Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 15:24, курсовая работа
Шаруашылық серіктестікттердің негізгі мақсаты пайда түсіріп, оны қатысушылары арасында бөлуді алдына негізгі міндет етіп қойған коммерциялық ұйым болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірітік коорператив нысандарында құрылуы мүмкін. Коммерциялық қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК
1.1 Шаруашылық серіктестіктің ұғымы және жалпы түрлері.........................4
1.2 Шаруашылық серіктестіктің қызметі..........................................................6
1.3 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары.............................................9
2. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Шаруашылық серіктестіктің түрлеріне түсінік..........................................10
2.2 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары
мен міндеттері.......................................................................................................12
3. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР СЕРІКТЕСТІК..........................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................ 19
Шаруашылық серіктестігі мүлікті беру сәтінен бастап оған берілген мүлікке меншік құқығын алады. Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы (ашық акционерлік қоғам). Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларды өзі шығаратын акцияларды жабық, жеке және ашық әдіспен орналастыруға хақылы. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Акциялардың тек өз құрылтайшылары
7
мен алдын-ала айқындаған адамдармен арасында орналастыратын акционерлік қоғам болып табылады.
Жабық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларды заңда көрсетілгеннен басқа жағдайларда тек жабық әдіспен ғана орналастыруға хақылы. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс, бұған жабық қоғам коммерциялық емес ұйым болып табылатын жағдайлар қосылмайды. Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылық құқығы бар. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында акциялар бағаланатын, активтердің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болматын ашық қоғам халықтық қоғам болып табылады. Енді шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік
қоғамдардың заңды тұлға ретінде тарату кезінде мүлкін бөлу тәртібін қарастырайық. Бұл жерде әңгіме оған қатысушылардың міндеттемелік құқығы жөнінде болып отыр. Заңда және құрылтайшылық құжаттарында шаруашылық серіктестігіенің қатысушысының оның құрамынан шығудағы жағдайы, тәртібі мен салдары айқындалады. Айталық, шаруашылық серіктестік таратылдған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы (АК-тің 61-бабы 4-тармағы).
Егер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серіктестік сақталып қалса оның шығып кеткен күнінде жасалған балансқа сәйкес шығып кететін қатысушығы серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған салымына тең құны төленеді. Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісуімен салымы толық немесе ішінара заттай түрде қайтарылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серіктестікте болған кезегінде серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған тиесілі бір бөлігіде төленеді. Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады.
________________________
Ғ. Төлеуғалиев - Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы І том.- Алматы: Жеті Жарғы, 2001 228-232 беттер
8
1.3 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары.
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады.Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құтылтайшылар деп, келесі жағдайларда-қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес; Олар едәуір дәрежеде біріне-бірі таңылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады.Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылықсеріктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады.
Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі және қосымша бір адамнан тұруы мүмкін (ЖШС туралы заңның 1-бабының 3-тармағы, 2-бабының 1-тармағының 1-бөлігі; Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 5-тармағы).Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі ғана болуға тиіс. Толық және сенім серіктестікткрінде қатысушылардың саны екеуден кем болмауы тиіс.
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе оданда көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады.
Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктестіктердің құқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды. Сенім серіктестігіне осы Кодекстің сенім серіктестіктері туралы ережелеріне қайшы келмейтіндіктен, осы Кодекстің толық серіктестік туралы ережелер қолданады.
Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестер сенім серіктестігін таратудың орнына оны толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы. Сенім серіктестігі толық серіктестікті тарату үшін көзделген негіздер бойынша да таратылады.
Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
9
Бұл шаруашылық серіктестіктерінің
осы түрлерінің ерекшелігі болып
табылатын олардың толық
Шаруашылық серіктестік заң құжаттарында көзделеген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Мысалы, ЖШС туралы заңның 10-бабының 1-тармағы «жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды»деп белгіледі.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары-құрылай шарты және жарғы. Егер серіктестікті бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніндегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде әрекет етеді. (АК-ның 41-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Акционерлерінің саны жүз жәнне одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестікке айналдыратын жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын дәлелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады.(АК-ның 58-бабының 9-тармағы).Шаруашылық серіктестіктің құрылтай нотариат куәландыруға тиіс.
Занды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар туатын жағдайда:
-егер олардың
-егер олардың қолданылуы
2. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Шаруашылық серіктестіктің түрлеріне түсінік
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкінен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы). Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік практикасында толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе клиентті таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатында азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы).
10
Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғарғы органы – қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік дауысымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында қатысушыларының санын анықтаудын өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серікңтестіктің әрбір қатысушысының бір дауысы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзыреті құрылтай құжаттарында белгіленеді. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестіктің органдары барлық қатысушылары олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті (АК-ның 65-бабының 1,2,4-тармақтары).
Серіктестіктің қалған түрлерінен өзгеше, толық серіктестікте тұлғалық жағдай барынша маңызды болады. Бұл серіктестердің толық жеке жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан толық серіктестікке қатысушының өз үлесін оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруіне болады. Үлес үшінші жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиынтығы соған ауысады. Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісуі мен құқықты мирасқор серіктестікке кіре алады. Құқық мирасқор қатысушының толық серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серіктестіктің үшінші жақтары алдындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқық мирасқор (мұрагер) толық серіктестікке кіруден бас тартқан немесе құқық мирасқорды қабылдаудан серіктестік бас тартқан жағдайда, оған қатысушы қайтыс болған күні серіктестік мүлкіндегі құқық мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі құны төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында көзделген мерзімде құрылтай шартында аталған серіктестік мүлкінің мөлшері азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс (АК-ның 66-бабы).
Сенім (Коммандиттік) серіктестігі. Сенім серіктестігі ұйымының көмегімен бизнес жүргізу қазақстандық, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибиеде айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Алайда мұндай әдістің белгілі бір жағдайларды өзіндік артықшылықтары болатындықтан, заң шығарушылар
11
оны кәсіпкерлік таңдаудың мүмкіндіктерін ұлғайту үшін ұсынады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады.
Толық және сенім серіктестіктерінің қызметі мен құқықтық мәртебесінде көптеген ұқсастықтар бар. Сондықтан, сенім серіктестігіне АК-ның және Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың қағидалары қолданылады. Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктердің құүқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Толық серік өзінің жеке мүлкімен қосымша жауапкершілік атқаратындықтан, заң шығарушылар мұндай жағдайда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ететін бірқатар ержелерді белгіледі. Азамат бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды.
Толық серіктестен өзгеше, салымшының жауапкершілігі шектелген: ол өзі салған салымның мөлшерінде ғана жауап береді. Сенім серіктестігінің салымшысы бастапқы және қосымша жарналарын салады. Жарналардың мөлшерін, салу әдістері мен тәртібін құрылтай құжаттары белгілейді. Құрылтай құжаттарының мазмұнына қарамастан, салымшының мынадай құқықтары бар:
1) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен серіктестік таза табысының жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі үлесін алу;
2) серіктестіктің қаржылық
есебімен танысу, сондай-ақ оның
дұрыс жасалуын тексеру
3) жарғылық капиталдағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесін басқа біреуге түгелдей беруі, оның серіктестікке қатысуын тоқтатады;
Салымшыларға арналған осы құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады.
2.2 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:
- құрылтай құжаттарында
белгіленген тәртіппен
12
- шаруашылық серіктестіктің
қызметі туралы ақпарат алуға
және құрылтай құжаттарында
- таза табысты бөлісуге
қатысуға құқығы бар. Құрылтай
құжаттарының бір немесе
- шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін ал қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар:
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін (АК-нің 61-бабының 1-тармағы).
Шаруашылық серіктестікке қатысушылар: