Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 19:54, реферат
Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.
I. Кіріспе. «Розметов» шаруа қожалығы............................................................ 3
II. Негізгі бөлім.
2.1. Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы
2.2. Ешкі сүтінің емдік қасиеттері
2.3. Ешкі сүті туралы халық аузындағы аңыздар
III. Ішек дисбактериозы, асқазан және ішек ауруларына пайдасы.
3.1. Жүкті аналарға, емізулі аналарға пайдасы
3.2. Артық салмақтан арылу
IV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер
АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА
Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.
ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ
Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА
Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0,5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.
ҚАНТ ДИАБЕТІ
Күн сайын әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішкен науқас қант диабетінен айыға алады. Бірақ, мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.
ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ
Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сон-дай-ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г-нан өлшеп, науқасқа беру керек. Бірақ, бұл емді жасамас бұрын дәрігермен алдын ала кеңесіп алған дұрыс.
ЖҮКТІ АНАЛАРҒА
Ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер, микро және макроэлементтер ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізеді және болашақ ананың тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.
ЕМІЗУЛІ АНАҒА
Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса, өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі анада қаназдық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігі болмайды.
АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУ ҮШІН
Ешкі сүті майлы болғанымен, ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын емдәм ұстап жүрген адамның ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді.
КОСМЕТОЛОГИЯДА
Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.
Ешкі сүтінің
емдік ерекшелігін, һәм құрамы
ана сүтінің құрамымен бірдей
екендігін қазақ баяғыда
Қазір дәрігерлер ешкі сүтінің асқазанға аса салмақ түсірмейтіндігін, әсіресе, сәбилер мен қарттар үнемі тұтынса жалпы ағзаға пайдалы екенін айтып та, жазып жүр. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тау-тасқа секіріп, қойдың алдында жүріп шөптің басын шалып, таңдап жейтін ешкі барлығы 500 түрден аса шөпті пайдаланатыны анықталған. Емнің бәрі сол шөп басында жатса керек!
Қорыта айтқанда, ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жатқызуға болады.Ешкі сүті— аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді. Ешкі сүтінің құрамында 13,4 % құрғақ зат тектер, 4,4% май, 3,6% белок, 4,9% лактоза бар. Ешкі сүті химиялық құрамы жағынан сиыр сүтіне жақын. Ерте кездерде асқазаны, бүйрегі ауыратын адамдарға ешкі сүтін беріп емдеген. Ешкіден күніне 4 литрге дейін сүт сауылады. Ешкі сүті көбінесе ірімшік, айран және т.б. тағамдар дайындауға пайдаланылады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.
Бағалай білгенге, Сексек ата
тұқымының да сан түрлі
Күй мен күтім талғамайтын
мүйізді жануар қыстың қақаған суығы мен
жаздың аптап ыстығына да төзімді. Сүтті
түрлерінен бір маусымда 350 литрге дейін
өнім алынады және кем дегенде жеті ай
сауылады. Тез жерсінетіні, өсімтал келетіні
тағы бар. Қазір дамыған шет мемлекеттер
холестерині көп майлы еттен гөрі диеталық
тағамдарға мән беріп келеді. Осы тұста
ешкі етінен бренд жасауымызға да болар
еді. Алайда әзірге қазақ қадіріне жетпей
отырған ешкі шаруашылығын Голландия
мен Франция елдері шыр айналдырып отыр.
Ал біздің облысымызда ол қалай игеріліп
отыр?
Қолда бардың қадірі жоқ Ешкі сүтінің ерекше қасиеттері жөнінде зерттеген ғалым, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Роза Шакиеваның сөзіне сүйенсек, бұл өнім әсіресе балалар үшін өте пайдалы екен. – Ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады, – дейді ол, – Физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да жануарлардың сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол. АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы. Жалпы педиатрлар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жарамды екенін айтады. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде қолданылады. Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан, ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар. Бұл сүт сәбилерді іш өтуден сақтайды, аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады. Ешкі сүтін қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық ірімшіктердің сапалылығының бір құпиясы – сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.«Ақбастаудың» алғашқы қадамы Ойда жоқта асқазаны сыр беріп, ақ халаттылардың «отасыз болмайды» деген «үкімінен» кейін бір дәрігер досының кеңесімен ешкі сүтімен емделуді бастап, нәтижесінде құлан-таза айыққан Әділ Омар бүгінде елімізде ешкі сүтінің өндірісін қолға алған алғашқы кәсіпкер. Осы сусынды екі жыл бойы үзбестен ішіп, дертіне дауа тапқан Әділ мырза бірде супермаркеттен Ресейде өндірілген ешкі сүтін сатып алады. Қағаз қораптың сыртындағы көрсетілген мекен-жайдың ресейлік екенін оқып, намысы оянған кәсіпкер «Сексек атаның тұқымы өзімізде де бар, қазақстандық өнімді неге шығармасқа?» деген ойға келеді. Осы кәсіпті меңгергендердің тәжірибелерін жинақтап, ешкі сүтінің емдік қасиеті туралы жазған ғалымдардың зерттеу еңбектерімен жете танысқаннан кейін барып, өткен жылдың қыркүйек айында ешкі сүтін Голландия мен Швеция технологиялары бойынша өңделген күйде тетрапакетке құйып сатумен айналысуды қолға алады. «Бұл ретте Қазақ Тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шармановтың айтқан ақыл-кеңесіне көп мән бердім. Ол кісінің айтуынша, ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Ол әсіресе өкпе құрты, қант диабеті, асқазан, ішек жолдары, аллергия, қан аздық секілді ауруларға бірден-бір ем. Ешкі сүтінің майы ағзаға жақсы сіңеді, ал оның құрамындағы қанықпаған қан қышқылдарының жоғары мөлшері холестериннің қан тамырларына жинақталуына қарсы тұрып, иммунитетті арттыруға ықпал етеді, – дейді бүгінде «Ақ бастау» компаниясын басқарып отырған кәсіпкер Әділ Омар. «Ақ бастау» компаниясы о баста Қазақстанға Қытай елінен қоршаған ортаға бейімделгіш сүтті ешкінің мың басын әкеліп, арнайы шаруашылық құруды жоспарлаған. Қазіргі уақытта голландиялық өндірушілермен жасасқан серіктестік арқасында ультрапастерленген ешкі сүтін шығарып жатыр. «Тамақтану академиясы берген нұсқау бойынша майлылығы 2,5 процент болатын сүт дайындаймыз, – дейді кәсіпкер. – Сүттеріміз Қазақстанның барлық аймағына тарайды. Бір литр сүттің бағасы 670 теңге». Ешкі сүтін өңдейтін тағы бір зауытты көршілес Батыс Қазақстан облысы да іске қосуды көздеп отыр. Оралдағы «Бисекеш» шаруа қожалығына тиесілі шағын зауыттың өндірістік қуаты күніне үш мың литр сүт өңдеуге жетеді, – дейді. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қайролла Базарбаевтың берген мәліметі бойынша, өңірімізде 618 845 бас қой-ешкі бар екен. Өкінішке орай, ешкі малының еті мен сүтін ерек бағалап, осы өндіріске бел буған азаматтар біздің аймақтан әзірге шықпай отыр. Қызылқоға ауданында мыңға жуық ешкі малын өсіріп отырған шаруашылық бар дегенді естіп, «Құрман» шаруа қожалығына хабарласқанымызда білгеніміз, о баста бұл малдың басы көбейгенімен, қазір төрт жүз шақты ешкі ғана қалған екен. «Ешкінің сүті мен етінің пайдалы тұстары көп екенін білеміз, бірақ бұл ретте өндіріс ашып, пайда табуды әзір жоспарлай қойғанымыз жоқ» – дейді аталған шаруа қожалығының басшысы Құрман Жаңабаев. Мал шаруашылығына қанша жерден мән беріп жатқанымызбен, көбіне-көп бесінші түлік ретінде сипатталар ешкі малы елеусіздеу қалатыны шындық. Азық-түлік қауіпсіздігі мен кәсіпкерлікке қарқын беру мәселелері талқыға түсіп отырған сәтте бұл тақырыпты көтеріп отырғанымыз да сондықтан. Ешкі шаруашылығын естен шығармай, керісінше, осы саланың бойына қан жүгіртуді қолға алатын кез келді. Шопандарға Үкімет тарапынан қайтарымсыз немесе пайызы аз несие берілсе, сауыншылар, технологтарға мемлекет тарапынан арнайы тегін курстар ұйымдастырылса, «алынбайтын қамал жоқ». Қалай болғанда да ешкі шаруашылығын ұйымдастыру мәселесіне біздің аймақта әлі кенже қалып отырғаны қынжылтады. Бірақ ештен кеш жақсы деген, бұл саланың болашағы әлі де алда екенін ескергеніміз жөн.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары. Алматы, «Қайнар»,1989ж. 6
2.Елеуов Б., Жамалов Б., Мендебаев Х., Нурушев М. Сағындықов Қ. Зоотехниктің анықтамалығы. Алматы, «Қайнар», 1970ж. 242 б.
3.Ивашура А.И. Сүт тіршілік тірегі. Алматы, «Қайнар», 1979ж. 115б.
4.Ысқақбаев Б. Сүт және сүт өнімдері. «Қайнар», 1977ж. 85б.
5.Тілемісов Х. Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы, «Қайнар», 1995ж. 211б.
6.Шильниковой. Москва, 2004г. 54б.
7.Ивашура А.И. Молоко и жизнь. Москва, 1976г. 23б.
8.Аникиев В.В., Лукомская К.А. Руководства к практическим занятиям по микробиологии. Москва, «Просвещение», 1983г. 32б.Садықов Б. және басқалары. Ақ дастархан 1987ж. 65б.9.Бренц М.Я., Козлов В.Н. Сүт және сүт тағамдары 1983ж. 76б.10.Теппер Е.З. и др. Практикум по микробиологии. Под редакцией
Информация о работе Ішек дисбактериозы, асқазан және ішек ауруларына пайдасы