Дебиторлық қарыз есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 16:23, курсовая работа

Краткое описание

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі
2.1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
2.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
2.3 Күмәнді дебиторлық борыштар
2.4 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
2.5 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ фин учет.docx

— 62.18 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Күмәнді дебиторлық борыштар

 

 

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың  төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін  қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге  сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай  немесе алынуға тиісті сомалардң  бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің  алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым  кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот  болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұймдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың  келісімшартқа сәйкес белгіленген  мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді  қарыздрға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті  кепілдікпен  қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес талап ету мерзімі  өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді  қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен  шығару әдісі, мұнда шығындар нақты  шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл  жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған  тәсілмен есептеледі.

Тікелей еспетен шығару әдісі  бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы  болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре  алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер  көрсетліген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік  мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді  қарыздарға шығындардың есебінен   резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі  1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз  қарыздар сомалары құрылған күмәнді  қарыз бойынша резерв есебінен есептен  шығарылады. Егер кәсіпорындар мен  ұйымдар күдікті қарыз бойынша  резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына  жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.

Егер сатып алушының дебиторлық  қарызы үмітсіз қарыз ретінде  есептен шығарылып және ол осы  есептен шығарылып және ол осы  есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен  шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):

Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша  резевтер шоты

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің  келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс  есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :

Дт: 1030  «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты» 

Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен  алынатын басқадай кірістер шоты түрінде  жазу жазылады.

«Күмәнді қарыздар бойынша  резервтер» есебі №10 журнал-ордер  жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар  өздерінің күдікті  деп есептеген  борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге  көлемінде резерв құрғанда мынадай  корреспонденциялар жазылады:

Күдікті қарыздар бойынша  құрылған резерв сомасына;

Дт: 7210 Жалпы әкімшілік  шығындар шоты                                           100000 тг

Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша 

резервтер шоты            100000 тг

  • Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80000 ( сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;

Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша 

резервтер шоты                                                                                    80000 тг

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар                                                             80000 тг

Артық жасалынған күдікті  қарыздар резерв сомалары сторно етіледі. Кәсіпорындар мен ұымдар бұл жағдайда қызыл сиямен жазу арқылы алынып тасталады.

Дт: 7210 Жалпы және әкімшілік 

шығындар шоты                                                                   20000 тг

Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша

резервтер шоты                                                                                   20000 тг

Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті  қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айыпма қалдығының соамсы ғана көрсетіледі.

Мысалы: «ҚКК» фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв  сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезінде күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезе шығындары ретінде танылады да, «ҚКК» фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз соамсы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.

Кез келген кәсіпорындар мен  ұйымдары алып қарасақ та олардың  барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде  жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын  сомаларды анықтау қажет. Бұл  уақыттағы  бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда  болуы ықтимал. Жалпы халықаралық  тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау  үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

    • Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызмет ітуралы беруде);
    • Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)

Бұндағы бірінші аталған  әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар нәтижесінде туындаған  шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс  есептеу болып  табылады. Көпетеген кәсіпоырндар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған несиеге  сатудан алынатын таза табыстан еспетелегн пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл  әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Бұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан  алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді  қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

Мысалы: «ҚКК» фирмасының 2004 жылғы көрсеткіштері:

  • Сатылған тауарларының көлемі                                                  1000000 тг
  • Сатылған тауарларының қайтарылғаны                                     50000 тг
  • Сауда щегерімі                                                                               10000 тг
  • Күмәнді қарыздар бойынша резерв                                              8000 тг

Соңғы үш жылдағы  «ҚКК» фирмасының күмәнді қарыздар бойынша шығындары:

Жылдар

Сатылғантауарларының көлемі

Күмәнді қарыздар бойынша  шығындары

Пайыздар

2000

900000

29700

3,3

2001

930000

31500

3,38

2002

950000

36100

3,8

Барлығы

2780000

97300

3,5


 

«ҚКК» фирмасының бухгалтері бұл жылдардағы күмәнді қарыздар бойынша пайыз мөлшері орта есеппен 3,5% деп есептейді. Соған сәйкес 2004-жылғы «ҚКК» фирмасының күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі:

(1000000-50000-10000)*3,5%=32900 тг

Осы табылған күмәнді қарыздар соамыс бойынша «ҚКК» фирамсының бухгалтерлік есепті жыл соңында (2002 жыл) мынадай жазу жазады:

Дт:  7210 Жалпы және әкімшілік  шығындары                                         32900 тг

Кт:  1290 Күмәнді қарыздар бойынша резерв                                         32900 тг

Жоғарыдағы сандарды есекере  отырып, 2004 жылдың қаржылық  есебінде күдікті қарыздар бойынша резерв сомасының 40900 (қырық мың тоғыз  жүз) теңгеге тең болатындығын білуімізге болады. Бұндағы 8000 (сегіз мың) теңге өткен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 32900 (отыз екі мың тоғыз жүз) теңге есепті жылдағы сатлыған тауарлар бойынша күмәнді қарыдарға жасалынған (болжам бойынша) резерв  сомасы.

Негізінен  несиеге стаудан  алынатын таза табыстан есептелген пайыз  әдісі бойынша ардайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік  құнын есептеп  отыру мүмкін емес. Бұл әдістің  тұжырымдамалық негізі болып сәйкестілік  принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті  қарыз сатылым негізінде туындаған. Әдіс қолданылуы барысында өте қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ескеретін  жағдай, несиеге сталған тауарларға қолданылатын пайыз пайыз мөлшері  әрдайым жаңартылып (жаңадан есептеліп) отыруы тиіс.

Күмәнді қарыздарда бағалу үшін қолданылатын  дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу  әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына  негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш  пайызын анықтаған  уақытта өткен  кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып  күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік  құнын анықтау есептеледі. Несиге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі  бойынша  есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың  нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті  күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік  береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді  қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:

    • Негізгі дебиторлық борышқа жасалынған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
    • Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме;

Осы атап өткен екінші әдісіміз бойынша мысал келтірейік:

«ҚКК» фирмасының 2004 жылғы  31 желтоқсанға алынуға  тиісті шоттарының сомасы (өлшем бірлігі  теңге)

Сатып

алушылар

Түсуге тиісті борыш

(барлығы)

Уақтылы түспегені

Бір тоқсан кешіктірілгені

Екі тоқсан кешіктірілгені

Үш тоқсан кешіктілгені

Төрт тоқсан кешіктірілгені

«Арал»

фирмасы

350000

 

150000

200000

   

«Шалқар» фирмасы

250000

     

100000

150000

«НҰР» АҚ

500000

300000

100000

   

100000

Барлығы

1100000

300000

250000

200000

100000

250000

Күмәнді борыш пайызы

 

5

10

20

30

50

Күмәнді борыш бойынша  резерв

 

15000

25000

40000

30000

125000


Жоғарыдағы берілген мысалымызда  «ҚКК» фирмасының алынуға тиісті шоттарының сомасы қарастырылған. Яғни кестеде «ҚКК» фирмасының дебиторлы  және олардың қарыз сомалары әрбір  кезеңге бөлініп көрсетліген. Сондай-ақ бұл жерде фирманың алынуға тиіс шоттарының кешіктірілген мерзімдеріне сәйкес күдікті борыш есептеуге  арналған пайыз коэффициенті белгіленген. Яғни «ҚКК» фирмасы өздерінің  сатқан тауарлары мен көрсеткен  қызметтері үшін уақтылы есеп айырыспаған  заңды немес жеке тұлғалардың  қарыздарының, дер кезінде төленбеген сомасының 5%, бірінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 10%, екінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 20%, үшінші тоқсанда кешіктірлгендерінің 30%, төртінші тоқсанда кешіктірілгендердінің 50% мөлшердегі сомаларын күдікті борыштар деп есептейді. Кестеден «ҚКК» фирмасының 2003 жылдың 31 желтоқсанына болжанған күдікті қарыздарының  мөлшері 235000 (екі жүз отыз бес мың) теңгеге тең екендігін көруімізге болады (15000+25000+40000+30000+125000). Егер «ҚКК» фирмасының күдікті борыштар бойынша резерв шотындағы сомасы жоғарыда табылған 235000 теңгеден артық немесе кем болса, бұрынғы жасалынған резервтер сомасына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Информация о работе Дебиторлық қарыз есебі