Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мемлекеттік баждың мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып біз келесідей шаралар жиынын құрғанымыз жөн:
салықтың маңызы мен мәнін ашу;
Қазақстан Республиксында салық жүйесін зерттеу;
мемлекеттік баждың құрылу негізін қарастыру;
мемлекеттік баждың бюджеттік кірістердегі орнын бағалау;
мемлекеттік баждың мәселелерін қарастыру.

Содержание

І КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері...................4
Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері.....................8
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері..13

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫТ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
Мемлекеттік баж обьектілері.........................................................18
Мемлекеттік баж ставкалары.........................................................19
Мемлекеттік баж төлеуден босату.................................................26
Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі..................................................31
Консулдық алым..............................................................................33

3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж.36
3.2. Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету...........40

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................44

Пайдаланған әдебиеттер..............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 380.00 Кб (Скачать файл)

Салық салу кезінде, аталмыш  принциігіерді басшылыққа алу барысында  мемлекет тарапынан белгілі қағидаларды  қолдану тәртібі туындаған болатын.

Қазіргі кезде қолданылатын салық салу прпнциптері тікелей  салық салу жүйесіне бағынышты (байланысты) болады. Белгілі ғалым Қарағүсова Г.Ж. өзінің еңбегінде салық салу принцпптерінің ең қолайлы деген түрлерін атап көрсеткен:

  1. Салық салмағының тең болуы, яғни әркім мемлекет қорына " әділ үлесін " қосуға міндетті;
  2. Салық жүйесінің қарапайым және анық болуы, яғни салық төлеушілерге түсінікті болуы қажет;
  3. Салық салудың теңділігі және әділеттілігі, яғни әлеуметтік-экономиқалық мақсаттарға жету үшін, мүмкіндігінше әртүрлі жеңілдіктерді азайту;
  4. Салыктарды басқару және заңдылықты сақтау жөніндегі әкімшілік шығындар мүмкіндігінше аз мөлшерде болуы қажет.

Қазіргі кезеңде, мемлекет алдында тұрған бірден-бір күрделі  мәселе -салық салмағын (айырмашылығын) халық арсында ойдағыдай етіп бөлу. Әзірше осы мәселе жөргінде екі принцип барын білуіміз қажет.

Біріншісі, тапқан (алған) игіліктерге негізделген яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің бәрі оның азаматтарына кәдімгі тауар  ретінде берілуге тиісті. Бірақ мемлекеттен алынатын игілгктердің сапасы әртүрлі болуы мүмкін, ал сол үшін бәрі бірдей төлейді. Нарық кезеңінің көрінісі ретінде, қоғамымызда байлар мен кедейлердің пайда болғаны баршаға мәлім. Сондықтан мемлекеттен берілетін жәрдем ақыларды, субсидияларды тек табысы төмен, тұрақты табыс көзі жоқ адамдарға беру қажет.

Екіншісі, төлеу қабілеттілігі  принцппіне негізделген. Бұл жерде  салық айырмашылығы салық төлеушілердің  нақты табыстарына және тұрмыс деңгейлеріне байланысты болады

Мельников В.Д. өз еңбегіңде  дүние жүзілік мәні бар салық салу принцицтерінің ұтымды түрлерін (Я.Корнай және т.б. ұсынған) атап көрсеткен. Бүл принциптер нарық қатынастары жағдайындағы салық жүйесінің ойдағыдай тиімді болуына бағытталған.

Дүние жүзілік тәжірибеден  өткен ол принциптер мыналар:

  1. Салық салу формаларын белгілеу барысында карапайым формаларды қолданған жөн. Сонда төлеушілер салық төлеуден жалтара алмайды.
  2. Салық жүйесі мүмкіндігінше бейтарап болуы тиіс. Былайша айтқанда, мемлекет салық төлеушілерді салық жүйесі арқылы ынталандыруға (жеңлдік беру арқылы) немесе жазалауға жол бермеуі керек. Өнімдердің, қызметтердің жеке түрлерін салық салуда немесе кейбір әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, мәдеииет салаларын мемлекет қаржыландырғанымен, бұл қаржыларды салық ставкаларын өзгерту (жоғарлату жолымен алуға болмайды).
  3. Прогресивті салықтардың орнына тікелей пропорционалды салықтарды басымырақ пайдалану.
  4. Салық жүйесі экономикалық қызметтердің жақсаруына және күрделі жұмсалымдардың өсуіне кедергі келтірмеуіне тиіс. Көп өнімді жұмыс істегенде прогресивті салықты қолданбай, салықтардың өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға тигізер ықпалының нәтижесі қандай болатынын ескерту қажет.

Сонымен салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатымен анықталатын, үстінде аталған принциптерді еске ала отырып, біздің пікірімізше, салық салу (салық қызметі) принциптері мүмкіндігінше мына төмеңдегідей болуы қажет; заңдылық және негізділік; жалпыға бірдей және нақтылық; теңділік және әділеттілік; ыңғайлылық және жеткшіктілік; карапайымдылық және бейтараптылық; жоспарлылық және нормативтік; тиімділік және үнемділік; жеңілділік және бірдүркінділік. 

 

    1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері 

Мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың  ең негізгі құралы болып табылатын  салық жүйесі, ел эканомикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Салық жүйесін мемлекетпен  заңды тұлғалар арасындағы қаржы  қатынастарының жиынтығы салықтар мен  алымдар, салық салу әдістері мен  тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары

мен салық қызметі  жиынтығы құрайды.

Кез келген мемлекеттің  салық жүйесі оның әлеуметтік, саяси, экономикалық және ұлттық ерекшеліктеріне  орай қалыптасады. Сондықтанда Қазақстанның салық жүйесі дамуының үш кезеңін көрсетуге болады:

  1. Қарапайым салық жүйесі
  2. Әкімшілік басқарудағы салық жүйесі
  3. Жаңашыл салық жүйесі

Енді осы салық жүйесі кезендерінің өзіндік ерекшеліктерін айтып көрсетіп, жеке-жеке тоқталып өтелік. Қарапайым салық жүйесі Қазақстан  аумағында революцияға дейін қалыптасты. Бұл салық жүйесі, бір жағынан, өзіндік тарихи әдісті, ұлттық әдет-ғұрыпты, қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды еске ала отырып құрылса, екінші жағынан Ресей жөне көршілес орта азиялық мемлекеттермен болатын сауданың, шаруашылық және экономикалық байланыстардың әсерінен қалыптасаты.

Қазақ феодалдары мал  жайылымдарына арналған ең құнарлы  жерлерді өз қолдарыңда иемденіп мал  ұстаушы көпшелі халық пен  жер өндеушілер феодалдарға   жер   рентасын   төлейтін   болды.   Мал шаруашылығы аудан-дарына малдың жиырмадан бір бөлігі зекетті, ал жер өндейтін аудандарда егіннің оннан бір бөлігі - ұшырды төледі. Сонымен қатар хандар мен сұлтандардың көшіп-қонуының жағдайын жасау, жауынгерлер беру, қару-жарақпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету мойындарында болды. Халық өз хандарына ерікті түрде соғым, сыбаға беретін болды. Хандар соттың үкімін оннан бір бөлігі ретінде соттық бажды (хандық) және көшпелі көпшенді керуендерден баж жинады.

Сонымен бұл қарапайым  салық жүйесі сол аймақтағы байлар мен хандардың жеке қажетін қанағаттандыруға, өсіп-өркендеуіне байланысты қалыптасуымен ерекшеленеді.

Революция төңкерілісінен кейін жаңа Үкіметтің билік алуы Казақстан аумағында қалыптасқан  салық жүйесіне біршама өзгерістер енгізді, Кенес Одағы біртұтас салық жүйесін орнатып, оның таралуы барлық аймақты қамтыды. Алғашқы салықтар көбінесе азық-түліктен алынды.

Бұл салық жүйесінде  әкімшілік - командалық басқару етек алды. Мемлекет тек салық жүйесін  ғана емес, барлық кәсіпорындар мен  мекемелердің жұмысын қадағалап, бақылап, басқарып отырды.

Қазақстанның 1992 жылға  дейін өзіндік салық жүйесінің  болмағанын айта кеткен жөн, өйткені  ол жалпы Одақтың салық жүйесіне енді. Оның құлдырауымен Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы мүшелерімен келісе отырып, салық жүйесін қалыптастыру міндеті тұрды.

Осы мақсатта Қазақстан  Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында  қабылданған " Қазақстан Республикасындағы  салық жүйіесі туралы " Заңды  тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады.

Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан  Республйкасында:

  1. Жалпы мемлекеттік салықтар;
  2. Жалпыға міндетті төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;
  3. Жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді;

Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылысқа кездескен  ерекшеліктермен қатар кемшіліктер  де бұл Заңда да тыс қалмаған сияқты.

Салық санының көптіті, айналымды анықтаудың қиындығы шектен тыс дәлелсіз беріліен салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негздерінің тыс қалуы және тағы басқа кемшіліктер салық жүйесінің одан қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз. Сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі ары қарай дамиды.

Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының үзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет егуге жеткізу көзделген.

Осы концепцпясы іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылдаған Заң күші бар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақыңдатылған,

Енді бұрын қызмет еткен 45 түрлі салықтар мен алымдардың саны едәуір қысқартылып , жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізілген. Бірақта Президент жарлығының өмірге енгенінен бастап оған көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салықтар саны 11-ден 17-ге дейін өсірілді.

Қазіргі уақытта, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының  жаңа салық кодексі күшіне енді. Осы кодекс бойынша 9 түрлі салыктар мен 27 түрлі бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер заңды және жеке түлғалардан алынады.

Салық жүйесінде басты  орынды салықтардың түрлері алатып сөзсіз. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі бойынша Қазақстаң Республикасында мынадай салықтар:

  1. корпорациялық табыс салығы;
  2. жеке табыс салығы;
  3. қосылған құнға салынатын салық;
  4. акциздер;
  5. жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері;
  6. әлеуметтік салық
  7. жер салығы
  8. заңды және жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салық;
  9. көлік құралдарына салынатын салық,

алымдар:

1. заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн алым.

2. жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

3. жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

4. радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

5. көлік құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

8. дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

9. автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

10. аукциондардан алынатын алым.

12. Жекелеген қызмет  түрлерiмен айналысу құқығы үшiн  лицензиялық алым.

13. телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым,

төлемақылар:

1. жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

2. жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.

3. қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы.

4. жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

5. орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.

6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.

7. радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

8. кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.

9. сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы,

кеден төлемдерi: 

1. кеден бажы.

2. кеден алымдары.

3. алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы.

4. алымдар,

мемлекеттік баж анықталып  бекітілді.

Салық төлеушінің салық  заңдарына сәйкес мемлекет алдында  туындаған міндеттемесі деп танылады. Оған сәйкес салық төлуші салық органына тіркеу есебіне тұруға; салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Мемлекет салық қызметі  органы арқылы салық төлеуішден - оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

Жоғарыдағы Қазақстан Республикасының  даму кезеңдері керсеткендей, салық жүйесінің даму кезеңі деп бір орында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел жономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономиканы дамыған елдердің тәжірибелерін, талдап-жинақтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс. 

                                                                                   (блок-схема №1) 
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ

 

    1. Мемлекеттік баж обьектілері

Мемлекеттiк баж - уәкiлдiк  берiлген мемлекеттiк органдардың  немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.

Заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде мемлекет уәкiлдiк берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.

1) сотқа берілетін  талап арыздардан, ерекше жүргізілетін  істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

Информация о работе Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж