Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 10:17, дипломная работа

Краткое описание

"Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Бүгінгі туризм-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туризмнің қазіргі индустриялды табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен түскен табыс мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық мүмкіншілігі
1.1.Аймаққа экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу.......................4
1.2.Маңғыстау облысының туристік-рекреациялық ресурстары...............6
2. Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы……………………………........................................................13
2.1.Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің басқарушылық құрылымы.........................................................15
2.2.Туризм, дене шынықтыру және спорт басқарманың Мемлекеттік мекемесінің экономикалық сипаттамасы.......................................................23
2.3Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің 2011-2013 жылдар аралығында өткізген іс шаралары............24
2.4 Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарлары.........................................................26
3. Қорытынды....................................................................................................29
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
5.Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Otchet_praktiki_1.docx

— 82.79 Кб (Скачать файл)

Бұл жердегі қасиетті зираттың үстіне – ұзын ағаш сырық орнатылған, аңыздар бойынша әулиелер ғажайыптар жасау үшін оған көтеріліп тұратын болған. Адамдар осында келіп, аруақтарға арнап сый ретінде арқарлардың мүйіздерін әкеледі немесе сырыққа мата байлайды, кейбіреулер балалар немесе мұқтаж жандар алу үшін әулиеден рұқсат сұрай отырып, ақша тастайды. Ақшаны мұқтаждыққа  жұмсау үшін тастап кететін болған. 

 

 

 

 

 

 

Қарақия

 

Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат  созылып жатыр. Қарақия – түрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді. 

Баяғы заманда бұл жерде көл болған және оның аты – Батыр деп аталған деп айтылады. Оның ұзындығы – 40 шақырым, ені -10 шақырым болған. Ойпаттың пайда болуын Каспий теңізінің жағалауында тұзды тау жыныстарының сілтіден айырылу, шөгу және карсталу үрдістерімен байланыстырады. Карстың негізіне жер асты табиғи сулардың шайылуы және ашылуы жатады. Жер асты суы, әк, доломит және гипстері бар жарық арқылы өтіп, бірте-бірте тау жыныстарын ерітіп, осы жарықтарды кеңейтеді, соның нәтижесінде орасан үлкен терең және тар тік жарлар пайда болған. Үңгірлер үлкейген сайын олардың төбелері мен қабырғалары жоғарыда жатқан қабаттардың салмағымен құлаған. Бұл үрдіс тоқтаусыз қайталанып, тұзды және әкті тау жыныстары жатқан жерге ауысқан. Нәтижесінде ұсақталған тау жыныстарымен толтырылған орасан үлкен қуыстар, шұңқырлар, қараңғы аңғарлар, қуыс және үңгірлер, жыралар, тілмелер, жүрістер, табиғи құдықтар пайда болған. Осылайша Қарақия ойпаты пайда болған. Бұл жұмыстар әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы жалғасып жатқан бет-бедер  пайда болу үрдісіне кең және терең тілінген ойпатта тік жарланып және кемершектеніп мүжілген шатқалдар куә болады. 

Қазақстан ғалымдары бірнеше жылдар бойы зерттеулер жүргізген. Қарақияның сусыз ойпаты жауын бұлтының табиғи генераторы болған. Нәтижесінде жаздыгүні ойпаттың үстінде бірнеше шақырымға созылған жауынды бұлттар жиналатын болған. Мұны жерасты бақылаулары мен космостан алынған спутникті фотосуреттер көрсеткен. 

 

Каспийдің   сипаттамалары

 

Біздің эрамызға дейінгі ІҮ-ІІ ғасырлар аралығында Каспий теңізінің деңгейі эллиндік авторлардың деректеріне сәйкес, Амудария суы Каспий теңізіне Узбой арқылы ақса да недәуір төмен болатын. Бұл жөнінде Александр Македонскийдің қызметкері тарихшы Аристобул айтқан( В.В.Бартольд, 1902, 11 бет). Бұл пікірді біздің дәуірімізден бұрынғы ІІІ ғасырда теңізде жүзуші Патрокл айтқан. Патроклдың пікірін Плутарх, Эратосфен және Страбон мақұлдаған (В.В.Бартольд, 1902, 13 бет).   Евдокс Амударияның Каспийге құйған жерінде сарқырама болғандығын айтқан. Осы тектес мәліметтер Полибийде де кездеседі. Бірақ та кесімді түрде. (В.В.Бартольд, 1902, 15 бет). Иордан ешқандайда шүбә келтірместен, «басқа Танаис. Хрин тауларынан басталып, Каспий теңізіне құяды». (Иордан, 1960, 74 бер). «Хрин таулары» - Памир тауларының шығысында өмір сүрген тибеттердің солтүстік-батыс тармағы болып табылатын фриндер тұрған жерлер (Л.Н.Гумилев, 1959, 56 бет). «Хрин таулары»- Памир, ал «Басқа Танаис» өзені – Узбой мен Актамды қосқандағы Амурдария екендігі көрсетілген.

Бұл ақпараттар А.В.Шнитниковты біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мың жылдықтың ортасында Каспийдің деңгейі жоғары болған деп жорамалдауға мәжбүрлеген. ( А.В.Шнитников, 1957, 264-266 бет). Алайда, оның пікіріне келесілер қайшы келеді: Амурдария суы Узбойға тек қана Сарықамыс ойпаты арқылы құйылуы мүмкін. Асеке-Аудан ойпатымен қоса Сарықамыс ойпатының аумағы үлкендігі соншалық, онда булану мол болуы тиіс. Бұл Узбой арнасы өзінің көлеміне қарай секудына 100л3 суды өткізе алады; ол Каспий деңгейін көтеруге жеткіліксіз.

Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда жасалынған Эратосфеннің картасында Каспийдің нұсқасы айқын көрсетілген (Дж.О.Томсон, 1953). Оның солтүстік жағалауы 1 параллельдің онтүстігінді орналасқан. Каспий теңізінің осындай нұсқасы (қазір су астында қалған) минус 36 абсолюттік  белгідегі жағалау жолдарына (ең жоғарғы терассаның кемеріне көтерілетін терассаның сыртқы тігісінің белгісін айтады) сәйкес келеді. Шындығында, Узбой сол кезде Каспий теңізіне құятын болған, өйткені оның жалғасы - Ақтам арнасы – қазір теңіз түбіндегі минус 32 абсолюттік белгісінде жатыр. Егер бұл арна өте ежелгі болса, оның жақсы сақталуы мүмкін емес еді, оны күлдер мен теңіз қалдықтары басып қалған болар еді. Каспий теңізі өте ерте кезеңдерде өте  төмендемеген (төменірек қараңыз) болатын және мүжілу мен иректелу (меандрлеу) жағдайлары болмады.  

Амударияның суы толып тұрған кезеңде Каспий теңізінің деңгейі б.э.д. ІҮ-ІІ ғасырларда минус 36м-ден аспайтын белгіде тұрды. Яғни, осы кезеңде аридтық аймақтың ылғалдануы барынша жедел жүргендігін көрсетеді. Шындығында, б.э.д. ІІ ғасырда хундар Жоңғарияда жер өңдеумен айналысады (Л.Н.Гумилев, 1960). Бұл кезде қытай әскери хабарламасы хундардың Моңғол Алтайында, ал үйсіндердің Жетісуда орасан үлкен табындарды жайғандығы туралы айтады. Қазақстанның шығыс бөлігінде Тарбағатайдан Сырдарияның орта ағысына дейін орналасқан Кангюй патшалығы 200 000 салт аттыны шығаруға қабілетті бай, малы көп мемлекет еді. Сол кездегі қытай карталарында Шу өзені Ыстық көлден шығып, кең көлге құятындай етіп көрсетілген, ал қазіргі Ыстық көл Шу өзенімен байланыспайды және Шу өзені құмға барып сіңіп кетеді. Мұның өзі сол кезеңдегі ылғалдылықтың жоғарылығын және осы аудандарда халықтың тығыз орналасқандығын көрсетеді. 

Теңіз шөгінділері жапқан Ақтам өзенінің маңындағы шымтезектер б.э.д. 1 мың жылдықпен сипатталады, және өсімдік қалдықтарының сипаты қазіргі кезбен салыстарғанда ауа-райының барынша салқындағанын көрсетеді (В.Г.Рихтер, С.К.Самсонов, 1961). Тұщы сулы шөгінділер Красноводск шығанағының түбінен минус 35м белгісінен табылған (В.Г.Рихтер, 1961). Шымтезектің жинақталуының өзі Орта Азия климатының қазіргіге қарағанда ылғалдырақ болғандығын көрсетеді.  

 Осы кезде Шығыс  Еуропадан Ольвию, Херсонес грек  және басқа порттары арқылы Рим империясы пайдаланатын астықтың орасан мол көлемі тасымалданды. Сондықтан, циклондардың жолы Волга бассейнін ылғалдандыруға және Каспий теңізінің деңгейін көтеруі тиіс Шығыс Еуропаның орталық бөлігі арқылы өтті.

  Осы жерде шығанақты теңізден бөліп тұрған, сипаты бардың жоғарғы белгісіне қатысты Каспий теңізінің деңгейімен анықталатын Қара-Богаз-Гол шығанағының түбіндегі шөгінділерді зерттеу көмекке келеді. В.Г.Рихтердің пікірі бойынша (1961) кезекті трансгрессия І ғасырдың соңына келеді және ІҮ ғасырдағы азғана кері кетушілікпен ауысады.  

 Өркендеу кезеңі Каспийдің  минус 32м белгісіндегі төменде  тұру кезеңімен дәл келетіндігі  қызықтырады. Х ғасырда, біздің концепциямызға  сәйкес, ылғалданудың гумидтік аймаққа  ауысыуына байланысты Каспий  теңізі деңгейінің кезекті көтерілуі болған кезде, біз көшпелі тайпалардың қазіргі Қазақстан аумағынан оңтүстік пен батысқа көшіп-қонуын байқаймыз. Х ғасырдың ортасында курлуктар Балқаш маңынан Ферғанаға, Қашқарға және қазіргі оңтүстік Тәжікстанға қоныс аударады (Б.Х.Кармышева,1960). Печенегтер Х ғасырдың басында Арал теңізінің жағалауын тастап шығып, оңтүстік Днепр маңына кетеді; олардан кейін Волга мен  Оралдың арасында таралған торктер мен гуздар кетеді. Бұл кең көлемдегі осындай көшіп-қонулар болып табылады, бірақ ол Каспий деңгейінің азғана өзгеруімен дәл келеді, ол біз қабылдаған болжамның дұрыстығын растайды. Осы көшіп-қонуларды ірі саяси оқиғалармен байланыстырудың негізі жоқ, өйткені сол кезеңде атлант циклондары әрекетінен тыс жерде жатқан шығыс Моңғолдар аймағында ұйғырлардың тарихы басқаша болатын. 

Ең жақын белгі 1587 жылы дербент қабырғасына қоса салынған Аббас шах мұнарасының деңгейіне дейін, теңіз деңгейі төмендеген кезде орнатылған. Бұл жөнінде Б.А.Апполов (1951, 138 бет) былай деп жазады: «Сол кезеңде солтүстіктен келе жатқан бір керуен таңертең қақпаны ашқан соң әрі қарай қала арқылы жүру үшін қабырғаның жанына түнеп шығу үшін тоқтайды. Бірақ таңертең қақпа қарауылшылары керуеннің жоқтығын және түйелердің қабырғаның жанында суда тұрғандығын көреді. Содан кейін Аббас І түйелер өте алмау үшін тереңдігі жеткілікті жерлерде теңізде үлкен мұнара салып, оны қабырға рқылы байланыстыруға бұйрық береді». 

Осы мұнараның қалдықтарын негізгі дербент қабырғасына перпендикуляр қабырға түрінде минус 28м белгіде қазіргі судан тауып алдық. Оның іргесі минус 28,5 м белгісінде тікелей теңіздің жартасты түбіне үлкен жонылған тастардан өрілген. Яғни, Аббас шахтың мұнарасы сасанидтер кезеңіндегі тастың үстіне салынған. Сондықтан мұнараны салу кезінде теңіз деңгейі қазіргіден жоғары болмаған. Б.А.Аполловтың өзі минус 31,2м абсолюттік белгідегі дербент қабырғасының үлкен үйіндісін мұнараның қалдықтары деп есептеген (Б.А.Аполлов, 1951,138 бет). Аквалангпен осы жерлерді зерттеу кезінде біз қалау сипатына қарай бұл ХҮІ ғасырдың мұнарасы емес, ол ҮІ ғасырдың қабырғасының қирандысы екендігіне көз жеткіздік. Сонымен, 1587 жылы Каспий теңізінің абсолюттік деңгейінің белгісі минус 28.0 м болған. 

Тарихи және физика-географиялық заңдарды және олардың өзара байланысын ашу , бір жағынан, көптеген тарихи оқиғаларға жаңаша қарауға, екінші жағынан, - осы оқиғаларға географиялық ортаның әсерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі табиғи жағдайларға географиялық талдау жасау, осы екі табиғи-тарихи кешендердің өзара байланысын ашу сияқты біз қолданған тарихи зерттеулер әдісі Еуразия көшпенді халықтарының табиғи жағдайда дамуын қарауға және тарихи оқиғалардың саяси сипатын физика-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты оқиғалардан ажырата алуға мүмкіндік береді. 

Көрсетілген аспектіде тарихи фактілерді қарастыру табиғи жағдайды белгілейтін географиялық ортаның Еуразия құрлығындағы орманды дала аймағы халықатырының тарихи дамуы барысында үлкен роль атқарғандығын және ұлы мемлекеттердің тағдырындағы шешуші фактор болғандығын көрсетеді. Кей жағдайда билеушілердің дарыны мен ұлылығы олардың халықтарын жойылып кетуден қорғай алмады, ал басқа жағдайларда қатардағы жай хандар өз ордасының күш-қуатын сақтап қалуға күш-қайраты болды. Әрине, берік тең жағдайларда көсемдердің дарыны мен батылдығының зор мәні болды, бірақ Еуразияның орманды –дала аймағының халықтарының тағдырын жауын-шашын мен жасыл шөптер шешті.

 

1. «Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» Мемлекеттік мекемесіне жалпы сипаттама

Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесі 1973 жылы құрылды. Мұндай шаралар облыста жұмысшы ұжымдары мен мекеме, кәсіпорындарында дене тәрбиесі мен спортты дамытуға игі ықпал, мол мүмкіндіктер туғызды. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Басқарма өзінің саласын Қазақстан Республикасының Конститутциясына, Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президентінің актісіне, облыс әкімінің шешіміне, басқа да құқтық актілерге, сомен қоса Жалпы Ережеге байланысты іске асырады.

  Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқтық нысанда заңды тұлға болып табылады, өзінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде аты жазылған мөрі болады, сомен қоса ол облыстық Департаментте тіркеуде тұрады. Басқарманың лимит саны мен Жалпы Ережесі облыс әкімімен бекітіледі. Басқарма саласын қаржыландыру облыстың бюджетте қарастырылған қаражатымен іске асырылады.         Басқарманың заңды мекен – жайы: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, спорт комплексі «Жас Қанат», 2 қабат,250. Мемлекеттік тілде басқарманың толық аты: Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесі.  Орыс тілінде: Государственное учреждение Управление туризма, физической культуры и спорта Мангистауской области.    Басқарма Қазақстан Республикасының заңында бекітілген тәртіпте келесі қызметтерді іске асырады: мемлекеттік саясат бойынша іске асыруды қамтамасыз ететін қызметтер:спорт қозғалысын насихаттауға, сау өмір сүру  қағидасы; спорттық қор мен спортшыларды халықаралық дәрежеде дайындау; Республикалық және әлемдік спорттық алаңда жоғары спорттық жетістікке жету; басқарма құзіретіне байланысты мемлекеттік және салалық бағдарлама дайындау; Бапкерлер және спортшылармен келісімшарқа отыру;  дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасын іске асыру; спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар өткізу; халықаралық, аймақаралық спорттық жарыстар өткізу; облыстық құрама командаларға спорттың әр түрі және жаппай спорттың дамуына қолдау көрсету; облыстық маманданған оқу – спорттық ғимараттарда саланы үйлестіру; спорттық ұйымға методикалық және консультативті көмек көрсету.           Спорттық дәрежелер мен санаттарды иемдену: спорт шеберіне кандидат, бірінші спорттық дәреже, бірінші санатты біліктіліктің жоғары және орташа деңгейдің әдіскері, спорт бойынша бірінші санаттың төрешісі; облыстық спорттық шаралар дайындаудың, бекітудің және өткізудің күнтізбелік жоспары; облыс аймағында спорттық шаралар өткізу мен ұйымдастырудың келісімділігі; дене шынықтыру және спорт бойынша заң оргонына мәлімет беру және талдау жасау, сомен қоса облыстағы дене шынықтыру мен спорттың дамуы бойынша статистикалық көрсеткішті беру; Қазақстан Республикасының Үкіметінің анықтаған тізіміне сәйкес лицензияланған сала түрлерін құру.     Мемлекеттік саясатты іске асыру үшін бақылауды қамтамсыз ету қызметі бойынша: мекемеге қарасты ұйымдарды қызметке бақылау; спорттық шаралар, жарыстар өткізу мен дайындауды және спорттық нысан құрылысын облыстық бюджеттен қаржыландыруын бақылау; спорттық шаралар өткізу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауды, ережелерді пайдалануды бақылау; облыста спорттық шаралар өткізу ережелерін бақылау; кадр әзірлеу, қайта дайындау және мамандығын жетілдіру бағдарламаларына қатысу, олардың саласын әдістемелік қамтамасыз ету, семинар, конференция, басқа да оқу түрлерін ұйымдастыру және дене шынықтыру мен туризм бойынша мамандардың тәжірибесімен алмасу. Негізгі тапсырмаларды құру мен іске асыру мақсатында, Басқарма бекітілген тәртіп бойынша құқыққа ие: облыстық, халықаралық, аймақаралық спорттық шаралар, жарыстар өткізуге; мекемеге қарасты басқаруды құру және жою туралы ұсыныс құру; спорттық құрылым бөліміне сәйкес спорттық құрылым санатын игеру.   Басқарманы басшы басқарады. Оны Маңғыстау облысының әкімі тағайындайды және қызметінен босата алады. Облыс әкімінің келісімімен басшы тағайындаған орынбасар болады. Басқарма басшысы Басқарма қызметін ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға тапсырылған қызметтің орындалуына жеке жауап береді және өзінің қызметін іске асырады.              Бұл мақсаттарда басқарма басшысы: Басқарманың штаттық кестесін бекітеді. Орынбасардың және мекемеге қарасты ұйымның басшыларының өкілетін анықтайды. Заңға сәйкес Басқарма аппаратының, мекемеге қарасты ұйымның жұмысшыларын тағайындап, қызметінен босатады. Өз құзыры шектерінде қойылған заңда басқарудың қызметкерлері және басқарудың құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне қолдап дем беру, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жазалардың салынуының сұрақтарын шешеді. Өз құзыры шектерінде бұйрық шығарады, мекемеге қарасты басқаруларды нұсқау және басқарудың барлық қызметін орындау және ұйым үшін сөзсіз ұйғарымды береді.     Басқарма бастығының жанынан консультативті – кеңесші болып табылатын ұжым құрылады. Ұжым саны мен персоналды құрамы Басқарма басшысымен бекітіледі.        Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес іске асырылады.

Мен осы тәжірибелік практиканы өту кезінде басқарманың құрылтайшылық құжаттарымен, басқару құрылымымен, негізгі технологиялық процесстерімен және экономикалық негізімен таныстым.Басқарманың берілген кезеңдегі  қызметіне экономикалық талдау жүргізу, негізгі экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын, олардың болашақтағы бағыттарын анықтадым.

 

2. Туризм, дене шынықтыру  және спорт басқармасының Мемлекеттік  мекемесінің басқарушылық құрылымы

Туристік құрылымды басқару дегеніміз – ұйым қызметкерлері мен құрылым бөлімшелері арасындағы мақсаттар мен тапсырмаларды оптимальды бекіту.Ұйымдастыру құрылымын басқарудың негізіне жеке жүйелік ұйымның байланыстары, қатынастары, құрамы, орналасуы жатады. Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген сапалық қасиеттермен сипатталады, сондықтан да құрылымды қалыптастырған кезде оған ықпал ететін факторларды талдауды дұрыс үйлестіре отырып, тиісті принциптерді талап ету қажет. Басқару объектісі неғұрлым күрделі болса, қалыптастыруда принциптер соғұрлым зор рөль атқарады, ал мұның өзі құрылымды тиімді ұйымдастыруға сай келуі тиіс.     Ұйымдар арасындағы байланыстардың негізіне қарап басқару құрылымының 4 түрін бөліп көрсетеді:

  • Басқарудың сызықтық жүйесі
  • Басқарудың қызметтік құрылым жүйесі
  • Сызықтық штабтық жүйесі
  • Матрицалық құрылым жүйесі

Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басқарудың сызықтық жүйесін қолданады.Басқармада әрбір бөлімше (немесе жеке орындаушы) жоғары басқарманың біреуіне бағынып, тек содан ғана тиісті нұсқаулар алады. Соның нәтижиесінде ол өзіне бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару қызметтерін дербес атқаратын болады. Мұнда басқару жұмыстарын мамандандыру көзделмейді, сол себептен де басқару қызметін жүзеге асыру күрделене түседі. Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басқару құрылымы келесі сызбада көрсетілген. 

«Сызба 1». Маңғыстау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басқару құрылымы

 

1. Құрылымдық бөлімнің басшысы – оқу-спорт және туризм жұмыстары жөніндегі бөлімінің бастығы.Ол бөлімге жалпы басшылық жүргізеді. Дене шынықтыру және спорт саласында спорттық резерв дайындау, жоғары спорттық шеберлік жүйесін жетілдіру, олимпиадалық спорт түрлерінен штаттағы ұлттық командаларды дайындау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізеді. Облыста облыстық, республикалық және халықаралық шараларды, жаттығу және оқу-спорттық жиындарды әзірлеу, жоспарлау және өткізу бойынша жұмыс жүргізеді және жарыстардың өткізілуіне бақылау жасайды. Спорттық жетістіктерді талдау. Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы алқасының қарауына жоғары спорттық жетістік және спорттық резервті әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді. Жоғары спорттық жетістікті насихаттау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.Спорттық шараларды,оқу-жаттығу жиындарын дайындау және өткізілуіне бақылау жүргізеді, спорт түрлерінен құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға шығуларына құжаттамалық негіздеменің болуына және мақсатқа лайықтылығына бақылау жүргізеді.Облыстың балалар спорт мектептерінің, спорт түрлерінен аға жатттықтырушылардың жұмыстарын үйлестіреді.

Информация о работе Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы