ҚР инвестицияның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 16:34, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы «Капитал және пайыз теориялары ». Ол 3 бөлім бойынша қарстырылған. Бірінші бөлімде капитал және инвестицияға түсініктемені қарастырдым. Капитал дегеніміз – тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал – жабдықтары мен ақшалай жинақтары . Осы бөлімде капиталдың айналымын және түрлеріне тоқталдым. Капиталдың тұрақты және өзгермелі түрлері бар. Сонымен қатар тұрақты және өзгермелі капиталдардың негізгі және айналмалы капиталдардың қатынастары мен байланыстарын қарастырдым. Енді инвестицияға тоқталайық, инвестиция – бұл күрделі қаржының алуан түрлері. Инвестицияның экономикадағы мәні ерекше болып келеді. Инвестицияның негізгі бағыттары мыналар: құрылыс салуға, жаңа техника және технология сатып алуға, шикізат пен материалдарды қосымша алуға және т.б.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................3

1-тарау. Капитал теориясы және капитал мен
инвестицияға түсініктеме
1.1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы.......5
1.2. Инвестицияның экономикадағы мәні..................................................7
1.3 .Капитал теориясына К.Маркстың көзқарасы....................................13

2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс
2.1 Пайыз беретін капитал..........................................................................19
2.2 Несие және жалған капитал теориялары.............................................21
2.3 Ақша капиталы......................................................................................24

3-тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1 Инвестицияның экономикадағы орны, оның түрлері.......................27
3.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты...............................................28

Қорытынды.................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер....................

Вложенные файлы: 1 файл

капитал жане пайыз.doc

— 191.00 Кб (Скачать файл)

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Капиталдың» үшінші томын баспаға даярлау Энгельстен, екінші томға қарағанда, әзірлікті  әлде қайда көп талап етті. Қолжазба материалдары қайта терең өңдеу  негізінде бірдей болып шықпады. Кейбір бөлімдері, одан әрі жұмыс істеу үшін ескертпелер түрінде нұсқа ғана болды. Көптеген сұрақтар экономиканың өзгерістерімен байланысты, түзетулер мен нұсқаулар енгізуді талап етті. Сауда капиталы мен несиеге арналған қолжазба бөлімдері маңызды түрде жетілдіруді тіледі. Жекелеген тарауларға Энгельс, капитализмнің даму жаңа сатыдан өткендігін атап отырып, акционерлік компаниялар шеңберінде өндірісті қоғамдастырудың неғұрлым жоғары формаларын атап көрсетті. Төртінші тарауды Энгельс толықтырып өзі жазып шықты, бұл тарау пайда нормасына әсер ететін факторларды талдауға арналған. Энгельстің «Құн заңы мен пайда нормасы» және «Биржа» тақырыптары каитализм экономикасындағы жаңа құбылыстарды сипаттайтын мақалалар. Бұл  «Капиталдың» үшінші томына толықтыру болып саналады. Сөйтіп, Энгельсті «Капиталдың» екінші және, ерекше түрде, үшінші томдардың тең авторы деп айтуға болады.

«Капиталдың» үшінші томы 1894 жылы басылып шықты. Онда капиталистік өндіріс, барлық күрделілігімен, оның үстіртін экономикалық формалары мен күнделікті экономикалық өмір қандай болса, сол түрде зерттелді        (6 үлгіні қараңыз).

Ең алдымен, мұнда қосымша құнның өндіріс  бағасына айналу процесі көрсетілген. Содан соң сауда және сауда  капиталы, олардың өнеркәсіп капиталымен  байланысы және соларға сәйкес кірістер – сауда пайдасы мен ссудалық пайыз егжей-тегжейлі талданды. Ауыл шаруашылығында және кен өндіруші өнеркәсіптегі ренталық қатынастардың дамуына «Капиталдың» үшінші томында ерекше назар аударылған.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дифференциалдық және абсолюттік рентаны талдай отырып, Маркс еңбек құны теориясының негізінде (абсолюттік) рентаның  өмір сүруін түсіндірді. Сөйтіп, «Капиталдың» бірінші, екінші және үшінші томдарында неғұрлым қарапайым абстрактылық категориялар мен анықтамалардан нақты экономикалық өмірдегі олардың көрінісі мен өзара байланысын талдауға дейінгі қозғалыс нәтижелерін білдіретін тұтастай теориялық экономикалық жұмыс баяндалды [9].

 «Капиталда» Маркс  буржуазиялық саяси экономияның  классикалық мектебінің бетпе-бет  келген қайшылықтарын шешуге және сол арқылы оның шеңберінде басталған зерттеулерді аяқтауына мүмкіндік туды. Экономикалық ілімдер тарихында «Капитал» сан мыңдаған жалдамалы жұмыскерлер табының экономикалық мүдделерін білдіретін тұтас теория ретінде ғана емес, сонымен бірге экономика саласындағы іргелі (фундаменталды) зерттеу үлгісі ретінде айрықша маңызды орын алады [3].

«Капиталдың» төртінші томын («Қосымша құн теориясы») Маркс 1863 жылы жазып бітсе де, ол тұңғыш рет К. Каутскийдің көмегімен 1905 жылы неміс тілінде басылып шықты. Кітапта, меркантилистер мен физиократтардың ілімінен бастап қосымша құн жасау мен оның көрінуінің әртүрлі формаларына салыстырмалы түрде реформалық буржуазялық саяси экономия өкілдерінің көзқарастарымен аяқталатын экономикалық теорияның тарихи-сын очерктері берілген. Маркс, классикалық буржуазиялық саяси экономия қалай пайда болды, ол қалай дамыды және оның шыңы –Д. Рикардоның экономикалық теориясына қалай қол жеткізілгенін баяндайды. Содан кейін барып рикардолықтардың қалай ыдырағаны, сондай-ақ буржуазиялық экономиялық теорияның реформалануын көрсетті. Ол экономикалық теория сынымен қатар, негізінен, жалпы өндіріс пен капиталистік өндіріс процесі үшін, капиталистік экономикадағы циклдар, экономикалық дағдарыстар мен олардың мерзімділігінің материалдық негіздері үшін өнімді және өнімсіз еңбек категорияларына қатысты өзіндік ой-пікір, көзқарастарын дамытқан. Бұл көзқарастар үшінші томда кеңінен баяндалған, мұнда Маркстің абсолюттік рента мәселесі көрініс тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс

 

                               2.1 Пайыз беретін капитал

 

Пайыз ең әуелі пайданың, яғни қосымша құнның бөлігі ретінде - қызмет атқаратын капиталистің, өнеркәсіпшінің немесе сатушының өз капиталы емес, қарызға алған капиталды қолданатын болғандықтан, сол капиталдың меншікті иесіне, кредиторға төленуге тиісті бөлігі ретінде көрінеді, бұл ең әуелгі көрінісі  және шын мәнінде солай болып қалады.  
Пайыз нарқы нольге неғұрлым жақындаған сайын, яғни, мысалы, 1% - ке дейін төмендеген сайын қарызға алынған  капитал меншікті капиталмен соғұрлым көбірек бірдей жағдайда бола бастайды. Ақша капиталы ақша капиталы ретінде өмір сүруге тиісті болып тұрған кезде ол үнемі қайта - қайта қарызға беруге тиіс, соның өзінде алынып жүрген пайыз бойынша, айтайық 1% бойынша және ылғи сол бір өнеркәсіп және сауда капиталистерінің табына берілуі тиіс. Өнеркәсіп және сауда капиталистері капиталистер есебінде қызмет атқарып тұған кезде қарызға алынған капитал арқылы қызмет атқарушы мен өзінің меншікті капиталымен қызмет атқарушының арасындағы айырмашылық тек  мынау ғана болады: біреуі пайыз төлеуге тиісті де, екіншісі пайыз төлеуге тиісті емес; біреуі барлық пайданы өзінің қалтасына салады, ал екіншісі p - z  - ны пайызды шығарып тастағандағы пайданың қалтасына салады: z нольге неғұрлым жақын келсе, р-z соғұрлым р - ға  жақын келеді, демек, екі капитализм соғұрлым бірдей жағдайда көбірек болады. Біреуі капиталды кері қайырып, тағы қарызға алуға тиіс; ал екіншісі, капиталық қызмет атқаруға тиісті болғандықтан, ал бұлда капиталын өндіріс процесіне үнемі қайта - қайта авнсқа беріп отыруға тиіс және оны осы процестен басқа ешқандай жолмен пайдалана алмайды.Қарызға алынған капиталдың көмегімен жұмыс жүргізетін өндіруші капиталист үшін жалпы екі бөлікке: оның кредиторға төлеуе тиісті болатын пайызға және пайдадағы пайыздан артық қалатын, оның өз үлесін құрайтын бөлігіне бөлінеді. Егер пайданың жалпы нормасы белгілі болса, онда бұл соңғы бөлігі пайыз нарқымен белгіленеді; егер пайыз нарқы белгілі болса, онда бұл бөлігі пайданың жалпы нормасымен белгіленеді. Онан кейін: жалпы пайда, барлық пайда құнының шын мөлшері әрбір нақты жағдайда орта пайдадан қаншама ауытқыса да, оның қызмет атқарушы капиталиске тиісті бөлігі пайызбен белгіленеді, өйткені бұл пайыз пайыздың жалпы нарқымен белгіленеді және ол өндіріс процесі басталмастан бұрын яғни оның нәтижесі, жалпы пайда алмастан бұрын белгілі болатын мөлшер деп саналады[10].

Пайданың бір бөлігін  капиталдың бір анықтамасында пайыз түрінде енді өзінен - өзі капиталға тиісті болатын жеміс болып табылады; екінші бөлігі капиталдың басқа, қарама - қарсы анықтамасында оның ерекше жемісі болып саналады, сондықтан кәсіпкерлік табыс болып көрінеді; бір бөлігі капиталға меншік иесі болудың ғана жемісі, екінші бөлігі бұл капиталмен жұмыс жүргізудің ғана жемісі, процесс жасайтын капиталдың жемісі, немесе белсенді капиталистің атқаратын қызметтерінің жемісі болып көрінеді.

Пайыз келтіретін капитал  тарихи жағынан даяр, көне формада орын алып келеді, сондықтан капитал өндірген қосымша құнның даяр формасы ретіндегі пайызда капиталистік өндірістің әдісі болмастан және оған сай капитал мен пайыздар туралы ұғым тумастан әлдеқайда орын алып қалады.

Пайыз келтіретін капитал  жөніндегі сипаттама мында жатыр. Өзінің ақшасының пайыз келтіретін капитал ретінде жұмсағысы келетін ақша иесі әлгі ақшасын үшінші адамға береді, оны айналысқа шығарады, оны капитал ретіндегі, - өзі үшін ғана емес, сонымен қатар басқалар үшінде капитал ретіндегі, - тауар етеді. Капитал ретінде қарызға берілетін тауар, өзінің қаситеіне қарай, негізгі капитал не айнымалы капитал ретінде қарызға беріледі. Ақша қарызға екі формада берілу мүмкін, мысалы, ақша қайтадан өмірлік рента формасында төленетін болған ретте негізгі капитал ретінде беріледі; мұндайда пайызбен бірге бір бөлігі де әр дайым кейін қайтарылуда.

Пайыз дегеніміз капиатлдың бағасы деу - әуел басынан ақ мүлде  иррационалды сөз. Әңгіме пайыз келтіретін капитал жайында болса, капиталдың авансқа берілуі оны кредитордың несие алушыға жай беруі сияқты іске асқан капиталдың қайта оралуы несие алушының кредиторға жәй қайырып беруі, капиталды пайызбен қайта төлеуі сияқты. Пайыз келтіретін капитал үшін мүлде сырттай қаралатын бір нәрсе сияқты: кредитроға белгілі бір мерзім үшін белгілі бір пайыз жай ғана төленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Несие және жалған капитал теориялары

 

Несие кең мағынада (лат. creditum - несие, қарыз) - бұл экономикалық серіктестер арасындағы келісімшарт, ссуда нысанындағы, яғни мүлікті  немесе ақшаны басқа тұлғаға (жеке тұлға және заңды тұлға) пайыз төлеу және қайтарылудың мерзімін ұзарту шартында беру.

Несие алғашқы дәуірдегі  қауымның ыдырау кезеңінде пайда  болды. Бастапқыда, ол натуралды түрде  берілетін (дән, мал және т.с.с. ) ал,даму кезеңінде айырбас ақшалай түрде жүрді.

Несие тар мағынада - ссудалық капиталдың қозғалысы, бұл қозғалыс жеделдіктің, қайтарылымдылықтың және төлемдіктің бастауында жүзеге асады. Несиенің тар мағынасы тек ақша қарыздарын ұйғарады. Несие үшін төлем оның бағасы болып табылады және өсім-процент түрінде болады. Айналым процесінде босатылған фирманың ішкі құралдары несиенің қайнар көздері болып табылады[5].

Оларды қарастырамыз.

1. Негізгі капитал  айналымға түскенде, амортизациялық  қорға оның құндық қор жинауы  пайда болады. Өндірістің жаңа құралдарын алғанша, ло несиеге берілуі мүмкін.

2. Жаңа шикізатты сатып  алу және дайын өнімді сату  уақытының сәйкес келмеуімен  байланысты, айналым капиталының  бір бөлігі ақшалай түрде босатылады.Ол  да несие ретінде пайдаланылуы  мүмкін.

3. Төлем уақыты келмегенше, еңбек ақы төлеуге арналған  ақшалар, уақытша бос ақша капиталы  бола алады.

4. Өндірісті кеңейту  үшін, яғни табысты капитализациялау  үшін, оны қажетті мөлшерде жинау  керек, ал оған дейін оны  несиеге беруге болады.

   Несие негізгі екі функцияны атқарады:

1. Несие көмегімен  фирма, аудан және сала арасында  ақша құралын қайта бөлу жүреді. Бұл функцияның іске асуы, уақытша  бос ақша құралдарын өнімді  пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Несие айналымдағы  нақты ақшаны несиелік ақшамен  (банкнот) және несиелік операциямен (аударымды есептер) ауысуына мүмкіндік береді, бұл айналым шығындарын қысқартады.

Несие беру тәсілі бойынша  несие натуралды және ақшалай  деп ажыратылады.

Натуралды несие беруде несие нысандары болып инвестициялық  тауарлар, тұтыну тауарлары, шикізат, ресурстар, өндірістік тұтыну заттары табылады.

Ақшалай несиенің нысандары: ақшалай сатып алу құралдары, ақша капиталы, акциялар, вексельдер, облигациялар және басқа да міндетті қағаздар.

    Несие беру мерзіміне байланысты:

- қысқа мерзімді несие, мұнда бір жылға дейін беріледі;

- орта мерзімді несие, 2жылдан 5жылға дейін;

- ұзақ мерзімді несие, 6 жылдан 10 жылға дейін;

- арнайы ұзақ мерзімді несие, 20 жылдан 40 жылға дейін.

Несиелік кеңістіктің  сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.

Халықаралық несие  - бұл  ссуалдық капиталдың халықаралық экономикалоық  қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы немесе ақшалай нысаны болады. Үкімет, банктер,  жеке фирмалар несие беруші де, несие алушы да бола алады.

Мемлекеттік несие - мемлекет несиені халыққа және жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік заем облигациялары болып табылады.

Банктік несие - несие-қаржылық мекемелер (банк, қорлар және т.б.) кез  келген шаруашылық субьектілеріне (фирмаға жеке кәсіпкерлерге т.б.) ақша ссудасы түрінде береді.Бұл – ссудалық капиталдың несиесі, оның обьектісі – ақша.

Коммерциялық несие  – бұл несиені шаруашылық тұлғалары  басқаларына төлемнің мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату түрінде беріледі. Бұл – тауар несиесі. Оның обьектісі – тауарлы капитал. Ол тауар айналымын тездетіп, айналымға керек түрде ақша массасын қысқартады.

Тұтынушылық несие –  жоғары процентке (30% ) көбіне анықталған мерзімге ( 1жылдан 3жылға дейін ) жеке тұлғаға беріледі.Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы немесе банктік ссуда беру түрінде беріледі.

Ипотекалық – кепілдік несие – несие кепілдеме түрінде  беріледі,яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қоғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып (оған жер, құрылыс, ғимарат жатады.) беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады.

Несиелік қатынастың тұлғалары: мемлекет, кәсіпорындар, үй шаруашылығы, банктер, сақтандыру компаниялары, әр түрлі қорлар, шіркеу және т.б. Олардың арасында несиелік қатынас қалыптасады.

Несиелік жүйе – валюта -  қаржылық мекемелердің кешені, бұл кешен айналымдағы бір ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді.

Жалған (алдамшы) капитал  – құнды қағаздар: акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа түрлерде көрінетін  капитал. Оның пайда болуы қызмет атқаратын (яғни өндірістік) капиталмен тікелей байланысты. Мұндай қағаздардың  шығуымен капитал бөлінеді. Бір жағынан, өндірістік капитал түрінде нақты капитал, екінші жағынан, оның құнды қағаздардағы көрінісі өмір сүреді[1].

Шын капитал өндіріске  жұмсалып, осы салада қызмет атқарады.Ал бағалы қағаздар капиатлдың қағаз түріндегі  дубликаты, көшірмесі. Жалған капиталдың пайда болуы коммерциялық және өндірістік қызметтердің ұлғайып, күрделенуі нәтижесінде, көп көлемде несие ресурстарын қолдану қажеттілігімен байланысты. Сөйтіп жалған капитал тарихы қарыз капиталы негізінде дамиды, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу дегеніміз ақша капиталының бір бөлігінен қарызға берумен бірдей. Ал қарыздың өзі несиелік құжат түрін қабылдамайды, тек ол арқылы тұрақты түрде табыс келтіру құқына ие болады. Табыс қарызға берген капитал үшін процент немесе дивиденд түрінде түседі. Осындай операциялар нәтижесінде  пайда болған қағаз (меншікті аты) оның иесіне қарызға берілген капиталдың меншікті құқын сақтап, оны процент пен дивиденд есебінен көбейту мүмкіндігін береді. Пайда болған алдамшы капитал өз алдына өмір сүре бастайды. Ол мынадан көрінеді: оның құны (қағаздардың жиынтық курстық бағасы) тек қағпздың құндылығын білдіретін өндірістік капитал қызметінің әсерімен өзгеріп ғана қоймай, сонымен қатар ( кейде айтарлықтай дәрежеде) басқа факторлардың,айталық саяси жағдайлармен байланысы да өзгереді.

Информация о работе ҚР инвестицияның дамуы