Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мемлекеттік баждың мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып біз келесідей шаралар жиынын құрғанымыз жөн:
салықтың маңызы мен мәнін ашу;
Қазақстан Республиксында салық жүйесін зерттеу;
мемлекеттік баждың құрылу негізін қарастыру;
мемлекеттік баждың бюджеттік кірістердегі орнын бағалау;
мемлекеттік баждың мәселелерін қарастыру.

Содержание

І КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері...................4
Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері.....................8
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері..13

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫТ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
Мемлекеттік баж обьектілері.........................................................18
Мемлекеттік баж ставкалары.........................................................19
Мемлекеттік баж төлеуден босату.................................................26
Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі..................................................31
Консулдық алым..............................................................................33

3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж.36
3.2. Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету...........40

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................44

Пайдаланған әдебиеттер..............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 380.00 Кб (Скачать файл)

7) шетел азаматтарының  ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент. 

Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн  тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге  байланысты куәлiктер беру мемлекеттiк  баж алынбай жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:

1) шетелдiктер мен азаматтығы  жоқ адамдарға мыналарға құқық  беретiн виза бергенi немесе ұзартқаны  үшiн: 

Қазақстан Республикасынан  кетуге - 50 процент;

Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан  кетуге - 100 процент;

2) шетелдiктер мен азаматтығы  жоқ адамдарға шекараны көп  мәрте кесiп өту құқығына виза  бергенi үшiн - 200 процент; 

3) Қазақстан Республикасы  азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының аумағында тұрақты  тұратын шетелдiктер мен азаматтығы  жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 100 процент;

4) Қазақстан Республикасының  азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы  жоқ адамдарға шетелден шақыру  келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн 50 процент;

5) Қазақстан Республикасының  азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының  азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан  Республикасының азаматтығын тоқтату  туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн  - 100 процент;

6) Қазақстан Республикасына  шақыру туралы жоғалған не  бүлiнген құжаттарды ауыстырып  бергенi үшiн мемлекеттiк баж алынады.

Зияткерлік меншік саласындағы  уәкілетті органның заңды мәні бар  іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай  мөлшерде:

1) алдын ала патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;

2) жалпыға белгілі  тауар таңбасына сертификат бергені  үшін - 100 процент;

3) өнеркәсіптік меншік  объектілерін пайдалануға байланысты  басқаға беру, кепіл шарттарын,  лицензиялық, сублицензиялық шарттарды  тіркегені үшін - 150 процент;

4) патенттік сенім  білдірілген өкілдерді аттестаттағаны  үшін - 1500 процент;

5) патенттік сенім  білдірілген өкілдерді тіркеу  туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.  

Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн:

1) тұрғылықты жерiн  тiркегенi үшiн - 10 процент; 

2) аң аулау құқығына  рұқсат бергенi үшiн - 10 процент; 

2-1) сирек кездесетiн  және құрып кету қаупi төнген  жануарлар мен бекiре балықтарының  түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;

3) мыналарды бергенi үшiн: 

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ  адамның куәлігі- 400 процент;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігi, шетелдіктің  Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі - 20 процент;

4) мыналарды бергенi үшiн: 

заңды тұлғаларға:

азаматтық, қызметтiк  қаруды және оның патрондарын әкелуге  рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк  қаруды және оның патрондарын әкетуге  рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк  қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;

азаматтық, қызметтiк  қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;

азаматтық, қызметтiк  қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;

азаматтық, қызметтiк  қаруды және оның патрондарын комиссиялық  сатуға жолдама - 100 процент;

жеке тұлғаларға:

азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент; азаматтық қаруды және оның патрондарын  сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат 10 процент;

азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;

5) жеке және заңды  тұлғалар азаматтық, қызметтiк  қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс  қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;

6) жеке басты куәландыратын  құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 10 процент; 

7) Қазақстан Республикасы  бекiткен халықаралық шарттарға  сәйкес Қазақстан Республикасында  жасалған ресми құжаттарға Қазақстан  Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшін 20 процент;

8) мыналар үшін:

жүргізушінің куәлiгін  бергені үшін 125 процент;

көлік құралдарының мемлекеттiк  тiркелгенi туралы куәліктi бергені  үшін - 125 процент;

автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 280 процент;

мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттiк тiркеудің  нөмір таңбасын бергені үшін 140 процент;

көлік құралын айдап  әкелгені үшiн мемлекеттік тіркеудің  нөмір (транзиттік) таңбасын бергені үшін 35 процент;

9) мыналарды бергенi үшiн: 

тракторшы-машинист куәлiгi - 50 процент;

тракторларға, олардың  базасында жасалған өздiгiнен жүретiн  шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсi - 100 процент;

тракторларды, олардың  базасында жасалған өздiгiнен жүретiн  шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт - 50 процент мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

 

2.3. Мемлекеттік баж төлеуден босату

Соттарда:

1) талапкерлер - еңбекке  ақы төлеу сомаларын өндiрiп  алу туралы талап қоюлар және  еңбек қызметiне байланысты басқа  да талаптар бойынша; 

2) талапкерлер - авторлық  құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашуға,  өнертабысқа, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;

3) талапкерлер - алименттердi  өндiрiп алу туралы талап қоюлар  бойынша; 

4) талапкерлер - мертiгуге  немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;

5) талапкерлер - қылмыспен  келтiрiлген материалдық залалдың  орнын толтыру туралы талап  қоюлар бойынша; 

6) жеке адамдар - некенi  бұзу туралы iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;

7) iске қатысы жоқ  адамдардан басқа жеке және  заңды тұлғалар - оларға қылмыстық  iстерге және алимент бойынша  iстерге байланысты құжаттар бергенi үшiн; 

8) талапкерлер - Қазақстан  Республикасының табиғат қорғау  заңдарын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу қаражатын мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;

9) бiлiктi еңбек қызметкерлерiн  және бiлiктiлiгi көтерiңкi деңгейдегi  жұмысшы кадрларын дайындауды  қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер  мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-қарауға мемлекет шығарған шығындарды өндiрiп алу жөнiндегi талап қоюлар бойынша;

10) жеке тұлғалар - қылмыспен  келтiрiлген материалдық залалды  өндiрiп алудың дұрыстығына дау  айтылатын қылмыстық iстер бойынша  апелляциялық шағымдардан; 

11) заңдарда көзделген  жағдайларда басқа тұлғалардың  немесе мемлекеттiң құқықтарын  және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;

11-1) Қазақстан Республикасының  бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк  кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк  және мемлекет кепiлдiк берген  қарыздарды қайтару жөнiнде талап  қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);

12) талапкерлер - Ұлы  Отан соғысына қатысушылар және  оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық iстер  мен құжаттар бойынша; 

13) талапкерлер - оралмандар (репатрианттар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;

14) жеке және заңды  тұлғалар - сотқа мынадай арыздарды  бергенi үшін:

іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн  жою немесе соттың iс жүргiзудi қысқарту туралы мәлiмдемесiн қарамай қалдыру немесе арызды қарамай қалдыру туралы;

шешiмнiң орындалуын кейiнге  қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;

шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы;

талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр  түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;

жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;

сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;

өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің  орындалуын керi бұрып атқару туралы;

апелляциялық шағымға  қосылу туралы;

сондай-ақ:

сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;

соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас  тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;

сот ұйғарымдарына басқа  да жеке шағымдар;

әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;

соттың сырттай шешiмiнiң  күшiн жою туралы;

15) прокуратура органдары  - барлық талап қоюлар бойынша; 

16) мемлекеттiк мекемелер  - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын  жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;

17) мүгедектердiң қоғамдық  ұйымдары - өздерiнiң құзыретiне кiретiн  мәселелер бойынша талап қоюларды  берген кезiнде; 

18) сақтандырушылар мен  сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша;

19) талапкерлер мен  жауапкерлер - азаматқа заңсыз  сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде  күзетпен қамауға алуға заңсыз  тарту не тұтқынға алу немесе  түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз  әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;

20) Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi, оның филиалдары  мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне  кiретiн мәселелер бойынша талап  қоюларды берген кезде; 

20-1) қаржы рыногы мен  қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;

21) ерiксiз таратылатын  қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - берешектi өндiрiп алу туралы  және таратылатын банктердің борышкерлерiн банкрот деп тану туралы талап қоюлар бойынша;

22) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк  инвестициялық саясатты iске асыруға  уәкiлеттi банктер: 

бюджет қаражаты есебiнен  қайтарымды негiзде берiлген кредиттер  бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;

мүлікті өндіріп алу  туралы;

борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк  берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша  мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы;

23) конкурстық басқарушы  - банкроттық туралы заңда көзделген  өз құзыретiнің шегiнде конкурстық iс жүргiзу мүддесiмен талап  қоюды беру кезiнде талап қойған  кезде мемлекеттiк баж төлеуден  босатылады.

Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мыналар:

1) жеке тұлғалар - өздерiнің,  мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға  тартатын өсиеттерiн, шарттарын  куәландырғаны үшiн; 

2) мемлекеттiк мекемелер  - оларға мемлекеттің мұраға құқығы  туралы куәлiктердi (куәлiктердiң  дубликаттарын) бергенi үшiн, сондай-ақ  осы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;

Информация о работе Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж