Шоттар классификациясының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 18:19, реферат

Краткое описание

Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
I.Есеп шоттар классификациясы мен жоспары 5
1.1 Есеп шоттарды саралаудың мәнісі мен маңызы 5
1.2 Есеп шоттарды міндеттері мен құрылымы бойынша саралау 5
1.3 Шаруашылық процестерін есепке алу мен ақылау есепшоттары.. 6
1.4 Баланстан тысқары есепшоттар. 10
II. Есеп шоттарды экономикалық белгісі бойынша саралау 12
2.1 Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары 12
III. 14
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ 20

Вложенные файлы: 1 файл

Бухгалтерлік есеп шотт.docx

— 60.03 Кб (Скачать файл)

Екі беглі бойынша бірден құрылатын бірыңғай саралау;

  1. Әрбір белгі бойынша бөлек саралау; 
    Бухгалтерлік есеп шоттарын экономикалық мазмұны, мақсаты мен құрылымы бойынша бірыңғай (сыйыстырылған) саралау жинақыда тұжырымды болып келеді. Алайда ол есеп шоттардың экономикалық мазмұнын да, сондай–ақ олардың мақсаты мен құрылымын да мейілінше толық, терең әрі жан–жақты ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді, мұның өзі осынау белгілердің әртүрлі мақсатты міндеттеріне байланысты болса керек. Бір қатар авторлардың есеп шоттарды бірыңғай (сыйыстыра) саралау талабы нәтиже бермеді, сондықтан бухгалтерлік есеп теориясы бойынша қазіргі заман авторларының көпшілігі есеп шоттарды саралаудың бөлек жолдарын қарап:  Міндеттері мен құрылымы және экономикалық мазмұны бойынша саралауды ұсынады. 
    Сөйтіп есеп шоттарды саралау негізінде басты белгілер мыналар болып табылады:
  • Есеп шоттардың экономикалық мазмұны, яғни есп шоттарда қандай объектілер есепке алынатыны ескерілген.
  • Есеп шоттардың міндеттері мен құрылымы, яғни объект есеп шотта қалай ескерілген. Қандай да бір есеп шоттардың дебеті мен кредитіне не жазылады, сальдо қандай болады және нені білдіреді.

Осынау екі белгіге сәйкес екі саралау болады:

  • Экономикалық мазмұны бойынша.
  • Міндеті мен құрылымы бойынша.

Осы екеуі де бір–бірімен  өзара байланысты, әрі бірін–бірі толықтырады. Есеп шоттарды саралаудың практикалық та, теориялық та маңызы зор. Практикалық маңызы мынадай: ол бүкіл бухгалтерлік жұмысты ұсынуға, жекелеген есеп шоттардың міндеттерін  және оларды жедел басшылық, талдау мен бақылау жұмыстарына пайдалану  мүмкіндіктерін түсінуге көмектеседі. 
Ал теориялық маңызы–ол есеп шоттарда пайдаланудың сан қырлы практикасын белгілі бір жүйеге келтіреді, бухгалтерлік есепті ойдағыдай ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтайды.

5.2. Есеп шоттарды  міндеттері мен құрылымы бойынша  саралау.

Бухгалтерлік есепке әртүрлі  есеп шоттар қолданылады. Енді солардың бірін дұрыс қолдану үшін сол  есеп шоттың сипаттамасын жақсы білу керек. Оған есеп шоттарды саралау жәрдемдеседі. 
Есеп шоттарды міндеттері мен құрылымы бойынша саралау: Бухгалтерлік нақтылы есепшотта объектілер қалай есепке алынады деген сұраққа жауап береді. Мұндай саралау жекелеген есеп шоттардың құрылымына, олардан айналымдар мен сальдо көрсеткіштерін алу тәсілдеріне тән жалпы сипаттарға сілтеме жасайды, яғни ол бәрінен бұрын шаруашылық процестерін есепке алу алдында тұрған міндеттерге орай құрылуға тиіс.  
Есп шоттарды олардың міндеттері мен құрылымы бойынша саралау бухгалтерлік есеп есеп шоттардының бәрін мынадай басты түрлерге бөледі:

  1. Шаруашылық активтерін құрамы мен олардың құралу көздері және  пайдалануы бойынша есепке алатын және бақылайтын есеп шоттар;
  2. Шаруашылық процестерін есепке алатын және  бақылайтын есеп шоттар;
  3. Баланстан тысқары есеп шоттар;

Шаруашылық активтері  мен олардың құралу көздерін есепке алатын есепшоттар: 

      1. Негізгі есеп шоттарға 
      2. Ретке келтіруші есеп шоттарға бөлінеді.

Ал шаруашылық процестерін  есепке алатын есеп шоттар: 

  1. Калькуляциялық есеп шоттарға 
  2. Жинақтаушы есеп шоттарға  
  3. Операция есеп шоттарға  
  4. Бюджеттік есеп шоттарға 
  5. Кәсіпорын қызметін бағалау есеп шоттарына бөлінеді.

Негізгі есеп шоттар шаруашылық активтері мен олдардың көздерінің жағдайы мен қозғалысын есепке алып, бақылауға арналған. 
Олар мүліктік–материалдық («Негізгі құралдар» бөлікшесіндегі 12–есеп шот, 20–бөлікшедегі «Материалдар», 40–бөлікшедегі «Ақша қаражаты», 14–бөлікшедігі «Инвестиция» ), есеп айырысу (мынадай бөлімдергегі есеп шоттар: ІІІ–«Дебеторлық берешек және басқа активтер»; IV «Міндеттемелер» V«Жеке меншік капитал»), және материалдық емес (10–бөлікшеде есеп шоттар: Лицинзиялық келісімдер, бағдарлама мен қамтамасыз ету, патентер, ұйымдастыру шығандары, гудвил және басқалары) болып бөлінеді. 
Мүлікті–материалдық және материалдық есеп шоттар активті (белсенді) есеп шоттар болып табылады. Олар материалдық және материалдық емес игіліктерді дебеті мен кредиті бойынша бірдей бағада есепке алады. Бұл есеп шоттардың сальдосы әрқашан дебетті болып келеді, әрі материалдық және материалдық емес игіліктердің (активтердің) қалдығын көрсетеді. Аналитикалық есеп шоттарды субъектілердің өздері («субъек» деген термин ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» №2732 жарлығының 1 бабының 1 тармағында белгіленген) натуралды өлшемдерді қолдана отырып, қаржылық есепте ашып көрсету талаптарына сәйкес, сондай–ақ талдау мен басқару мақсаттары үшін белгілейді. Аналитикалық есеп жүргізу тәртібін субъектілер өздері дербес орнықтырады.

Мүлктік–материалдық есеп шоттың схемасы 
Дебет                                                                          Кредит

Есепті кезең басындағы 
материалдық активтердің 
(мүліктің) қалдығы. 
Есепті кезең ішінде 
материалдық актив 
тердің түсуі.  
«Сқ» ағымдағы (соңындағы) 
материалдық активтердің 
қалдығы

Есепті кезең ішінде 
материалдық активтердің шығып  
қалуы. 


 

   
Материалдық есеп активтердің есеп шоттары активті (белсенді) есеп шоттар болып табылады. Бұл есеп шоттардың сальдосы дебетті, материалық емес мүліктер қалдығын көрсетеді. 
Материалдық емес актив есеп шоттарының схемасы 
(лицинзялық келісім және басқалар) 
Дебет                                                                      Кредит 

Есепті кезең басындағы  материалдық емес 
мүліктердің (активтің) қалдығы. 
Есепті кезең ішінде 
материалдық емес  
активтің түсуі.  
«Сқ»(соңындағы) материалдық емес 
активтің қалдығы.

Есепті кезең ішінде  
материалдық емес   
активтің шығып қалуы.       

 

 

Міндеттемелер есеп шоттары  пассивті есеп шоттар болып табылады. Несие сальдосы қарыз (жұмылдырылған) көздерінің қалдығын көрсетеді (бөлікшелер есеп шоттары: 60 «Несиелер»; 61 «Алдағы  кезеңдер табыстары»; 62 «Дебидндтер бойынша есеп айырысу» және т.б.) Міндеттемелер есеп шоттары бойынша кредитіне алынған несиелер, субъектінің банк пен банктен тыс мекемелер                           алдындағы несиелер және басқа да міндеттемелерін  ұлғайтатын басқа да сомалар жазылады. Ал дебетке–субъектілердің несиелік және басқа да міндеттемелерін азайтатын құралдар (активтер) аударылады. 
«Жеке меншік капитал» есеп шоттары пассивті есеп шоттар болып табылады. Кредит сальдосы айналысатын тысқары да, сондай– ақ ағымдағы да активтердің құралу көздерінің қалдығын көрсетеді. 
Жеке меншік капитал есеп шоттарының схемасы. 
Дебет                                                                                                Кредит  

Есепті кезең ішінде Жеке меншік 
Капиталдың азаюы (пайдаланылуы)  

Есепті кезең басындағы  
жеке меншік капиталдың 
қалдығы. 
Есепті кезеңге ЖМКа–дың  
өсу қалдығы.  


Есеп айырысу есеп шоттары  дебиторлық және кредиторлық берешекті, оның қозғалысын көрсетеді және  субъектілермен басқа да тұлғалардың, жұмысшылар мен қызметшілердің есеп айырысуларын бақылайды. Олар активті және пассивті болып бөлінеді. 
Активті есеп айырысу есеп шоттарына «Алынатын счет», «Алтын вексельдер» және «басқа да дебиторлық берешек» есеп шоттары жатады. Бұл есеп шоттар бойынша дебет сальдосы ұйымдардың, кәсіпорындардың және жеке адамдардың осы кәсіпорынға берешегін көрсетеді. 
Активті есеп айырысу есеп шотының схемасы. 
Дебет                                                                                              Кредит

Есепті кезең басындағы 
дебиторлық берешектің 
қалдығы. 
Есепті кезең ішінде дебиторлық  
берешектің ұлғаюы. 
Есепті кезең соңындағы 
дебиторлық Берешектің 
қалдығы.

Есепті кезеңде дебиторлық               
берешекті өтеу (азайту) 

 

 

Пассивті есеп айырысу  есеп шоттарына «Өнім тапсырушылармен  және мердігерлермен есеп айырысу» есеп шот, 68 бөлікшедегі «Басқа да кредиторлық  берешек» есеп шоты, 64 бөлікшедігі «Еншілес (тәуелді) серктестіктерге кредиторлық берешек» есеп шоты т.б. Бұл есеп шоттардың кредит сальдосы кәсіпорынның түрлі ұйымдарға, кәсіпорындар мен адамдарға кредиторлық берешегінің қалдығын көрсетеді.

Пассивті есеп айырысу  есеп шотының схемасы. 
Дебет                                                                                   Кредит 

Есепті кезең кредиторлық 
берешектің кемуі (өтелуі) 
ұлғаюы 
Есепті кезең соңында 
берешектің қалдығы

Есепті кезеңнің басындағы              
кредиторлық берешектің  
қалдығы.


Ретке келтіруші есеп шоттар шаруашылық активтер мен олардың  көдерінің бағасын пысықтайтын  соманы көрсетуге арналған, оның дербес маңызы жоқ. Олар контрарлы және толықтырушы  болып бөлінеді. Ретке келтіруші  есепшоттарға 13 бөлікшеде «Негізгі құралдардың тозуы» (контрактивті есеп шоттар) пассивті есеп шоттар мысалы бола алады. Ондай жағдай былайша көрінеді.

Д-т «Негізгі құралдар»  шоты К– т 

Д–т «Негізгі құралдардың  тозуы» К-т

Бн 24 00000    

Бн 85 0000


Негізгі құралдардың баланстық  құны (Ғимараттар мен қондырғылар, машиналар  мен құрал–жабдықтар: транспорт  құралдары және т.б.). Бұл есеп шоттар бойынша бір жолғы қалдық ретінде  белгіленеді: 24 00000–85 0000=155 0000. 
Тағы бір мысал: «Жиынтық табыс (шығын)» есеп шотында есепке алынады.  Жыл бойында табыстың жалпы ауқымын жоғалтып алмас үшін табысты азайтатындай соманы кемітіп жазу жүргізілмейді. Алайда жиынтық табыс есебінен мемлекеттік бюджетке ағамдағы төлемдерді тоқтатып қоюға болмайды. 
Осы мақсат үшін ағымдағы төлемдер жылдық табыс бөлінгенге дейін 63 бөлікшеге «Бюджетпен есеп айырысу» («Төленетін ағымдағы табыс салығы», «Кейінгі қалдырылған табыс салығы» есеп шоттары) есеп шоттарында көрсетіледі. Демек, «Кейінге қалдырылған төлемдер» есеп шотында тіркелген сома табысты ретке келтіреді, ал ол кәсіпорында «Еспті жылдағы бөлінбеген табыс (өтелмеген шығын)» есеп шотында бөліну үшін қалдырылаған. 
Толықтырушы есеп шоттар негізіг есеп шоттар көрсеткіштерінің бағасын негізгі есеп шоттардың аттас жағы бойынша дәлдейді (пысықтайды). Мұндай есеп шоттар «транспорттық–дайындау шығындары» деп аталатын аналитикалық есеп шоттары жатады. Одан шикізат дайындауға оның сатып алу бағасынан сыртқары шығарылған шығындар туралы деректер қорытындыланады. 
Сондықтан «Шикізат пен материалдар» есеп шотында келіп түсетін  шикізат сатып алу бағасы бойынша есепке алынады, ал оның шынайы өзіндік құны «Шикізат пен материалдар» есеп шотындағы сатып алу бағасынан көрсеткішіне «транспорттық шығындар» толықтырушы аналитикалық есеп шотының көрсеткішін қосу арқылы анықтауға болады.

5.2.2. Шаруашылық  процестерін есепке алу мен  ақылау есепшоттары.

Экономикалық мазмұны  шаруашылық процестерін көрсетуден құралатын есеп шоттар операциялық  сипаттағы есеп шоттар болып табылады. Оларда шаруашылық операциялары туралы деректер көрсетіліп, қорытындыланады, шаруашылық процестерінің нәтижелері анықталынады. 
Операциялық есеп шоттарда шаруашылық процестерді жүзеге асыруға байланысты барлық шығындардың, қаржы нәтижелерінің есебі жүргізіледі. 
Олар: операциялық–калькуляциялық, бөлуші және қаржылық нәтижелік болып бөлінеді. 
Калькуляциялық есеп шот дегеніміз–белгілі бір өнім түрін өндіруге, немесе жұмыс пен қызметке жұмсалған бүкіл шығын (тікелей және жанама) жинақталынатын және олардың өзіндік құны анықталынатын есеп шот. 
Калькуляциялық есеп шоттарға «Негізгі өндіріс», «Қосалқы өндіріс» және «жеке меншік өндірістің жартылай дайын өнімдері» бөлікшелеріндегі есеп шоттар жатады. 
Калькуляциялық есеп шоттар активті. Дебет сальдосы белгілі бір уақытта аяқталмаған өндірісті көрсетеді. 
Калькуляциялық есеп шоттың схемасы. 
Дебет                                                                                            Кредит

Есепті кезең басындағы 
Аяқталмаған өндіріс,  
жұмыс, қызмет   өндірістегі 
жартылай дайын өнімдердің 
өзіндік құны.  
Есепті кезеңдегі шығын 
сомасы. 
Есепті кезең соңындағы 
аяқталмаған өндіріс, жұмыс, 
қызмет.

Осы өндіріс бойынша         
пайдаланылмаған материалдардың, 
бағалы қалдықтардың  
шығынын азайту үшін шығысқа  
шығару.  
Дайын өнімнің, орындалған 
жұмыстың, қызметтің шынайы 
өзіндік құнын шығысқа шығару.             


Бөлуші есеп шоттар дегеніміз–шын  мәніндегі шығындар мен табыс  ескерілетін, бірақ олар келесі кезеңдерге жататын және сол бойынша бөлінуге тиіс есеп шоттар. Оларға: «Алдағы кезеңдер шығындары» мен «Алдағы кезеңдер табысы», «Алдағы шығындар мен төлемдер резервтері» есеп шоттары жатады. Бұл есеп шоттарда кейінірек кезеңдер бойынша бөлінетін табыстар немесе шығындар жинақталады, сондай–ақ болашақта  шығарылатын немесе олардың пайда  болуына қарай шығарылатын шығындар жүзеге асыратын резервтер түзеледі. Олар жекелеген есепті кезеңдерде өзіндік  құн мен кірісті дұрыс анықтау  үшін пайдаланылады.

«Болашақ кезеңдердегі шығындар»  есеп шотының схемасы. 
Дебет                                                                                            Кредит               

Информация о работе Шоттар классификациясының есебі