ҚР Ұлттық банкі және оның халықаралық өтімділікті реттеудегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 09:40, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі -Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат
1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы ережелері.
1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері,
мақсаты, функциялары және құқықтары.


2.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.
2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi
2.2. Ұлттық Банкінің капиталы және резерві
2.3. Ұлттық Банкінің өкілдері, ұйымдары және филиалдары

Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Валюта реферат.docx

— 47.42 Кб (Скачать файл)

 

2.2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  капиталы және резервтерi

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  капиталы және резервтері жарғылық және резервтiк капиталдардан, қайта бағалау  шоттарынан, арнайы провизиялардан (резервтерден), сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) тұрады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстерi мен шығыстары (алтынвалюта активтерiн қайта  бағалау шоттарына жатқызылған, пайда болған iске асырылмаған  кiрiс сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Банктiк активтер бойынша  жасалған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына және алтынвалюта активтерiн  қайта бағалаудан iске асырылған  кiрiс сомасына азайтылған Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң қаржы жылындағы  бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi.

Қазақстан Республикасының  Президенті Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  жылдық есебiн бекiткеннен кейiн  бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджетке аударылады.

Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан  аз болған жағдайда барлық бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  басқаруында қалады және жарғылық капитал  мөлшерiне жеткенге дейiн резервтiк  капиталды толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылындағы шығындарды өтеу үшiн резервтiк капитал қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны жабылмаған шығын Қазақстан Ұлттық Банкiне бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен толық көлемде өтеледi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және бөлiнбеген таза кiрiстен шегерiмдер арқылы кемiнде 20 миллиард қазақстандық теңге мөлшерiнде түзiледi.

Қазақстанның Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi айқындаған тәртiппен иелену, пайдалану  және оған билiк ету құқығын дербес жүзеге асырады.

Резервтік капитал жарғылық капиталдан кем емес мөлшерде қалыптасады, бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен толықтырылады  және Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртiппен жүргiзiлетiн операциялар  бойынша шығасыны өтеу мен шығындардың  орнын толтыруға ғана арналады.

Қазақстанның Ұлттық Банкi шығыстары есебiнен кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және басқа да активтердi қоса алғанда, оның iшiнде аяқталмаған  құрылыс көлемi, күмәндi және үмiтсiз  талаптар, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  монетарлық емес қызметi бойынша басқа  да талаптар және әлеуметтiк сипаттағы  төлемдер бойынша арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза кiрiс  есебiнен - банк активтерi бойынша жалпы  провизиялар (резервтер) түзiледi. 
       Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан жұмсалмаған кiрiстi есепке алуға арналған. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған. 
       Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi қазақстандық теңгенiң iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жасалған және пайдаланылады әрi мыналардан тұрады: 
     1) тазартылған алтын;

     2) Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақталатын валюта құндылықтары;

     3) шетел валютасындағы жай және аударым вексельдерi;

    4) шетел үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздар;

    5) осындай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда шетел валютасымен деноминацияланған басқа да сыртқы активтер. 
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын мақсаттарға пайдаланылады. 
      Қазақстанның Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және оларды орналастыруды айқындайды. 

 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  активтерiн немесе мiндеттемелерiн  бағалаудағы өзгерiстердiң салдары  болып табылатын алтынвалюта  активтерi бойынша бағамдық айырма  олар пайда болған есептiк кезеңдегi iске асырылмаған кiрiстердiң немесе  шығыстардың есебiне жатқызылады.  Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес есептелген iске асырылған кiрiс немесе шығыс сомасы есептiк кезеңдегi кiрiстер мен шығыстардың тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылын аяқтау нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар қайта бағалаудың тиiстi шоттарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiнiң түрлерi бойынша қайта бағалау шоттарында қалдық болмаған жағдайда пайда болған терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан түскен iске асырылған кiрістер толық көлемде резервтiк қорды ұлғайтуға жiберiледi. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтынвалюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталымдылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажетті деңгейде ұстап тұруға тиiс

 

2.3. Ұлттық Банкікің өкілдері, ұйымдары және филиалдары. 

 

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  филиалдары (бұдан әрi - филиал) Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң  шешiмiмен ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей бағыну схемасы  бар бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi, оған есеп бередi және өз қызметiн  Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн  айқындаған өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады. 
      Филиалдың Қазақстанның Ұлттық Банкi бекiткен құрылымына сәйкес филиалдың құрамына бөлiмдер мен басқа да бөлiмшелер кiруi мүмкiн, олардың өкiлеттiктерi мен құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережеде айқындалады. 
      Филиал өз қызметiнде жергiлiктi мемлекеттiк билiк органдарынан тәуелсiз және мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша оған ондай жауапкершiлiктi Қазақстан Ұлттық Банкi жүктеген жағдайларды қоспағанда, жауапкершiлiк атқармайды. Қазақстан Ұлттық Банкi филиалдардың мiндеттемелерi үшiн жауапкершiлiк атқарады.

Филиал өз қызметiнде Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нормативтiк құқықтық актiлерiн, Басқарма мен Директорлар кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiн, осы Ереженi және Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ереженi басшылыққа алады.

Филиалды ашу және жабу тәртiбi, қызметiнiң мiндеттерi мен  функциялары, филиал органының құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  нормативтiк құқықтық актiлерiмен  және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы  туралы ережемен айқындалады.

Филиалдың қызметiне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар  кеңесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң Төрағасы лауазымға  тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың  директоры өз қызметiн Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң бас сенiмхаты  негiзiнде жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  өкiлдiктерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен  Қазақстан Республикасының аумағында  және одан тыс жерлерде ашылады, Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi және Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  мүддесiн қорғайды және өкiлдiк етедi.

Өкiлдiктердi ашу, жабу тәртiбi, олардың өкiлеттiктерi және құқықтық мәртебесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  өкiлдiктерi туралы ережеде айқындалады.        

 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  ұйымдары (бұдан әрi - ұйымдар) заңды  тұлғалар болып табылады, республикалық  мемлекеттік кәсiпорын нысанында  құрылады және Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасында белгiленген  тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге  жатады. 
        Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдарын құру, қызметiн тоқтату және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi қабылдайды.

Ұйымның жарғысын Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтедi. 
       Қазақстанның Ұлттық Банкi өзi құратын ұйымдарға қатысы бойынша уәкiлеттi орган, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органы ретiнде танылады.

Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта құру, тарату тәртiбi мен  қызметiнiң мәнi мен мақсаттары, құқықтық мәртебесi мен жарғылық құзыретi Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасында, олардың жарғыларында, осы Ережеде  және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқа  да нормативтiк құқықтық актiлерiнде  айқындалады.       

 Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан  Республикасы Президентiнiң бекiтуiне  жылдық есептi ұсынады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын түзу үшiн бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн келiсiлген мерзiмде ұсынады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының  шешiмi негізiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметін тексеруді, оның ішiнде  қаржылық есептілікке аудиттi құрылтайшылар  құрамына Экономикалық ынтымақтастық  және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердiң  орталық банкiнiң аудитiн жүргізу  тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым кiретiн  аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның ұйымдарының қызметін тексерудi тек қана Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi немесе тапсырмасы бойынша кез келген мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ІІІ. Қорытынды. 

 

 

         Мен берілген курстық жұмысымның  кіріспесін және жоспарда берілген  негізгі бөлімдеріндердің тақырыптарын  толық аштым деп ойлаймын.      

 Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау арқылы таратылуы мүмкiн. Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi заңда көрсетiлген құқықтық мұрагерiне берiледi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн  орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапкершiлiк атқарады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң, банктердiң, банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды және жеке тұлғалардың арасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.        

 Сонымен қатар, банк басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады.           

 Ұлттық банк  Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында көзделген валюта құндылықтарын пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензия беру, сондай-ақ лицензиаттың атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi берген лицензияларды қайта ресiмдеу туралы, сондай-ақ лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешiм қабылдайды екен.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заң  N-7, 2005 жыл
  2. ҚР Ұлттық банкінің ақпараттық сайты
  3. Мақыш С.Б «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы  N-1, 2004 жыл 19б
  4. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі» Заң және Заман 2005 жыл
  5. Ұлттық банк ақша-несие саясаты Егемен Қазақстан  2005 жыл

Информация о работе ҚР Ұлттық банкі және оның халықаралық өтімділікті реттеудегі рөлі