Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 20:14, курсовая работа
Америка немесе Жаңа Дүние дүниенің тұтас бір бөлігін құрайды, бірақ ұзын әрі енсіз Панама мойнағы арқылы жалғасқан екі ірі материктен тұрады. Оның ең енсіз және төменгі бөлігінде XX ғасырдың басында Панама каналы қазылған болатын. Бір кезде материктер өзара байланыспаған және олардың табиғаты дербес дамыған. Литосфералық плиталар шекарасында Кордилвер таулары түзілген кезде құрлықпен байланыс пайда болған.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Оңтүстік Америкаға жалпы сипаттама.
Оңтүстік Американың құрылуы
Оңтүстік Америкаға жалпы физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттама
Оңтүстік Американың халықтары
Халқы және елдеріне сипаттама
Оңтүстік Американың екіншң халықтары
Оңтүстік Америка таулары
3.1 Оңтүстік Америкадағы Анд тауы
Қорытынды
Материк халқының арасында тілдердің, дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, салттардың араласу процесі жүріп жатты. Сөйтіп, Оңтүстік Американың жаңа халықтары осылай пайда болды. Халықтың көбі испан тілінде, Бразилияда португал тілінде сөйлейді, кейбір үндіс тілдері де сақталган.
Нәсілі жағынан аралас халық қазір материктің бірқатар елдерінде басым. Үндістер барлық елдерде дерлік бар, бірақ олар көп ретте халықтың болмашы процентін құрайды.
Оңтүстік Америка елдерінде үндістерге деген көзқарас барлық жерде бірдей емес. Олардың кейбіреулерінде үндістердің тұрмысын жақсарту үшін шаралар қолданылуда. Аргентинада, мысалы, оларды қорғау туралы заң қабылданған. Бірақ бұл шаралар әлі жеткілікті емес. ІІІамамен үндістердің 80%-і сауатсыз.
Халықтың орналасуы. Оңтүстік Америкада 250 млн.-нан астам адам тұрады. Халық материктің территориясына тым әркелкі орналасқан. Көпшілігі қоныстанушылар келіп орныққан мұхиттар жағалауларында тұрады. Сондай-ақ Анд таулы үстірттерінің орталығында да халықтың тығыздығы жоғары. Материктің ұлан-байтақ ішкі аудандарында халық сирек қоныстанған, ал кейбір экваторлық ормандар территориясында адам мүлдем дерлік кездеспейді.
Елдері. Қазіргі кездегі мемлекеттердің шекаралары XIX ғасырдың басында халықтардың испан және португал отаршыларына қарсы тәуелелсіздік үшін күресінің нәтижесінде қалыптасты. Оңтүстік Америка мемлекеттері дамушы елдер тобына жатады. Олардың шаруашылығының дамуын отаршылдар үстемдігі мен дамыған капиталистік мемлекеттердің қанауы кідірткен болатын.
Оңтүстік Американың екеуінён басқа барлық елдері дерлік мұхитқа шыға алады. Көлемі жағынан ең үлкен елдер материктің шығысында. Бұл Оңтүстік Американың жартысына жуығын алып жатқан Бразилия және материктің оңтүстігінің басым бөлігі үлесіне тиген Аргентина. Солтүстікте Венесуэла орналасқан. Анд елдері тобын Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили құрайды.
2.2 Оңтүстік Американың егінші халықтары
Инкилерден оңтүстікке қарай араукандар (дұрысырағы -мапуче) тайпалар тұрды. Бұл тайпалардың көпшілігі әртүрлі дәрежеде егіншілікпен таныс болған.Олар картоп, маис, бұршақтар өсірді. Мапучелер солтүстіктегі көршілердің әсерімен лам өсірді. Бірақ олардың егіншілік шаруашылығы басқа кәсіптермен- аңшылықпен, балық аулаушылықпен, терімшілікпен қатар жүргізілді. Тіпті олардың «араукандар» деген атының өзі жеуге жарамды дәндері көп араукария ағашынан алынған. Олардың қоныстары сол кезде-ақ отырықшы болған. Олар қолөнершіліктің кейбір түрлерін қышшылықты, тоқымашылықты білген.Шаруашылықта жылқының және басқа европалық мәдениет жаңалықтарының пайда болуы олардың шаруашылық және әлеуметтік құрылымын қатты өзгертті. Анд тау жоталарының шығыс бетін жайлаған көптеген тайпалардың өмірі анағұрлым күрделі әрі әрқилы соқты. Бұл тайпалар мен халықтардың көбі португальдық және испандық отарлау тұсында шетінен құрытылды, көбі біраз кейініректе тонаушылық пен байю әккілігінің құрбаны болып кетті. Кейбір тайпалар тропикалық ормандар түпкіріне, сельваларға кетіп бас сауғалады. Амазонка ормандарында тілдері жағынан әртүрлі үндістердің шағын топтарының бытыраңқы топтары бар. Олардың шаруашылықтары комплексті. Егіншілік пен қатар балық аулау, терімшілік, аздап аңшылық өте үлкен рөль атқарады. Егіншілігі тропикалық сипатта орманды учаскелер өртеу, маиске қоса маниока, батат және тағы басқаларын өсәру болып келеді. Амазонкадан солтүстікке қарай саванналарды мекендеген үндіс тұрғындарының топтары сельва тайпаларына жақын. Олар егіншілікпен таныс болған, біріқ аңшылықпен, терімшілікпен балық аулаумен көбірек шұғылданған.
3 Оңтүстік Америкадағы тау жүйесі
3.1Анд тау жүйесі
|
Анд таулары, Анд Кордильерасы – Жер
шарындағы ең ұзын (9000 км) тау сілемі, ең
алып кордильера тау жүйесінің оңтүстік
Америкадағы бөлігі. Ол Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауын бойлай, солтүстіктен оңтүстікке
қарай созыла жатқан тау тізбектен тұрады.
Олар Анд (Кордильера) геосинклинальдық
қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану
кезінде) қайта көтерілген кезіндегі жас
таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін
жиі болып тұратын күшті жерсілкінулер
олардағы тектоникалық процестердің әлі
де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше
сөнбеген жанартаулар бар. Олардың ішінде
Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау
ошағы – Льюльяйльяко (6723 м) осында орналасқан. Жер бедерін
меридиан бойымен созылып жатқан, ішкі
тау аңғарлары мен үстірттерден тұратын
жоталар тізбегі құрайды. Олар табиғи
ерекшеліктері мен геоморфологиялық құрылысына
қарай: Кариб Анд таулары, Солтүстік-Батыс
Анд таулары, Эквадор Анд таулары,Перу Анд таулары Чили-Аргентина және Па
Анд тауының осы тұсында тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған көлдер жиі кездеседі. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан Титикака көлі (3812 м) осында орналасқан. Анд таулары 6 климаттық белдеуде (экваторлық, солтүстік және оңтүстік субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық және қоңыржай) жатыр. Тау жүйесі арқылы Амазона, Парана, Ориноко, т.б. өзендер бастау алатын мұхитаралық суайрық өтеді. Экваторға жақындау орналасқан климат белдеуі аймағында жауын-шашын өте көп жауады (3000-6000 мм). Анд таулары – хин ағашының, кок, картоп, т.б. құнды да дәрілік өсімдіктердің отаны.
Қорытындылай келгенде Оңтүстік Американың физикалық-географиялық сипаттама беріп оттім.Халқына,және зерттелу тарихына сипаттама беріп өттім.Өсімдіктеріне,топырағын айтып өттім.Геологиясына көбірек көңіл бөлдім.Оңтүстік Американың оңтүстік жарты шарда екендігін айттым.Халқының құрамын зерттелу тарихын нақтылап білдім.Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1985, 164-168 б.б