Қалба жотасының физикалық географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан – жақты дамыған, білімді, сауатты, өмір сүруге бейім, белсенді, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Мұғалім қоршаған ортаның және заман талабына сай, өзінің көзқарас – пікірін өзгертіп жаңартып отыруы тиіс.
Қалба жотасы Алтай тауының оңтүстік батыс жалғасы болып табылады.
ХІХ ғасырдың І жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде «Центральная Азия» деген көлемді еңбегін шығарды.

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЛБА ЖОТАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЛАНДШАФТАРЫНЫҢ АНАЛИЗІ.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Жұмыстың  өзектілігі: Бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан – жақты дамыған, білімді, сауатты, өмір сүруге бейім, белсенді, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Мұғалім қоршаған ортаның және заман талабына сай, өзінің көзқарас – пікірін өзгертіп жаңартып отыруы тиіс.

Қалба жотасы Алтай  тауының оңтүстік батыс жалғасы  болып табылады.

ХІХ ғасырдың І  жартысында қазіргі Қазақстан аумағын  зерттеуші экспедициялардың саны артты. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде «Центральная Азия» деген көлемді еңбегін шығарды.

Академик В.А. Обручев 1905 жылғы Орта Азияға саяхаты кезінде Семей облысын солтүстігінен батысына, оңтүстігінен шығысына дейін өтіп Тарбағатай сілемдерін, Маңырақ қыраттарын, Зайсан ойпатын, Қара Ертіс жағалауын зерттеді. Зайсанда болды. Ол, әсіресе, Қалба тауларының геологиялық және географиялық құрылысына ерекше назар аударды. Алғашқы жыл өткен соң ғалым бұл жерге екінші рет экспедиция жасады[20].

Қалба кеніштері  қола дәуіріндегі қалайы кентасын өндіретін  ежелгі кен орындары. Жер қойнауында алтын, күміс, полиметалл кендерімен бірге тантал, вольфрам, қалайы сирек металды кендері өндіріледі.

Жұмыстың  мақсаты: Қалба жотасына физикалық – географиялық сипаттама беру: орналасуын, климатын, пайдалы қазбаларын, ішкі суларын қарастыру. Табиғи ландшафтары, геоэкологиялық жағдайын қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

  1. Қалба жотасының физика- географиялық жағдайын сипаттау;
  2. Геоэкологиялық жағдайын қарастыру;
  3. Қалба жотасынына байланысты «Алтай» тақырыбын 8- сынып курсы бойынша оқытудың сабақ жоспар құру;

Жұмыстың практикалық маңызы: «Алтай» тақырыбы бойынша  8 –сыныпта Қазақстанның  физикалық географиясы курсы бойынша оқытудың сабақ жоспарын құру.

Курстық жұмыстың ақпараттық негізі болып ғылыми – практикалық журналдар, оқу әдебиеттері, энциклопедиялар табылады.

Жұмыстың құрылымы – кіріспе, үш бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Ғылыми  жаңалығы – Қалба жотасы кірістірілетін «Алтай» тақырыбы бойынша сабақ әдістемесі дайындалды.

 

 

 

 

 

I Қалба жотасының  физикалық географиялық сипаттамасы

 

    1. Географиялық орны

 

Қалба жотасы (1-сурет) Алтай тау жүйесінің оңтүстік - батысында орналасқан. Алтайдан оны Ертіс өзеннің аңғары, батыс бөлігін Сарыарқадан Шар және Көкпекті өзендерінің аңғары бөліп жатыр. Ең биік нүктесі – Сарышоқы (1558м).

Әкімшілік тұрғысынан Шығыс Қазақстан облысының Жарма (батысы), Ұлан және Көкпекті аудандарының жерін қамтыған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 км-ге созылып жатыр, енді жері 120 км-ге жуық (орта тұсында). Солтүстік-батысы мен батысының жер бедері аласа таулық сипатта, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысы орта биіктік таулы шоқылықты құрайды. Аласа таулық солтүстік-батысы мен батысы Асқаралы (731 м), Қойсары (771 м), Айыртау (1003 м) (2-сурет), Шұбаршоқы (974 м), Қаратақыр (758 м), Бала Құсмұрын (1035 м), Обалы (719 м) тәрізді жеке таулардан тұрады. Солтүстік-шығысы мен шығысы Талды (1574 м), Жаңаасу (1421 м), Қаражал (1144 м), Сарышоқы (1598 м, Қалба жотасының ең биік жері), Кальчуга (1377 м), Суықшоқы (1380 м), т.б. шоқылы таулар мен шағын жоталардан тұрады[1].

Оңтүстік шығысқа  бағытталған жотаның орталық  бөлігінің көптеген жұмыр шоқтықтары мен тармақтарында «Қайыңды»  бор алқабы жайқалады. Қалба шағын болғанымен де, «рельеф ғажайыптарына» бай. Ұшқыр биігі мен қиялы етегі, бірін – бірі қайталап, аңғарлармен ұштасып, көкжиекке дейін созылады.

Қалба жотасы батысқа  қарай төмендеп Сарыарқаға жалғасады[20].

Асқаралы – Қалба жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 731 м. Беткейі тік жарлы келген. Шығыс баурайының қара топырағында бетеге, боз, ақселеу мен бұталы өсімдіктер өседі.

Айыртау – Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд-ндағы тау. Абс. биікт. 1003 м. Оңтүстік - батыстан солтүстік - шығысқа созылып жатқан таудың ұзындығы 8 км, енді жері 4 км. Палеозой жыныстарынан түзілген таудың беткейлері тік жартасты келген. Бөктерінен Ұлан және Дресвянка өзендерінің салалары бастау алады. Батысында аумағы шағын келген Айыр көлі жатыр. Беткейінің қызғылт қоңыр, қара топырағында астық тұқымдас шөптесіндер, қарағай, терек аралас орман өседі.

Кальчуга - Қалба жотасының шығыс бөлігіндегі тау. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1377 м. Күрделі пішінді таудың ұзындығы 11 км, енді жері 9 км. Жер қыртысы палеозой жыныстарынан түзілген. Беткейлері тіктеу, жартасты және қатты тілімденген. Шатқалдарынан Лайлы, Жуандық, Көпірлі, Қайыңды өзендері бастау алады. Кальчуганың солтүстігінде 10 км жерде Қайыңдышоқ атты орман алқабы жатыр[1].

Алтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.

Алтайдың өзіне  тән орографиялық ерекшеліктері  бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары  жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген  жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік  Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы - Ақтау (Мұзтау) (4056 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді (мыс., Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т.б.). Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына үзын, кейде кең дала деп аталатын тектоник. тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.

Мұзтау - Алтай  тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берель, Меңсу, т.б. мұздықтары бар, бүлардан Қатынсу өзені бастау алады [14].

 

    1. Зерттелу  тарихы

 

Петербург Ғылым  академиясының мүшесі Петр Симон Паллас (1768 – 1774 жылдары) басқарған экспедиция Шығыс Қазақстан өлкесінің жалпы жаратылысын, табиғатын, өсімдіктері мен жануарларын, тау кендерін, ауыл шаруашылығын, халықтардың әдет – ғұрпын, салт – саналарын зерттеді. 1771-1772 жылдары П.С. Паллас Ертіс бойында – Семейде, Алтайда болып,Ертістік шабындығын, балығын тұз шығаратын көлдеріне дейін қалдырмай нақтылы зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

1869 жылы Евгений  Петрович Михаэлис Семей қаласында  тұруға мүмкіндік алады. Семейде  тұрған кезеңінде қаланың мәдени  өміріне, өлкенің табиғат жағдайы  мен шаруашылығына зор үлес  қосты.

Михаэлис еңбегінің  бірі – Алтай мұздықтарын зерттеуі болып табылады. Ол тұңғыш рет бұрынғы мұздану қабатының шекарасын анықтады. Обручевпен бірлесе отырып Семей аймағындағы дюналық құмдарды, Қалба жотасындағы алтын орындарын дәл анықтап берді.

Сапожников Василий Васильевич Атайға төрт рет экспедицияға шыға отырып (1865-1905ж), Алтайдың флорасы мен фаунасынан өте бай колекция үлгілерін жинақтады. Сапожников Батыс Монғолия мен Қара Ертіс бастауын зерттеген болатын.

Дмитрий Гордеевич  Понкратьев көп жылдар бойы Алтай  жерінде ара өсірумен шұғылданды және мичурин ісін жалғастырып, осы кезге дейін сақталған «Понкратьев бағын» өсірді. Осындай ботаникалық бақты Петр Александрович Ермаков та ұйымдастырған.

Академик Владимир Афанасьевич Обручев 1905 жылғы Орта Азияға саяхаты кезінде Семей облысын солтүстігінен батысына, оңтүстігінен шығысына дейін өтіп Тарбағатай сілемдерін, Маңырақ қыраттарын, Зайсан ойпатын, Қара Ертіс жағалауын зерттеді. Зайсанда болды.Ол, әсіресе, Қалба тауларының геологиялық және географиялық құрылысына ерекше назар аударды. Алғашқы жыл өткен соң ғалым бұл жерге екінші рет экспедиция жасады.

Ғалым 1911 жылы Өскеменде  болып, күнделігіне ол туралы "Орталық  алаңда бірнеше тастан салынған үйлері бар үлкен село. Қалада қонақ үйлер  болмағандықтан біз көмір іздеумен және оның жиналуын күтумен бірнеше бөлмелі, жиһаздары жоқ бос үйге екі күн тоқтадық", - деп жазды...

Ол Өскеменде  өзіне Қалба таулары туралы деректер берген саяси жер аударылған Е.П.Михаэлиспен танысты.

В.А.Обручев  жаз бойы өз баласы Сергеймен, тау-кен  инженері Павловпен бірге Қалба  тауларын геологиялық зерттеумен шұғылданып, бірқатар алтын қазатын рудниктерде  болды. Ақжал поселкесі ауданында  тау жыныстарының 300-ден аса түрлерін жинап, топографиялық және геологиялық карталар жасады[20].

 

    1. Геологиялық құрылымы

 

Палеозойдың Оба – Зайсан қатпарлы облысына жататын Қалба жотасының Зайсан қатпарлы жүйесі Зайсан көлінің батыс жағалауынан бастап Ертіс өзеннің сол жағалауымен Семей қаласына дейін созылып жатыр. Қатпарлы жүйе батыста Сарыарқа каледонидтерінің, шығысында Ертіс жарылымының арасынан орын алған. Жарма (Оңтүстік Қалба), Қалба – Нарын синклинорийінен құралған геосинклинальдық кешен ультранегізді массивтермен ұштасқан жоғарғы ордовиктің порфирит формациясынан, силур мен девон жыныстарынан, бұлардың бетіндегі төменгі және ортаңғы тас көмірдің терригендік, теңіздік жыныстарынан түзілген. Жарма (Оңтүстік Қалба) жыныстарының басым бөлігі силурдың соңынан ортаңғы триасқа дейінгі эффузивтерден құралған.

 Тектоникалық тұрғысынан мұнда күмбезді-жақпартасты көтерілімдер плейстоцен - неоген кезеңдерінде болды. Кейбір блоктар 2000 – 2500 м тереңдікте жатыр. Сейсмикалық тұрғысынан аймақтың Зайсан көліне қарайтын оңтүстік-шығыс бөлігі магнитудасы 6 – 7 балдық белдемде орналасқан[1].

Қалба ауданы орта палеозой түзілістерінің кең таралуымен ерекшеленеді. Шөгінді жыныстардың  ішінде девон және карбон (палеозой эрасындағы) дәуірлерінде пайда болған сазды тақтатастар, құмтастар, әктас  және вулкан әрекетінен пайда болған граниттер мен туфтар маңызды роль атқарады. Әсіресе пермьдегі сазды тақтатас, құмтас, әктас пен конгломерат айрықша көзге түседі[20].

Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Монғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартау текті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан дан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка аудандары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бүл құрылымдық процесс орталық Алтайда ордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоник. козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары[11].

 

    1. Пайдалы қазбалары

 

Кен байлықтары негізінен тас көмір-пермь жүйесінің сиал блогында шоғырланған. Жер қойнауында алтын, күміс, полиметалл кендерімен бірге тантал, вольфрам, қалайы сирек металды кендері өндіріледі.

Қалба кеніштері  қола дәуіріндегі қалайы кентасын өндіретін  ежелгі кен орындары. Кеніштер Ертіс  өзенінің жоғарғы ағысында (Батыс Алтай айағында) орналасқан. Құрамында қалайы кентасының негізгі минералы-касситеритті желілі кенінің  30 жуық орны бар. Кен орындары Қалба және Нарын жоталарында, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 300км созылып жатыр. Тау қазындыларының пішіні-саңылау (үңгір) тәрізді, ең ұзын саңылау 400м жуық (Чуд кен орны), ең тереңі 70м жетед70м жетеді (Қырықшұрық кен орны), орташа тереңдігі 2-10м. Бұл аймақта кен өндіру жұмыстары б.з.б. 1-2 мыңжылдықтың екінші жартысында жүргізілген. Бастапқыда жер бетінің жоғарғы қабатын «шашудан» тұрды. Оған әртүрлі құрал саймандарды (тас балға, қола, қайла, жануарлардың мүйізінен жасалған құралдар т.б.) пайдаланған. Кейінен кеніш жұмыстарына шағын ағаш беткітпелер мен кентіректрді (Ұрымқай кенінде, тереңдігі 28 м) пайдаланды. Баған бойынша Қалба кенішеріндегі барлық кен орындарынан 130 тоннаға жуық касситеритті қалайы өндірілген. Кен орындары Қазақстан және т.б. көршілес аудандарда соңғы қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қалайы өндірудегі маңызды көзі болып саналған[1].

Информация о работе Қалба жотасының физикалық географиялық сипаттамасы