Ішек дисбактериозы, асқазан және ішек ауруларына пайдасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 19:54, реферат

Краткое описание

Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.

Содержание

I. Кіріспе. «Розметов» шаруа қожалығы............................................................ 3
II. Негізгі бөлім.
2.1. Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы
2.2. Ешкі сүтінің емдік қасиеттері
2.3. Ешкі сүті туралы халық аузындағы аңыздар
III. Ішек дисбактериозы, асқазан және ішек ауруларына пайдасы.
3.1. Жүкті аналарға, емізулі аналарға пайдасы
3.2. Артық салмақтан арылу
IV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 38.64 Кб (Скачать файл)

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

 

 

 

                                                            «Экология және биотехнология  бөлімі»

 

 

1224000- «Сүт өнімдерінің  өндірісі» мамандығының

 технологиялық практикасының

Есебі

 

 

 

 

 

Орындаған: ТМ-21 тобының оқушысы

 Себепқалиева Ұ.Н.

Тексерген: арнайы пән жетекшісі Дюсенгалиева Х.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2014 ж

Жоспар

I. Кіріспе. «Розметов» шаруа қожалығы............................................................ 3

II. Негізгі бөлім.

       2.1.  Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы

      2.2. Ешкі  сүтінің емдік қасиеттері

      2.3. Ешкі  сүті туралы халық аузындағы  аңыздар

III. Ішек дисбактериозы, асқазан және ішек ауруларына пайдасы.

      3.1.  Жүкті аналарға, емізулі аналарға пайдасы

      3.2.  Артық салмақтан арылу

IV.  Қорытынды

V. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

     «Розметов» қожалығы Атырау облысында 2014 жылы сәуір айында  ешкі сүт өнімдерінің алғашқы партиясын шығарды. Республикада теңдесі жоқ мұндай жобаның жүзеге асырылуы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауы арқасында мүмкін болып отыр.

     Ешкі  түлігін өсіріп, сүтін өңдеуге  кепілдік беретін бұл кешен  облыс әкімдігінің бастамасымен  жүзеге асырылған тамаша жоба  болып табылады. Жобалық құны 612 млн. теңгені құрайтын кешен құрылысының  тең жартысын «Атырау» ӘКК  қаржыландырса, қалған бөлігі жобаны  жүзеге асырушы «Теңізқұрылыссервис»  ЖШС-нің қаражаты есебінен өтелген. Жаңа кешеннің өндірістік қуаттылығы  жылына 180 тонна ешкі сүтін өндіруге  есептелінсе, соның ішінде 140 тонна  сүт өнімдері шығарылған. Занеен  тұқымдас асыл тұқымды ешкілер  Ресейдің Санкт-Петербург қаласы  маңындағы Принев зауытынан әкелінген. Тұқымы өте сүтті бұл ешкілердің  әрбіреуі күніне 8 литрге дейін  өнім береді.  
        Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.

      Ешкі сүті де сиыр сүтіндей  казеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдар үшін ұсынылады. Құрамында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құрамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қорытылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лактозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің емшек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүмкін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағзасының тіндерінде холестерин жиналуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар. 

       Жоғарыда келтірілген артықшылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), марганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) және Д (0.06 мг) дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. В12 дәруменінің құрамына кіретін және қан өндірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді. 

      Бірақ ешкі сүті сиыр сүтіндей темірге бай емес. Темір қандағы гемоглобиннің түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің қалыпты жұмысы мен мінез-құлық сипатының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін де қажет. Дегенмен ешкі сүтіндегі темір сиыр сүтіндегіден гөрі жақсы сіңеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінің сіңу дәрежесіне жете бермейді. Осылайша, ешкі сүті минералдық заттектерге, дәрумендер мен микроэлементтерге сиыр сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нәруыздары асқазанда тығыздалмауына байланысты сіңімдірек келеді.  
Ешкі сүтінің майы адам ағзасында 100 пайыз дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады.  
Құрамында аллергия тудырушы альфа-ls-казеин болмауына байланысты азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға болады.  
Ешкі сүтінің химиялық құрамы басқа да жануарлардың сүтіндей тұрақты емес және көптеген ықпалдарға: жануардың тұқымына, жасы мен саулығына, лактация кезеңіне, қоректену мен күтім жағдайларына байланысты. 
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.

      Халық аузындағы аңыздар ешкі  сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға  күш беріп, айықтыратын ерекшелігін  жыр етеді. Авиценна жерлестеріне  кәрі жасқа жеткенде ұрпақ  алдында сыйлы тұрпатқа ие  болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.

     Ежелгі аңызға сенсек, найзағаймен алысқан Зевстің өзі Амалтея — тәңірлік керемет ешкісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен қайнатқан: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы — күнжітпен, іш өтуге қарсы — теңіз тастарымен, арпа жармасымен. 

      XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі  сүті үшін өрлеу кезеңі басталды. Осы кезде медицина мамандары ол жайлы әйелдердің емшек сүтін алмастыруға басқалардан қолайлы екендігін айтты. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады. 

      Негізгі азықтық құрамбөліктерінің — нәруыздар, майлар мен көміртектердің мөлшері ешкі мен сиыр сүтінде ұқсас келеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінен салмақты айырмашылығы бар: жануарлардың сүтінде нәруыздар едәуір көп, бірақ майлар мен көміртектер аз болады. 

     Осы айырмашылық адам ағзасында  ешкі мен сиыр сүтінің түрлі  әсер етуін түсіндіреді. Ешкі  сүтінің қорытылуы кезінде пайда  болатын қою ұйынды сиыр сүтінікіне  қарағанда тығыз емес. Ас қорыту  ферменттері үшін өңдеуге оңай  келеді. Емшектегі сәбиге ешкі  сүтінің ұйындысы ана сүтінің  қорытылуындай әсер береді.

      Ешкі сүтінің майлық құрамбөліктерінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы. Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл майлардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үшглицеридтердің болуы ықпал етеді. Олар — лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар. Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұздардың, микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі жағынан әйелдердің емшек сүтіне жете бермейді. Бірақ ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі — азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады. 

       АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.  
Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады. Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері жайлы пікірлерді салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына аллергиясы бар балаларды тамақтандыруда тиімді колдануға болатынын айтады. Жақында Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар.

      Төрт айға дейінгі сәбилердің  тағам үлесі емшек сүтінің  алмастырғыштарымен шектелуіне сай аллергия тудыратын өнімді алып тастау қиынға түседі. Сиыр сүтінің нәруыздарына немесе соя нәруыздарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады. Оларды сәбилерге туғаннан бастап қолдануға болады. 

      Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден  сақтайды. Аллергологтар оны сиыр  сүтінен жасалған өнімдерді көтере  алмайтын балаларға да ұсынады. 
Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық сырлардың атағының құпиясы — сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек. Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік лактобациллинді бөліп шығарды. 

      Ежелден мал баққан халқымыз ешкіні төрт түліктің қатарына қоспаса да қадірін жақсы білген. Себебі ешкі ерекше күй талғамайды, әрі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Жалпы, ешкінің сүті мен етінің қасиетін түсінген дамыған елдер бұл істі бір ізге қойған. Швейцарияда туберкулез, қан аздық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.  АҚШ секілді дамыған мемлекеттер ешкі сүтін жас нәрестелерге беру үшін арнайы дайындайды.  Сондай-ақ ешкі өсіріп, одан тәуір табыс тауып отырған елдердің де қатары көп.  Мәселен, әлемде  бір милиардқа жуық ешкі бар болса, оның көбі, яғни 180 миллионы Қытайда екен. Үндістанда — 130, Пәкістанда — 50, Иранда — 30 миллион ешкі бар. Ал Қазақстандағы  ешкінің 155 мың 600-і — біздің облыстың еншісінде. Ақтөбелік Мұхамбетәли Қойшыбаев қазақ ешкі өсіруді қолға алса, біріншіден, халық денсаулығына шипасы тиетінін, екіншіден, тиімді табыс көзі. Деректерге сүйенсек, жер бетінде Сексек ата тұқымының оннан аса түрі бар. Оның етті, етті-сүтті, түбітті-жүнді түрлері әлемде кеңінен таралған. Мәселен,  ангор ешкісінің түбіті ұзын жібектей болса, заанин ешкісі сүтті келеді. Ешкінің етті тұқымы Қытай мен Үндістанда, сүттісі — араб елдері мен  Еуропада, түбіттісі — АҚШ, Түркияда көп өсіріледі екен. Мүйізді жануардың басты ерекшелігі — күй талғамайды.  Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы  дәрумендер молайып,  әрі дәмі де өзгереді. Бұл кезде жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын, бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті — оның қуаты 4-5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады. Мәселен, ешкі мен сиыр сүтінен жасалған айранның дәмі екі бөлек екен. Әрі адам ағзасына ешкі сүті анағұрлым пайдалы келеді. Мұндағы май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте ұсақ болғандықтан ағзаға тез сіңеді. Ешкінің сүтінде кальций көп. Бұл, әсіресе,  балаларға өте пайдалы. Ешкі сүтінің дәмі сиыр сүтіне қарағанда өзгеше болғандықтан, көп адам бірден іше алмайды. Сондықтан білмейтін адамдар сүттің тазалығына күмәнданып жатады екен. Бұндай кезде Зәуре ешкі сүтінің дәмі шөпке байланысты екенін айтып түсіндіреді. Әрі отбасы мүшелерінің барлығы бес уақыт намазды үзбей оқитын болғандықтан, бұл жұмыстардың барлығы халал жолмен атқарылады. Дәрет алмай мал саумайтын Зәуре тазалыққа ерекше мән береді. Ешкінің желінін жуып сауады. Кейде балалар сабынымен жуып, тазалап қояды.

      Кавказ жағалауы  елдерінде, Орталық Азияда және  кейбір шет елдерде ешкі сүті  көп қолданылады. Ешкінің сүті  қойдың сүтіне қарағанда аппақ болады. Өзінің құрамы мен жұғымдылығы жөнінен сиыр сүтіне ұқсас келгенімен, ақуыз бен дәрумендерге бай болғандықтан, анағұрлым пайдалырақ. Сүзбе мен ірімшік жасағанда, қой сүтіне ешкі сүті қосылады.

     Ешкі сүті  әсіресе жас сәбилерге өте  пайдалы. Ана сүтін жарытпайтын  бөбекке сиыр немесе қой сүтіне  қарағанда ешкі сүті жеңіл  тиеді.

     Ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе дертінен тез сауығуға септігін тигізеді. Оған қоса, сүтте сілті реакциясы болады, сондықтан оны асқазанның қышқылдығы жоғары адамдардың ішкені дұрыс. Сондай-ақ ешкі сүтінің түрлі аллергиялық ауруларға қарсы тұра алатын қасиеті бар, сол себепті теміреткісі, демікпесі және безгегі бар адамдар үшін де шипасы зор.

     Қадым замандарда  адам баласы алғаш қолға үйреткен хайуанаттардың бірі – ешкі түлігі. Бағаналы үйлер заманындағы мекендерге қазба жұмысын жүргізгенде, ешкінің сүйегі табылғандығы бұған айғақ бола алады. Калифорния университетінің ғалымдары ежелгі хайуанаттардың сүйектеріне терең зерттеу жүргізеді де, адамдардың ешкі мен қойды бұдан жүз ғасырдан астам бұрын қолға үйреткендігін дәлелдейді.

АЛЛЕРГИЯНЫ ЖОЯДЫ

Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайды. Олар, әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Бірақ, адам ағзасына сүт қажет. Мұндай жағдайда ешкі сүтін тұтынған жөн. Себебі, ешкі сүті аллергияны қоздырмайды, әрі түбімен жояды.

АҒЗАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

Ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамындағы калий әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін реттейді.

СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

ІШЕК ДИСБАКТЕРИОЗЫНДА

Ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіреді. Ол үшін әр 10 кг салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет. 3 күн ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді тұтынып, содан кейін 2 күн үзіліс жасайды. Сосын 5 күн үзбей пайдаланып, 1 күн үзіліс жасайды. Содан соң 1 апта пайдалану керек. Ем соңында міндетті түрде дисбактериозға анализ тапсырып, емнің нәтижесіне көз жеткізген дұрыс.

Информация о работе Ішек дисбактериозы, асқазан және ішек ауруларына пайдасы