Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 16:34, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы «Капитал және пайыз теориялары ». Ол 3 бөлім бойынша қарстырылған. Бірінші бөлімде капитал және инвестицияға түсініктемені қарастырдым. Капитал дегеніміз – тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал – жабдықтары мен ақшалай жинақтары . Осы бөлімде капиталдың айналымын және түрлеріне тоқталдым. Капиталдың тұрақты және өзгермелі түрлері бар. Сонымен қатар тұрақты және өзгермелі капиталдардың негізгі және айналмалы капиталдардың қатынастары мен байланыстарын қарастырдым. Енді инвестицияға тоқталайық, инвестиция – бұл күрделі қаржының алуан түрлері. Инвестицияның экономикадағы мәні ерекше болып келеді. Инвестицияның негізгі бағыттары мыналар: құрылыс салуға, жаңа техника және технология сатып алуға, шикізат пен материалдарды қосымша алуға және т.б.
Кіріспе...........................................................................................3
1-тарау. Капитал теориясы және капитал мен
инвестицияға түсініктеме
1.1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы.......5
1.2. Инвестицияның экономикадағы мәні..................................................7
1.3 .Капитал теориясына К.Маркстың көзқарасы....................................13
2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс
2.1 Пайыз беретін капитал..........................................................................19
2.2 Несие және жалған капитал теориялары.............................................21
2.3 Ақша капиталы......................................................................................24
3-тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1 Инвестицияның экономикадағы орны, оның түрлері.......................27
3.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты...............................................28
Қорытынды.................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Жалған капиталдың құны істегі капиталдың мөлшеріне қарай да ауытқуы мүмкін: оның бірнеше есе көтеріліп, тіпті азайып, қысқаруы мүмкін. Өндірістік капиталға бағынышты емес бағалы қағаздардың өмірі рынокта өз бетінше айналуынан да көрінеді. Теориялық тұрғыдан, біріншіден, қарыз беру актысының нәтижесінде меншіктегі капиталдан қызмет капиталы бөлінеді және екіншіден, жоғары дәрежеде өтімділігі бар қағаз ақша капиталы қолма-қол қаржыға айналу қабілеті бар ақшаға айналады.
Алдамшы, жалған капиталдың мөлшері (қағаздың жиынтық курстық бағасы) бағалы қағаздардан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады.
Жалған капиталдың мөлшері =Бағалы қағаздар/орт. %-тік ставкасы×100%
Жалған капиталдың атқаратын негізгі қызметі сатушылардың ақша қаржыларын өндірісті ұйымдастыру мен ұлғайтуға жұмсау. Тағы бір қызметі ақпараттық хабарламалар тарату. Бағалы қағаздар рыногындағы жағдай инвесторларға елдегі экономикалық коньюнктура туралы ақпарат беріп, капиталын қайда жұмсауға болатындығына бағыт – бағдар сілтейді.
2.3 Ақша капиталы
Капитализмнің пайда болып және дамуы үшін негізгі алғы шарттардың бірі – жоғары дәрежеде дамыған тауар-ақша қатынастары. Экономикалық байланыстар ақша көмегімен іске асады.Тарихи тұрғыдан алып қарағанда капитал ақша формасында дүниеге келді. Ақша капиталдан ертерек пайда болды. Мысалы, ақша тауар айналысына қатысады. Мұнда тек айналыс құралы ретінде пайдаланылады, ешқандай пайда әкелмейді. Капитализмге дейін капиталдың бірнеше түрі болды. Олар тек айналыс процесінде әрекет етіп өз иелеріне пайда әкелді.
Капитализде жағдай мүлде өзгереді.Пайда табудың жолы – жалдамалы еңбекті аяусыз қанау, қосымша құн өндіру, ақшаны капиталға айналдыру.
Айналмалы капиталдың негізгі капиталға айналуы елдің ақша капиталын қалайша кемітеді, - бұл мүлде түсініксіз нәрсе; өйткені, мысалы, сол кезде көбіне - көп капитал жұмсалған темір жолдар құрылысын жүргізетін кезде өткел – көпірлер салуға немесе рельстер әзірлеуге керекті материал ретінде алтын да, қағаз ақша да пайдаланылған емес, ал темір жол акцияларына деген ақша, сол акцияларды сатып алу кезінде депозитке салынғандықтан , банкке солай салынған барлық басқа ақшалар сияқты қызмет атқарады.
Ақшаның өндіргіш капиталға айналуына қарағанда ақшаның қарыз ақша капиталына айналуы әлдеқайда оңай.Біз мұнда екі нәрсені ажырата білуіміз керек:
-ақшаның қарыз капиталына жай айналуы;
-капиталдың немесе табыстың қарыз капиталына айналатын ақшаға айналуы;
Қарыз капиталының жинақталуы, шамадан тыс молаюы оның өзі өндіргіш қорлануға қаншалықты қарама-қарсы қатынаста болуына қарай өндіргіш қорланумен тек соншалықты байланыста болғанда ғана мүмкін екені белгілі.Мұның өзі өнеркәсіп циклының екі фазасында, атап айтқанда, біріншіден, өнеркәсіп капиталы өзінің екі формасында - өндіргіш және тауар капиталы формасында қысқаратын кезде, демек дағдарыстан кейінгі циклдың бас кезінде болады;және, екіншіден, оңалу басталған, бірақ коммерциялық кредит әлі банк кредитін аз қолданатын кезде болады.Бірінші жағдайда бұрын өндіріс пен ссуда қолданылған ақша капиталы басы бос қарыз капиталы ретінде бой көрсетеді; екінші жағдайда өсе түскен мөлшерде, бірақ өте-мөте төмен процент нарқымен қолдану табатын капитал ретінде бой көрсетеді[1].
Ақша капиталының қорлануы алтынның әдеттегіден тыс келуі арқасында пайда болуы мүмкін. Қарызға ақша беретін капиталистердің бәрінде де қорлану тікелей ақша формасында болатыны түсінікті, ал өнеркәсіп капиталының шын қорлануын алсақ, бұл әдетте өндіргіш капиталдың өз элементтерінің артуы жолымен жүзеге асады.
Капиталға айналатын ақша аумағы жаппай ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып тадбылады, бірақ қарыз ақша капиталы ретінде өз алдына алып қаралса ол өндіргіш капиталдың аумағы емес. Табысты бейнелейтін тұтынуға дәнекер ғана болып қызмет ететін ақша ылғи біраз уақытқа қарыз ақша капиталына айналып отырады. Бұл ақша жалақыны бейнелейтіндіктен, ол сонымен қатар өзгермелі капиталдың ақшалай формасы болып табылады; ал енді ақша тұтыну заттарын өндірушілердің тұрақты капиталының орнын толтыратын болса, онда ол тұрақты капиталдың уақытша орнына жүретін ақшалай формасы болып табылады және осы орны толтыруға тиісті тұрақты капиталдың элементтерін зат күйінде сатып алуға қызмет етеді. Ақшаның аумағы ұдайы өндіріс процесінің кеңеюімен бірге арта тұрса да, ло ана формасында да, мына формасында да өздігінен алғанда қолануды көрсетпейді.Алайда уақытша ол қарызға берілетін ақшаның, яғни ақша капиталының міндетін атқарады. Демек, бұл жағынан ақша капиталының қорлануы әрқашан капиталдың қорлануын шындықта болатынынан неғұлым артық көрсетуге тиіс, өйткені жеке тұтынудың ұлғаюы ақшаның көмегімен жүзеге асырылуы арқасында ақша капиталының қорлануы болып көрінеді, шын қорлануға, капиталдың жұмсалуына жаңа салалар ашатын ақшаға ақша формасын береді.
Сөйтіп қарыз ақша капиталының қорлануы ішінара мына фактіні ғана көрсетеді: өнеркәсіп капиталы өзінің ауыспалы айналымы процесінде айналатын ақша біткеннің бәрі ұдайы өндіріс агенттері авансылайтын ақша формасына емес, агенттер қарыз алатын ақша формасына көшеді; сонымен, ұдайы өндіріс процесінде авнсыланған ақша заем ақшамын авнсылау болып шығады.
Қарыз капиталының қорлануы дегеніміз тегі қарызға арналған ақша ретінде ақша жиналып қалуы болады.Ақшаның капиталға шын айналуынан бұл процестің үлкен айырмасы бар; бұл өзі ақшаның тек капиталға айналуына болатындай формада қорлануы. Бірақ бұл қорлану, жоғарыда көрсетілгендей,шын қолранудан зор айырмасы бар жағдайда көрсетуі мүмкін. Шын қорлану үнемі ұлғайып отырса, ақша капиталының бұл ұлғаюы ішінара оның нәтижесі бодуы ықтимал, ішіара онымен қосарлана жүретін, бірақ онан мүлде өзгеше жағдайлардың нәтижесі, ақырында, ішінара тіпті шын қорланудың тоқтау нәтижесі болуы мүмкін.
Бір ақшаның өзі қарыз капиталы ретінде қаншалықты жиі кездесуі, түгелінен мынаған байланысты:
- Олардың сату немесе төлем процесінде тауар құнын қаншалықты жиі шығаруына, сөйтіп капиталды ауыстыруына және бұдан әрі олардың табысты қаншалықты жиі шығаруына байланысты.
- бұл төлемді үнемдеуге және несие ісінің дамуы мен ұйымдастырылуына байланысты;
- соңында, несиелердің өзара жалғасуы мен қимылының шапшаңдығына байланысты, мұның арқасында ақша бір жерде вклад түрінде жиналып қалса, дереу екінші бір жерден қарыз түрінде шыға келеді.Ақша капиталының ауыспалы айналымында қызмет атқарып отырса, ол белгілі кезеңінде ақша капиталын құрайтын болғанымен, алайда қарыз ақша капиталына айналмайды, қайта не өндіргіш капиталдың элементтеріне айырбасталады, немесе табысты жүзеге асырғанда айналыс қаржысы ретінде сол элементтермен төленеді, демек, олар өз иесі үшін тағы қарыз капиталына айнала алмайды. Ақша қарыз капиталына айналса және сол бір ақша сомасының өзі қайта-қайта қарыз капиталы болып отырса, мұндайда ол тек бір пунктте тек металл ақша ретінде өмір сүретіні, басқа пункттердің бәрінде ол капиталға деген талаптар формасында өмір сүретіні айқын.
3-тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1.Инвестицияның экономикадағы орны, оның түрлері.
Инвестиция деңгейі
қоғамның ұлттық табысының көлеміне
ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген
макро – пропорциялары
Инвестициялар –
күрделі қаржының алуан
Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету кіреді.Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды. Ынталандыру құрамына келесілер кіру қажет: шетел мен отандық инвесторлар үшін қолайлы климат жасау: жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық жобаны әлеуметтік – экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын-ала міндетті сарапшылаудан кейін, жарыс негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халықаралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік – коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.
Мемлекеттік
инвестицияларды басқару 4 жеке
кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат – жоспарды бекітілген мақсаттарды қызметің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңдаудың сол бәсекелестіе қағидаларына негізделуі қажет.
Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынадай факторларды ескеру қажет:
- бюджет орындалатын, макоэкономикалық жағдай;
- инвестициялар бойынша
ұсыныстардың нақты
Тура инвестициялардың
қызметі – инвестицияларды
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
- жеңілдіктер мен артықшылдықтар жүйесін белгілеу;
- мемлекеттің мүддесін инвесторлар алдымен көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Портфельдік
инвестиция – пайда алу
3.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты
Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегідей бағыттарды қамтиды:
● үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).
Мұндай жағдайда елге
келіп жатқан шетел инвесторларын
көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп
жатыр.Капиталды тартудың мұндай формасының
басымдылығы әртүрлі
● тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
● дoнордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
● елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
● тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз етіп отырады, өндірістік және ғылыми – техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.
Мұның барлығы үкіметтің
орта мерзімдік инвестициялық
● біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
● шетел компанияларының басқаруына обьектілерді беру;
● акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды ж,екешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;
● банктік мекемелерді инвестициялау;
Қолданылатын бағыттар сипатында елулі өзгерістер болуда:
● Біріккен кәсіпорындардың делдалдық - өткізу және сатып алу қызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.
Бір кеңістіктегі серіктестердің
мүдделері сияқты, өнімді өткізудің
белгілі бір нарығында
● Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.
Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мұмкіндік береді.
Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететеін қатерлердің пайда болуына жағдай жасайды. Олар мыналар: