Этика бухгалтерлик

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 18:46, реферат

Краткое описание

Этика – бұл өнегелілік, адамгершілік, ар-намыс туралы ілім. Адамгершілік түсінігіне адамды адам деп танитын этикалық құндылықтар жүйесі кіреді. Басқаша айтсақ, этика дұрыс және дұрыс емес мінез құлықты анықтайтын принциптермен байланысты. Этикалық мінез-құлық және қабылданған этикалық принциптер, қоғам, ұйым немесе жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін өзіне қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтарына байланысты.
Бухгалтерлердің қоғамдағы бүгінгі рөлі бұл мамандықты мәртебелі, жақсы төлемді және творчестволы етіп отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

бух маман.docx

— 27.99 Кб (Скачать файл)

Этика – бұл өнегелілік, адамгершілік, ар-намыс туралы ілім. Адамгершілік түсінігіне адамды адам деп танитын этикалық құндылықтар жүйесі кіреді. Басқаша айтсақ, этика дұрыс және дұрыс емес мінез құлықты анықтайтын принциптермен байланысты. Этикалық мінез-құлық және қабылданған этикалық принциптер, қоғам, ұйым немесе жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін өзіне қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтарына байланысты.

Бухгалтерлердің қоғамдағы бүгінгі рөлі бұл мамандықты мәртебелі, жақсы төлемді және творчестволы етіп отыр. Инвесторлар, кредиторлар, жұмыс берушілер және билік пен қоғамды қоса алғанда, басқа да ақпаратты пайдаланушылар, есепке және түрлі кәсіпкерлік мәселелер бойынша есеп беру мен салық салу жөніндегі ақпараттарға тәуелді. Мұндай қызмет көрсету кезінде маманданған бухгалтерлердің мінез-құлқы түгелімен елдің және қоғамның экономикалық тиімділігіне мүмкіндік туғызады.

Жоғарыда айтып кеткендей, бухгалтер ақпараттармен түрлі дәрежеде жұмыс жасайды, содан кейін «ол дұрыс жасап жатырма?» деген сұрақ туындайды. Туындаған сұрақтарға жауап – есеп бірлестігі бақылау жасайды. Сонымен қатар, бұл мамандық үшін қоғамдық сенімнің де маңызы өте зор.

Бухгалтерлік есеп эволюциясын зерттеу көрсеткенде, тарих бойынша бақылау және қарастырудың әйгілі екі әдісі бар, яғни – бір орталықтан тәртіп белгілеу және заңмен реттеу.

Біріншісі – есептің бір нұсқалығын және өзгермейтіндігін білдіреді, бұл есеп процедураларын үйлестіру және оларды мемлекеттік органдардың нұсқауында бекіту жолымен жүзеге асырылады. Мұның дұрыстығына күмән келтіру немесе нұсқауды бұзу қауіпті, өйткені мұнда жазалау сипаттамасы куәланады, бухгалтер мамандығына шек қойылады, айыбын бетіне басып масқаралау, кейде, тіпті, өлім жазасы.

Заңдық реттеу, бірорталықтанған басқару приоритеті маңызды және қажетті емес бола бастағанда пайда болады. Басқа сөздермен айтқанда, мемлекеттік аппарат есептің әдістемесін ұсынған жоқ. Бухгалтерден қолданылатын есеп саясатын тек жеке ашып көрсету ғана талап етілді.

Мұндай жағдайлар мамандық тәуелсіздігі деген қажеттілікке әкеледі, бұл есеп бірлестігін қорғау құралы және бухгалтерлік есеп әдістемесінің өз бетінше дамуының салдары ретінде туындады. Этикалық нормалар мен ережелер өзінің даму барысында эволюциясының анықталған сатыларынан өтті, бұл туралы американдық авторлар М.Р.Мэтьюс, Х.Б.Перера толығымен айтқан. Бұларға жүргізілген зерттеулерді талдай отырыпкелесілерді көруге болады, «қазіргі увқытта бухгалтер мамандығы кейбір елдерде топтар қатарына бөлінеді, бұлардың әрқайсысының этикалық кодексі бар. Басты топты машықтанған бухгалтерлер құрады, ал басқаларына кіретіндер: ішкі аудиторлар; басқару есебінің мамандары және менеджерлері. Бухгалтер бір немесе бірнеше ассоциацияның мүшесі бола алады».

Алғашқы ұлттық ұйым ретінде Шотландияның (1854ж), Англияның және Уэльстің (1870ж) , Ирландияның (1880ж) және т.б. қоғамдық бухгалтерлер институттарын айтуға болады. Қазіргі уақытта бұлардан басқа бухгалтерлер мен дипломды аналитиктердің Институты және дипломды бухгалтерлер мен аналитиктердің жоғарғы институты қызмет етеді.

Ағымдық үлгі бойынша қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институты (1887ж), бухгалтерлердің Австралиялық қоғамы (1887ж), қоғамдық бухгалтерлердің Канадалық институты құрылды. Мұндай қоғамдар Германия мен Францияда 1932 және 1942 жылдардан кейін пайда болды.

Бұл институттардың мүшелеріне қойылған талаптардың ішінде өнеге қасиеттеріне маңызды орын беріліп, негізгі мақсаттар келесідей улгіде жасалынады:

— бухгалтерлердің құқықтары мен міндеттерін олардың сенушілеріне қатысты реттеу;

— бухгалтерлердің ғылыми және өнегелілік цензін қалыптастыру;

— осы цензге байланысты олардың шаруашылықтың әр түрлі саласы бойынша және әр түрлі деңгейде бухгалтер атағына ие болу құқығын тану;

— бухгалтерлердің өзіне алған міндеттерін орындауын қадағалау, оладың қызығушылығын қорғау;

— есептік жұмысшыларды келесідей нысандарда жазалау: алдын-ала сақтандыру, сөгістер, уақытша тізімнен шығару, атағынан айыру және сотқа беру;

— жеке тұлға және құрылымның тапсырысы бойынша есептік сараптамалар жүргізу;

— бухгалтерлерге көмек көрсету.

1905 жылы бірінші рет осындай ережелерді қоғамдық бухгалтерлердің Американдық ассоциациясы қабылдады, кейін машықтанған қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институты деген атқа өзгертілді. Бухгалтерлік есептің этикалық нормалары басқа да елдерде дами бастады. Бүгін де бухгалтерлердің барлық негізгі қоғамдық бірігуі өздерінің мамандық этикасы кодексін жасап алды.

Айта кететін жағдай, этика кодексі әр түрлі ұйымдарда мазмұны мен құрылымы бойынша бір-бірінен ерекше болып келеді. Бірақ этикалық стандарттарда жарияланған негізгі концепциялары Австралияда, Ұлыбританияда және АҚШ-та бірдей.

Бухгалтерлердің мамандық мінез-құлқының этикасы жұмыс этикасына тең, бұлар серіктерінің, мінез-құлықтарының ережелері мен нормаларына негізделеді, соңында қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызады. Бұл ережелер мен нормалардың маңыздылығы – өзара сенімділікті бекіту, серіктерін бағыттан адастырмау, өзінің ойы мен қызметі туралы серіктерін әрқашан хабардар етіп отыру.

Бухгалтер мамандығының қабылданған жалпы ережелері аясында келесілер сипатталады:

— оқу және білім нәтижесінде қабылданған, анықталған нақты маманданған әдеттердің болуы;

— жалпы қоғамға деген қатынасты клиентке де қолдануды міндет ретінде қабылдау;

— клиент қызметіне объективті қатынаста болу;

— жұмысты орындау және жүргізу стандарттарының ең жоғарғы талаптарына сай персоналдық қызмет көрсету.

Бухгалтер мамандығының негізгі айрықша ерекшелігі қоғамның, сәйкесінше, ажырамас түрде басшы мен әріптестері алдында өзінің жауапкершілігін сезіну. Осыдан, бухгалтерлік мамандықтың негізгі міндеті – ақпартты қолданушылардың талаптарын барынша қанағаттандыру үшін жоғары мамандандытүрде жұмыс жасау.

1996 жылдың шілде  айында бухгалтерлердің халықаралық  федерациясында маманданған бухгалтерлердің  этикалық Кодексі қабылданды (1998 жылы қайта қаралды). Онда этикалық  талаптардың үш түрлі құрылымдық  бөлімі ерекшеленді:

1)А бөлімі – барлық маманданған бухгалтерлерге;

2) В бөлімі –  танымал түрде тәжірибеден өтіп жатқан маманданған бухгалтерлер үшін;

3) С бөлімі – жалданған маманданған бухгалтерлерге.

Кодексте бухгалтерлік мамандықтың мақсаты да көрсетілген: жұмыстың тиімді нәтижелерін қамтамасыз ету үшін мамандықтың жоғары стандарттарына сәйкес жұмысты орындау.

Машықтанған қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институтының мамандық этикасы бойынша айтылған Кодексте келесідей адамгершілік нормалары бекітілген:

— қызметтік міндеттерді орындау барысында ұйым мүшелерінің объективті және тәуелсіз болуы;

— қорғаушылық, күштеу, өнімділік, пайдалану және әділетсіз жарнама, қосымша жұмыс істеу, күштеп істеу дегендерге үзілді-кесілді тыйым салу;

— кеңес беруге рұқсат ету;

— қызметтің жеке түрінен басқа делдалдық сауда-саттыққақатысуға тыйым салу.

Қызметке келген жұмысшы үшін кодекс бірнеше ережені қарастырады:

— бухгалтер жұмыс орнына отырмас бұрын, өзіне дейінгі маманның жұмысын тиянақты түрде қарап оқуы керек;

— егер оның алдындағы бухгалтер жұмыс істемеген болса, оған жазбаша түрде сұрақ жолдауға болады, өйткені ол мамандық міндетіне сәйкес толық және дұрыс жауап беруі керек;

— геер жұмыспен танысу кезінде жұмыс беруші заңды бұзатын болса, онда бухгалтер ұсынылған жұмыстан бас тартуға міндетті;

— жұмыс үшін берілетін сыйақы сомасын қызметке кіріспес  бұрын келісіп алу керектігі ұсынылады;

— бухгалтер жұмыс берушімен келісім-шартты кез келген уақытта қозғай алады;

— кәсәпорында орын басудың болмауы келісім-шарттың жалғасуына негіз бола алмайды.

Субъектінің шаруашылық қызметі туралы барлық мәліметтерді бухгалтер басқа тұлғаларға басшының жазбаша келісімі арқылы ғана бере алады. Ол жұмыс берушіге қалай құқықты бұзып және оның ізін жасыру керектігі туралы кеңес бермеуі керек. Есеп берудің бұрмалауына басшы мен бухгалтер толық жауапты. АҚШ-тың қаржы бухгалтерлері институтының этикалық кодексінде меншік иесінің капиталын сипаттауға арналған үш ереже бар. Жеке айтқанда:

1)жұмыс берушінің  пайдасының құрамына бас бухгалтердің  үлесі кірмейді;

2)бухгалтер өзінің  сыйақысын кәсіпорынның басқа қызметінің жұмысшыларымен бөлісе алмайды;

3)бухгалтердің қолындағы  клиенттің ақшасы, шот бойынша  және, сәйкесінше, салым әдісі бойынша  өзінің меншікті құралдарынан  әрқашан да бөлек болуы керек.

Этикалық жағынан Кодекстің мамандық білімі мен жарнамаға арналған жері маңызды болып табылады. Мұнда бухгалтердің өз-өзіне жарнама жасамауы керектігі айтылады, бірақ барлық жұмысты шеберлікпен және жоғары сапамен орындауы тиіс. Дегенмен, соңғы жылдары бухгалтер мамандығына жарнама жасауға шек қою алынып тасталынды. Сондықтан да, қоғамның өзгеруімен бухгалтерлердің де этикалық кодексі өзгертіліп, дамып отырады.

Этикалық нормаларды бұзуға байланысты институс кеңесі бухгалтердің мүшелігін уақытша тоқтату, шектеу немесе қайта қарау сынды басқа да шаралар қолдануы мүмкін.

Этика кодексінің халықаралық талаптары ұлттық этикалық нұсқауларға үлгі болады.

Мамандық жайындағы мәлімет екі фазаға бөлінуі мүмкін:

— жалпы білімді білдіретін мамандықтан хабардар болу, мұның ізінше арнайы білім болуы керек; сәйкесінше, мамандыққа байланысты мәселелерді қарап, дайындау, сонымен қатар белгіленген жұмыс тәжірибесінің уақыты;

— мамандықтан хабардар болуға ықпал ету – бухгалтер мамандығын дамыту қажеттілігін әрқашан түсініп, ескеруді және өз білімін толықтыруды талап етеді, мұның ішіне, ұлттық және халықаралық стандарттарды, нормативтерді, пән мамандығына байланысты есеп, аудит бойынша ереже, нұсқауларды оқу кіреді.

Бухгалтер мамандығы этикасының мәселелерімен жұмыс жасайтын ұйымның есебін негізгі реттейтіндер:

-AICPF – машықтанған  қоғамдық бухгалтерлердің Американдық  институты;

— IFA – АҚШ-тың қаржы бухгалтерлерінің институты;

— ICAA – Австралиялық машықтанған бухгалтерлердің институты;

— ICAS – Шотландияның машықтанған бухгалтерлерінің институты;

— ACCA – Англия мен Уэльстің машықтанған бухгалтерлерінің институты.

Жоғарыда айтылған ұйымдардың міндеттеріне қоғамды әділетсіз бухгалтерлердің зиянды іс-әрекеттерінен қорғау, сонымен қатар маманданған бухгалтерлердің имиджін сақтау мәселелері де кіреді. Олар басшылар мен қатардағы жұмысшылардың құлқының этикалық нормаларын көтеру үшін әртүрлі шараларды қолданады. Бұларға жататындар:

-барлық жұмысшыларға  бірдей этикалық норма, яғни жалпы  құндылықтар жүйесі мен этика  ережелері жасалып, орындалуы тиіс. Этикалық нормативтер ұйымнң мақсатын сипаттау үшін жақсы этикалық атмосфера жасау және қабылдау процесінде этикалық нұсқауларды анықтау үшін қабылданады;

-этика бойынша  комитет құру. Бұл тұрақты комитеттер этика көзқарасынан күнделікті тәжірибені бағалау үшін қажет. Мұндай комитеттердің барлық мүшелері – жоғарғы деңгейдегі басшылар. Кейбір ұйымдар «адвокат этикасы» деген атпен мамандарды шақырады;

-басшылар мен  қатардағы жұмысшыларды этикалық  мінез-құлыққа үйрету. Бұл этикалық мінез көрсеткіштерін жоғарылату үшін ұйымдарда қолданылатын қосымша әдіс. Жұмысшыларды бизнес этикасымен таныстырып, олардың туындауы мүмкін этикалық мәселелерді қабылдауына ықпал етеді.

Этиканың халықаралық кодексінің қағидалары және негізгі талаптары

 

Шынайылылық

Жалпы алғанда, қоғамдық шынайы ақпаратқа деген және сенімді ақпараттық жүйеге қажеттілік бар.

Мамандану

Бухгалтерлік есеп саласында маман ретінде клиенттермен, жұмыс берушімен және басқа да қызығушы жақтармен күдіксіз теңестірілген түрде жұмыс жасай алатын адамдарға деген қажеттілік бар.

Қызмет көрсетудің сапалылығы

Маманданған бухгалтер көрсеткен барлық қызмет сапаның жоғарғы стандарттарына сәйкес екеніне сенімді болуға қажеттілігі.

Сенім

Маманданған бухгалтердің қызметін қолданушылар, мұндай қызметті реттейтін мамандық этикасының негізінің бар екеніне сенімді болулары керек.

 

Парасаттылық

Маманданған бухгалтерлер маманданған қызмет көрсету барысында  адал және ашық болуы керек.

Объективтілік

Маманданған бухгалтер әділетті және теріс түсініктен немесе қызығушылық дауынан, оның объективтілігіне кедергі келтіретін басқа тұлғалардың әсерінен алшақ болуы керек.

Жете білушілік және міндетті ұқыптылық

Маманданған бухгалтерлер мамандығына байланысты қызметті ұқыптылықпен, жете білушілік тұрғыдан және ықылас-талаппен орындауы керек. Ол мамандық бойынша білім мен әдеттерді қажетті деңгейде ұстауға әрқашан да міндетті, өйткені олар жұмыс беруші мен клиентке жұмыста қолданылатын соңғы заңды, әдістерді және тәжірибені қолдана отырып, хабардар тұлғаға қызмет көрсетуге міндетті.

Құпиялылық

Маманданған бухгалтер мамандыққа байланысты қызмет көрсету барысында пайда болған ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек және мұндай ақпараттарды сәйкесінше өкілеттіксіз жарияламау керек, мұндай ақпараттардың ашылуы оның мамандық немесе заңдық құқықтарда немесе міндеттерінде айтылған.

Мамандықтың мінез-құлқы

Маманданған бухгалтер өз мамандығының атағына сай іс-әрекеттер жасау қажет және оның атағына зиян келтіретін мінез-құлықтан алыс болуы керек.

Техникалық стандарттары

Маманданған бухгалтер техникалық және мамандық стандарттарын қолдануды сақтай отырып мамандық қызметтерін көрсетуі керек.

Информация о работе Этика бухгалтерлик