Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 20:14, курсовая работа
Америка немесе Жаңа Дүние дүниенің тұтас бір бөлігін құрайды, бірақ ұзын әрі енсіз Панама мойнағы арқылы жалғасқан екі ірі материктен тұрады. Оның ең енсіз және төменгі бөлігінде XX ғасырдың басында Панама каналы қазылған болатын. Бір кезде материктер өзара байланыспаған және олардың табиғаты дербес дамыған. Литосфералық плиталар шекарасында Кордилвер таулары түзілген кезде құрлықпен байланыс пайда болған.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Оңтүстік Америкаға жалпы сипаттама.
Оңтүстік Американың құрылуы
Оңтүстік Америкаға жалпы физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттама
Оңтүстік Американың халықтары
Халқы және елдеріне сипаттама
Оңтүстік Американың екіншң халықтары
Оңтүстік Америка таулары
3.1 Оңтүстік Америкадағы Анд тауы
Қорытынды
Топырағы мен өсімдігі
Оңтүстік Америкадағы орман.
Құрлықтың топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуы мен таралуы ең алдымен ылғалдану дәрежесіне тәуелді. Ұзақ уақыт құрлық жеке дара дамыған, органикалық дүниенің эндемизмі өте жоғары. Флоралық құрамы жағынан құрлықтың көпшілік бөлігі Неотропиктік, қиыр оңтүстік Голантарктикалық әлемге жатады. Неотропиктік әлем бес флоралық облысқа бөлінеді (Кариб, Гвиана, Амазона, Бразилия, Анд) және мезозойдан бері қалыптасқан көп түрлі өсімдіктердің эндемик формалардың көптігімен ерекшеленеді. Қазіргі флора бір кездегі Гондвана құрлығындағы ежелгі қоңыржай флора қалдығы мен неотропиктік флора өкілдерінің араласуынан қалыптасқан. Өсімдік түрлерінің 75%-ы эндемиктерге жатады. Олардың ішінен оңтүстік мәңгі жасыл шамшаты, бал пальмасы, чили араукарийі ерекше көзге түседі. Өсімдік жамылғысының таралуында белдемділік айқын байқалады. Құрлықтың көпшілік бөлігін құрамы мен аумағы жөнінен дүние жүзінде теңдесі жоқ ылғалды тропиктік орман алып жатыр. Орман өте тығыз, тек қана ағаштың 4000-ға жуық түрі бар, ағаштары бірнеше қабатты болып келеді, биіктігі 80 м, кейде 100 м-ге дейін жетеді. Оларға шарап пальмасы, алып сейба, жакаранда, пау-бразил, гуаякан, гевея, хинн ағашы, бразилия жаңғағы, какао, т.б. жатады. Бұл орман лианалар мен эпифиттерге өте бай, әсіресе, әдемі гүл ашатын хош иісті орхидеялардың 5 мыңнан астам түрі бар. Ылғалды тропиктік ормандар түр құрамы онша өзгеріске ұшырамастан 1000 – 1500 м биіктікке дейін көтеріледі. Бразилия таулы үстіртіндегі қызыл ферралитті топырақтағы саванна “кампос” деп аталады. Оның шөптесін бөлігі биік астық тұқымдастардан, бұршақ тұқымдастар мен күрделі гүлділерден, ағаштар қолшатыр тәрізді бөрікбасты мимозадан, кактустен, сүттігеннен құралады. Бразилияның солтүстік-шығысында балауыз беретін карнауба пальмасы өседі. Солт. бөлігінің Ориноко ойпатындағы пальмалы саваннаны “льянос” дейді. Қара шірікке бай, құнарлы саваннаның көп бөлігі кофе ағашы, мақта, банан, какао, маниок сияқты мәдени өсімдіктер өсірілетін плантацияларға айналған. Патагония жері қоңыржай климаттық белдеуге кіреді, оның батыс желдер жолында жатқан Патагония Андысында мәңгі жасыл субантарктикалық ылғалды орман таралған. Сонымен қатар лиана, мүк, қына, ағаш тәрізді папоротник, бамбук, магнолия кездеседі. Патагония үстіртіндегі құрғақ дала мен шөлейт белдемінде сұр-қоңыр тұзды топырақта биік шөптесін және ксерофитті бұталар мен аласа кактус басым өседі. Оңтүстік Америка көптеген бағалы ағаштар мен пайдалы өсімдіктердің отаны болып есептеледі. Оларға картоп, маниок, арахис, ананас, какао, томат, асқабақ сияқты мәдени өсімдіктер мен бромелия, настурция, канна, кактус сияқты бөлме және бақша өсімдіктері нақты дәлел болады.
Жануарлары.Парагвай анакондасы.Жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен
және эндемизм дәрежесінің жоғарылығымен
ерекшеленеді. Орталық Америкамен бірге
Неотропиктік фауналық облысқа біріктіріледі.
Сүт қоректілерден қалталы тышқандардың
70-тен астам түрі, құмырсқа жегіштің 3 түрі,
сауыттылардың 20-дан астам түрі, жалқау
аңның 5 түрі, приматтар және ірі жыртқыштардан: қабылан, шибөрі,
оцелот, пампа мысығы, пума, көзілдірікті аю, жалды қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Тұяқтылардан тапирдің
3 түрі, пекари, амазона бұғысы кездеседі.
Андтың биік бөліктерін терісі өте бағалы
аң – шиншилла мен америкалық өркешсіз
түйе – ламаның екі түрі (гуанако және
викунья) мекендейді. Құстардың 2,5 мыңнан
аса түрі бар, оның 90%-ынан астамы эндемиктер.
Әсіресе, басқа ешбір жерде кездеспейтін
нанду, ара, тинаму, кондор, колибри (500
түрі бар), тукан, гоацин, т.б. бар. Жәндіктер,
қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар
да алуан түрлі. Галапагос аралдарының
піл-тасбақалары (салм. 200 кг), анаконда
(ұз. 11 м), саламандра, аяқсыз амфибиялар,
игуана, боа, кайман соған дәлел. Мұнда
кездесетін жәндіктердің 5600-ден астам
түрінің 3400-ге жуығы эндемиктер. Тірі табиғат
байлықтарын қорғау мен сақтау мақсатында
Оңтүстік Америкада көптеген экологиялық
және биологиялық резерваттар мен ұл
Оңтүстік Американың политикалық дамуы.
1498 ж. Х.Колумб Оңтүстік
Америка жағалауындағы Ориноко
өзенінің атырауы, Пария
Оңтүстік Американың саяси картасы 12
егеменді мемлекет пен Франция иелігіндегі Гвиана мемлекеті және Ұлыбритания
мен Аргентина иелігіндегі даулы аумақтар
болып есептелетін Фолкленд (Мальвин)
аралдарынан тұрады. Мемлекеттердің барлығы
дерлік құрылымы жағынан – республика, оның ішінде Аргентина, Бразилия мен
Венесуэла – федерациялар республикалар.
Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 100 адамнан
артық. Урбандалу дәрежесі өте жоғары, құрлықта 3 ірі агломерация: Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Буэнос-Айрес
түзілген. Оңтүстік Америка Орталық Америка
және Вест-Индия елдерімен бірге тілдік-тарихи
ерекшеліктеріне байланысты Латын Америкасы елдері деп аталады. Индустрияландыру деңг
Мемлекет және территориясы |
Ауданы (км²) |
Халқы |
Халық тығыздығы |
Аргентина |
2 766 890 |
40 677 348 |
14,3 |
Боливия |
1 098 580 |
8 857 870 |
8,1 |
Бразилия |
8 514 877 |
191 908 598 |
22,0 |
Венесуэла |
912 050 |
26 414 815 |
27,8 |
Гайана |
214 970 |
770 794 |
3,6 |
Колумбия |
1 138 910 |
45 013 674 |
37,7 |
Парагвай |
406 750 |
6 347 884 |
15,6 |
Перу |
1 285 220 |
27 925 628 |
21,7 |
Суринам |
163 270 |
438 144 |
2,7 |
Уругвай |
176 220 |
3 477 778 |
19,4 |
Фолкленд аралдары |
12 173 |
2 967 |
0,24 |
Француз Гвианасы |
91 000 |
209 000 |
2,1 |
Чили |
756 950 |
16 454 143 |
21,1 |
Эквадор |
283 560 |
13 927 650 |
47,1 |
Оңтүстік Георгия және Южные Сандвичевы аралдары |
3 093 |
20 |
0 |
Барлығы |
17 824 513 |
382 426 293 |
21,5 |
Антропогендік табиғат комплекстері. Адамның Оңтүстік Американың табиғатына тигізетін әсері жергілікті тұрғындар егіншілікпен айналысып, ол үшін орман учаскелерін өртеген кезден басталады. Бірақ бұл өзгерістер материкке европалықтардың келуімен пайда болған өзгерістермен салыстырғанда оңша зор емес еді.
XVI ғасырдан былай табиғат байлықтары жыртқыштықпен пайдаланыла бастады. Жерді жырту, орман ағаштарын кесу, жайылымды мал шаруашылығының, басқа материктерден әкелінген жаңа өсімдіктердің пайда болуы материк табиғатын көп өзгертті. Мысалы, пампалардың едәуір бөлігі жыртылған немесе мал бағуға пайдаланылады. Жайылымдарды арамшөп басып кеткен. Пампа өзінің алғашңы бейнесінен айрылған. Бразилия таулы үстіртінің шығысында өсетін бағалы қылқан жапырақты ағаш — араукарий орманына толық құрып кету қаупі туып отыр. Материктің оңтүстік-батысында өсетін оңтүстік шамшат ориандары да жойылып барады.
Орталық Анд таулы үстірттеріндегі ламалар
Соңғы жылдарда өнеркәсіп орындары қалдықтарының табиғатқа теріс әсері артып келеді. Шетел капиталистері көп қалдық беретін табиғатты уландыратын «лас» өндірістерін өз елдерінен Оңтүстік Америкаға көшіруі табиғаттың ластануын күшейте түсуде.
Материкте біршама антоопогендік комплекстер жасалған. Олардың басым бөлігі Бразилия таулы үстіртінің пампаларына, саванналарына, Андтың ішкі таулы қыратына тән. Мәселен, тропиктік ормандар мен саванналардың орнына Африкадан әкелінген кофе ағашы плантациялары, ал пампаларда бидай мен жүгерінің ұшы-қиырсыз алқаптары, мал жаюға арналған қашалар пайда болды.
Амазония ормандары ерекше тез жойылып келеді. Трансамазонка автомобиль жолының (5000 км) қүрылысы сельваға жол ашты. Пайдаланудың қазіргі қарқыны кезінде бұл ормандар XXI ғасырдың басында құрып кетуі мүмкін. Амазонка ормандарын «планетаның тынысы» деп атайды, өйткені олар Жер атмосферасына қосылатын оттегінің үштен бірі береді. Міне, бұл ормандарды қорғау бүкіл адамзаттың мүддесіне сай келетіні сондықтан.
Оңтүстік Американың табиғатын қорғау туралы мәселе алғаш рет XX ғасырдың басында қойылды. Бірақ ондаған жылдардан кейін ғана кейбір елдерде қорғауға мұқтаж болып отырган жануарлардың тізімі жасалды. Қазір сүтқоректілер мен құстардың жүзге жуық түрлері қызыл кітапқа енгізілген.
Қорғауға алынған табиғат учаскелерінің көлемі бүкіл материк территориясының 1%-ін ғана құрайды. Көптеген елдер үлттық парктер мен қорықтар құруда, олар бір мезгілде туризм орталықтары қызметін атқарады.
Табиғат апаттары. Анд елдерінің халықтары үшін ең үрейлі табиғат апаттарының бірі — жер сілкіну. Әдетте, вулкандардың атқылауы, сондай-ақ теңіз түбінің сілкінуі мен цунамидің пайда болуы соған байланысты. Таудағы жер сілкіну тастардың төмен қарай домалауымен, үйінділер түзуімен, қар көшкінімен бірге жүреді. Қалаларда үйлер қирап, өрт шығады, ол халыққа орасан зор зиян келтіреді.
Амазония ормандарын жою
Табиғат апаттары жазықтарда да, мәселен, Ла-Плата ойпатында да болып тұрады. Бұлар — ұзақ жауыннан кейінгі өзендердің тасуы, материктің ортасындағы қуаңшылықтың жиі болуы, күтпеген суықтың түсуі. Оңтүстік Американың дамушы елдері үшін табиғат апаттары ерекше ауыр, халықтың күнделікті тұрмысын тез қалпына келтіру үшін олардың қаржысы жете бермейді
2 Халқы және елдері
2.1 Оңтүстік Американың халқы.
Оңтүстік Америка халқының құрамы өте күрделігімен көзге түседі. Мұны түсіндіру үшін материкте елдің қоныстану тарихын білу керек.
Алғашқы адамдар мұнда бұдан 20 мың жыл бұрын дерлік пайда болған. Бұлар ежелгі үндістер болатын, олар мұнда Солтүстік Америкадан келген. Олар бүкіл материкті қоныстанған көптеген тайпаларды құрады.
XVI ғасырда Оңтүстік Американы европалықтар жаулап алып, материкке қоныстана бастады. Алғашқы келгендер испандықтар мен португалдар, кейіннен Европаның басқа да елдерінің өкілдері болды.
Европалықтар үндіс халықтарының көпшілігін рулық-тайпалық құрылыс деңгейінде көрді. Андта ғана инктердің дамыған шаруашылығы мен мәдениеті бар ежелгі мемлекеті болған. Инктердің алып храмдары мен сарайларының қирандылары, жол тораптары, су құбырлары, суару каналдары осы күнге дейін адамдарды таң қалдырады.
Ғалымдардың зерттеулері үндіс халықтарының тауда ғана емес, жазықта да егіншілікпен айналысқанын, бөгеттер тұрғызып, жер құрғатқанын көрсетеді. Үндістер жүгері, картоп, арахис өсіруді бірінші болып бастады, бұлар қазір дүние жүзінің көптеген елдерінде өсіріледі.
Материкті европалықтардың жаулап алуы оның жергілікті халқына қисапсыз зардап әкелді. Инктер мемлекеті талан-таражға түсті. Атлант маңы аймақтарының үндістері құлға айналдырылды, ішінара құртылды немесе материктің ішкі жағына қарай тіршілікке қолайсыз жерлерге ығыстырылды. Үндістер санының азаюы европалықтарды жұмыс күшін іздеуге мәжбүр етті. Плантацияларда жұмыс істеу үшін негрлер — Африкалан күлдаю әкеліне бастады.
Сонымен, материкте қазіргі уақытта адамзаттың барлық үш үлкен нәсілдерінің өкілдері өмір сүруде. Келімсек халықтардың (европалықтар мен негрлер) өз арасында және байырғы халықтармен араласуы нәтижесінде халықтың құрамы керемет күрделене түсті. Европалықтардың үндістермен некелесуінен туған ұрпақтарды метистер деп атайды. Олар қазір көптеген Анд елдері халық бұқарасының негізін құрайды. Европалықтар мен негрлердің некелесуінен туған ұрпақтарды мулаттар, ал үндістердің негрлермен некелесуінен туғандарды самбо деп атайды. Негрлер мен мулаттар негізінен материктің шығысында тұрады.