Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 17:00, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты - дайын өнім есебі, сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы және тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебін ашып қарастырып, белгілі бір қорытындылар жасай білу болып табылады. Көзделген бағыттарды дұрыс жобалап, белгілі жоспар құруының арқасында тиімді және таңдамалы шешімдерді қалыптастыруға пайдалы жолдар ізделіп барлық мәселелер толығымен қамтылды деуге болады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІ......................................................................................6
1.1.Дайын өнім есебіне жалпы сипаттама...........................................................6
1.2.Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы........................................9
1.3.Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі..........18
1.4.Комиссиондық дүкендердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері.........................................................................................................20
1.5.Сатылған тауарды қайтарып берудің, бағадан да және сатудан да жасалған жеңілдіктердің есебі.............................................................................22
1.6.Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар есебі.........................................................................................................................26
2.САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ.
2.1.Акциздер...........................................................................................................28
3.АУДИТ.
3.1.Дайын өнім аудиті...........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................39
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................40
Енді біз кепілдік міндеттемесінің орындалу жағдайының әр түрлі көрінісін бухалтерлік есепте көрсетеміз.
Гарантиялы жөндеу (жөндеуге кепілдеме беру немесе тауар кемістігін тегін қалпына келтіру).
Гарантиялы жөндеу бойынша шығыс сатып алушы мен сатушының арасында және сатушы сауда ұйымы мен және өндіруші кәсіпорынның арасында жасалатын келісім-шартта міндетті шығыс ретінде көрсетіледі және ол сатушы ұйымының шығысы болып табылады.
Әдетте, сатушы ұйым өз бетінше сатылған бұйымның кемістігіне кепілдік бола алмайды.
Болашақта пайда болатын кепілдік міндеттемелерді орындау үшін, сатушы ұйым тауарды өндіруші кәсіпорынмен қосымша келісім-шартқа отырады, тек жазбаша келісім болған жағдайда ғана ол іске асады.
Мысалы: Кәсіпорын халыққа тоңазытқыш сатумен айналысады.
Сатушы ұйым тоназытқышты жасаушы кәсіпорыннан алу үшін келісім – шартқа отырады, онда ол тоназытқыштың бағасынан 10 пайыз жеңілдік жасау туралы айтылған, себебі алынған тоңазытқышты жөндеу қажет болған жағдайда алушы кәсіпорын бар шығыңды өз мойнына алады.
Тауар айырбастау. Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға және бөлшек сауда ережелеріне сәйкес, тұтынушының талап еткен сапасына немесе басқа да қасиетіне сәйкес келмеген жағдайда тауарды айырбастап беруін талап етуге құқысы бар.
Тұтынушыдан алынған (яғни, қайтарылған) тауарға екі дана етіп, накладной жазылады, ол тұтынушының басқа тауарды алуына немесе оның төлеген ақшасын алуына негіз бола алады, сонымен қоса тұтынушы касса чегін бірге қосып береді, бұл соңғы тауардың тап осы магазиннен сатып алынғандығын қуаттайды.
Келісім шартты бұзу. Келісім шартты бұзу, негізінен бағаның өсуінен, не төмендеуінен болуы мүмкін.
Келісім шарт бұзылғанда жазылатын бухгалтерлік жазу тауар айырбастау кезінде жазлатын жазуға ұқсас болып келеді, тек келісім шарт бұзылғанда тауар орнын тауар алынбайды, ол тек ақшалай өтеледі.
Бұл кезде 3390 шоты дебеттеліп, 1010 шот кредиттеледі.
Сатып алу бағасын азайтқан кезде бухгалтерлік есептің шоттары корреспенденцияланады, бірақ ол тауардың кемшілігі кепілдік берілген мерзімнің ішнде анықталса ғана жүзеге асады. Ол қосымша-7 келтірілген.
Бұл арада атап өтетін бір жайыт, ол кепілдік мерзімінің ішінде тиісті құжаттары бар болған жағдайда ғана сатып алушылардың шығысы өтеледі, яғни кемшіліктер тұтынушылардың кінәсінен болмаса болғаны.
Сапасын тиісті болмауы сатылатын тауар бағасына өзгеруі мүмкін, бірақ оны тек кәсіпорының басшысы ғана өзгерте алады.
1.4.Комиссиондық дүкендердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері
Комиссиондық магазиндер, әдетте, жеке тұлғалардан комиссиондық жағдайда алынған тауарды сатумен айналысады. Бұл кезде комитент комиссионлердің арасында комиссиондық келісм-шотр жасалынады. Мүлікті комиссияға қабылдаған кезде тауартану маманы екі данада жазылған түбір шегін береді, оған тауартану маманы мен комитеттік қол қояды. Мүліктің бір ғана түрін қабылдаған кезде ол тек түбіршектен және комитеттік карточкамен рәсімделеді. Оның кері жағына сатуға қабылданған мүліктің атауы мен саны көрсетіледі.
Комиссиондық келісімнің және түбіршектің кері жағында мынандай реквизиттер болуы тиіс: бұйымның сатылатын күні, төленетін сомасы және комитентке төленетін күні директордың, бас бухалтердің және кассирдің коды, бірақ бұлар мүлік сатылғанан кейін толтырылады. Түбіршек мен комиссондық келісімді тауартану маманы тіркейді жазып, қабылданған мүлік реестеріне (тізіміне).
Тауартану маманы жазып берген түбіршек пен комиссондық келісім қабылдаған мүлік реестеріне (тізіміне).тіркеліп қояды. Тізім екі данада жазылады: түбіршек бойынша да және комиссондық келісім бойынша да. Тізімде қабылданған мүліктің бағасы бойынша құны шығарлады. Түбіршек пен комиссондық келісімнің бірінші данасы комитентке беріледі, ал екіншісі реестрмен бірге сақталады.
Тауартану маманы комиссияға қабылданған мүлікті материялды жауапты тұлғаға реестрмен қоса береді. Материялды жауапты тұлғпғп мүлікті қабылдап алып реестрдің екі данасына да қол қояды. Реестрдің (тізімінің) бірінші данасына қосымшасымен бірге тауарлы есеп біреуіне қосып қояды және ол сақтау және тексеру үшін бухгалтерияға беріледі, ал екінші данасы материялды жауапты тұлғаның өзінде қалады. Тауардың жазба қағазына (ярлыққа) комитент пен магазиннің тауартану маманы қол қояды, ал комициялық жолмен бағаланатын тауарларға комиция мүшесінің барлығы қол қояды.
Тауардың жазба қағазына (ярлыққа) комицияның қабылданған мүлкіне (сағат, моншақ, түйреуіш т.б) бағасы көрсетілген қағаздар жапсырады. Комитенттен сатушы қабылданған тауарларды комиссионерлер қабылдап алған кезеңнен бастап, сатқанға дейін 004 “комиссияда қабылданған тауарлар” деп аталатын баланстанды шоттар есепке алынады. Комиссия қабылданған тауарлардың аналитикалық есебі тауарлардың түрі бойынша келісім-шартты көрсетілген бағасы мен жүреді.
Мысалы. Жеке тұлғамен жасалған келісім шартқа сәйкес кәсіпорын комиссиясының қатысуымен тауар алған. Тауардың құны 570000 теңге тұраған, комиссияндық марапаттау – 25 пайыз болған (немесе 190000 теңге), ен.ді біз комиссияға қабылданған тауардың сатуымен байланысты болатын операцияларын қарастырып көрейік.
Егер жеке кәсіпкерлік болып табылатын жеке тұлғаның табысы табыс көзінен салық салуға жатпайтын болса, онда оған тиесілі сомасы толық көлемінде (570000 тенге) төленеді. Сонымен, комиссияда қабылданған тауарды сатқаннан түскен табысын комиссионер 5510 “Жиынтық табыс(зиян)” шотына анықтайды, ол 60172 тенгені құраған (655172-25000-570000).
Мүлікті сатудан қайтарып алу магазин директорының (меңгерушісінің) жазбаша нұсқауының негізінде жасалады. Қайтарылып алынған жағдайда акті жасалды. Актіге директор, бухгалтер және тауартануға маманы қол қояды және осы актіде қайтарып алу себебіде көрсетіледі (жөндеу, химиялық тазалау т.б). Мүліктің иесінен коминтент оны сақтағаны үшін төлем жасауды талап ете алады, бірақ бұл түбіршектің немесе комиссиондық келісімінің кері жағында көрсетілсе ғана жүзеге асуы мүмкін.
Қайтарылған мүліктің санын бағасын материалды жауапты тұлғаның ресстеріне енгізіледі, содан соң ол тексеру үшін бухгалтерияға беріледі. Комиссиондық магазиндер басқада ұйымдар сияқты тауар қозғалысының есеп беруін жасайды.
Есеп берумен қоса:
-түбіршектер,
-комиссиондық келісімдер,
-тауар чектері,
-қайтарылған мүліктердің тізімдемесі,
-тауардың сомасы, атауы, түрлері,
-актілер және т.б бірге тапсырылады.
1.5.Сатылған тауарды қайтарып берудің, бағадан да және сатудан да жасалған жеңілдіктердің есебі
Сатылғын тауарлардың қайтарылуы, сатудан да, бағадан да жеңілдік жасаудың есебі мына шоттарда жүргізіледі:
6020 – шот, “сатылған тауарлардың қайтарылуы”;
6030 – шот, “сату жеңілдіктері”;
6030 – шот, “баға жеңілдіктері”.
Осы синтетикалық шоттар бойынша жасалынатын есептің ұйымдастырылуын қарастырып көрейік.
Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі (6020 – шот).
Бұл шот тұтынушыға сатылған тауарлардың қайтарылып берілгендігі жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған.
Бірақ, онда көтерме сауда да жасалатын қайтарулар қарастырылған жоқ, бұл мәселе жалпы азаматтық заңымен және алып – сату келісім – шартымен реттеледі.
Қайтарылатын тауарлардың басты себептері болып:
- алып – сату бойынша жасалған келісім – шарттың тиісті денгейінде орындалмауы;
- тауардың санымен сапасының сәйкес келмеуі;
- шартта көрсетілмеген ассортименттердің түгел болмауы;
- запас бөлшектерінің түгел еместігі және т.б жатады.
Осы және
басқа да жағдайда сатып
Мысалы: Көтерме кәсіпорны бөлшек сауда кәсіпорнына 1060000 сомаға 300 тауар үлестірілген.
Қоймадан тауарды алыс – беріс кезінде оны тауардың ақауы бар екендігі анықталған. Сондықтан бөлшек сауда мерзімі шықпай тұрған жағдайда тауарды жабдықтаушының өзіне қайтаруды ұйғарған.
Сатудан жасалатын жеңілдіктердің есебі (6030 шоты).
Қалыптасқан практикалық есеп айырылысуда сатудан жасалатын жеңілдіктердің қатарына мына түрлері жатады:
Сату көлемінен
жеңілдік – айға, тоқсанға және басқада
мезгіл кезеңіне сату көлемінің нәтежесі
бойынша сатып алушыға
Қолма – қол төлемі үшін жеңілдік – шоты қолма – қол ақшамен төлеуші сатып алушыларға береді;
“Сконто” жеңілдігі
(баға жеңілдігі) – жабдықтаушының
шотына көрсетілген мерзімде немесе
контракт мерзімімен салыстырғанда
одан ертерек төлеген сатып
Делдалдық жеңілдік –тауардың сатылуын ұйымдастырушы делдалдарға, агенттерге берілетін жеңілдік;
Жабдық жеңілдік – тұйықталған (оңашаланған) кәсіпорындарға (экономикалық бірліктерге) тауарды сатқаны үшін сатылған өнімнің көлемінен берілетін жеңілдік;
Функциональдық жеңілдік – тауар қозғалысын арттырғаны үшін, тауарды тасымалдағаны үшін, сақтау, қорғау, есебін жүргізу т б қызметтері үшін сол тауарды өндірушілерге берілетін жеңілдік.
Сатып алушыларға берілетін жеңілдіктердің барлық түрі келісім – шартта қкөрсетілуі тиіс ол басқа да құжаттарда көрініс табуы мүмкін.
Бағадан жасалатын жеңілдіктердің есебі (6030-шот).
Жеңілдіктер дегеніиіз – тауар бағасының жалпы, неғұрлым ұйғарымды бағаға қарағанда төмендетілуі.
Жеңілдіктер көтерме әдісімен сатып алынғндарға мерзімінен бұрын төлем жасағандарға, тұрақты сатып алушыларға және басқа да жағдайларда беріледі.
Жеңілдік процент түрінде немесе белгілі бір сомад көрініс табуы мүмкін.
Іс жүзінде шегерімдердің (жеңілдіктердің) мынандай түрлері қолданылады.
Сатып алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі конустық шегеру тауарды бір жылдық көлемінен көбірек сатып алушыларға беріледі.
Уақытпен байланысты
жасалатын жеңілдіктер –
Сандық жеңілдік-тапсырыстың көлеміне және саласына (сериялығына) байланысты берілетін аға жеңілдігі.
Егер тауарлардың сапасы төмен болса (нормативтік техникалық құжаттама шегінде) немесе прейскураттарда (пройстарда) белгіленген талаптарға бағасы сай келмесе, жоғарыдағылардан басқа біршама жеңілдіктер жасалуы мүмкін.
Осы аталған себептер бойынша жеңілдіктердің келесі түрлеріне жол беріледі.
Баға жеңілдіктерінің барлық түрлері сатып алушы кәсіпорынның табысы болып табылады және оларға заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салынады.
6030- шоттары активтік, әрі күрделі болып табылады. Бұл шоттар бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктердің түрлеріне қарай талдау есебі жүргізіледі.
Талдау есебі үшін тізімдеме жүргізіледі, ол жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. 6030 – шоттары жыл аяғында жабылады.
Жасалынған баға жеңілдіктері сатып алушылардың жазған шот фактураларларында көрніс табу керек және оның негізінде нақты экономикалық есептеудің есебі жасалынады.
Егер де жеңілдік тауарды сату кезінде берілмесе, онда қосымша шот – фактураның негізінде берілетін жеңілдікті де, салық салынатын айналымнан ҚҚС мөлшерінде есептеуге болады.
6030 шоттары бойынша жасалынатын корреспонденцияны біз төменде келтіреміз.
1.6.Тауарларды(жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар есебі
Тауарларды(жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар есебі 7110 «Тауарларды(жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар» шотында жүргізіледі.
Бұл шотта сату бойынша жұмсалған шығыстардың мынандай түрлері көрініс табады:
-Кәсіпорын қоймаларындағы
өнім ыдыстарына және өнімді
өндіруге байланысты, өнім ыдысқа
салынбай және буып түйілмей
босатылуы да мүмкін немесе
қоймаға кірістелген өнімнің
өзіндік құнының құрамында
Егер өнімді ыдысқа салу өнімді қоймаға тапсыруға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өзіндік құнына енгізеді;