Бухгалтерский учет и аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:56, курсовая работа

Краткое описание

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оң-тайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Аудит курсовой.docx

— 88.45 Кб (Скачать файл)

Маманданған бухгалтер-аудиторлар институты Австралияда құрылды, оған тек австралиялықтар ғана емес, сондай-ақ азиялық мемлекеттерде, атап айтқанда, Малайзия, Сингапур, Гонконг азаматтары мүше бола алады.

Австралиядағы осы елдердің өкілдері аудиторлык кәсіпті оқыту, біліктілік емтиханын қабылдау, тиісті атақ беру ісіне араласа алады.

Жаңа Зеландиядағы Бухгалтерлер қоғамы мамандалған (алқалы) бухгалтер-аудиторлар құрамын (өз қоғамының 96%-ін) камтиды. Алайда бухгалтер-аудитор атағын алу үшін тиісті білім мен аса қажетті жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Маман осы атақты алғанға дейін, «Бухгалтерлер қоғамының», дауыс беретін құқығы жоқ, «уақытша мүшесі» ғана бола алады.

«Еуропаға оралу» және нарықтық экономикаға көшуге байланысты посткеңестік мемлекеттер мен шығыс еуропалық елдердегі шаруашылық механизмдерін қайта құру тексеру-бақылау жұмысының сипатын түбегейлі өзгертуді және тәуелсіз бухгалтер-аудитор сияқты мамандық категориясын қалыптастыруды талап етті.

ІІІын мәнінде аудиторлық кәсіп алдыңғы орынға шығарылған Шығысеуропалық елдерде (Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния) тексерушілік қызмет айтарлықтай жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Польша мен Венгрияда сарапшы-бухгалтер категориясы бұрыннан бар болатын.

Бухгалтерлік сараптау техникасы, сарапшы бухгалтерге кәсіби және этикалық талап аудиторлық тексеру тәсілдерімен, бухгалтер-аудиторға қойыла- тын талаптарға жауап беретін іскерлік және өнегелік нормалар көп жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мәселен, 1988 жылы Чехия мен Словакияда шетелдік катысушы кәсіпорындары туралы заң қабылданып, осыған орай бухгалтер-аудитор лауазымы бекітілді. Барлық шетелдік қатысудағы кәсіпорындар ең аз дегенде екі тәуелсіз бухгалтер-аудиторларға жылдық есеп берулерін тексертуі әрі бекіттіруі керек. Ал, олардың жылдықесеп берулерін тексеріп, бекітетін тәуелсіз бухгалтер-аудиторлардың осы атақты алуда жоғары экономикалық және заңгерлік білімдері, ең аз дегенде шаруашылық ұйымдарында 10 жыл жұмыс істеген тәжірибесі болуы керек, сонымен қатар, олардың жасы 35-тен кем болмауы керек. Соңгы хабарларға қарағанда бұл жас 30-ға дейін төмен түсірілген. Сөз жоқ, бухгалтер-аудитор тиісті адамгершілік қасиеттерге ие болуы тиіс.

Бухгалтер-аудитор атағына талап қылатын ізденушілер феде- ралдық Қаржы министрлігі бекіткен комиссияның алдында өздерінің білімдері мен шеберлігін іс-тәжірибеде қолданып, сынақтан өтуі керек.

Рас, Чехия мен Словакияда заң шетелдік қатысудағы кәсіпорындарға шетелдік аудиторлардың аудиторлық тексеру жүргізуге рұқсат береді. Алайда бұл арада чех-словактық формалар мен әдістердің әлемдік тәжірибедегі қолданыстағылардан айырмашылық мәселелері туындайды. Солай десек те, бірқатар трансұлттық фирмалар өз өкілдіктерін Чехия мен Словакияда, ең алдымен Прага мен Братиславада іске қосып бекітті.

Көрші мемлекет - Қытайдағы аудиторлықтың дамуы Қазақстанның назарын өзіне аударып отыр.

1982 жылы Бүкілкытайлық халық өкілдерінің жиналысында үкіметтен аудиторлықәкімшілікті құруды және оның тәуелсіздігіне кепілдік беруді талап ететін елдің жаңа Конституциясы жарияланды. Аудиторлық әкімшілік өзінің қызметін сәтті орындауын қамтамасыз ету үшін Конституцияның 91-бабында былайша шарт қойылған: «Мемлекеттік кеңес Премьерінің нұсқауы бойынша аудиторлық ұйым қандай да бір әкімшілік органы немесе қоғамдық ұйымдар немесе тұлға тарапынан араласпауын шарт етіп қоятын заңға сәйкес аудитті өткізу арқылы кеңес беруге өзінің құқығын тәуелсіз жүзеге асырады». Бас аудитордың объективтілігі мен тәуелсіздігі Конституциямен қорғалады. Осы заңға сәйкес, ол Қытайдың ең таңдаулы басшылық ұйымы болып табылатын

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Мемлекеттік кеңес Премьерінің ұсынысы бойынша Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысымен тағайындалуы және қызметтен босатылуы, яғни орнынан түсуі мүмкін. Сондықтан да бұл жағдай Бас аудитордың жұмысына үкіметтің әкімшілік органдарының араласуына тиімді тосқауыл бола алады. Ол өзінің міндетін заңға сәйкес орындап,еркін әрекет етеді.

1985 жылы хабарланған,  «Аудиторлык жұмыстың уақытша ережесі» аудиторлық әкімшіліктің негізгі міндеттерін белгіледі. Көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың каржылық бақылауы өте осал болғандықтан барлық үкіметтік мекемелер мен ірі және орташа кәсіпорындарды өз іштеріндегі бақылау жүйесін дамытуға міндеттейтін арнайы бап ережеге енгізілді.

Қытайдағы нарықтың тұрақтануы мен экономиканың сауығуына аудиторлық қызмет үлкен көмегін тигізді. Тек бір ғана 1489 жылдың өзінде тексеру нәтижесінде қажетсіз объектілер құрылысын қаржыландыруға, істелмеген жұмысқа төленетін сыйақыға арналған «проблемалық ақшалар» мен жалпы ұлттық өнімнің 2% құрайтын 24 млрд. юан аса ірі «өкілдік» шығындар анықталды.

Қытай үкіметі бухгалтерлердің арасында СРА-маманданған қоғамдық бухгалтердің көбейгенін мақұлдайды. ҚХР-да СРА-ның шамамен 80 фирмасы әрекет етеді. Осы фирмалардың көбісі шетелдік инвестиция базасына негізделген біріккен кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. СРА фирмалары кәсіпорынның бухгалтерлік кітабын жүргізуді, қызметкерлерді дайындауды және ішкі жүйесін жобалай алады. Олардың қызметі аудиторлық әкімшілік аудиторламаған көптеген кәсіпорындардың бақылауын күшейтуге көмектеседі.

Дамушы елдердің экономикасы нарыққа бағдарланған сайын бизнес секторларына тәуелсіз қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы арта түсуде. Әлемдік экономика, бизнес, сауда ғаламдасуындагы байқалған тенденцияға байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жұмыстың көлемі артып, аса ірі ұлтаралық бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдары құрыла бастады.

Шетелдердегі нарықтық экономиканың жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырудың деңгейі айтарлықтайжоғары.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды  бірнеше органдар жүзеге асырады: Парламент, Президент пен Үкімет аппаратындағы қаржылық бақылаудың арнайы қызметі, Қаржы министрлігі, Салық ведомоствосы, салық тексеру-бақылау бөлімшелері. Келісімшарт негізінде ұдайы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметімен қатар бұл істі бухгалтер- аудиторлардың тәуелсіз фирмалары да орындайды. Олардың пайда болуы мен жылдам дамуы ең алдымен қаржылық және өндірістік-коммерциялық ұйымдардың есеп берулерін объективті тұрғыдан бағалау қажеттілігінен туындады. Компанияның өз мәліметтеріне күмәнсіз сенім білдіру өте қауіпті, өйткені есеп берулердің жақсы көрсеткіштері оларды банкротқа жиі ұшыратқан.

Меншік иелері, акционерлер  және кредиторлар өз капиталын жоғалтып алу қаупі (қорқынышы) мен сенімсіздіктерді акционерлік қоғамдардың қаржылық есеп берулерін зерделеп, талдап, оның шындыққа жанасымдылығына білікті қорытынды беретін тәуелсіз кәсіби аудиторлардың пайда болуына себепкер болды.

Бүгінгі таңда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатар.

Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар Кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді. Егер АҚШ пен Ұлыбританияда аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау, игеруге және аудиторлар кәсіби міндеттерін қаншалықты дәрежеде өз еркімен және біліктілікпен орындайтынын бақылау ісіне дербестік берілсе, Еуропа құрлығындағы елдерде аудиторлык қызмет үкімет құрылымында қабылданған нормативті-қүқықтық актілер бойынша реттелім жүргізіледі.

Еуропалық одақ мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп берулер мен баланстарды тексерумен айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші ретіндегі аудиторлар категориясы бар.

Бірқатар шетелдерде аудиттің ұйымдастырылуы туралы нормативті-кұқықтык актілерді салыстыру арқылы кәсіпкерлік қызметтің осы саласындағы көптеген мәселелердің шешілуіндегі белгілі бір ұқсастықтарды оңай анықтауға болады. Айтар болсақ, барлық жерде де кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне аудит жүргізудің қажеттілігі туралы ереже бар.

Аудиторлық тәжірибеге рұқсат беретін біліктілік талабы белгіленді. Мысалы, Англияда тұлганың бухгалтерлік органға мүше болып табылатындығын Мемлекеттік хатшының өкілеттілігі, оның ішінде, Англия мен Уэльстің маманданған бухгалтерлер Институты растамайынша, яғни мойындамайынша ол аудитор бола алмайды. Аудиторға тексерілетін кәсіпорынның барлық жиналысына қатысып, сөз сөйлеуге құқық берілген. Жұмысқа салғырт қарағаны үшін аудитордың моральдық және тәртіптілік, сонымен қатар қылмыстық және материалдық жауапкершілігі болады.

Аудиторлық ұйым негізінен  жауапкершілігі шектелмеген серіктестік түрінде болып отыр, ұйымның бұл түрі ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Олардың көбісінде аудитордың қолы компания басқарушысының жауапкершілігін өз мойнына алады. Сондықтан да шектеулі жауапкершілік түрі тараған кейбір елдерде аудитордың өз міндетін орындау барысында жіберген ұқыпсыздығы үшін тек материалдық тұрғыдан ғана жауап береді (мәселен, Австрияда 250 мың шиллинг, ал Германияда 500 мың марка) және оған бұл қызмет түрімен айналысуына тыйым салынады.

Франциядағы Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы тізілімге (реестр) енгізілген барлық аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды біріктіреді.

Ұлттық компанияның қызметі наймақтық компаниялардың делегаттарынан тұратын ұлттық кеңес басқарады. Ұлттық кеңес маңызды шешімдер қабылдайды. Аймақтық кеңестердің жұмысын үйлестіреді және аудиторлық қызметтің техникалық ақпараты мен ұйымдасдастырудың негізгі нормаларының доктринасын жасайды.

Ресейде «аудит» еөзі I Петр (1689-1725 жж.) патшалығы тұсында  пайда болды. Аудитор лауазымы арнайы әскери қызметкерлер мүлікке қатысты дау-таласты тергеумен айналысатын армияға енгізілді.

Бұрынғы КСРО территориясында Аудит институтын құруға талпыныс 1889, 1912 және 1928 жж. болды. Алайда бұл талпыныс-әрекеттердің барлығы сәтсіздікке ұшырады, өйткені самодержавия (патшалық немесе императорлық) және әкімшілік-әміршіл жүйе тұсында тәуелсіз каржылык бақылау органдарына деген қажеттілік бола қойған жоқ. Оның үстіне, бұл проблемалар тек қандай да бір елдің нақты жағдайындағы тәуелсіз қаржылық бақылау органдарының әрекет ету тетіктерін ашатын теориялық терең зерттеулер арқылы шешіледі.

Аудитті ұйымдастырудың халықаралық озық тәжірибесін зерделеп, қабылдау қысқа мерзім ішінде ТМД елдеріндегі оның жылдам дамуының саяси-экономикалық жағдайын, әдістік, этикалық және нормативті-құқықтық негіздерін жасайды.

Аудиторлық фирмалар бұрынғы  КСРО-да біріккен кәсіпорындар қызметін міндетті түрде тексеру белгіленген 1987 ж. пайда болды. Тексеруді және олардың есеп беруін бекітуді жүзеге асыру үшін КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде «Инаудит акционерлік қоғамы» деген атпен алғашқы шаруашылық есепті фирма құрылды. Сонан соң аудиторлық фирмалар аса ірі өнеркәсіп қалалары мен одақтас республикалардың астаналарында қалыптасты. Сонымен бірге «ФБК», «Росэкспертиза», «Контакт», «Қазақстанаудит», «Фукап-аудит» және т.б. бірқатары аудиторлық қызмет саласында жоғары нәтижелерге жетті.

ТМД елдеріндегі көптеген астаналар мен аса ірі қалаларда  сол уақытта «Үлкен алтылық» деп  аталатын КПМГ, «Делойт энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Пранс Уотерхаус» және «Куперс энд Лайбренд» құрлықаралық аудиторлық фирмалар мен филиалдар ашылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің  негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдплпнушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».

Классикалық ұғымда аудит  – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай  қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау  аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1) Кәсіпкерліктің дамуы  мен капитал өсуінің әсері;

2) Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын  ұйымдар санының арта түсуі;

3) Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға  олардың салған ақшаларының сақталуына  кепілдік беруді қамтамасыз ететін  жағдай тудырудың қажеттілігі;

4) Компантялардың операциясы  көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты  дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан  аудиторлардың қызметіне мұқтаж;

5) Қаржылық ақпаратты  пайдаланушылар компанияның есептік  жазбаларына әдетте қолдары жете  бермейді және олардың тиісті  тәжірибелері жиі бола бермейді;

6) Пайдаланушылар қабылдайтын  шешімнің салдары өздері үшін  өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан  да аудитор арқылы алатын ақпараттың  толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Тексеру және бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды.

Информация о работе Бухгалтерский учет и аудит