Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 21:17, контрольная работа
1. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны.
2. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді барыншша қамтуы.
Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет – тіл.
1. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны.
2. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді барыншша қамтуы.
Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді \материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.\ барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір – біріне этно - әлеуметтік, саяси моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым – қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан – жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. атсалысатынын ескерсек, мәдениеттану мен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да , мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі – қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, \антропология\ мәдениет деген ұғымның мағынасының анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар:
a. Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы \ағартушылық\;
b. Қоғамдық және адам заттық салт – дәстүрлердің, әдет – ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы \бірлігі\;
Белгілі бір қалыптасқан мәдени ж үйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы. Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар «Жалпылама» деп есептеп, оның эмперикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлуметтік антропология» әлеуметтанудың \социологияның\ негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап ал, «мәдени антропология» деп антропологияның басты саласы – психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау қарастырып отырған аноропология саласында ғана емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынадағы түсіндіруге әкеліп соғары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасырлар бойғы даму жолынан өткен социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды, әлеуметтік философияға қарсы қояды. Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерінің, олардың шығу тегі мәселелерін , олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен мәдени тарихы қарым – қатынастарын зерттейтін этнография ғылыми адамзат баласының өткен заманмен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруде және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуде айрықша роль атқарып отыр. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына өзінің қомақты үлесін қоса білді. Егер антропология мен этнография адамның биологиялық белгілеріне сүйене отырып мәдениет пен «жаратылыстану» ғылымдары ретінде үйлесімділік тапса, қоғамды жүйелі түрде қарастыратын әлеуметтану \социология\ ғылымының биологиямен байланысы жоқ. Социология мемлекет, таптар, топтар, сословие және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай зерттейді. Көп уақытқа дейін КСРО – да социология марксизмге жат ғылым ретінде саналып, тарихи материализмге қарама- қарсы қойылды. Шын мәнінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әрекеттілігіне байланысты мәдениеттің материалдық және рухани көріністерін дұрыс түсініп, ой иелігінен өткізуіне көмектеседі.
Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымда тығыз байланысты.
Мәдениеттану [1] — мәдениет
туралы ғылым әрі философиялық ілім.
Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX
ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты.
Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық
мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін,
олардың өзара байланыстары мен
мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын,
қарым-қатынасын зерттей
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы[өңдеу]
«Мәдениет дегеніміз не?»
деген сұраққа жауап беру үшін
бұл сөздің этимологиясына, яғни осы
бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің
шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік.
Қазақ тіліне бұл термин арабтың
мадавият қала, қалалық деген сөзінен
енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман
мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан
түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік
(қарсы қоюшылық) деп атауға болады.
Бұл жерде алдымен көзге
мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
мәдениет адамзат қауымының
белгілі бір тарихи кеңістіктегі
қызметі мен өзіндік
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).
Ал осы ұғымдардың ішінде
мәдениеттану пәніне алғашқы екі
ұғымның тікелей қатысты
Өкінішке орай, грек қоғамының
даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде,
көне полистердің өз тәуелсіздіктерін
жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының»
идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік
тұрақсыздық пен бей-берекет
Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда
көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген
теориялары өмірге келді. Жаңа заман
философиясында көне заман мен ортағасырлар
мәдениетін нақты түсіну және оған
шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық
идеялар Ағартушылық дәуірі —
буржуазиялық қайта құруларға, терең
саяси әлеуметтік өзгерістерге толы
ерекше тарихи және ең рационалды кезең
болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет
теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл
ғалымдары болды. Олар (Англияда —
Толанд, Францияда Вольтер мен
Монтескье, Германияда — Лессинг, Гете,
Шиллер және тағы басқалары) дүние мен
адамзат жөніндегі ақиқатты айту
құқығын діннен тартып алып, адамзаттың
ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл
қорғайды. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ
мүмкіндіктері мол, ақылды жан және
соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде
адам игілігіне сай қоғам құруға
қабілетті. Ал бұл ізгі мұраттың жүзеге
аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек
айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі,
адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық
түнегінде ұстауы және тағы басқалары
мәдениет пен өркениеттің даму барысында
басты кедергілер болды. Осы орайда
Ағартушылық дөуірі ойшылдарының антиклерикалдық
(дінге қарсы) көңіл-күйін аңғару
онша қиынға соқпайды. Осындай көңіл-күй
табиғат пен адамның осы бір
жарық дүниедегі алатын орны туралы
мәселені қайта қоюына мүмкіндік
берді. Сондықтан да болар, Ағартушылық
дәуірінің философиясы мәдениет
туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін
категорияларға сүйенді (табиғат, адам,
қоғам, таным, ақыл-ой). Сонымен қатар
бұл категориялар жалпы философиялық
сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың
ағартушыларына тарихи прогресс идеяларын
дамытуға және тарихи дамудың мақсаты,
қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі
сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді.
Әрине бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан
жалпы философиялық негіздер тұрғысынан
берілді. Мысалы: «Мәдениеттің классикалық
үлгісі» ұғымы мәдениетті — адамзаттың
тарихи дамуының нәтижесі, адамзат
баласының саналы және адамгершілік
қоғамдық қарым-қатынастарының қол
жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке
байланысты қағидаларды сын елегінен
өткізе отырып, Ағартушылық кезеңінің
ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам,
қоғам, мемлекет, құқық, философия және
тағы басқалары) жасауға тырысты
және өткен заман мен жаңа заманның
мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен
өткізе отырып қарастырды. Бұл игі
мақсатты жүзеге асыруда олардың
алдында орасан зор көне және тың
материалдар көптеп кездесті. Ортағасырлар
мен қайта өрлеу дәуірінен
бастап зерттеле бастаған көне заманның
тарихи, философиялық, ғылыми және көркем
әдебиетінен басқа, олардың назарынан
археологиялық ескерткіштер, халық
мәдениетінің шығармалары, саясатшылардың
дүние жүзінің әр елдері жөніндегі
суреттемелері, түрлі тілдер жайындағы
мәліметтері тыс қалған жоқ. Осыншама
бай фактілерді есепке ала отырып,
Ағартушылық дөуірінде адамзат
мәдениетін тұтастай қабылдауға талпыныс
жасалынды. Мәдениеттің мән-мағынасы
табиғаттағы дүниежүзілік күштердің
(құдайтағаланың құдіретін де ескергенде)
батыл іс-әрекетінің нәтижесімен
байланыстырылып, мәдениет — адамзат
баласының қызметінің жемісі деп
есептелді. Бірақ сол кезеңнің өзінде-ақ
«табиғат» пен «мәдениеттің»
гармониялық бірлігіне шүбө келтіру,
оларды бірбіріне қарсы қою сарыны
байқала бастады). (Әсіресе, Жан Жак
Руссоның еңбектерінде). Руссо сол
кездің өзінде-ақ ғылым мен өнердің
адамдар табиғатын өзгерте
Адамзатты қоғамдық-тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі — Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелеріне, оның заңдары мен ережелеріне баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идеясын алғаш рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешіреді — «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры» және «адамдар ғасыры».
Ұлы неміс философы Кант (1724—1804) «ақыл-ойға» табынған. Француз ағартушылары дүниенің негізі «ақиқат», «қайырымдылық», «сұлулық» деп есептейтін идеяны қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша қарастыруға әрекет жасады. Осы орайда Канттың «мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі» деген қағидасы кеңінен таралғандығын атап өткен жөн. Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды айуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді басты орынға қойды. Кант бұл жағдайды «келісімді императив» деп атады. Кант этикасының негізгі заңы бойынша — адамға тек «құрал» деп қарау күнә болып саналады. Дәл осыған ұқсас идеяларды Спиноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар да айтқан болатын. Демек, Канттың ұғымынша, «мәдениет — табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы — оның мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.
XIX ғасырда мәдениет
Информация о работе Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет – тіл