Дайын өнім есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 17:00, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты - дайын өнім есебі, сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы және тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебін ашып қарастырып, белгілі бір қорытындылар жасай білу болып табылады. Көзделген бағыттарды дұрыс жобалап, белгілі жоспар құруының арқасында тиімді және таңдамалы шешімдерді қалыптастыруға пайдалы жолдар ізделіп барлық мәселелер толығымен қамтылды деуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІ......................................................................................6
1.1.Дайын өнім есебіне жалпы сипаттама...........................................................6
1.2.Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы........................................9
1.3.Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі..........18
1.4.Комиссиондық дүкендердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері.........................................................................................................20
1.5.Сатылған тауарды қайтарып берудің, бағадан да және сатудан да жасалған жеңілдіктердің есебі.............................................................................22
1.6.Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар есебі.........................................................................................................................26
2.САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ.
2.1.Акциздер...........................................................................................................28
3.АУДИТ.
3.1.Дайын өнім аудиті...........................................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................39
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................40

Вложенные файлы: 1 файл

=дайын өнімнің есебі.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

-Өнімді жөнелтетін  станцияға тасымалдау, оны көлік  құралдарына арту бойынша жұмасалатын  шығындар;

-Коммисиялық алымдар  немесе жасасқан шарттар бойынша  өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені  үшін төленетін шығындар;

-Өнімді өткізетін  жерлерде сақтауға арналған қоймалардың  күтіп ұсталынуы;

-Сатушылардың және  басқа қызметкерлердің еңбек  ақысы мен аударымдары;

-Өнімді сақтау және  тасымалдау кезінде болатын табиғи  кемулері;

-Жарнама және өнімді  сату үшін жасалған зерттеумен  байланысты шығындары;

-Өткізушіге және басқа  делдалдық ұйымдарға төленетін  комиссиялық алымдар (аударымдар);

-Өнімді сатуға байланысты  басқа да шығындары (өнім сапасын анықтауға жұмсалатын шығындар) жатады.

Сатылатын өнімнің шығындары  сатып алушының есебінен өтелетін болса, онда бұндай шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың қызметтері ретінде есепке алынады.

Өнімнің өзіндік құнының  калькуляциясын жасағанда сату бойынша  жұмсалған шығындары тек сатылған өнімнің толық өзіндік құнын  және өнімді, жұмыстарды жәнге қызметтерді  сатуға байланысты нәтижелерін (табысты  немесе зиянды) есептеп шығарған кезде ғана оған жедел түрде назар аударылады.

Өнімді сатуға жұмсалған  шығындардың баптары бойынша  талдау есебі өнімді сатуға жұмсалған  шығындар есебінің тізімдемесінде, яғни кәсіпорын бекіткен баптарының номенклатурасы бойынша жүргізеді.

7110 «Тауарларды(жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар» шоты бойынша жасалған шоттар корреспонденсиясын құрастырамыз, ол қосымша-6 көрсетілген.

Өнімнің өзіндік құнының  әдісіне әсер ететін негізгі факторлар  реттінде мыналарды атауға болады:

-өндіріс  типі;

-өндірістің  күрделілігі;

-шығарылатын  өнімнің   номенклатурасы мен  сипаты;

-өндіріс  циклының  ұзақтылығы;

-аяқталмаған  өндірістің   қолда  бары,  құрамы  және  көлемі.

Өнімнің, жұмыстың және қызметтің  өзіндік құнын калькуляциялаудың  және шығындарды есепке алудың қарапайым әдісі.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың  және өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялаудың қарапайым  әдісі біртекті өнім шығаратын өндірістерде пайдаланады. 

Оларды, әдетте, аяқталмаған  өндіріс  болмайды  және  жартылай фабрикаттарды өзі  өндіреді.

 

2.САЛЫҚ ЖӘНЕ  САЛЫҚ САЛУ.

2.1.Акциздер.     

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тiзбесi Салық Кодексінде анықталған қызмет түрлерiне акциз салығы салынады.

Төлеушiлер мыналар:

- Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;

- акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;

- Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;

- егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тіркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;

- Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетiн түрлерiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.

Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.

Акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi:

- спирттің барлық түрлерi;

- алкоголь өнiмi;

- темекi бұйымдары;

- құрамында темекi бар басқа бұйымдар;

- бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны; 

- жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

- шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.

Қызметтің акцизделетiн түрлерi мыналар болып табылады:

- ойын бизнесi;

- лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу.

Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада белгiленедi. 

Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.  
     Ойын бизнесi объектілерiне акциздiк базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр жылға есептеп белгiлейдi. Жергiлiктi өкiлдi органдар ойын бизнесi объектiлерiне белгiленген базалық ставкалар шегiнде қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын белгiлейдi.

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылуы мүмкiн.

Салық салу объектiсi мыналар:

- акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

- акцизделетiн тауарларды өткiзуi;

- акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi; 

- алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi; 

- жарғылық капиталға жарнасы; 

- заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы; 

- тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi; 

- тауар өндiрушiлердің жасап шығарған және өндiрген, сондай-ақ ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалануы; 

- бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;

- тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi; 

- ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы; 

- лотереяларды ұйымдастыруы және өткiзуi;

- акцизделетiн тауарлардың, акциз маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады. 

Акцизделетiн өнiм, акциз маркалары бүлiнген жағдайда бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциз маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.  
      Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары жоғалған жағдайда акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрушi осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгiзбей беретiн бағалар бойынша анықталатын өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде белгiленедi.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiндегi салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретiнде анықталады және шығарылым тiркелгеннен кейiн ол өзгертiлмеуге тиiс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.АУДИТ.

3.1.Дайын өнім аудиті.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің тауарлық - материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі - дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі.

Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық – материалдық қорды  басқарудың функционалды  аудиті  аясында  не болмаса оның   іс-әрекетінің   жеке   циклін   іріктемелі   тексеру   ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.

Дайын өнімнің  қозғалысы жөніндегі есептік  мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады.

Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс.

Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.

Тексеру материалдарында  ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбек ақы төлеу фактілері: автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелеррді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру корытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

ІІІығындар  туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалғанын білу жеткіліксіз.

Өндірілген  өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет.

Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық - материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Аудитор дайын  өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:

- Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды ресімдеу дұрыстығы.

- Өнімді тиеуге арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

- Тиелген өнімнің бағасын ресімдеудің дұрыстығы.

- Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.

- Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын   болса,   өнімді   босатуға  арналған   құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

- Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дүрыстығы.

- Өнімді  тиеу  мен  өткізу  жөніндегі   бухгалгерлік  өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.

- Синтетикалық  және  аналитикалық  есеп  жазбаларының 1210 «Алынатын шоттар» және 6010 «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметгерді) өткізуден түсетін табыс» шоттары бойынша сәйкестігі.

Өнімді   шетелдік  валютамен  төлеу  үшін  экспорттық  операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы   бағамдық   айырма   сомасы   пайда   болуына   әкеледі.

Ақшалай   қаражаттың  түскен  уақыты   мен  ұлттық   валютамен өткізу   уақытындағы   мәмілелік   құн   баламасы   арасында   экспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың  борышын    арттырады,    не    болмаса    кәсіпорынның    кірістері    мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.

Ұтымды бағамдык айырмада мынадай жазу жазылады:

Д-т    1210    «Алынатын    шоттар»    шоты    К-т    6250    «Бағам айырмасынан түсетін табыс».

Теріс бағамдық айырмада:

Д-т  7430  «Бағам   айырмасы   бойынша   шығыстар»  шотына

К-т 1210 «Алынатын шоттар» шотына.

Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы   және   елеулі   ауытқулар   болуы   мүмкін.   Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама – қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапқы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалық есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.

Информация о работе Дайын өнім есебі