Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 15:23, лекция
«Географиялық орналасу» барлық географиялық ғылымдар жүйесі үшін негізгі ұғым болып табылады. Географияның өзі жер бетінде салыстырмалы түрде бір-бірінен немесе белгілі бір координаталар жүйесінде нысандардың орналасуын анықтау және тіркеу әдістері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Одан әрі нысанның орналасуын анықтау тек оны (мысалы, теңізде жүзгеннде) тауып алуға ғана емес, сонымен қатар бұл нысанның кейбір қасиеттерін түсіндіруге және тіпті оның дамуын болжауға көмектесетінімен анықталды. Географиялық зерттеудің маңызды элементі нысандардың орналасуымен анықталатын кеңістіктегі орналасқан нысандар арасындағы байланысты белгілеу және талдаужасау болып табылады.
Нысанның ең нақты мекен-жайын беретін, географиялық координаталар (ендіктер мен бойлық градустары) жүйесінде анықталатын жер бетіндегі орналасу – бұл математикалық-географиялық орналасу.
Белгілі бір табиғи нысандардың оған айтарлықтай әсер ететін екінші бір нысанға қатысты орналасуы физикалық-географиялықорналасу деп аталады. Мысалы, аралдардың басым жел бағыттарына қатысты орналасуы – жел соғатын жағы және ық жағы.
Басқа есептеулер бойынша, қазіргі Ресей аумағының (Солтүстік Мұзды мұхиттағы аралдарды және Калининград облысын есепке ала отырып) орталығы Эвенкияның солтүстігіндегі Поляр шеңберінің маңында орналасқан.
Бұл нәтижелер центрографиялық әдіспен алынған. Оны ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Географиялық қоғам қабырғасындағы Центрографиялық лаборатория кеңінен қолданды.
Мысалы, Ресейдің демоорталығы сияқты осындай жаңа анықтау тәсілін ұсынуға болады. 5° сайын меридиандар арасында орналасқан аумақтарды әр қабаттағы тұрғандар санын көрсете отырып, шығыстан бастап есептей бастайық. Бұл қабаттың батыс шекарасы, яғни тұрғындар саны 75 млн адамға (Ресейдің тұрғындарының 50%-ы) жуық болатын және орта меридианға сәйкес болуы керек. Осындай жолмен (солтүстіктен бастап қабаттарды қоса отырып) орта параллельді табуға болады. Орта меридианмен оның қиылысы демоорталық болып табылады. Біздің есептеулер бойынша ол Мордовия мен Нижегород облысының шекараларының маңында орналасқан. Дәл осы тәсілмен Ресейдің өнерксібінің орналасу орталығын анықтауға болады (өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміне Ресей аймақтарының үлесін қоса отырып ). Өндіруші салалардың үлесі артқан сайын және өңдеуші өнеркәсіптің үлесі азайған сайын бұл орталық шығыс бағытта орын ауыстырады.
Біздің есептеулер бойынша, орта параллель Мәскеуден оңтүстікке қарай өтеді (55° с.е. шамамен), ал орта меридиан 48° ш.б., яғни Еділдің шығысына қарай. Соған сәйкес индустриализация орталығы демоорталықтан шығысқа қарай кішкене ығысқан.
Ең шалғай аумақтардың топологиялық орналасуын мемлекеттің әкімшілік – саяси бөлінісін есепке ала отырып анықтауға болады. Мемлекеттік шекаралар мен ашық теңіздерге кіретін әкімшілік аумақтық бөліністің (ӘАБ) барлық бірліктері бірінші –шекаралық – қабатты құрайды, мұндай шешімі жоқ олардың көршілері – екінші қабатты; ішінде ӘАБ бірліктері бар үшінші қабатты және т.б. құрайды.
АҚШ-тың 48штатының үштен екі бөлігі (32) Мичиган – «АҚШ-тың ішкі су қоймасынан» басқа бірінші қабатта орналасқан. Ал барлық қалғандары екінші қабатта орналасқан, үшеуі – ең шалғайлары – үшінші қабатта – Канзас, Миссури, Небраска – кез келген шекарадан екі штаттан кем емес арақашықтықта жатыр. Ресейдің 85 субъектісінің жартысынан көбісі (45) – бірінші қабатта, шекараға жақыны және теңізге жақындары 14 – үшінші қабатта. Иванов облысы мен Чувашия тіпті төртінші қабатта орналасқан, Нижегород облысының аумағымен бөлініп, екі оқшауланған шың түзген. Бұл «Ресейдің ең шалғай түпкірі». Дәл осы жерде Иванов облысы екі орталықтың арасында орналасқан – Мәскеу (бұрынғы КСРО-ның Еуропалық бөлігі) және Төменгі Новгород (Европалық Ресейдің орталығы болуға үміткер). Оған қоса, облыс аумағы Еділге шығады – Еуропалық Ресейдің «басты көшесіне».
Мемлекеттердегі астаналық қалалардың орналасу мәселесі қызықты сұрақ болып табылады. Мемлекеттің астанасы мемлекеттің геоорталығына таяу орналасқаны тиімді. Мысалы, орталықта орналасқан астаналар – Париж, Мадрид, Будапешт, Варшава, Минск, эксцентрлі – Мәскеу, Вашингтон, Ташкент. Көптеген мемлекеттер астанасының эксцентрлі орналасуына байланысты оны жаңа жерде салады (Бразилия, Нигерия, Танзания, Қазақстан). Айта кететін жайт, дәл осы себептерге байланысты 1918 жылы Кеңестік Ресейдің астанасы Петроградтан Мәскеуге көшірілді, ал Ұлы Отан соғысы жылдары оның қызметін Куйбышев (қазіргі Самара) қаласы атқарды. Астананың эксцентрлі орналасуы оның шеткі аумақтарымен байланысын нашарлатады, мемлекеттің орталық бөлігін шалғай шеткі нүктеге айналдырады, бұл әскери қақтығыстар жағдайында қауіпті.
Экономикалық – және саяси – географиялық орналасуды бағалаудың негізгі әдістері.
ЭГО түрлерінің мемлекет аумағында өзіндік басымдықтары мен кемшіліктері бар. Орталықта орналасудың басымдықтары өте жоғары (әсіресе, егер бір жерде геоорталық, демоорталық, теміржолдар жүйесінің орталығы орналасса). Түбінде орналасу қауіпсіз, алайда, сыртқы байланыстарды қиындатады. Перифериялық – мемлекеттің орталығымен және басқа да аудандарымен байланыста қиындық туғызады.
Шекарада орналасудың басымдықтары мен кемшіліктеріне ерекше тоқталып өткен жөн. Шекаралардың мәні соншалықты, тіпті ЭГО туралы ілім саласында өзіндік зерттеу бағыты – лимология (шекаратану) қалыптасқан. Шекаралар анық белгіленген болуы мүмкін – мемлекеттік, мемлекет ішіндегі ӘАБ бірліктерінің, жекелеген жер пайдаланушылардың шаруашылықтарының шекаралары – немесе бұлдыр, я көмескі (мысалы, қала агломерацияларынікі). Шекараның белгіленген жағдайының өзінде оған тиісті аумақтардың әр түрлі мәні бар. Шекара барьер ретінде қызмет етуі мүмкін. Барьерлік физикалық-географиялық қасиеттермен анықталады – ірі су аумағы немесе өтуге қиын тау қыратының болуы. Су аумақтары бойынша Ресей мен Қытайдың (Амур бойынша), АҚШ пен Мексиканың (Рио-Гранде-Дель-Норте бойынша), Франция мен Германияның (Рейн бойынша), Болгария мен Румынияның (Дунай бойынша), Украина мен Молдованың (Днестр бойынша) шекара учаскелері осындай. Қырғызстан мен Тәжікстанның Қытаймен шекаралары биік таулар арқылы, ал Үндістан мен Непалдың Қытаймен шекаралары Гималай жоталары арқылы бөлінген.
Шекараларға жақын аумақтар «маргиналды» деп аталады. Барьерлердің әлсіз немесе болмаған жағдайында мұндай орналасуы көбінесе тиімді болып келеді. Көптеген жағдайларда шекараның екі жағында орналасқан көршілер арасында тығыз байланыстар орнайды – Канада мен Мексиканың АҚШ-пен шекара учаскелері, КСРО тарағанға дейін Эстония қалалары Нарва және Валга мен көршілес Ивангород пен Валка арасындағы.
«Фронтир» - қозғалмалы шекара деп аталатын орналасудың өзіндік ерекшеліктері бар, мұнда күштірек аумақтық түзілім бірте- бірте әлсіздеу көршілердің аумағын игеру арқылы өз шекарасын кеңейтеді. Мысалы, орыстардың «жабайы далаға», Поволжьеге өтуі, американдық жаулаушылардың Атлант мұхиты жағалауынан батысқа қарай қозғалысы, Қытайлардың – Ұлы Қытай қорғанынан солтүстікке қарай жылжуы.
Мемлекеттің саяси-географиялық орналасуының маңызды ерекшелігі жинақтылығы, өз аумағынан үздіксіздігі болып табылады. Егер, мемлекет аумағының жекелеген бөліктері құрлық бойынша негізгі бөліктермен байланыспаған болса, оларды эксклав деп атайды. Әдетте бұл терминге аралдарды жатқызады. Эксклавпен байланыс теңіз жолымен және құрлық арқылы – басқа елдердің аумағы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер мемлекеттің аумағының бір бөлігі басқа мемлекеттің ішінде орналасса, онда оның тек құрлықтық шекаралары бар – анклавты орналасу туралы айтылады. Аляска - АҚШ-тың эксклавы, Шығыс Пруссия Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар арасында Германияның эксклавы. Кабинда ауданы (Конгодан солтүстікке қарай) – Анголаның эксклавы, бұрынғы Нахичеван АКСР аумағы анклав болып табылады, Әзірбайжанға қатысты эксклав. Аймақтың эксклавты орналасуы көбіне жергілікті халықтың сепаратисті алға ұмтылуларының туындауына әкеледі. Мысалы, Пакистанның оның оқшауланған шығыс бөлігі Бангладеш бөлек мемлекет болып бөлінді. Жалпы шекараның болмауынан Біріккен Араб Республикасының тағдыры ұзақ болмады (Египет пен Сирия).
Оқшауланғандық (тікелей мағынасында – аралдық орналасу) басқа мемлекеттер арасында тығызырақ байланысты бекітуде қатты қиындық туғызады, мысалы, Арменияның Ресеймен, бұл Ресей мен Белорусияның Кеңестік мемлекетіне Югославияның енуі үшін күрделі кедергі болды.
Дәл осы бағытта аумақтың шетте орналасуы да әсер етеді, тіпті тұрғындардың ұлттық құрамы бойынша біртекті болған жағдайдың өзінде де сепаратизмнің туындап сецессияға ұмтылу басталады. Мұндай ұмтылыстар полиэтникалық тұрғындар жағдайында одан әрі күшейеді (Югославиядағы Косово, Ресейдегі Чечня, өз- өзін мемлекет деп жариялаған Приднестровье Республикасы және бұрынғы КСРО құрамындағы Абхазия).
Мемлекеттер мен халықтардың тағдыры үшін географиялық орналасудың үлкен маңызын геосаясаттың жақтастары бөліп айтқан болатын. Сөйтіп, ағылшын географы Халфорд Маккиндер «Хартлендтің» - Ресей орналасқан Евразия материгінің ядросы – және оның шеттерінде орналасқан теңіздік мемлекеттердің – «Римлендтің» қарсы шығуы тарихи болады деп есептеді. Д.И.Менделеев Ресей аумағының байланыстырушы рөлі туралы: «жартылай Европада, жартылай Азияда орналасқан және орталықтың иеліктерімен шекаралас жатқан Ресейді тарих Еуропа мен Азияны достастыру, байланыстыру, біріктіру үшін белгілеген». Еуропа мен Азияның байланыс зонасындағы орыс аумақтарының географиялық орналасу сипатынан Ресейдің тарихи тағдырының ерекшеліктерін ХХ ғасырдың бірінші жартысының ғалымдары – «евразиялықтар» деп атауды шығарды.
Бұл ілімдерде көптеген дұрыс тарихи бақылаулар бар. Шынында, мемлекеттің геграфиялық орналасуы оның сыртқы экономикалық және әскери стратагиясына әсер етеді, алайда бұл жерде белгілі бір тәуелділікті байқамаймыз. Сөйтіп, ХХ ғасырдың екінші жартысында екі блоктың – Хартленд пен НАТО, СЕНТО, СЕАТО мүшелері болып табылатын теңіздік мемлекеттер арасында қақтығыс пайда болды. Дегенмен, тарихқа басқа да жағдайлар таныс, яғни, Батыс Еуропаның теңіздік мемлекеттері Хартлендпен наполеондық Франциямен (ХІХ ғасырдың басы), Германияға (ХХ ғасырдың басы мен ортасы) қарсы күрес үшін біріккен.
Экономикалық, сонымен қатар саяси дамудың көптеген ерекшеліктерін теңіздік орналасудың тиімділігімен, жағалаулық сызықтың бөлінгендігін түсіндіруге тырысты. Осылай, Батыс Еуропа елдерінің капиталистік дамуының себептерін түсіндірген. Алайда АҚШ орналасқан Солтүстік Американың бір бөлігі қатты бөлшектенген деуге болмайды, бірақ бұл мемлекетке әлемдегі жетекші экономикалық және саяси позицияларды қолға алуға ешқандай кедергі келтірмеді. ЭГО бағалағанда нысандардың мөлшерінің есебі қажет. Мемлекеттің аумағы үшін «субконтиненталды», «континенталды», «әлемдік» орналасулар терминдері қолданылады. Мемлекет ішіндегі нысандардың орналасуын сипаттағанда оның макро-, мезо-, микроорналасулары талданады.
ЭГО-ның бұл түрлері бір-біріне әсер етеді, бірақ белгілі бір нысандардың дамуында олардың көрініс табуы әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда мұның барлығы бірдей қолайлы болады. «Байланыстардың фокусында орналасқан, макро- және мезоорналасуы ерекше, ірі аумақтарды біріктіретін, шапшаң дамушы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ареалдардың орталығында орналасқан, әр түрлі зоналардың байланыс нүктелерінде, экономикалық әлеуеттер түсу орындарында, жаңа игерім аудандарының тірек түйіндерінде орналасқан қалалар ең үлкен өсу әлеуетіне ие».
Санкт-Петербург үшін, мысалы, макроорналасуы оның Ресей Федерациясының Европалық бөлігінің солтүстік батысында Финляндиямен шекаралас жерде, Балтық теңізінің Фин шығанағының жағасында орналасуы болып табылады; мезоорналасуы – Ленинград облысының шамамен орталығында, Нева өзенінің саласында орналасуы; микроорналасуы – Нева өзенінің оған тиісті аумақтардың аралдарында орналасуы. Осыған ұқсас етіп қалалық аумақтардың ішіндегі нысанның орналасу рангін оны бөлшектеу арқылы анықтауға болады. Қызыл алаң Мәскеудегі Кремль қабырғасының жанында (микроорналасу), қаланың орталығында – Бақшалық сақинаның шегінде орналасуы (мезоорналасу).
Жекелеген нысандар үшін микроорналасу маңызды болса, басқа біреулері үшін мезо- немесе макроорналасу маңызды. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы дифференциалды рентаның мөлшері микро- және мезоорналасуға өте сезімтал. Дәл осылай дүкеннің, қаладағы тұрмыстық қызмет көрсету пунктінің қоғамдық көліктердің аялдамаларына қатысты орналасу туралы айтуға болады. отын-энергетикалық, металлургиялық базаларды дамыту туралы сұрақты шешкенде макроорналасуды бағалау ең басты мәселе болып табылады.
ЭГО тарихи динамизмін атап өтуге болады. Сыртқы жағдайдың өзгерісі әсерінен нысан өз орнында қала береді, бірақ, ол жердің маңызы өзгереді. Геосаяси және экономикалық-географиялық орналасудың әлемдік дамуы барысында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. қазіргі таңдағы әлемде Сібірдің ресурстық-экспорттық маңызы ғана артып отырған жоқ, оның Евразияның әр түрлі макроаймақтары арасындағы көпір ретіндегі рөлі артуда (7-сурет).
ЭГО тағы да бір қасиеті –әлеуеттік сипаты. Оның тиімділігі барлық жағдайларда жүзеге аспайды. Біз бұғаздар (Қара теңіз, Дат, Гибралтар, Ла-Манш) арқылы өтетін теңіз жолдарында орналасудың қолайлылығын білеміз, бірақ олар экономикалық қуатты аймақтарды байланыстыруы тиіс.
Барлығын орналасудың бас ымдықтарымен түсіндіре алмаймыз. Көбіне пайда болған нысан өз-өзіне орналасу жағдайын орнатады. Мысалы, Мәскеудің астанаға айналуы тарихи кездейсоқтық болуы мүмкін. Алайда Мәскеу астана болып өзіндік ЭГО қалыптастырды. Қала өзіне көрші экономикалық орталықтардың жолдарын тартады, ол көршілердің дамуына әсер етеді.
7-сурет. Сібірдің геосаяси
және экономикалық-
1 – төменгі Ангармаңы аумағы; 2 – Транссібір және маңызды меридианалды учаскелер; 3 – Орта Сібір; 4 – Оңтүстік Сібір; 5 – БАМ; 6 – Солтүстік Сібір; 7 - Солтүстік-теңіздік жол; 8 – магистралдық авиажолдар; 9 – Ресейдің маңызды порттары.
Экономикалық-географиялық орналасудың маңызды компоненттері
ЭГО өзара байланысқан компоненттерден тұратын күрделі жүйе. Егер ЭГО-ның құрылымын берілген нысанның қоғамдық өндіріс элементіне қатысты орналасуы тұрғысынан қарағанда, онда келесі компоненттерді атап өтуге болады (8-сурет):
Информация о работе Экономикалық-географиялық орналасу жағдайы туралы ілім