Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 21:07, лекция
Әлемнің кез келген еліндегі қоғам өзінің өмірлік қызметінің бірнеше аспектілеріне ие: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және рухани. Осылардың барлығы қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларында өтуі мүмкін. Мәселен, нарықтық қатынастар немесе қатаң, бір орталықтан басқарылатын мемлекет қалыптастыратын қатынастар олардың негізі болуы мүмкін. Бізге белгілідей, нарықтық қатынастар, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарына, тауар-өндірушілердің еркін қызметіне, еркін бәсеке мен баға белгілеуге, адамның өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ететін қызмет түрін еркін таңдауға, экономиканың ашықтығына негізделген жеке меншік арқылы қалыптасады.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау – экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауының мәні, объектісі, пәні.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау жүйесі.
Стратегиялық жоспарлау логикасы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау методологиясы мен әдістері.
Жоспарлаудағы бағдарламалық-мақсатты әдістің келесі деңгейлерін бөліп көрсетуге болады:
Макроэкономикалық деңгейдегі бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдалану, оларға жетудің ұйымдық шаралары мен құралдарының, жолдарының тиімді жолдарын айқындау және ресурстық қамтамасыз ету жағдайында, түпкі қоғамдық қажеттіліктерді алдын-ала бағалай отырып жоспарлау құжаттарын әзірлеуді болжайды. Бүкіл кезеңге әзірленетін, жүзеге асырудың негізгі кезеңдері мен жоспарлы кезеңдерді бөліп көрсете отырып, алдағы қойған мақсаттарға жету үшін қажет бағдарламалар, мақсат пен оған жету құралдары арасындағы байланыстырушы буын болып қатысады.
Түпкі мақсаттарға жетуді
көздейтін әлеуметтік-
Мақсатты кешенді бағдарлама
– неғұрлым тиімді жолмен халық
шаруашылығы проблемаларын
Мақсатты кешенді
1. Әлеуметтік-экономикалық
бағдарламалар – халықтың
2. Ғылыми-техникалық
3. Өндірістік-экономикалық
бағдарламалар – өндіріс
4. Аумақтық бағдарламалар
– елдегі жаңа немесе осыған
дейін қалыптасқан өңірлерді
игеруді немесе кешенді түрде
шаруашылықтарды қайта құруды
көздейді, оның ішіндегі аумақтық-
5. Экологиялық бағдарламалар
– табиғат қорғау және табиғат
құру сипатындағы шаралар
6. Ұйымдық-шаруашылық
Бағдарламалық- мақсатты әдістер:
өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін
арттыру; зерттеу бөлігін қамтитын
маркетинг жоспары, нарықты «жеңіп
алу» жоспары; қызмет көрсету нарығын
кеңейту шараларын сипаттаудан
тұратын жоспар; жұмыс жасайтын қуаттарды
оңтайландыру жоспарлары; капитал жұмсау
шығындары негізінде
Бағдарламалық-мақсатты әдіс
мақсатты кешенді бағдарламаларды
әзірлеуді болжайды және макроэкономикалық
проблемаларды, аса маңызды халық
шаруашылығы міндеттерінің
Оларды шешудің басты мақсаттарын, міндеттері мен бағдарламаларын айқындау осындай жоспарларда түбегейлі рөл атқарады.
«Жалпыдан жекеге» және керісінше «жекеден жалпыға» жалпы анықтамаларынан өзге, индукция және дедукция әдістеріне морфологиялық, мазмұнды талдауды жоспарлауды қолдану кіреді.
Сараптамалық бағалаулар әдістері жоспарлы процестермен әрқашан да қоса жүреді. Олар басқару қызметкерлерінің тәжірибесіне және біліктілігіне негізделеді. Жеке сараптамалық бағалаулар, ми шабуылының ұжымдық үлгісі (типі), идеялар беру, Дельфи әдісі ажыратылады. Мерзімді қайта қаралып отыруы тиіс, базалық нормалар негізіндегі жоспарлау, рационалдандыру мен экономикалық шаруашылық жүргізудің негізі болып саналады. Кәсіпорынның нормативтік базасына материалдық ресурстар шығыстарының нормалары, еңбек нормалары (тәжірибелік-статистикалық және техникалық тұрғыдан негізделген), қаржылық нормативтер және т.б. кіреді.
Жоспарлау әдістер:
1) жалпы жоспарлау;
2) егжей-тенжейлі жоспарлау;
3) бірмезгілде жоспарлау;
4) дәйекті жоспарлау;
5) жоспарларды әзірлеу процесі;
6) келесілер негізінде
жоспарлы тапсырмаларды
- ресурстардың болуы;
- болжам нәтижелері;
- кәсіпорынның мақсаттары.
7) аралық мақсаттарды белгілеу:
- өнімдердің әртүрлі топтарына қатысты;
8) жеке жоспарлар жасау:
- жүзеге асыру жоспары;
- өндірістік бағдарлама;
- материалдық-техникалық жабдықтау жоспары;
-қаржылық жоспар;
-баланстық жоспар;
9) жеке жоспарларды байланыстыру және оңтайландыру;
10) жалпы жоспар жасау;
11) шешім қабылдау;
12) кәсіпорын бөлімінің
барлық бөлімшелері мен
Мақсаттарға қатысты келесілер жоспарлаудың ерекшелігі болып саналады:
Жапон компанияларында – жаңалықтар енгізуге және шешімдердің сапаларын арттыруға бағдарлану басты болып саналады.
3Тақырып. Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау
3.1. Әлеуметтік саясат
– қоғамның әлеуметтік
3.2. Халықтың өмір деңгейін стратегиялық жоспарлау.
3.3. Халықтың өсуін, жұмыс күшін және жұмыспен қамтуды стратегиялық жоспарлау.
3.4. Әлеуметтік аядағы
салаларды стратегиялық
1.Әлеуметтік саясат
– қоғамның әлеуметтік
Әлеуметтік саясат – олардың әлеуметтік жағдайын сақтау және өзгерту бойынша әлеуметтік процестердің, топтардың, әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби топтардың, әлеуметтік қауымдастықтардың (қоғамдардың) бүкіл кешенін реттеу оның мақсаты мен мазмұны болып саналатын ішкі саясаттың ерекше аспектісі.
Әлеуметтік жағдай – тұтастай алғандағы халықтың өмірлік қызметінің және оның құрамы бөліктерінің негізгі кешенді сипаттамасы. Әлеуметтік жағдай, қоғамдық жағдайды құрайтын – әлеуметтік жағдайдың нақты өлшемдерінің, оның сандық өмір сүруінің түбегейлі факторлары (себептері) мен қоғамның құрылымдық бөліктерін дамыту жүйесінің әрекет ету нәтижесі ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік жағдайдың параметрлері – нақты, болжалып отырған немесе бағдарлама жасалып отырған әлеуметтік жағдайға сенімді және қажетті, жеткілікті дәлдікпен пікір білдіруге және оның жағдайын (жеткен шебін) кешенді бағалауға мүмкіндік беретін жүйенің сандық сипаттамасы (көрсеткіштер мен бағалаулары).
Әлеуметтік саясаттың субъектілері – нақты түрде дербес, әрі нақты әрекет ететін әлеуметтік топтар мен оларды білдіретін органдар, ұйымдар, институттар, құрылымдар. Осылайша, субъектілер – Бастапқы субъектілер – әлеуметтік топтар және олардың мүдделерін білдіретін органдар, ұйымдар болып бөлінеді.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл белгілі бір нақты бір тарихи жағдайларға жатқызылған, қажетті ұйымдық және үгіт-насихаттық күштермен, қаржы ресурстарымен нығайтылған, белгілі бір мақсатты көздейтін, әлеуметтік аядағы мемлекеттің іс-қимылы.
Әлеуметтік саясат стратегиясы – оның дамуының аталған нақты-тарихи кезеңіндегі елдің әлеуметтік проблемалар жүйесінің бас шешімі.
Нарықтық экономика
Әлеуметтік саясаттың басымдықтары – әлеуметтік саясаттың бірінші кезекті міндеттері ретінде сезінген, неғұрлым маңызды, мәнді, өткір проблемалар. Басымдықтар аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси проблемалардың құрамына, нақты өзара байланысына және өткірлігіне байланысты айқындалады. Басымдықтардың объективті негіздері, өзінің қозғалысы мен өзінің идеологиясының перспективалық мақсаттарына сүйене отырып, әлеуметтік саясат басымдықтарының әрбірі өз нұсқасын ұсынатын қоғамдағы күресуші әлеуметтік күштер үшін бір болып саналады.
Әлеуметтік нарықтық шаруашылықтағы мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыру: а) олар иелік ететін капиталға және оның сіңірген еңбегіне сәйкес халықтың кірісінің өсуін қамтамасыз етуі; б) қоғамның барлық мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық жауапкершілігін арттыру жолымен, әлеуметтік масылдықты жоюы; в) халықты әлеуметтік қорғау тетігін жасауы тиіс.
Экономикалық және әлеуметтік саясат арасындағы өзара байланыс келесі екі жағдайда өзінің нақты көрінісін табады: а) экономикалық саясат, халықтың әл-ауқатының өсу аса маңызды жағдайы ретінде материалдық және рухани байлықтар жасау жөніндегі адамдар қызметін реттеу сияқты өзінің түпкі мақсатына ие; б) әлеуметтік саясат олардың материалдық және рухани байлықтарды пайдалануы бойынша адамдар арасындағы қатынастарға ықпал етумен байланысты. Осылайша, бұл бір саясат үшін қорытынды, ал екінші бір саясат үшін – бастапқы нүкте болып саналады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын әзірлеудің негізгі принциптері:
а) адамның экономикалық еркіндік принципі, кәсіпкерлердің, жалданып еңбек ететін тұлғалардың және олардың кәсіподақтарының тарифтік дербестікке (әлеуметтік әріптестікке негізделген) құқықтарын тану;
б) нарықтың реттеуші рөліне сену принципі (сұраныс пен ұсыныс, еркін баға белгілеу мен бәсекелестік нарықтағы жағдайды айқындайды);
в) нарықтық күштер ойыны үшін, ойын ережелерін жасау және сақтау үшін, экономикалық және әлеуметтік өмірдің ағынан реттеу үшін тиісті жағдайлар жасау үшін мемлекеттің жауапкершілік принципі;
г) еңбек қабілеті аздауларға көмектесу үшін, еңбек қабілеті неғұрлым жоғарыларға көбірек жұмыс беру принципі;
д) өндірісті, қоғамдық және мемлекеттік өмірді басқаруға қызметкерлердің қатысу принципі.
Әлеуметтік процестерді реттеу (жоспарлау) сол бойынша жүзеге асырылатын, мемлекеттің әлеуметтік саясатының неғұрлым маңызды аспектілері:
а) отбасыларының кірістері мен жеке тұтынуы аясындағы саясат;
б) қоғамның әл-ауқаты аясындағы саясат;
в) халықтың жұмыс күші мен жұмыспен қамтуды ұлғайту аясындағы саясат;
г) қоғамдағы «әлсіз топтарды» қолдау жөніндегі саясат;
д) әлеуметтік инфрақұрылымдар салаларын дамыту жөніндегі саясат.
2.Халықтың өмір
деңгейін стратегиялық
Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік жоспарлау стратегиясы мен тактикасы, 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған әлеуметтік реформалар бағдарламасында көрініс тапқан.
Онда әлеуметтік жоспарлаудың келесі стратегиялық мақсаттары болып көрсетілген: