Трансұлттық корпорация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 16:26, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуын, сондай-ақ социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуын айтуға болады. Меншіктің жекешелендіріліп, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету міндетін алға қойды. Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын пайдалану еліміз үшін, оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек.

Содержание

1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК-тің даму бағыттары
5 ТҰК «ТеңізШевройл»

Вложенные файлы: 1 файл

ТНК.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)

    Егер, активтер өзгешелілігінің оптималды деңгейі шамалы болса, онда рыноктық  сатып алушылар саны өзінің артықшылықтарымен ерекшеленеді. Активтердің өзгешелілігі мардымсыз деңгейде болғанда ішкі ұйымдастырудыңкейбір кемшіліктері бар.

    Интеграциямен салыстырғанда, рыноктық әрекеттестік автономдық серіктерді  қолдауға күшті ынталандыру қызметін атқарады. Бірақ та, бейімделу мәселесі туғанда, келісім – шарт процесі шиеленіспейді, ынталандыру күшінің айналымы күшейеді. Өйткені, әр келісімге қатысушы өз пайдасын ойлауға мүдделі, сондықтан әрбір қосымша шартқа келісім бере қоймайды. Активтердің өзгешелігі басымырақ болса, ымыраға жету соғұрлым қиындау болады. Интеграцияның артықшылығы оны қолданған кезде бейімделу фирмааралық келісімді қайта қарамастан қосымша есептемей-ақ жасалуымен сипатталады.

    Интеграция кезінде трансакция аралас өндіріс сатысы жалпы меншік аясында нығаяды да, бейімделудің трансакциондық шығындары азаяды. Бірақ ол менеджерлердің жұмысының әлсіреу себептеріне түрткі болады. Әсіресе, жаңартулар енгізуде және олар үшін сый-ақы беру кезінде бұл жәй жіті байқалады.

    Интеграцияның ынталандырудағы жағымсыз салдары бейімделуді жоғарылататын резервтерді іздеуге ынталандырып, фирма аралық қатынастарда келісім-шарттарды күрделендіру арқылы қол жеткізеді. Күрделі келісім – шарттарды жасап, аз шығындармен іске асыруға бола ма, сол арқылы екі жақ өзгермелі жағдайларға байланысты өзара қатынастарын тиімді бейімдей ала ма? Әңгіме қатысушылардың автономиялылығын сақтайтын (ұзақ мерзімді), бірақ, жаңа жағдайлар туған кезде рынокпен салыстырғанда, қарым - қатынас сақтаудағы кепілдікті қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді келісім – шарттық қатынастарға өту туралы болып отыр. Қосымша кепілдік механизмі негізінен,  пайдалану кезінде туындайды.

    Капиталдағы өзара қатынас серіктестердің бухгалтерлік кітабын қарауға мүмкіндік (құқық) береді, ол келісімдер нығаюының механизмінде қарастырылады. Бірақ, серіктестердің бір-бірінің акциялар пакетін сатып алуы кіруге мүмкіндік алған басқа компаниялардың бухгалтерияларының дұрыс жүргізіліп  жатқандығы туралы компаниялар арасында сенімділік болмайды. Сондықтан, бақылау тимділігіне жету, серіктестердің қосылуымен байланыстырылады.

    Күрделі келісім-шарттардың мүмкіндіктері жалпы заңдылыққа сәйкес. Активтер өзгешелігі өскен сайын, екі жақты контракция рыноктық контракцияны алмастырады, ол өз алдына ортақ меншік шартындағы контракциямен ығыстырылады. Интеграциялық факторларға жаңартулар (инновациялар) кіреді. ҒЗТКЖ аумағындағы кооперацияның іске асырылуы әр түрлі ұдайы өндіріс кезеңдері мен интеграцияның айқын артықшылықтары негізінде қарастырылады. Интеграцияның осы артықшылығы трансакционды шығындар теориясының назарын ортақ меншік аясында ынталандыруды күшейту мүмкіндігіне аударады.

    Қорларды басқарудағы өкілеттіліктерінің тең деңгейде, ортақ меншіктің “шатыры астында” төменгі менеджерлердің дербестігін қамтамасыз етуде ізделінеді. Басты варианттар холдингтік құрылымы бар компаниялар (Х құрылымды) және мультидивизионды (М құрылымыды) компаниялар болып табылады.

    Холдингтік құрылымы бар компаниялар (Х)– басты компанияның ықпалынан неғұрлым қорғалған еншілес компания менеджелерінің позияциялары. Ал, мультидивизионды құрылымды компаниялар (М)– стратегиялық мәселелерді шешудегі ресурстарды жеңілдетудің (маневрлеу) кең мүмкіндіктері.

    Мүмкіндіктердің тарылуы Х – құрылымы бар компаниялардың шеңберіндегі оппортунизммен байланысты. Өзінің табысын реттеу құқығына үміткер еншілес компаниялар осы қаржы ресурстарын басты компания басқаруының орталық ұйымына бергеннен гөрі олар оны қайта инвестициялайды. М - құрылымда опортунизмге қарсы  тұруға мүмкіндіктері көбірек болады, себебі стратегиялық шешімдер қабылдауды іске асыруда өз өкілеттігін алынатын басты дирекцияға жүктейді.  Ол мерзімді аудитпен және төменгі менеджерлер қабылданған шешімдерді тексерумен айналысады, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға қабілетті бөлімшелер пайдасына ішкі фирмааралық бөлумен де айналысады.

    Өндіріске ресурстардың шығысы емес, кірісі маңызды болатын жағдайда өнім дамуының бастапқы кезеңіндегі Х құрылымының және М құрылымдарынан артықшылығы бар. Шағын фирманың М-құрылымына ауысуына байланысты, компаниялардағы жаңа активтерді басқаруда кемшіліктер байқалады. Мұндай компаниялар “жекелеген” өнімдер механизмі және басқару дағдылары бастапқы кезеңдегі кәсіпкерлік қызметке сәйкес келмейтінін анықтайды.

    Жетілу кезеңінде М-құрылымдардың артықшылықтары  компаниялардың ақша қаражаттарын пайдалану құқығы компания бөлімшелері арасындағы инвестициялық бәсекелестіктің объектісі ьолғанда байқалады. Фирма табыстары бөлімдерде автоматты түрде қайта инвестицияланатынын білдіреді. Ресурстарға ішкі фирмалық бәсекелестік арбитрі – басты дирекция. Ол ресурстарды “пайда орталықтарынан” жаңа өндіріске жіберуге мүмкіндік береді. Басқа ағымдардан ұйымдық өзгерістерге ауыса отырып, трансакциондық шығындар теориясы шын мәнісінде, осы ағымдардың бірінде көрінетін  интеграция факторларын қамтуға ұмтылады.

    Өзгешелі активтер арқылы трансакциондық шығындар өндірісінің технологиялық шарттарымен қатынаста болады. Бұдан, Уильямсонның өзгешелік активтер жақындығы және Тиррольдың жұтылған шығыстары жақындығы өзіне назар аудартады.

 

4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК дың даму бағыттары

ХХ ғ. 90-жылдары ТҰК экспансиясы күшейді. Бұл процестің көрінісі төмендегіше:

- Кеңес Одағының күшеюімен және  бағдарланудың ауысуымен бұрынғы  социалистік мемлекеттерде әлемдік  рынок жүйесі елеулі территорияларға тарап кетуі салдарынан, олар өздеріне басқа да жаңа аймақтар ашты;

- қаржылық сектордың глобализациясы  мен қаржылық рыноктардың шоғырлануы  жеделдетілді. Алып трансұлттық  қаржылық конгломераттар пайда  болды. Глобалды қаржылық ағымдар  халықаралық экономикалық қатынастардың төмендегідей маңызды факторы болды:

- ертеде қолдары жетпеген немесе  елеулі шектіліктермен қолдары  әрең жеткен жекешелендіру мен  коммерциялау процестері жаңа  рыноктар мен салаларды ашты;

- көп кесірлерден бәсекелестік  қатайды. Ең маңызды факторлары: технологиялық революцияның таратылуы, өндіріс салаларының технологиялық мүмкіндіктерінің конвергенциясы, еліктеумен тез жеңілденетін әр түрлі тауарлардың сапасы, корпорациялардың әлемдік масштабта қосылуы. Корпоративті серіктестіктер мен стратегиялық ұйымдардың жаңа шеңберлерінің қалыптастырылуы қарқындылықты күшейтті. Рынокта негізінен азиядағы мемлекеттерден жаңа бәсекелестер шықты.

Аумақтық шоғырландыру процестерінен және аймақтық серіктестіктер көбейді, бұл тікелей күрделі жұмсалымға  көп жобалы әсерін тигізе бастады. Ең көп көрсетілетін мысалдардың бірі - бұл еуропалық шоғырланудың тереңдеуі мен берілген аймақта біртұтас рыноктың құрылуы;

- қазіргі техникалық жетістіктер  мен оларды пайдалану технологиясы  бүкіл әлемге таратылды. Бұлар құрылымдық ілгерілеулерін шарт және кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер туғызды (әсіресе ақпараттық революция).

- жеке рыноктар мен ұлттық  экономикалар бір-біріне тәуелді бола бастады. Бірақ осыдан технологиялық алшақтың, табыс деңгейінде алшақтық және аймақтар, мемлекеттер арасында теңсіздік және мемлекет ішінде теңсіздік көбейді.

    Негізінен ТҰК халықаралық қызметін жаңа компанияларды құру немесе сатып алу жолдарымен, бірлескен өнеркәсіптерді ұйымдастырумен немесе басқа да бірлестіктерге кіре отырып кеңейтеді.

    Активтерді үлкейту мен бақылауды сатып алудың басқа да әдістері қолданылады (мысалы, қарызды жабу шотына жергілікті негізгі капиталдың иемденуі).

    Трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту халықаралық капитал қозғалысының деректері толық білдірмейді. ЮНКТАД эксперттерінің санағы бойынша 1996 жылы тікелей шетел инвестицияларының көлемі 347 млрд.$ құрады, ал ТҰК 1,4 трлн.$-дан аса жұмсалымды іске асырды. Айырмашылығы мемлекеттердің рыноктағы ақша-қаражатымен, инвестиция алушылармен және әр түрлі халықаралық көздерімен жабылған.

    1990-шы жылдары өте  маңызды құбылыс компаниялардың  жойылуы және қосылуы болды (жаңа  компаниялар саны азайды). Бұл жерде маңызды роль бәсекелестің стратегиясына беріледі, бұл бойынша өндірістің көп салаларында рыноктың үлесі ұлғайтылды немесе бәсекелестерді өздеріне қосу жолымен жаулап алу әрекеттері жасалды. Бұл стратегияға сәйкес корпорация алып капиталдарды тез қалыптастырады.

    ХХғ. 90-шы жылдардың соңында  бақылауға алынған компанияларды  немесе венчурлік кәсіпорындардың  стратегиялық жобалаудың бас  құрылымының жүйесіне енгізілуін, оның қаржылық және инвестициялық  бағдарламаларына бағынуын көздейді. Шынында, соңғы уақытта көп халықаралық корпорациялар басқарудың жауапкершілігінің көп үлесін әр түрлі мемлекеттерде бейімделген өздерінің қосылған компанияларына аударады.

    ХХғ. 80-ші жалдардан бастап  ТҰК-ң капиталының ұлттандыру  процесі бағалы қағаздар рыногы  арқылы тез дамыды. Сонымен бірге, корпорация үстіндегі бақылау факті негізінен сол шыққан мемлекеттің өзінде сақталады. Шыққан және қосылған компаниялар немесе тек қосылған компаниялар құрылтайшылары болатын бірлескен кәсіпорындар санының өсуі ескерілетін құбылыс. Бұл көп түрлі және қызықты ішкі байланыстарды туғызады. Негізінен, мысалға Американдық ТҰК-ң қосылған компанияларының 46% жүйеге кіретін басқа қосылыстардың акциясын иеленді. Мұндай тәжірибенің таралуы негізінен функционалды қажеттіліктерден шығады және  меншіктің құрылымы трансфертті бағалар мен басқа да әдістерін жасау тәсілдерімен қолдануды жеңілдетеді (лицензиямен, пайдамен).

    ТҰК-ң іскерлік белсенділігі көп факторларға тәуелді – онда қолданатын экономика секторы, компаниялардың стратегиялық мақсаттары, еңбек шығындары бойынша жұмыс істеудің альтернативті нұсқауларының болуы, халықаралық бәсекелестікті және техникалық дамуды есептейді.

Қазақстанға техникалық көмек көрсету келісім-шарт бойынша трансұлттық корпорациялар белгілі бір фирма қызметінің кез-келген айрықшылықты аспектісіне қатынасы бар техникалық қызмет көрсетуін іске асырады. Көбінесе бұндай шарттар жөндеумен және машиналар мен жабдықтарды сақтаумен, ''ноу-хау'' пайдалану кеңесімен, аварияны жоюмен және сапасын бақылаумен байланысады. Зауыттарды іске қосу шарттары кең тарады. Бұл жағдайда трансұлттық корпорация жобалау немесе белгілі бір объектінің құрылысына керекті барлық қызметтердің түрлерін іске асыруға жауапкершілікті өз мойнына алады. Жалпы ТҰК-ның халықаралық экономикалық байланыстарының көп түрлі формаларын пайдалану тенденциясы өндіріс пен капиталдың ұлттандыру процесі сияқты жаңа формалар мен тәсілдерін көрсете отырып дамытылып келеді.

 

 

Корпарация түрлері

Атаулары

Саны

Ұлттық және мемлекеттік  компаниялар

"ҚазМұнайгаз" Ұлттық мұнай компаниясы, "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдайтын ұлттық компаниясы, "Қазоборонпром" ұттық атом компаниясы, "Қазақстан-Жібек жолы" ұлттық компаниясы, "КЕГОК" АҚ, "Госпродкорпорация" АҚ, Мемлекеттік агронесиелік корпорация, "НК Казахстан темір жолы" ЖАҚ, "Эир Қазақстан" ұлттық әуе жолы, "Казтелеком" ААҚ, "Халықтық жинақ банкісі" ААҚ, Қазақстан Даму банкісі, Ғылым академиясы ұлттық оталықтары

20-ға жуық

Акционерлік компаниялар, мемлекеттік және жеке жбалармен  құрылған

"Испат-Кармет" АҚ, "Қазақмыс" корпорациясы, "Қазцинк" ААҚ, "Өскемен титанды-магниттік комбинаты" ААҚ, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Қазхром" АҚ, "Соколов-Сарыбай кенбайыту өндірістік бірлестігі" АҚ, "ПетроКазахстанОйлПродактс" ААҚ, "ШығысҚазақстан мыс-химиялық комбинаты" АҚ, "Борлы" АҚ

Жалпы саны 40-тай

Рыноктық өзін-өзі  басқару деңгейінде құрылған  жеке корпорациялар

"Казкоммерцбанк" АҚ, "КазахстанКаспийшельф" АҚ, "Тұранәлембанк" АҚ, "Темірбанк" АҚ, "Нефтеббанк" АҚ, "Банк Каспиский" АҚ, "Нефтехимбанк" АҚ

Жалпы саны 15

ТҰК Қазақстандық бөлімі

"Теңізшевройл", "Казахстанкаспийшельф" АҚ және  және "OKІOC" АҚ, "ПетроКазахстанКумкольРесорсиз" АҚ, "ИспатКармет" АҚ, "Алюминий Казахстана" ААҚ және "ТНК Казхром" АҚ, "Корпорация "Казахмыс"" ААҚ, "Қазцинк" АҚ, "Алматы темекі фабрикасы" АҚ, "Альфабанк Казахстана" АҚ

Барлығы 45


 

  Трансұлттық корпорациялардың халықаралық рыноктарды жаулап алуының ең жаңа формаларының бірі - олардың шетелдерде арнайы инвестициялық компанияларды құруы. Бұл құрылымдардың міндеті - ТҰК-ның еншілес және серіктес компанияларына инвестициялар құю, олардың аумақтық рыноктарға өнімдерінің жылжуын ынталандыру болып табылады. Мұндай тәсілді негізінен алкогольсіз сусындарды сататын Африкадағы “Пепси-Кола” және “Кока-Кола” сияқты ірі халықаралық компаниялар қолданады.1

Жұмысбастылықтың дәрежесіне ТҰК-ң тікелей әсерінен басқа сатып алумен және келісім шарттарымен байланысты жанама әсерлерді есепке алуымыз қажет. Әр түрлі мемлекеттердің жұмыс күшін шоғырландырады және оған күнделікті талаптарды қоя отырып, ТҰК еңбек рыногының ұлттандыруында және халықаралық стандарттардың таратылуында маңызды ролі бар. Бұған халықаралық корпорация ішіндегі еңбек миграциясы да көмектеседі, алдымен менеджерлермен жоғары беделді инженерлі-техникалық жұмыскерлердің алға жылжуын атап айтуға болады.

Информация о работе Трансұлттық корпорация