Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 10:17, дипломная работа
"Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Бүгінгі туризм-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туризмнің қазіргі индустриялды табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен түскен табыс мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады.
Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық мүмкіншілігі
1.1.Аймаққа экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу.......................4
1.2.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық ресурстары...............6
2. Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы……………………………........................................................13
2.1.Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің басқарушылық құрылымы.........................................................15
2.2.Туризм, дене шынықтыру және спорт басқарманың Мемлекеттік мекемесінің экономикалық сипаттамасы.......................................................23
2.3Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің 2011-2013 жылдар аралығында өткізген іс шаралары............24
2.4 Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарлары.........................................................26
3. Қорытынды....................................................................................................29
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
5.Қосымша
Жоспар
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
1.Маңғыстау облысының
1.1.Аймаққа экологиялық-экономикалық
бағалау жүргізу.......................
1.2.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық ресурстары...............6
2. Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің
жалпы сипаттамасы……………………………........
2.1.Туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасының Мемлекеттік мекемесінің
басқарушылық құрылымы......................
2.2.Туризм, дене шынықтыру және спорт
басқарманың Мемлекеттік мекемесінің
экономикалық сипаттамасы...................
2.3Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің 2011-2013 жылдар аралығында өткізген іс шаралары............24
2.4 Туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасының Мемлекеттік мекемесінің
стратегиялық жоспарлары....................
3. Қорытынды.....................
4.Пайдаланылған әдебиеттер
5.Қосымша
Кіріспе
"Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Бүгінгі туризм-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туризмнің қазіргі индустриялды табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен түскен табыс мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм Индустриясы Комитеті жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесі туризм даму жолында қызмет атқаруда. Өңірдегі туризм және спорт саласындағы өткізілетін шараларға тікелей басшылық етеді. Қазақстанның басқа облысына және шет елдерге спорттық жарыстарға, туристік көрмелерге баруды қамтамасыз етеді.
1.1.Аймаққа экологиялық-
Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан.
Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай
орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік
болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақс
Облыстың шеткі нүктелері:
Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі . Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.
Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады [4]. Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).
Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады.
Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр.
Облыстың 2010 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері:
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 | |
Жалпы аймақтық өнім, (млн. теңге) |
593 994,0 |
756 591,8 |
1 095 816,2 |
1 108 520,5 |
1 484 848,4 |
Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, (мың теңге) |
1 552,9 |
1 896,2 |
2 631,0 |
2 248,8 |
2 890,4 |
Жалпы өңірлік өнімдегі аймақтардың үлесі, (%) |
5,8 |
5,9 |
6,8 |
6,5 |
6,8 |
Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит,
1.Маңғыстау облысының
туристік-рекреациялық
Маңғыстау облысын ерекше жартылай арал деп осы жерде болған және осы жерде тұратын халық атайтын болған. Бұл аймақ мұнайдың және газдың, минералдардың туған бай жері болады. Бүгінгі күнде Маңғыстау облысы мәдени мұраға бай туристік және емделу объектілері бар. Ең қызықтысы Ұлы Жібек жолымен туристік бағыт, Маңғыстау облысы арқылы оңтүстіктен-солтүстікке және одан кейін солтүстік-батысқа қарай Үстіртіке Шетпен қақпасы арқылы Каспий жағалауына бағыт жасау.
Адам Манғышлақта да шашамен 500 мың жыл бұрын пайда болған. Барлық ұлы дәуірдегі адамның тарихи оқиғалары бұл жерді де тыс қалдырмады. Шығыспен батыс арасында шекаралық территориясы, сонымен қатар әлемнен бөлінген тынышты шөл дала Үстірт, Манғышлақ бірінен кейін бірі орынды басатын өзінің жеріндегі ұлы өзгерістермен бірге өтетін халқымызды қызықтыратын болған. Массагеттер, алландар, оғыздар, қалмақтар, адайлар. Олар келген, одан кейін басқалар бәрін бұзып кеткен, осы жердің мәдени мұрасы ретінде белгі болатындай із қалдырған. С середины VI ғасырдың ортасында Маңғышлақ арқылы Ұлы Жібек жолы (Ұлы ежелгі жол) өтетін, адан кейін бір-бірінен соң бекіністер, керуен-сарайлар, ежелгі қалашықтар пайда болған.
Өз ретімен жүзжылдар да өткен. Уақыт пен жерлер толығымен ежелгі ұлы қоныстарды және бекініс қорғанысын жойып көрсетпеді. Болған оқиғалар құпиясын тек желмен дала сақтады.
Маңғыстау жартылай аралының тек қазіргі қалалары ғана емес туристердің назарын аудартатын. Оның тереңдігінде қазір бір де бір су көз жоқ тастардың бетінде ерте көшпенділер дәуіріндегі (біздің заманымызға дейінгі Х-ХI ғасырда) тасты суреттер галереясы табылды. Сонымен қатар оюлармен қиылған моланың үстінде орналасқан ғимараттарымен ескерткіштер табылған. Ұңғазы тауының жанында мың жыл бұрын монолиттен жасалған екі ескі мешіттер табылды. Ерекше қызығушылық танытатыны Шахбағота мешіті. Ислам адамдарды бейнелеуге және ашық денені суреттеуге рұқсат бермеген, ал мұнда лотос гүлдерімен бірнеше рет қайталанатын ашылған адамның алақаны бейнеленген болатын. Бұл суреттің құпиясы әлі күнге дейін зерттелмеген.
Мәдениет іздері толық зертелмегендігіне қарамастан Маңғыстау районында сақталды. Бұл жерде ежелгі қоныстың орындары, тастан қашалған мәйіттер мен құдықтар, жүйелер қалдықтары бар.
Форт-Шевченко қаласында XIX ғасырда (1850-1857) «жабылмаған түрмеде» шевчен орындары көп украин өкілі отырған. Ұлы украин ақынымен салынған саябақ, ақынның үйі, үстел, ескі заттың қалдықтары бар. Т.Г.Шевченконың мемориалды музей бар.
Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері. Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.
Маңғыстаудың таулы ауданында жарты ғасырлық Кызылқала қамалы табылған. Түпқараған түбегінің солтүстік тілмесі бөлігінде теңіз жағалауында өте сирек кездесетін ежелгі кешенді ғимараттар табылған, Сам құмы – қола дәуіріндегі мәдениет іздерінің айғағы.
Шерқала құмды тауы – «Арыстан бекінісі» - ертеде болған ұрыстың іздерін сақтаған. Халық шығармалығының салт-дәстүрі сақталған. Шеберлер үй аспаптары мен киімдерді, зергерлік бұйымдарды безендірген, өрнектері сақталған.
Республиканың басқа аймақтарына қарағанда Маңғыстау сәулет ескерткіштеріне өте бай. Кесенелер, сағана тамдар мен құлпытастардың іргетасы мен қашап салған соңғы иіріміне дейін барлық ойын басында ұстаған, сызба мен нұсқа атаулыны білмеген белгісіз шеберлердің дарынына таң қалмауға болмайды. Әрбір зиратты халықтық сәулетшілік өнердің мұражайы деп атауға болады.
Табыт үстіндегі тас ғимараттар осы күнге дейін сақталған. Отыздан астам халықтық сәулетшілік ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынған.
Қошқар-Ата зираты Ақтау қаласынан 17 шақырым жердегі кішігірім Ақшұқыр ауылының шет жағында орналасқан. Маңғыстаудың күмбезді кесенелері өте әдемі және өздігінше ерекше. Кейбер кесенелер – нағыз сәулетшілік өнердің ең үздік туындылары болып саналады және осы күннің өзінде әрбір сызығының, әрбір реңкінің ойлылығымен, аяқталғандымен, өткірлігімен таңқалдырады.
Бекет-Ата
Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, көріпкел және пайғамбар ретінде танымал болған.
Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды.Маңғыстауға қайтып келгенше, қасиетті Бекет-Ата өз өмірінде ұзақ жолдардан өтті. Ол адамдарды емдеді, алдына келген мүжәлсіз және бейнет көрген адамдарға денсаулық пен өмірлік күш-қуат сыйлады. Даулы мәселелерді шешкенде ол даналығын көрсетіп, екі жақты бітімшілікке келтіретін. Өзінің уағызында Бекет-Ата діндарларды әділдікке шақырып, жақсылық жасауға насихаттайтын. Қалмақтармен ұрыс кезінде жауынгерлік ерлік көрсеткен ол дана және данышпан ретінде халықтың есінде қалды. Ол өзінің арғы атасы–Есет батыр сияқты батырдың күші мен батылдығына ие болған.Бекет-Ата 4 мешіт тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті. Ол осы мешіттің жанына жерленген. Бекет-Ата зираты тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады.
Бекет-Атаға баратын жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Өмірінің соңынан дейін Бекет-Ата өзінің Ұстазының алдында басын иіп өтеді және ол мұсылмандардың өзіне келу үшін, алдымен Шопан-Атаға соғып келгендеріне қуанатын. Әлі күнге дейін сыйынушылардың Бекет-Атаға барар жолында Шопан-Атаға соғып кетуі жазылмаған тәртіп болып қалыптасып қалған.
Сұлтан-эпе
Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен кейін келген. Өзінің сүйікті ұлына әкесі ренжіген. Сонда Сұлтан-әпе алыс Каспийде болғанын, бақытсыздыққа ұшыраған балықшыларға көмектескенін айтып, арқанның ізі қалған арқасын көрсеткен. Содан бері ол әрқашан теңізде апатқа ұшырағандарға көмекке келетін болған.Зират аумағында дала мешіті орналасқан. Сыйынатын тас шығысты көрсетіп тұрады, ол қорған тастармен дөңгеленіп қоршалған. Осы дөңгелекте болған жолаушы өзін жылдың кез-келген мезгілінде қауіпсіз сезінеді. Түнде де, күндіз де әулиенің қорғауында болады.