Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 15:57, курсовая работа

Краткое описание

Солтүстік және Оңтүстік Американың жақын жатқан аралдарымен косып негізінен бір дүние бөлігіне біріктіреді. Дегенмен де екі құрлықтың табиғат жағдайлары бір-біріне ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінсн жер шарындағы үшінщі құрлық, аумағы түгелдей дерлік солтүстік шарда поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты алып жатыр. Құрлықтың жалпы көлемі аралдарын қоса есептегенде 24 250 км2.

Содержание

1. Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
1.1 АҚШ – на жалпы сипаттама
1.2 Жер бедері мен пайдалы қазбалары
1.3 Солтүстік Американың климаты және ішкі сулары
2. АҚШ − тың географиялық орны және экономикалық географиялық жағдайы
2.1 АҚШ − тың табиғат жағдайлары мен ресурстары
2.2 Канаданың географялық орны, жер бедері және табиғат зоналары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой Америка.DOC

— 164.50 Кб (Скачать файл)

       Осы  ауа  массалары   арасындағы   температура  мен  қысымның  үлкен  айырмашылықтары   материктің  орталық  бөлігіндегі  жазықтарда  өте  құбылмалы  ауа  райын  қалыптастырады. Сондықтан  күшті  желдер  мен  құйын  тәрізді   қозғалатын  дауылдар − торнадо  жиі  байқалады. Жылдамдығы  сағатына   800  км − ге   жететін  кенеттен  пайда  болатын   торнадо  көп  апат   әкеледі:  жүріп  өткен  жолында   алып  ағаштарды  тамырына  қопарып, үйлерді  қиратып, ірі  заттарды  да  көтеріп   әкетеді. Орталық  жазықта  аңызақтар  мен  құрғақшылық, топырақтың  құнарлы  қабатын  ұшырып  әкететін  шаңды  дауылдар  жиі  байқалады. Ал  Атлант  мұхиты  жағалауындағы   тропиктік  ендіктерде   жаздың  аяғы  мен  күздің  басында   мұхиттан  соғатын   өте  күшті, апатты  дауылдар − долы   ( ураган )  жиі  болып  тұрады. « Ураган »  майя  тілінде   « дауыл   құдайы »  деген  мағынаны  білдіреді.

       Солтүстік   Америка   материгі  мол  сулы  өзендерге, тұщы  сулы  терең  көлдерге  бай. Су  қоры  жөнінен  Оңтүстік  Америка  мен  Еуразиядан  кейін   үшінші  орынды   алады. Сонымен  қатар  биік  таулы   мұздықтар   мен 

материктің   солтүстігін  алып  жатқан  қалың   мұз  жамылғылары   және  жер   асты   суларының  мол  қоры  бар.

       Өзен   жүйелері  климаттық   жағдай  мен  жер  бедеріне  байланысты  біркелкі  таралмаған. Олардың  басым  бөлігі  Солтүстік  Мұзды  мұхит  пен  Атлант  мұхитына  бағытталған. Өзендері    негізінен   жаңбыр  және  еріген   қар  суымен  қоректенеді.

       Атлант  мұхиты   алабының  басты  өзені − Миссисипи  материктегі  ең  суы  мол   өзен   болып  табылады. Бұл  өзеннің  Миссури  саласына  қоса  есептегендегі  ұзындығы   6420  км, ұзындығы  жөнінен  дүние  жүзінде   үшінші  орын  алады. «Миссисипи»  атауы   үндіс  тілінде  « су  атасы »  дегенді  білдіреді. Миссисипи   жауын − шашын   әртүрлі  түсетін  аймақтар   арқылы  ағып  өтетіндіктен, жыл  бойы  деңгейі  өзгеріп  отырады. Әсіресе  көктемде  қар  еріген  кезде   су  қатты  тасиды, кейде   су  тасқыны  жаздағы  нөсер   жаңбыр  нәтижесінде  де  қайталанады. Мұндай  жағдайда  өзен  мен  оның  салалары   арнасынан   шығып, жағаларындағы  елді   мекендер  мен  егістік  жерлерді   су  алып  кетеді. «Миссури » атауы  үндіс  тілінде  « тұнбалы  өзен »  дегенді  білдіреді, шындығында  да  ол  көптеген  құм  мен  тұнбаларды  ағызып  әкеледі. Жазықтарда  ағысы  баяулаған   Миссисипи  кең    атырау  жасап, Мексика  шығанағына  құяды. Атыраудың  ауданы   жыл сайын  тұнбалар   есебінен  100 м − ге   шығанаққа  қарай  кеңейіп  отырады.

       Аппалачтың   шығыс  беткейінен  басталатын  өзендер  қысқа  және  мол   сулы  болады. Олар  мұхитқа  құяр   жолында   биік  кемерлерден   құлап 

ағатындықтан, бірнеше  сарқырамалар   жасайды. Олардың   құлау  күші  су   электро   стансаларында   энергия  алу  үшін  пайдаланылады. Мысалы, Тенесси  өзені  бойында  20 − дан  астам  су   электро   стансалары   салынған. Атлант  мұхитына   құяр  жерінде   өзендердің  сағалары   кеңейеді, мұнда  ірі  портты  қалалар  орналасқан.

       Солтүстік  Мұзды  мұхит  алабына  жататын  өзендердің  ең  ірісі − Маккензи   материктің  солтүстік   бөлігі   арқылы  ағып  өтеді. Үндістер  

« Үлкен   өзен »   деп  атайтын    бұл   өзен   негізінен  қар  суымен   қоректенеді, жылдың   көп  уақытында  мұз  құрсап   жатады. Қыста  өзен   түбінее  дейін  қатады. Маккензи  жоғары  ағысында   көктемнің  аяғында   мұздан  босайды, сондықтан   оның  орта  ағысында, әсіресе  төменгі  ағысында   өзендегі  сең  буу   нәтижесінде   мұз  қамаулары  пайда  болады. Батпақтар  мен   көлдер  арқылы  ағып  өтетін   осы  алаптың  көптеген  өзендері   жаз  кезінде  мол  сулы  болады.

       Тынық  мұхит   алабына Кордильераның  батыс   беткейінен  басталатын   қысқа, ағынды  өзендер   жатады. Алаптың  ең   ірі  өзендері − Колумбия  мен  Колорадо   Кордильераның   шығыс  жаталарынан  басталып, биік   таулы  үстірттер  арқылы  ағып  өтеді. Жолында  биік  тау   жоталарын  кесіп  өтіп, терең  шатқалдар   жасайтын   бұл  өзендерде  судың  құлау   күшінің  мол  қоры  бар. Әсіресе  Колорадо  өзені  бойындағы   жиегі  тік, терең  шатқалды  орасан  зор   Үлкен   Каньон   дүние  жүзіне  әйгілі. Каньонның  әркелкі  жастағы, түрлі 

түсті  жыныстардан  тұратын   асқақ  беткейлері  батар  күннің  сәулесіне  малынып, өте   әдемі  көрініске  ие  болады.

       Кордильера   тауының  оңтүстігінде  орналасқан, климаты   құрғақ  болатын  Үлкен  алап   пен  Мексика  таулы  қыратының  солтүстік  бөлігіндегі   өзендер  ішкі  тұйық  алапқа  жатады. Алаптың  орталық  бөлігінде   Жер  шарындағы  ең   ірі  тұзды  көлдердің  бірі  болып  саналатын   Үлкен  Тұзды көл  орналасқан. Әсіресе  құрғақ  кезеңдерде     көл  беті  мен  жағалауларын   жауып  жатқан  тұз  қабыршақтары  қалыңдайды.

       Солтүстік   Американың   көлдері  негізінен  материктің  солтүстігінде   шоғырланған. Мұндағы  көл  қазаншұңқырларының   барлығы  дерлік  жердің   ірі  жарықтарында  орналасқан. Кейіннен  көл  қазаншұңқырлары   мұздықтардың  қазу  әрекеті   нәтижесінде  тереңдеп, жағалаулары  тілімденген. Сондықтан   бұл   көлдерді   қалыптасу  жолдарына  қарай   мұздық −  тектоникалық  көлдер  деп  атайды, олардың  суы  терең, тұщы  болып  келеді. Көлднр   бір − бірімен   қысқа  өзендер  арқылы  жалғасып  жатады.

       Материктің  солтүстік  шығысындағы   Әулие   Лаврентий  өзені   арқылы  Атлант   мұхитымен   жалғасып  жатқан  көлдер  Ұлы  көлдер  жүйесі  деп аталады. Жоғарғы   көлден  Эри   көліне  дейін    көлдердің  деңгейлері   біртіндеп  төмендейді.

       Ал  Эри   көлі  мен  Онтарио   көлінің  деңгейлерінде   үлкен  айырма  салдарынан, оларды  жалғастыратын  Ниагара   өзені  тік  кемерден   құлап 

ағып, дүние  жүзіне   әйгілі   Ниагара   сарқырамасын  жасайды. Ені   1200 м, биіктігі   51 м   бұл  сарқыраманың  атауы  жергілікті   үндістер    тілінде  

« гүрілдек   су »   деген  мағына  береді. Шындығында  да   судың  гүрілі   25 км  қашықтықтан   естіледі. Бұл  сарқыраманың  ғаламат   көрінісін  тамашалауға   Жер   шарының   түкпір −  түкпірінен  жыл  сайын  миллиондаған  туристер  келеді. Бірақ  суда  тез  еритін   әктастардан  құралған  сарқырама  кемерлері  қазіргі  кезде  жойқын   судың  шаюынан  біртіндеп  аласарып, Эри  көліне  қарай  шегінуде.  

      

 

 

 

 

 

 

2. АҚШ − тың  географиялық  орны  және  экономикалық

географиялық  жағдайы.

       АҚШ   жерінің  ауданы  жөнінен  Ресей, Канада, Қытайдан   кейінгі   төртінші   орын  алды.   Бұл   елдің   жері  материктік   екі  бөліктен   және  Тынық   мұхиттағы   Гавай  аралдарынан   тұрады.   Әкімшілік   құрылымы   50  штаттан,  Вашингтон  қаласы   мен   Колумбия    округінен   тұратындықтан   ел   Америка  Құрама  Штаттары   деп  аталады.  Астанасы −Вашингтон  қаласы.

        АҚШ   жерінің    табиғаты   алуан      түрлі.   Оның   көпшілік   бөлігі   қоңыржай  және   субтропиктік   белдеулерге   сәйкес   келеді.  Батыстағы   Кордильера  мен   шығыстағы   Аппалач Аппалач   тауларының   аралығында  Ұлы  және  Орталық  жазықтар  орналасқан.  Мексика  шығанағы  жағалауы   мен   Флорида  түбегін   ойпатты   жағалық   жазықтар   алып  жатыр.  АҚШ  

жері   арқылы    Солтүстік   Америкадағы   ең  ірі   өзен   Миссисипи   ағып  өтеді,  ал  Канадамен   шекаралас  аймақта   Ұлы  көлдер   шоғырланған.

         Елде   мұнай   мен   табиғи   газдың,  тас  көмір,  металдар   тәрізді    пайдалы  қазбалардың   қоры   мол  және   оларды  өндіруде    ұдайы   ғылым   мен   техника   жаңалықтары    қолданылып   отырады.  Сол   себепті   АҚШ   шаруашылығы   жедел    дамуда,  ел  өнеркәсіп    өнімдерін    шығару   жөнінде   дүние  жүзінде   бірінші   орын  алады.  АҚШ −тың   шаруашылығы   сан   саласы,   ең  жетекші   сала −машина   жасау   өнеркәсібі.   АҚШ −тағы  125   қалада  автомобиль   шығарылалады.   Детройт   қаласын   «автомобильдер  астанасы»  деп  атайды.  Батыстағы    Лос −Анджелес   қаласы    ғарыштық    техника   мен   электроника   орталығы   болса,   Сиэтл   қаласында   алып   «Боинг»  ұшағы    жасалынады.  Елде   жылу −энергетика,   химия    өнеркәсібі,  қара   металлургия,   жеңіл  өнеркәсіп    жақсы     өркендеген.   Транспорттың   барлық    түрі   күшті   дамыған,   соңғы   жылдары   даңғыл   тас   жолдардың   ұзындығы   артуда.  Чикаго   қаласы    жолаушы   және   жүк    тасымалы   жөнінен   ел   ішінде    бірінші   орын   алады.  Бір  тәулікте   бұл  қала   арқылы  екі  мың   пойыз   өтеді.  АҚШ   пен   Канаданың   жол   торабы   біртұтас   жүйені    құрайды.   Жағалауларда   ірі   портты   қалалар   көп.

         АҚШ    жерінің   көпшілік   бөлігінің   жазық    және   аласа   таулы   болуы,  қолайлы   климат,   ғылым   жетістіктерінің    кеңінен   пайдалануы   ауыл   шаруашылығын   жоғары   деңгейде   дамытуға   мүмкіндік   береді.   Ел   астық,  сүт,  ет,  құс  өнімдерінен  өндіруден    дүние  жүзінде   бірінші   орынды  

алады.   Табиғат   жағдайының   ерекшелігі   мен   дақылдардың    өнімділігіне    байланысты   АҚШ  жері   ауыл   шаруашылығының    белгілі   бір   саласына   маманданған    белдеулерге  бөлінеді.   Солтүстіктен   оңтүстікке  қарай   бидай,   жүгері,   мақта   белдеулері   орналасқан.  Олардың  аралығында   мал   жайылымдары   кеңінен   таралған.  Аляска   балық    аулау,   аң   терісі   кәсіпшілігімен   және    орман   шаруашылығымен   белгілі.  Гавай   аралдарының   тұрғындары   қант   қамысы   мен   ананас   өсіруге   маманданған.

          АҚШ    халқының   саны  жөнінен    дүние   жүзінде  үшінші  орын  алды.   АҚШ −тағы   байырғы   халықтың    үлесі  1%  шамасында   ғана,   халықтың   негізгі  бөлігін   сырттан   келгендер  құрайды.   Тек  қана  ХІХ  ғасырдың   басынан   бері  Жер  шарының   70 − ке   тарта  елінен  55   млн −ға  жуық  адам  осында  қоныс   аударған.  Соңғы   жылдардағы   шектеулерге  қарамастан   қоныстанушушылар   есебінен  ел  халқы  жылына   1  млн.  адамға   артады. Амермкалықтар   екі  жүз  жылдан  астам  тарихы  бар   АҚш  мемлекетінің  мүддесін  жоғары  ұстайды. Оларды  жастаайынан  мемлекеттік   рәміздерді  құрметтеуге, отансүйгіштікке    АҚШ  мемлекеті  мен  өзінің   мен   жеке   басының   басының    әл  ауқатын  жақсарту  үшін   еңбек  етуге   тәрбиелейді. АҚШ  халқының   төрттен  үші   калада  тұрады, елде   жалпы  саны   тоғызмыңдай  қала  бар. Ең  ірі  қаласы   Нью − Йорк  аспанман  таласқан   биік  үйлерімен  ерекшеленеді, қалада  БҰҰ − ның  ғимараты  ірі  банктер ,дүкендер   бар.

       Қолайлы  табиғат  жағдайларымен  сипаттлатын  елдің   оңтүстігінде   әлемге   әйгілі  Диснейленд, көптеген  демалыс  орындары , ал  Лос − Анджелес  қаласында  кино   өндірісінің   орталығ    Голливуд  орналасқан. Калорадо  каньоны, Ниагара  сарқырамасы, Йеллоустон  гейзерлері, Плинт − Мамонт   үңгірі   жіне  т.б  табиғи  және  тарихи  ескерткіштерін   тамашалау  үшін  АҚШ − қа   жылына  миллиондаған  туристер  келеді.

 

2.1 АҚШ − тың  табиғат  жағдайлары  мен  ресурстары.

 

       АҚШ   егізгі  территориясында   жарамсыз  жерлер  көп  емес. Бұларға   Кордильердің   және  Аппалачтың   биік  таулы   учаскелері,   шөлдер,    сондай − ақ   Атлант  мұхиты  бойындағы  жағалық  ойпаттардың   батпақтанған  кеңістіктері  жатады. Аляска   және   Гавай  штаттарындағы  жердің   көбі  шаруашылыққа  игеру  үшін  қолойсыз.

       Климат   жағдайлары   өте  алуан  түрлі. АҚШ − тың  бірқатар  табиғат    зоналарында   вегетация  мерзімі  ұзақ  болмайды, мұның  өзі  ауылшаруашылық   дақылдарын  іріктеп  алуды   тежейді, алайда  ел  бойынша  тұтас  алғанда   қоңыржай  белдеуде  өсетін  барлық  өсімдіктерді, субтропиктік  дақылдардың   көпшілігін   және  тропиктік  дақылдардың   кейбіреулерін  өсіруге   болады. Оралық  және   Ұлы  жазықтарда   климаттың   қуаң  болуы  мелиорациялық  жұмысты  қажет  етеді. Суғару   жүйесін  жасау   үшін   өзендер  мен   жер  асты  суларын  пайдаланады.

     Құрғақ  далалар  мен  орманды   далалардың  қара  және  қоңыр   топырағының   оңтүстіктегі   жағалық  ойпаииардың   қызыл  топырағы  мен  аллювий  топырағының  құнарлылығы  жақсы, таулы  аудандарда  топырағының  құнарлылығы   кемірек.

       Бір   кездегі  тамылжыған   орман  сиреп  кетті. Орман  аклқаптары   Аляскада  және  Кордильердегі  жағалық   жотаның  беткейлерінде   қалды. Миссисипи  жүйесіндегі   өзендердің   қолайлы  орналасуы   оларды   Ұлы   көлдермен  каналдар  арқылы   қосу   үшін  ертеден − ақ  пайдаланылды. Қазір  барлық   бұрынғы  өзен  жолдары   өздерінің  маңызын  жоғалтты, бірақ  Әулие  Лаврентий  мен  Миссисипи   өзендеріндегі   қайта  құрылған  ск  жолдары   қазір  де  белсенді  қозғалысқа  толы. Әулие  Лаврентий  өзенінің  бойымен  теңіз  кемелері   Ұлы   көлдерге  жетеді. Сондықтан  көл   порттары   мұхиттық   порттарға  айналады.

       АҚШ  жер   қойнауы  алуан  түрлі  пайдалы  қазбаларға  бай. Ұзақ  уақыт   ұтымсыз  пайдалану  жақсы  кен  орындарының  бірқатарын   құртты. Бірақ   ғылыми  техникалық  революция  байлығы  аз, сапасы  кемірек  кен  орындарын  пайдалануға  мүмкіндік  туғызды,  бұл  АҚШ − тың   шикізат  базасын  едәуір  толықтырды.

       Көмір, молибден, күкірт, фосфорит  және  калий  тұздарының  қоры  ерекше   мол. Ұлттық  өндірістің   қажетін  темір  және  мыс  рудаларының  кен  орындары, қорғасын , мырыш  және   уран   рудалары   бұдан   гөрі   азырақ 

қамтамасыз  ете   алады. Марганец   рудасы, қалайы , никель, графти, хромит, боксит, сирек  кездесетін  металдар   аз  немесе  тіпті  жоқ.

       Мұнай  мен  табиғи   газдың  ресурстары  көп. Бірақ  пайдаланылып  жатқан  кен  орындары  таусылуда, ал   жаңа  кен  орындарын  іздеп   табу  және  оларды  пайдалануға  беру   өте  баяу  жүргізіледі. Мұның  себебі, монополияларға   дамушы  елдердің  минералдық   байлығын   пайдалану   қолайлы, өйткені  мұнда   оларды   шығару   құны  АҚШ − қа, сондай − ақ    Канада  мен  Австралияға  қарағанда  көп  төмен. Осының  нәтижесінде   импортты   минералдық   шикізат  пен  отынның   үлесі  өсуде,  ал   ұлттық  шикізат  базасының  рөлі   төмендеуде.

Информация о работе Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы