Трансұлттық корпорация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 16:26, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуын, сондай-ақ социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуын айтуға болады. Меншіктің жекешелендіріліп, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету міндетін алға қойды. Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын пайдалану еліміз үшін, оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек.

Содержание

1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК-тің даму бағыттары
5 ТҰК «ТеңізШевройл»

Вложенные файлы: 1 файл

ТНК.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)

    Трансұлттық қатынастардың ілгерілеуіне жалпы сандық бағалау әсер етеді. ЮНКТАД бұл мақсат үшін транснационализацияның біркелкі кешенді көрсеткішін ұсынды, бұл бес негізгі критерийді біріктірді – сатуды, өндірісті, жұмыстылық, активтер және несиелерді. Халықаралық бизнестің тарихи дамуында табиғи ресурстарды игеруші компаниялар маңызды роль атқарады. Көптеген жағдайда олар (импорттан бастады) ауыл шаруашылық өнімдері және минералды шикізат импортынан бастап, содан кейін олар шетел өндірісі мен өткізуді ұйымдастырудан өтті, бұл кен өндіру және мұнай өнеркәсібі, сонымен қатар ол ауыл шаруашылық үстінен бақылау орнатуға әкелді және колониализм жүйесімен байланысты.

    Шикізат және кен өндіру саласы әрқашан капиталға тәуелді. Қазіргі кезде олар үлкен және ұзақ мерзімді инвестиция талап етеді, өнеркәсіп өндірісіне қарағанда бұдан шығу қиын. Осы жағдайлар инвесторды саяси өзгерістерге, салық және құқылық салада қолайсыз әрекеттерге, соңғы кезде - қоршаған ортаны қорғау шараларына өте қатты әсер етеді.

Шикізаттын алемдік бағасы

(цент/кг)

 

 

   

Колониалды империяның ыдырау  себебінен меншікті ұлттандыру жолымен ұлттық табиғи ресурстар үстінен бақылау орнату жаңа мемлекеттердің талпынысына әсер етті. Кейбіреулері табыстарын көбейтуге талпынудың өзінде бастапқы шикізатты қайта өңдеуді ұйымдастырды, сол себепті ТҰК қызмет жасау жағдайын өзгертті. Бірқатар жағдайда соңғылары, өндіру үстінен бақылауды жоғалтты, бірақ халықаралық сату саласында үстемдік нығайды, тасымалдау, қайта өңдеудің технологиялық бөлісуі және сатуы  бақыланды.

    ТҰК біріккен кәсіпкерліктің ең таралған институционалды формасы - қаржы-өндірістік топтар. Олар экономикалық, интеллектуалды, инвестициялық және басқа ірі және ең ірі өндірістік корпорациялардың, банктік құрылымдар, қаржы, сақтандыру, сауда және басқа компаниялар мүмкіндігін шоғырлануы саласында, жалпы әлемдік экономикада және дамыған мемлекеттерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде нақты роль атқарады.

    Қаржы-өнеркәсіптік бірлестіктердің рыноктық жүйеде ұзақ тарихы бар. Олардың пайда болуының алғы шарты - банктік, өндірістік капиталдың орталықтандыруы және шоғырлануы. Олар осы кезең аралығында тиімді жұмыс істеудің бай тәжірибесін жинақтады және дамыған мемлекеттерде негізгі ұйымдастыру құрылымы болды.

    Дамыған мемлекеттерде қаржы-өнеркәсіп топтар капиталды тиімді бақылаудың оптималды үлгісінің бірі болып саналады. Олардың даму тарихы жай және қисынды “ақша – тауар – ақша”' формуласы бойынша экономикалық процесті табиғи кезең бойынша жылжытудан шығады.

    Өнеркәсіптік және банктік капиталдың интеграция процесі осы ғасырдың басында елеулі жағдайында болды. Интеграцияның басым формасы концерндер мен жанұя топтар. Ғасыр бойы капитал жауапкершілік пен бақылау–орталықсыздандыру артықшылығы мен оптималды ұштастыру формасын табуға тырысты. Осы ізденістердің нәтижесі болып қаржы-өнеркәсіп топтар пайда болды және  құрылымдарды шамадан тыс бақылаумен, бәсекелес қысым жасаумен  қаржы және тауар еркіндігін қамтамасыз етеді және ресурстарды рационалды пайдаланады.

    Мемлекет ішінде өндірістік-қаржы байланыстарының реттеуімен интеграциялық процесс ұлттық экономика шеңберінен шығады. Әлем экономикасында трансұлттандыру, халықаралық қаржы-өнеркәсіптік топтар құрылады. Қазіргі ТҰК өз мемлекеттерінен тыс 250 мыңға дейін еншілес компанияны бақылайды. Орнатылған құрылымдық схемалар басты компанияларға өнеркәсіптік өндірістің әлемдегі 40%-на дейін, халықаралық экономиканың жартысын бақылайды. ТҰК кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі жыл сайын 6 трлн. доллардан асады.

    Бизнес идеологиясы бірнеше мемлекеттің экономикасы салаларының интеграциясына бағытталған. Сонымен ТҰК әр елдердегі еншілес компанияларының қызметін  ұмтылады. Бұл принцип корпорация активтерін тиімді басқаруға, басқа салалардан капитал ағылуына, пайданың орташа нормасын ұстап тұруға және экономикалық дағдарыстар жағдайын жақсартуға көмектеседі.

    Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ТҰК үш тәсілмен құруға болады:

  • өзара келісім негізінде (ерікті);
  • топтың бір қатысушысының (топ ядросы) басқа қатысушы (аукцион) акциялар пакетін алудағы келісімшілік жолы арқылы;
  • үкімет аралық келісімдер  шешімімен.

    Қаржы - өнеркәсіптік  ұйымдар құрылуының тәсілі ретінде  экономиканың бекітілген үлгісін  алады. Дамыған батыс экономикалық  әдебиеттерде екі үлгі: жаңа  американдық және рейндік (немістік). Біріншісі – американдық экономика өркендеуінің рейгандық саясатының жемісі, екіншісі – Германия және Жапониядағы екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі эксплуатацияланған жоба.

    Екі үлгінің басты  айырмашылығы – жүйеге қабылданған ақша табу тәсілі:

    • компанияларды алып – сату әдісін табуға негізделген коммерциялық;
    • қосымша құнға негізделген өнеркәсіптік.

    Америка баюдың қаржылық  құралын қолдана отырып, бірінші,  яғни, коммерциялық тәсілді таңдады.  Биржа тек ақша тауып ғана қоймай, сонымен қатар, экономиканы нағыз басқаруды жүргізетін оның орталық институтына айналды. Басқару кестесі жеткілікті икемді: сатып алудың пайдалы объектісі анықталады. Потенциалды сатып алушыда қамтамасыздық жоқ болғандықтан (американдық заңдылыққа сай, АҚШ банктеріне корпорация капиталына қатысуға болмайды) жоғары пайызбен банктен несие алынады. Берілген компания акциялары арқылы сол нысан (объект) сатуға қойылады. Егер объекттің акция бағасы несиені өтемесе, кәсіпорын активтері бөлініп, бөлшектеніп сатылады.  Бұл несиені тездетіп жабуға алып келеді. Бірақ, кәсіпорында және экономикада тұтастай тиімсіз жағдай туындайды: кәсіпорын менеджменті және персоналы, кәсіпорын активтерін төмендетіп сату мен бөлшектеуден қорқып, өндіріс инвестициясына зиян келтіре акционерлерге жоғары дивиденттер төлеуге мәжбүр болады.

    Бір кездері құн құруға және жоғарылатуға бағытталған өндіріс, ақша қолма - қол қозғалту мәшинесіне айналады. Берілген жағдайда, жоғары мамандандар мен менеджерлердің жоғары табысты және еңбек жағдайлары өте жақсы, тиімді қаржы құрылымдарына кетуі басталады. Кәсіпорын және экономика тиімділігі төмендейді.

    Екінші, рейндік үлгі экономиканың басқа  ұйымын құрайды. Бұл үлгінің басты  субъектісі болып тар байланысқан  өнеркәсіптік – банктік капитал саналады.  Өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелейтін банкирлер олардың ірі акционерлеріне айналады. Өнеркәсіп иелері, өз кезегінде ірі банктер басқаруына енеді. Нәтижесінде, акционерлік капитал құрылымы өте жәй өзгереді және “қысқа” мақсаттың ешқандай приоритеті болмайды, қаржыгерлер мен өнеркәсіпшілер кәсіпорынның нақты және ұзақ мерзімді табысты болуына мүдделі. Қатысу жүйесі акционерлердің, менеджер мен персоналдың  билігі мен жауапкершілігін кімнің болмасын басшылық етуін болдырмайтын айқындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Корпорацияның акционерлік меншіктің  жоғары формасы ретінде пайда  болуы барлық формалардағы капиталды  иемденудің жеке формасын сақтап қалуды білдіреді. Олардың қатарында сапасы жағынан капитал меншігінің жаңа субъектісінің - жалдамалы еңбектің өкілдері пайда болады. Бұл тенденция интеграцияланған корпоративтік құрылымдар, трансұлттық корпорациялардың іскерлер тобы, корпоративті сектордың қазіргі заманғы институционалды негізі болып есептеледі. Мұндай әдіс берілген субьектінің ұдайы өндіріс белсенділігін қамтамасыз ететін корпорацияның инвестициялық және инновациялық әрекетінің құралдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Отандық ортада корпоративтік қатынастардың  дамуында келесі негіздеуге болады:

  • халықаралық корпоративтік құрылымдардың (ХҚӨТ, ТҰК филиалдары) басым қызметі;
  • инвестициялық нәтижелерді іске асыру – ішкі және сыртқы инвестициялар тапшылығы;
  • инновациялық мүмкіндікті іске асыру – нарық қоры мен нарықтық инфрақұрылымның дамымауының  әсері;

ТҰК тиімділігін транзитті жағдайда арттыру үшін:

  • ішкі және аралық корпоративті бәсекені қалыптастыру арқылы, баға түзілуінің көпсатылығын жеңу;
  • келісімнің монопольды сипатын жеңу арқылы корпорацияның трансакционды ұдайы өндіріс белсенділігін жетілдіру;
  • капитал ағынын жеңу, таза пайда уақытша әкімшілдендіру арқылы қорлану мөлшерін өсіру, акционерлендіру арқылы инвестициялау өзіндік көздерін дамыту инвестициялық құрамды ;
  • жаңашылдықтың екінші бейімделу сипатын жеңу мен инновациялық тауар түрін дегенді білдірді.

Қазақстанда трансұлттық компанияларды дамыту үшін, төмендегі белгілер қажет:

а). құқықтық базаны жетілдіру (акционерлік қоғамдардың заңды және нормативтік негіздерін жетілдіру);

ә) Республикалық және аймақтық деңгейдегі корпоративтік құрылымдарға мемлекеттің қатысу формаларын жетілдіру. Қазақстандық ірі корпорациялардың экономикадағы құрылымтүзушілік орнын ескере отырып, осы құрылымның мемлекеттік индустриалдық саясаттың басымдылығын іске асырудағы рационалдық формасын енгізу қажет (инновациялық орталықтар, технополистер, мемлекеттік-корпоративті бизнес-инкубаторларын құру).

б) Қор рыногының қызметін жақсарту. Ол үшін қор рыногы қатысушыларының тәуекелдік сақтандыру жүйесін енгізу және ірі корпоративтер элементтерінің бағалы қағаздарретке келтіруді жетілдіру қажет.

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Блауг М. Экономическая теория в Ретроспективе.- М.: Дело ЛТД, 1994.
  2. Маркс К. Капитал –М.: Политиздат, 1963
  3. Шумпетер Й. Теория экономического развития.-М.; Прогресс-Униврситет, 1982
  4. Карлофф Б. Деловая стратегия конкуренции, содержание, символы, М: Наука, 1992.-С.35
  5. Друкер П. Рынок: как выити в лидеры. Практика и принципы.- М: СПб.-ГМП "Форматика", 1992.-164 с.
  6. Аубакиров Я.А., Тулегенова М.С., Имандосов М. Использование преимуществ венчурного капитала в развитии предпринимательства.-Вестник сельхознауки.-2004.-С.24
  7. Уильямсон О. Экономические институты капитализма. Фирмы, рынки, «отношенческаяң контрактация. .М: СПб.-1996,-С.48
  8. Винслав Ю., Хуснутдинов М., Пухова Е., Ухин А. К развитию постсоветских ТНК /РЭЖ, 1999.- №11-12.-С.12-21
  9. Мовсесян А., Либман А. Современные тенденции и развития и управления ТНК. // Проблемы теории и практики управления.- 2001.- №1-С.55-59
  10. К.Е.Кубаев., А.Б. мыржыкбаева. Транснациональные корпорации в Казахстане// Вестник КазНУ, серия экономическая.-2004.-С.13
  11. Рамазанов А. Панзабекова А. Парадигма многоукладности постсоциалистической экономики //Саясат, 2001, №3.С.63-68
  12. Елемесов Р.Жатканбаев Е.Государство и рынок ,каржы-Каражат, Алматы,1997.
  13. Иванченко В. Государство и корпорация.//Экономист, 2000,№1,С68-74.
  14. Ыкымжанова А. Потенциал финансового рынка // Финансы- Каржы- Каражат, 1999,№6,С.60-64.
  15. Нурланова Р.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. –Алматы, 1998.
  16. Ашимбаева А.Т. Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и приоритеты развития. - Алматы.: Дайк-Пресс, 2000. - 239с.
  17. Имандосов М.С. Қазіргі кезеңгі бизнес құрылымындағы қаржы-өнеркәсіптік топтар. ҚазЭу хабаршысы.-2003.-19 б.
  18. Кенжегузин М. Экономика Казахстана на пути преобразований. –А.,2001,с.252-253.

 

 

1 Ê.Å.Êóáàåâ., À.Á. ìûðæûêáàåâà. Òðàíñíàöèîíàëüíûå êîðïîðàöèè â Êàçàõñòàíå// Âåñòíèê ÊàçÍÓ, ñåðèÿ ýêîíîìè÷åñêàÿ.-2004.-Ñ.13




Информация о работе Трансұлттық корпорация