110 – «Негізгі  өндіріс», онда негізгі өндіріске  арналған шығындар, оның ішінде  шикізат пен материалдардың шығыс,  тікелей негізгі өндірісте айналысатын  қызметкерлердің еңбекақысы және  еңбекақысының сомасынан шегерімдер, негізгі өндіріске жатқызылған  үстеме шығыстар есепке алынады.

64. 8210 – «Жеке  өндірістегі жартылай фабрикаттар», онда жартылай фабрикаттарды  өндіруге арналған шығындар ескеріледі;

8210 «Жеке өндірістегі  жартылай фабрикаттар», онда жартылай  фабрикаттарды өндіруге арналған  шығыстар есепке алынады;

65. 8300 «Көмекші  өндірістер» көмекші өндіріс  шығындарын есепке алуға арналған.

8310 «Көмекші  өндірістер», онда ұйымның негізгі  өндірісіне қатысты көмекші болып  табылатын өндірістердің шығындары  есепке алынады.

66. 8400 «Жүкқұжат  шығыстары» кіші бөлімі жүкқұжат  шығыстарын есепке алуға арналған.

8410 – «Жүкқұжат  шығыстары», онда негізгі және  қосымша өндірістер, сондай-ақ жеке  өндірілген жартылай фабрикаттар  бойынша жүкқұжат шығыстары көрсетіледі.  

 

 

 

 

 

 

 

Бухгалтерлік  есеп шоттарының үлгілік жоспарына  қосымша

 

1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер

 

1000

Ақша  қаражаттары

1010

Кассадағы ақша қаражаты

1020

Жолдағы ақша қаражаты

1030

Ағымдағы  банктік шоттардағы ақша қаражаты

1040

Карт-шоттардағы ақша қаражаты

1050

Жинақ шоттарындағы қаражаты

1060

Өзге  ақша қаражаты

   

1100

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1110

Қысқа мерзімді берілген қарыздар

1120

Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер

1130

Өтеуге  дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар

1140

Сатуға  арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1150

Өзге  қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

   

1200

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1210

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа  мерзімді дебиторлық берешегі

1220

Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1230

Қауымдастырылған  және бірлескен ұйымдардың қысқа  мерзімді дебиторлық берешегі

1240

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа  мерзімді дебиторлық берешегі

1250

Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1260

Жалдау  бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1270

Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар

1280

Өзге  қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1290

Күмәнді талаптар бойынша резерв

   

1300

Қорлар

1310

Шикізат және материалдар

1320

Дайын өнім

1330

Тауарлар

1340

Аяқталмаған өндіріс

1350

Өзге  қорлар

1360

Қорларды  есептен шығару бойынша резерв

   

1400

Ағымдағы  салықтық активтер

1410

Корпорациялық табыс салығы

1420

Қосылған  құн салығы

1430

Өзге  салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер

   

1500

Сатуға  арналған ұзақ мерзімді активтер

1510

Сатуға  арналған ұзақ мерзімді активтер

1520

Сатуға  арналған істен шығатын топ

   

1600

Өзге  қысқа мерзімді активтер

1610

Берілген  қысқа мерзімді аванстар

1620

Алдағы  кезеңдердің шығыстары

1630

Өзге  қысқа мерзімді активтер

   

2-бөлім. Ұзақ мерзімді активтер

 

2000

Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар

2010

Ұзақ  мерзімді берілген қарыздар

2020

Өтеуге  дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар

2030

Сату  үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2040

Өзге  ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

   

2100

Ұзақ  мерзімді дебиторлық берешек 

2110

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  ұзақ мерзімді берешегі

2120

Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2130

Қауымдастырылған  және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2140

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2150

Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2160

Жалдау  бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2170

Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

2180

Өзге  ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

   

2200

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

2210

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

   

2300

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 

2310

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 

2320

Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы

2330

Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан шығын

   

2400

Негізгі құралдар

2410

Негізгі құралдар

2420

Негізгі құралдардың амортизациясы 

2430

Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын  шығындар

   

2500

Биологиялық активтер

2510

Өсімдіктер

2520

Жануарлар

   

2600

Барлау  және бағалау активтері

2610

Барлау  және бағалау активтері

2620

Барлау  және бағалау активтерінің амортизациясы

2630

Барлау  және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындар

   

2700

Материалдық емес активтер

2710

Гудвилл

2720

Гудвиллдің  құнсыздануы 

2730

Өзге  материалдық емес активтер

2740

Өзге  материалдық емес активтердің амортизациясы

2750

Өзге  материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар

   

2800

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

2810

Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге  қалдырылған салықтық активтер

   

2900

Өзге  ұзақ мерзімді активтер

2910

Берілген  ұзақ мерзімді аванстар

2920

Алдағы  кезеңдердің шығыстары

2930

Аяқталмаған құрылыс

2940

Өзге  ұзақ мерзімді активтер

   

3-бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

3000

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

3010

Қысқа мерзімді банктік қарыздар

3020

Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік  операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар

3030

Қатысушылардың  дивидендтері мен кірістері бойынша  қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3040

Ұзақ  мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі

3050

Өзге  қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

   

3100

Салықтар  бойынша міндеттемелер

3110

Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы

3120

Жеке  табыс салығы

3130

Қосылған  құн салығы

3140

Акциздер

3150

Әлеуметтік  салық

3160

Жер салығы

3170

Көлік құралдары салығы

3180

Мүлік салығы

3190

Өзге  салықтар

   

3200

Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша  міндеттемелер

3210

Әлеуметтік  сақтандыру бойынша міндеттемелер

3220

Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер

3230

Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

3240

Басқа да еркін төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

   

3300

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3310

Берушілер мен мердігерлерге берілетін  қысқа мерзімді берешек

3320

Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3330

Қауымдастырылған  және бірлескен ұйымдарға берілетін  қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3340

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін  қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3350

Еңбекақы  төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

3360

Жалдау  бойынша қысқа мерзімді берешек

3370

Ұзақ  мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі 

3380

Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар

3390

Өзге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек

   

3400

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3410

Қысқа мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

3420

Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер

3430

Қызметкерлерге  сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3440

Өзге  қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

   

3500

Өзге  қысқа мерзімді міндеттемелер

3510

Алынған қысқа мерзімді аванстар

3520

Алдағы  кезеңдердің кірістері

3530

Сатуға  арналған істен шығатын топтың міндеттемелері

3540

Өзге  қысқа мерзімді міндеттемелер

   

4-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

4000

Ұзақ  мерзімді қаржылық міндеттемелер

4010

Ұзақ  мерзімді банктік қарыздар

4020

Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік  операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар

4030

Өзге  ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

   

4100

Ұзақ  мерзімді кредиторлық берешек

4110

Берушілер мен мердігерлерге берілетін  ұзақ мерзімді берешек

4120

Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4130

Қауымдастырылған  және бірлескен ұйымдарға берілетін  ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4140

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін  ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4150

Жалдау  бойынша ұзақ мерзімді берешек 

4160

Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

4170

Өзге  ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

   

4200

Ұзақ  мерзімді бағалау міндеттемелері

4210

Ұзақ  мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

4220

Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4230

Қызметкерлерге  сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4240

Өзге  ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

   

4300

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

4310

Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге  қалдырылған салық міндеттемелері

   

4400

Өзге  ұзақ мерзімді міндеттемелер

4410

Алынған ұзақ мерзімді аванстар

4420

Алдағы  кезеңдердің кірістері

4430

Өзге  ұзақ мерзімді міндеттемелер

   

5-бөлім. Капитал мен резервтер

 

5000

Жарғылық  капитал

5010

Артықшылықты  акциялар

5020

Қарапайым акциялар

5030

Салымдар  мен пай

   

5100

Төленбеген  капитал

5110

Төленбеген  капитал

   

5200

Сатып алынған меншікті үлес құралдары

5210

Сатып алынған меншікті үлес құралдары

   

5300

Эмиссиялық  кіріс

5310

Эмиссиялық  кіріс

   

5400

Резервтер

5410

Құрылтайшы  құжаттармен белгіленген резервтік  капитал

5420

Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв

5430

Материалдық емес активтерді қайта бағалауға  арналған резерв

5440

Сатуға  арналған қаржы активтерін қайта  бағалауға арналған резерв

5450

Шетел қызметі бойынша шетел валютасын  қайта есептеуге арналған резерв 

5460

Өзге  резервтер

   

5500

Бөлінбеген  пайда (жабылмаған залал)

5510

Есепті  жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)

5520

Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)

   

5600

Қорытынды кіріс (қорытынды залал)

5610

Қорытынды кіріс (қорытынды залал)

 

6-бөлім. Кірістер

6000

Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

6010

Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

6020

Сатылған  өнімді қайтару

6030

Бағадан және сатудан жеңілдіктер

   

6100

Қаржыландырудан түскен кірістер

6110

Сыйақылар бойынша кірістер

6120

Дивидендтер бойынша кірістер 

6130

Қаржылық  жалдаудан түскен кірістер

6140

Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен болатын  операциялардан түскен кірістер

6150

Қаржылық  аспаптардың әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер 

6160

Қаржыландырудан түскен өзге кірістер

   

6200

Өзге  кірістер

6210

Активтерді  істен шығарудан түскен кірістер

6220

Өтеусіз алынған активтерден алынған  кірістер

6230

Мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістер

6240

Құнсызданудан шығындарды қалпына келтіруден түскен кірістер

6250

Бағам айырмасынан түскен кірістер

6260

Операциялық жалдаудан түскен кірістер

6270

Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер

6280

Өзге  кірістер

   

6300

Тоқтатылатын  қызметке байланысты кірістер

6310

Тоқтатылатын  қызметке байланысты кірістер

   

6400

Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымның пайда үлесі

6410

Қауымдастырылған  ұйымдардың пайда үлесі

6420

Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі

   

7-бөлім. Шығыстар

 

7000

Өткізілген  өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7010

Өткізілген  өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

   

7100

Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету  бойынша шығыстар

7110

Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету  бойынша шығыстар

   

7200

Әкімшілік шығыстар

7210

Әкімшілік шығыстар

   

7300

Қаржыландыруға  шығыстар

7310

Сыйақылар бойынша шығыстар

7320

Қаржылық  жалдау бойынша пайыз төлеуге  шығатын шығыстар

7330

Қаржылық  аспаптардың әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар

7340

Қаржыландыруға  өзге шығыстар

   

7400

Өзге  шығыстар

7410

Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар

7420

Активтердің құнсыздануы бойынша шығыстар

7430

Бағам айырмасы бойынша шығыстар

7440

Резерв  құру және үмітсіз талаптарды есептен  шығару бойынша шығыстар

7450

Операциялық жалдау бойынша шығыстар

7460

Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар

7470

Өзге  шығыстар

   

7500

Тоқтатылатын  қызметке байланысты шығыстар

7510

Тоқтатылатын  қызметке байланысты шығыстар

   

7600

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымның  шығын үлесі

7610

Қауымдастырылған  ұйымдардың шығын үлесі

7620

Бірлескен ұйымдардың шығын үлесі

   

7700

Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар

7710

Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар

   

8-бөлім. Өндірістік есептің шоттары

8100

Негізгі өндіріс

8110

Негізгі өндіріс

8200

Жеке  өндірістегі жартылай фабрикаттар

8210

Жеке  өндірістегі жартылай фабрикаттар

8300

Көмекші өндірістер

8310

Көмекші өндірістер

8400

Жүкқұжат  шығыстары

8410

Жүкқұжат  шығыстары

Информация о работе Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары