Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 15:57, курсовая работа
Солтүстік және Оңтүстік Американың жақын жатқан аралдарымен косып негізінен бір дүние бөлігіне біріктіреді. Дегенмен де екі құрлықтың табиғат жағдайлары бір-біріне ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінсн жер шарындағы үшінщі құрлық, аумағы түгелдей дерлік солтүстік шарда поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты алып жатыр. Құрлықтың жалпы көлемі аралдарын қоса есептегенде 24 250 км2.
1. Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
1.1 АҚШ – на жалпы сипаттама
1.2 Жер бедері мен пайдалы қазбалары
1.3 Солтүстік Американың климаты және ішкі сулары
2. АҚШ − тың географиялық орны және экономикалық географиялық жағдайы
2.1 АҚШ − тың табиғат жағдайлары мен ресурстары
2.2 Канаданың географялық орны, жер бедері және табиғат зоналары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
1. Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
1.1 АҚШ – на жалпы сипаттама
1.2 Жер бедері мен пайдалы қазбалары
1.3 Солтүстік Американың климаты және ішкі сулары
2. АҚШ − тың географиялық орны және экономикалық географиялық жағдайы
2.1 АҚШ − тың табиғат жағдайлары мен ресурстары
2.2 Канаданың географялық орны, жер бедері және табиғат зоналары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Солтүстік және Оңтүстік Американың жақын жатқан аралдарымен косып негізінен бір дүние бөлігіне біріктіреді. Дегенмен де екі құрлықтың табиғат жағдайлары бір-біріне ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінсн жер шарындағы үшінщі құрлық, аумағы түгелдей дерлік солтүстік шарда поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты алып жатыр. Құрлықтың жалпы көлемі аралдарын қоса есептегенде 24 250 км2.
Құрлық аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай орта есеппен 7000 км созылып, жағалауында аралдар мен архипелагтар орналасқан. Солтүстігінде әлемдегі үлкен арал — Гренландия мен Канада Арктикалық архипелагы. Шығысында Ньюфауленд аралы, оңтүстік-шығысында Үлкен және кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Сондай-ақ құрлықтың солтүстік — батысы мен батысында да көптеген аралдар бар. Олар: Амут, Королева Шарлотта, Ванкувер, Кадьяк, Алсксандр архипелагы.
Құрлық аумағы әсіресе 30 және 70° солтүстік ендіктер аралығында көлемді болып келеді. Солтүстік жоне оңтүстік бөліктері көп тілімделгсн. Мысалы, Гудзон, Мексика шығанақтары, Лабрадор, Флорида, Мексика және Юкатан түбектері. Құрлықтың негізгі орографиялық элементтері меридиан бойы бағытта созылып жатыр. Батыста Аляскадан орталық Америкаға дейін 7000 км қашықтықта Тынық мұхит жағалауы бойымен Кордильер тау жүйссі созылып жатса, шығыста Аппалач тау жүйесі орналасқан. Аталған екі тау жүйесінің аралығында Солтүстік Мұзды мұхиттан Мексика шығанағына дейін жазық алап созылып жатыр.
Тау жоталарының бойлық бағытта созыла орналасуы ауаның аталған бағытта ауысуын қамтамасыз етеді, мұхиттардың ықпалын шектейді. Аталған фактор құрлық табиғатына қалыптасуға зор ықпал етеді. Солтүстік Америка материгінің жағаларын үш мұхит: Атлант, Солтүстік мұзды және Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Құрлықтың солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалаулары күшті тілімделген. Ал батыс жағалауы аз тілімделген.
Құрлықтың шығыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты бірнеше теңіздер мен шығанақтардан тұрады. Олардың кейбіреуі құрлық жағалауларындағы қайраңдарда кең көлемді жерді алып жатса, басқа біреулері құрлыққа енген тереңдей түсіп, шұңғыма болып табылады. Құрлық жағалауларындағы құрлықтық қайраң Флорида түбегі мен Баффин жері аралығында кең көлемді алып жатыр. Гудзон және Әулие Лаврентий шығанақтары түгелдей дерлік құрлықтық қайраңда орналасқан. Құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауындағы суы терең екі бассейн Мексика шығанағы мен Кариб теңізі жатыр. Кариб теңізінде Атлант мұхитының ең терең жері Пуэрто-Рико шұңғымасы (9 218 м) орналасқан.
Құрлықтың Тынық мұхит жағалауы аз тілімделген. Батысының солтүстік бөлігі көп тілімденген. Тынық мұхиты жағалауындағы құрлықтық қайраң алабы енсіз шағын болып, ал кейбір жерлерде ондай қайраңдар жоқтың қасы.
Құрлықтық қайраң солтүстікке қарай кеңейеді. Солтүстік Америка материгінің оңтүстік шыгыс жағалауында — дүние жүзіндегі ірі жылы ағыстар жүйесі пайда болады. Солтүстік тармағы Кариб көлі мсн Юкатан бұғазы арқылы Мексика шығанағынан өтеді де, шығанақ су деңгейін едәуір көтереді. Мексика шығанағынан шықкан ағыс Гольфстрим деген атпен Флорида бұғазы арқылы мұхитқа шығады. Гольфстрим жердің өз білігінен айналу ықпалынан шығысқа қарай бұрылады да, солтүстік Атлант ағысы деген атпен Еуропа жағалауларына дейін барады. Гольфстрим жылы ағысының құрлық климатын қалыптастырудагы ролі зор. Құрлықтың құрлыққа терең еніп жатқан қойнауларының (әсіресе, Атлантика жағалауында) судың күшті толысуы байқалады. Мысалы: Фанди шығанағындағы су толысуының биіктігі жер бетіндегі ең жоғары деңгейге (18м) жетеді.
Жұмыстың өзектілігі – Солтүстік Американың физикалық – географиялық аудандары мен ішкі суларын қарастыруда, оның өзіндік белгілерін анықтауда және ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдауда.
Жұмыстың мақсаты – Солтүстік Америкаға жалпы сипаттама жасау және оның зерттелу тарихын қарастыра отырып, ішкі сулары мен физикалық – географиялық аудандарының табиғат жағдайларын толық түрде көрсетіп беру.
Жұмыстың міндеттері:
- Солтүстік Американың физикалық – географиялық жағдайын сипаттау;
- жер бедерінің табиғат жағдайларына әсерін анықтау;
- басқа аудандардан ерекшеліктерін қарастыру.
Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еразиядан мен Африкадан кейінгі екінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн, км². Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:
• Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000км–ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км–ге тең.
• Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25км – ге дейін жетеді;
• Дүние жүзіндегіең ұзын жер асты үңгірі – Флинт–Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500км;
• Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 500 км;
• Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м–ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі;
• Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары ( +57°C), бұл – солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура.
• Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда –70°C тіркелген.
• Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгеййінен 86 м төмен жатыр.
1. Солтүстік Американың географиялық орны.
Ашылу және зерттелу тарихы.
Солтүстік Америка материгі Солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудугі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін құрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. ХХ ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысы мен шығысындағы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып тұратын Панама каналы салынған.
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитымен жалғастырады.Солтүсті жарты шар материктерінде мұз басу кезеңінде Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бұғазы орнында болған құрлық арқылы жалғасып жатқан. Бұл құрлықтық « көпір » арқылы материктер арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы жүрген, адамдардың да осы жолмен азиядан Америкаға қонымтанғаны м и белгілі.
Солтүстік Америка жағалаулары солтүстігі мен шығысында күшті тілімденген. Материктің солтүстік жағалары жаппай мұз басу кезеңінде
күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзіеде солтүтікткгі аралдар мен түбеатердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр.
Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға ұқсас болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы жер бедердегі айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліетерімен сипатталады.
Материктің ашылу және зерттелу тарихы. 1492 жылы Х. Колумб бастаған Испан экспедициясының материктік оңтүстік жағалауын ашқан. Х ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстің шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбнгі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнанд Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемелекеті орналасқан қазіргі Мексика елін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон, Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылардың құрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық.
Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп игеруде орыс саяхатшылары зор үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Широков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауы мен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп Нортон шығанағын зерттеді.
ХХ ғасырдың басында норвег поляр зертеуші Руаль Амудсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, жердің солтүстік магниттік поюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеумен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан Ақш пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысу арқылы жүргізіледі.
1.1 АҚШ – на жалпы сипаттама
Территориясы, шекарасы, жағдайы қолайлы алғышарттар. Мемлекеттік құрылысы. Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің елдері ішінде төртінші орын алады. Оның құрамына үш бөлік кіреді
1) негізгі территория (немесе АҚШ-тың өзі), ол шығыстан батысқа қарай 4,7 мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-ге [1] созылып жатқан үлкен төртбұрыш секілді, 2) Аляска, 3) Тынық мүхиттағы Гавай аралдары.
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне (12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызады. Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ — 50 штаттан тұратын федерациялы республика. [2]. Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығаратын және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. [3]. Сонымен қатар, елдің астанасы — Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.
Халқы саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265—270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кетті. 80—90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.
Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де.
Мысал. XIX ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн.-дай адам келеді.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастырзда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. Қазіргі американ ұлты — бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа [4] мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
XX ғасырдың екінші жартысында Еуропадан иммиграция айтарлықтай азайды, бірақ оның есесіне Азиядан, әсіресе Латын Америкасынан иммиграция жасаушылардың саны артты. Латын Америкасынан иммиграция жасаушылар арасында мексикандықтар басым; күнкөріс қаражатын табу үшін олардың миллиондаған адамдары шекарадан ашық және жасырын түрде өтіп жатады. Оларды брасерос (дәлме-дәл аударғанда қол күшін сататын адамдар дегенді білдіреді) деп атайды.
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді 1) АҚІІІ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де жерсініп үлгірмеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар — аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б.). АҚШ американдары бүкіл халықтың 34-ін; ал аборигендер — 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден шыққанын байқауға болады.
Қара американдар (афроамерикандар, негрлер) американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер, олар АҚШ халқының 12%-ін құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, XIX ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем болған қара белдеуде тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оның ұлттық құрамымен тығыз байланысты. [5]
Информация о работе Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы