Экономикалық-географиялық орналасу жағдайы туралы ілім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 15:23, лекция

Краткое описание

«Географиялық орналасу» барлық географиялық ғылымдар жүйесі үшін негізгі ұғым болып табылады. Географияның өзі жер бетінде салыстырмалы түрде бір-бірінен немесе белгілі бір координаталар жүйесінде нысандардың орналасуын анықтау және тіркеу әдістері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Одан әрі нысанның орналасуын анықтау тек оны (мысалы, теңізде жүзгеннде) тауып алуға ғана емес, сонымен қатар бұл нысанның кейбір қасиеттерін түсіндіруге және тіпті оның дамуын болжауға көмектесетінімен анықталды. Географиялық зерттеудің маңызды элементі нысандардың орналасуымен анықталатын кеңістіктегі орналасқан нысандар арасындағы байланысты белгілеу және талдаужасау болып табылады.
Нысанның ең нақты мекен-жайын беретін, географиялық координаталар (ендіктер мен бойлық градустары) жүйесінде анықталатын жер бетіндегі орналасу – бұл математикалық-географиялық орналасу.
Белгілі бір табиғи нысандардың оған айтарлықтай әсер ететін екінші бір нысанға қатысты орналасуы физикалық-географиялықорналасу деп аталады. Мысалы, аралдардың басым жел бағыттарына қатысты орналасуы – жел соғатын жағы және ық жағы.

Вложенные файлы: 1 файл

5 тарау.docx

— 399.54 Кб (Скачать файл)

5 ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ІЛІМ

Географиялық орналасу және экономикалық-географиялық орналасу

«Географиялық орналасу» барлық географиялық ғылымдар жүйесі үшін негізгі ұғым болып табылады. Географияның өзі жер бетінде салыстырмалы түрде бір-бірінен немесе белгілі бір координаталар жүйесінде нысандардың орналасуын анықтау және тіркеу әдістері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Одан әрі нысанның орналасуын анықтау тек оны (мысалы, теңізде жүзгеннде) тауып алуға ғана емес, сонымен қатар бұл нысанның кейбір қасиеттерін түсіндіруге және тіпті оның дамуын болжауға көмектесетінімен анықталды. Географиялық зерттеудің маңызды элементі нысандардың орналасуымен анықталатын кеңістіктегі орналасқан нысандар арасындағы байланысты белгілеу және талдаужасау болып табылады.

Нысанның ең нақты мекен-жайын беретін, географиялық координаталар (ендіктер мен бойлық градустары) жүйесінде анықталатын жер бетіндегі орналасу – бұл математикалық-географиялық орналасу.

Белгілі бір табиғи нысандардың оған айтарлықтай әсер ететін екінші бір нысанға қатысты орналасуы физикалық-географиялықорналасу деп аталады. Мысалы, аралдардың басым жел бағыттарына қатысты орналасуы – жел соғатын жағы және ық жағы.

Экономикалық-географиялықорналасу (ЭГО) – бұл нысандардың экономикаық және әлеуметтік кеңістіктегі бір-біріне қатысты орналасуы, сонымен қатар шекараға (мемлекеттік, әкімшілік немесе басқа да) қатысты орналасуы. Оған қоса ЭГО категорияларына зерттелінуші қоғамдық–географиялық нысандардың қызмет етуі мен дамуына әсер еткен, болашақта әсер етуі мүмкін   табиғи нысандарға (қатпайтын теңіз, кеме жүзетін өзен, пайдалы қазбалардың кен орны, орман алқабы, табиғи–ошақтық аурулардың таралу аймағы) қатысты орналасу да жатады. Мемлекетаралық және блокаралық қатынастардың белгілі бір кезеңіндегі жүйеде жинақталған саяси (мемлекеттік) шекараларға қатысты орналасудың ерекше маңыздылығы саяси–географиялық (геосаяси) орналасу (СГО) категориясын қолдану мұқтаждығын тудырады.

«Географиялық орналасу» ұғымы ХІХ ғасырда қолданылған, әсіресе СГО, оның мағынасы жалпы түрде және К. Маркс пен Ф. Энгельс, географтардың арасында Ф. Ратцел еңбектерінің нақты мысалдарында талданды. ЭГО категориясы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында КСРО-да И. Алкин тарапынан ұсынылды және одан кейін Н.Н. Баранский, И.М. Маергойз, т.с.с. авторлар толығырақ жасақтады. Ол рәсімдеусіз арнайы термин ретінде бұрынырақ қолданылмады. Сөйтіп, Н.П. Огановскийдің «КСРО экономикалық-географиясының танымал очерктері» (М.: Экон.жизнь, 1926) кітабында: «географиялық орналасу деп белгілі бір мемлекеттің әлемдік сауда жолдары өтетін теңіздер мен мұхиттарға, сонымен қатар үлкен пайда әкелетін сауда қатынастарын жүргізуге болатын мемлекеттерге таяу орналасуын айтады» (50 б.). Бұл анықтамада ЭГО тек жекелегенжағдайларды сипаттайды–нысан жағынан және мемлекетаралық экономикалық байланыстар жағынан.

Н.Н.Баранский ЭГО – бұл «белгілі бір орынның, ауданның немесе қаланың одан тыс жатқан экономикалық жағынан маңызды нысандарға қатысты орналасуы, яғни бұлар табиғи немесе тарихи тұрғыдан түзілген нысандар болуы да мүмкін». Экономикалық география үшін кез-келген елдің (немесе аудан, қала, зерттелінуші ареал) жолдарға,сауда орындарына, ірі орталықтарға (өнеркәсіптік, сауда, әкімшілік, мәдени) қатысты орналасуы өте маңызды.

Оның пайымдауынша, ЭГО «үлкен әдістемелік мәнге ие. Кез келген ареал – ел,  орналасқан орын – еңбектің географиялық бөлінісі жүйесінде айтарлықтай мөлшерде экономикалық-географиялық орналасумен анықталады». Тағы да бір Баранскийдің айтқан маңызды ойы ЭГО экономикалық-географиялық қатардың басқа да тұстары сияқты тарихи жағдайда қарастырылуы тиіс. Басқаша айтқанда экономикалық-географиялық орналасу математикалық және физикалық-географиялық орналасуға қарағанда тарихи категория болып табылады және ол әрқашан уақыт координаталарымен анықталады. Бұл белгілі бір тарихи жағдайлар өткен дәуір тұрғысынан қарастырылуы тиіс.

И.М.Маергойз еңбектерінде (70-ші жылдардың бірінші жартысы) ЭГО теориясының негізгі тұстарының терең қарастырылуы ерекше маңызға ие. Оның ойынша, «экономикалық-географиялық орналасу – нысанның экономикалық дамуы және мемлекет пен аудандар сияқты нысандардың, олардың құрылымдарының қалыптасуы үшін маңызды, күрделі генетикалық өзара байланысқан аумақтық қатынастарының жиынтығы. ЭГО ең басынан бастап динамикалық аумақтық-уақыттық қатынастар жүйесі ретінде түсініледі (бұл оны зерттеуді қиындатады). Осыдан ЭГО-ның өспелі динамикалылығы – өз бетінше бөлек ұғым, алайда мәдени-географиялық, саяси-географиялық, әскери-географиялық орналасуымен тығыз байланысты».

И.М.Маергойз бойынша, «заманауи ЭГО-да болашақтың көптеген белгілері қаланған, яғни «кешегі» жағдайдан нысан бүгінгі күні мұндай болған себебін табамыз. Сондықтан нысанның бүгінгі жағдайын зерттеу – бұл нысанның ертеңін болжауға, яғни сыртқы күштердің әсерінен нысанның дамуының бір құраушыларының болжамын жасауға мүмкіндік береді».

Ресми түрде географиялық орналасу дегеніміз – жер бетінің екі өлшемді кеңістігінде картада белгіленген нысандардың орналасуы. Физикалық географияда, кейде экономикалықта, үшінші өлшем де бағаланады – абсолюттік немесе салыстырмалы биіктік. Картада барлық нысандар нүктелік, сызықтық (масштабсыз шартты белгілермен) немесе аудандық (кескіндік, белгілі бір ареалда орналасқан) болып бейнеленеді. Шынында, нүктелік те, сызықтық та нысандар ұсақ масштабты картада (елді-мекен, көп сызықты автострада) орын алады, бірақ сәйкес масштабтағы зерттеулерде мұны елемеуге болады. Онда нысандардың көрсетілген категорияларының өзара орналасуларының келесідей түрлері болуы мүмкін:

А) екінші бір нүктемен салыстырғандағы нүкте: Мәскеу Санкт-Петербургпен салыстырғанда;

Б) сызықпен салыстырғандағы нүкте (кері қарай да): Еділдегі Саратов;

В) ареалмен салыстырғандағы нүкте – мемлекеттегі астана;

Г) сызықпен салыстырғандағы сызық: Ұлы Сібір магистралімен салыстырғандағы БАМ трассасы;

Д) ареал шегіндегі сызық: Солтүстік шығыс Сахадағы Яна өзені;

Е) басқа бір ареалмен салыстырғандағы ареал: Мордовия және Чувашия республикалары.

Орналасудың келесідей де түрлері болуы мүмкін:

  1. Сызықтағы немесе сызықтан тыс нүкте: Мәскеу - Санкт-Петербург теміржолындағы Тверь, одан тыс – Новгород;
  2. Ареал шегіндегі, оның шекарасындағы, одан тыс нүкте: тундра зонасындағы Нарьян-Мар, одан тыс – Кудымкар; Белоруссия мен Польша шекарасындағы Брест, басқа Брест – Атлант мұхитының француз жағалауында;
  3. бір-бірінен оқшауланып орналасқан сызықтар, яғни Печора және Солтүстік Двина, немесе Лена өзені мен БАМ сияқты қиылысады,
  4. ареалдың шегінде Сахадағы толық (Яна өзені сияқты) немесе жекелей (Лена өзені) сызықтар немесе ареалдан тыс (мысалы, Дудинка-Норильск темір жолы мемлекеттің теміржолдар торабымен ешбір байланысы жоқ);
  5. ареалдар өтпелі (Мордовия және Чувашия) немесе бір-бірінен алыс (Мордовия және Татарстан) орналасуы мүмкін.

Нысандардың өзара орналасуын анықтау үшінолардың арасындағы арақашықтық пен бағытты (солтүстікке, оңтүстік- шығысқа қарай) көрсету қажет.

Іріректегінің құрамындағы кішірек ареал нүктелерінің,сызықтарының орналасуын анықтау үшін келесі терминдерді қолданылады: орталық, тереңдік, перифериялық, шеткі, шекаралық орналасу. Бразилия астанасының орналасуы орталыққа таяу болғандықтан таңдалды, ондағы Риу Гранди қаласы (оңтүстікте) шекараға жақын; Форталеза қаласы (солтүстік шығыста) перифериялық, ал Манаус қаласы (Амазонияда) тереңдікте орналасқан. Кейбір аумақтар, тіпті мемлекеттер өз атауларында шетте орналасқандықтары туралы мәлімет береді – Украина, бұрынғы Югославиядағы Крайна.

Нысандардың ЭГО көлемдік есептеу үшін бірнеше тәсілдер бар: нысаннан оған әсер ететін немесе жанама әсер ететін мүмкін келесіге дейін арақашықтық өзгеріп отырады.

Ең қарапайым тәсіл – тұрғылықты жердегі немесе сәйкес масштабтағы картадағы «әуелік» (геодезиялық) арақашықтық сызық бойынша өлшеу. Бірақ көптеген жағдайларды нысандар арасындағы арақашықтық тік сызыққа жатпайтын жол бағыттарының трассалары бойынша жетеді. Яғни, шынайы арақашықтықтарды (теміржол бойының кесіндісінің ұзындығы) өлшеуге болады. Дәл сол және басқа да жағдайларда арақашықтық км-мен өлшенеді. Бірнеше жағдайларда арақашықтық қажетті нысанға дейінгі жолдан өту үшін қажет уақытпен өлшенеді. Әсіресе мұндай тәсіл қол жетімді (жарты сағаттық, сағаттық, екі сағаттық) аймақтағы орналасуды анықтау үшін қолданылады, мысалы, қала агломерациясының орталығынан темір жолға дейінгі. Бұл жағдайда қозғалыс жылдамдығы (электр поездардың) және қозғалыс интервалдарының маңызы бар. Сапардың нағыз уақыты сапардың толық уақыты мен сапарлар арасындағы интервалдардың (күту уақыты) ұзақтықтарының жартысынан құралады деп есептелінеді. Егер әр түрлі орындар әр түрлі жылдамдықпен қозғалатын поездар линиясымен қызмет  көрсетілсе, онда орталыққа жақын орын ұзақ уақытты алуы мүмкін. Тіпті бір линияда орналасқан орындарда орталықтан алыстайды.

«Уақыт – ақша», сондықтан уақыт өлшемі жиі экономикалық арақашықтық ретінде түсіндіріледі. Дәлірек айтсақ ол жүкті немесе жолаушы сапарын өткізгенде тарифтік құнмен өлшенеді.

«Топологиялық арақашықтық» анықтау тәсілі метр немесе минуттағы көрсеткіштерінің нақты болмауымен ерекшеленеді. Мысал ретінде –нысанға дейінгі арақашықтық кварталдар, қоғамдық көліктің аялдамаларының санымен бағаланады. Нысандардың орналасуы – мысалы, метрополитен, жекелеген қалалар станциялары қала бөлінісі жүйесінде – сызба немесе график көмегімен бейнеленеді. Нысандар – қалалар, станциялар – нүктелермен белгіленеді – бұл графтың биік нүктелері. Оларды «қабырғалар» қосады, олар биік нүктелер арасындағы байланыстың бар жоғын қарапайым түрде көрсетеді. Сызбадағы биік нүктелердің өзара орналасуы шынайыға жақын. Биік нүктелер арасындағы арақашықтық қабырғалар санымен есептелінеді – қысқа түрде. Мысалы, Мәскеуге дейінгі қашықтық - Еуропалық Ресейдің темір жол торабының графының орталығынан – Владимир, Ярославль, Тверь облыс орталықтарының биік нүктелеріне дейін бір қабырғаға тең, ал Вологда, Төменгі Новгородқа – екі: бұған картаға қарап көз жеткізуге болады.

Графтың көмегімен орталықтық, орналасудың тиімділігін көлемдік анықтауға болады, мысалы, қалалар жүйесінде – Батыс Сібірдің (темір жолда орналасқан) әкімшілік орталықтары. Арақашықтық бір орталықтан қалған барлық орталықтарға дейінгі Кениг санының (яғни, қабырғалар саны) қосындысымен есептелінеді. Нәтижелер матрицаға енгізіледі (1-кесте).

Кениг сандарының қосындысы неғұрлым аз болса, жүйедегі орынның орналасуы соғұрлым орталыққа жақынырақ, тиімдірек. Біздің жағдайымызда Новосибирскте бұл жақсы, ал Тюменьде онша емес. Ерекше басымдықтарға сызықтардағы транзиттік орналасу ие, олар арқылы ірі экономикалық нысандардың байланысы жүзеге асырылады. Транзиттік линиялардың қиылысқан жерлерінде жергілікті ресурстар болмаған жағдайдың өзінде өндірістің дамуы үшін жақсы жағдайлар туындайды. Ірі кеме жүзетін өзендер мен темір жол магистралдарының (Омск, Новосибирск, Барнаул, Красноярск, Еділ жағалауларының қалалары) қиылысында орналасу да өте тиімді.

 

1-кесте.

Топологиялық арақашықтықтардың матрицасы

Қала атауы

Кениг

сандары

қосындысы

Орталықтану деңгейі бойынша рангі

1 2 3 4 5 6

1

2

3

4

5

6

Тюмень

Омбы

Новосібір

Барнаул

Кемеров

Томск

   1 2 2 3 3

1   1 1 2 2

2 1    1 1 1

2 1 1    1 2

3 2 1 1    1

3 2 1 2 1    

11

7

6

7

8

9

Бесінші

Екі немесе үшінші

Бірінші

Екі немесе үшінші

Төртінші

Бесінші


 

Назар аудартатын тәсіл «көрші» орналасу. Мұнда бірінші кезектегі (тікелей), екінші кезектегі (көршінің көршісі),одан кейінгі қатарлы көршілерді бөліп қарастырады. Мысалы, Ресей Федерациясының шегінде Ленинград облысында біріншілік төрт көршісі бар (Карелия, Вологод, Новгород, Псков облыстары) және жеті-екіншілік (Мурманск, Архангельск, Киров, Кастрома, Ярославль, Тверь, Смолинск облыстары). Көршілер және олардың аумағына шығатын транспорттық жолдар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым орналасу тиімдірек. Көрші аудандардың экономикалық даму және мамандану деңгейінің маңызы бар. Дамыған көршілермен бірлестіктер құрып берік тұруға болады, бірақ бәсекелестік жағдайында олар әлсіз көршісінің кейбір салаларының дамуын басуы мүмкін, бұл кезде әлсіз көрші аграрлық – шикізат көзіне айналады. 

 

Экономикалық-географиялық орналасудың сандық әлеуеті

ЭГО сандық әлеуетін аудан үшін тұрғындар санының, аудандардың өнеркәсіптік өнімдер көлемінің – бірінші кезектегі көршілердің -  қосынды көрсеткішімен – басқа қатарлас аудандардың әлеуетімен салыстыру арқылы көрсетуге болады. Әлеует мәні неғұрлым көп болса, мүмкін болатын ұсынушылар мен тұтынушылар соғұрлым көп болады. Сөйтіп,Ленинград облысының Петербургпен бірге бірінші қатарлы көршілерінің тұрғындарының саны 3,25 млн адам, Мәскеу облысымен бірге – 10,25млн адам – үш есе көп (Мәскеу облысының ауданы айтарлықтай аз болса да). Бірінші кезектегі көршілердің әкімшілік орталықтарының орташа адам саны бірінші жағдайда 250мыңға жуық, екінші жағдайда – 450мыңға жуық.

6-сурет. Батыс Сібірдің әкімшілік орталықтары (теміржол графында орналасуы)

Петербург (Ленинград облысымен бірге) көршілерінің үлесіне Ресей өнеркәсіптік өнімінің барлығы 2,76% тиеді және негізгі ауыл шаруашылық өнімдерінің 1%-ы тиесілі, ал Мәскеу (Мәскеу облысымен бірге) көршілеріне - тән 5,2% және 5,5%.

Орталықтық орналасудың мәні зор, мұны зерттеуге танымал ғалымдар – Д.И.Менделеев, Б.Л.Вейнберг, В.П.Семенов - Тян-Шанский т.б. үлес қосты.

Бұл жағдайда Ресей империясы тұрғындарының шоғырланған орталығын (Демоорталық) анықтау жұмыстары қызық. Менделеевтің есептеуі бойынша, бұл орталық Козлов қаласында (Мичуринск) орналасқан. КСРО-да 1972 жылға қарай ол Саратов облысының Қазақстанмен шекарасына орын ауыстырды.

Әр түрлі қасиеттері бойынша орталық тұрғысынан салыстырғанда қызық нәтижелер алынуы мүмкін. Мысалы, Ресей Федерациясында, Н.А.Шумиловтың мәліметтері бойынша, аумақ орталығының координаталары 60°25’ с.е. және 97°30’ш.б., ал тұрғындардың қоныстану орталығы -55°30’ с.е. және 45°30’ ш.б. Екі орталықтың сәйкес келмеуі көзге түседі, бұл мемлекеттің дамуының қарама-қайшы жақтарын көрсетеді. Табиғи ресурстарға бай үлкен аумақтар еңбек ресурстары мен экономикалық өмір шоғырланған аудандардан шалғай орналасқан. Олардың арасындағы алып арақашықтықтардан жүріп өту жүктерді тасымалдауға өте көп мөлшерде шығындарды талап етеді, бұл мемлекеттің біртұтас экономикалық кеңістігіне қауіп төндіреді.

Информация о работе Экономикалық-географиялық орналасу жағдайы туралы ілім