Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан – жақты дамыған, білімді, сауатты, өмір сүруге бейім, белсенді, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Мұғалім қоршаған ортаның және заман талабына сай, өзінің көзқарас – пікірін өзгертіп жаңартып отыруы тиіс.
Қалба жотасы Алтай тауының оңтүстік батыс жалғасы болып табылады.
ХІХ ғасырдың І жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде «Центральная Азия» деген көлемді еңбегін шығарды.
1.Орал тауының биік нүктесі
2.Тауды екіге бөліп жатқан ойыс
3.Орал тауының оңтүстік бөлігі
4.Таудағы өзен
5.Таудағы кен орыны
6.Биік нүктелерінің бірі
7.Өсімдіктің аты
8.Орал тауынан бастау алатын өзен
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
1.Тау қай қаланың тұсынан басталады?
2.Орал тауының қай бөлігі кіреді?
3.Мұжалжар тауының ұзындығы мен ені?
4.Таудың қойнауындағы пайдалы қазбалар?
5.Климаты қандай, жылдық жауын-шашын мөлшері?
6.Қандай өсімдіктер мен жануарлар кездеседі?
III.Жаңа сабақ
Сабақ экскурсия – сабақ түрінде өткізіледі. Тақырып тауға байланысты болғандықтан тау белдемдеріне саяхат жасалынады.
Табиғат белдемдері презентация және сурет арқылы көрсетіледі.
Алтай тауы - Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.
Оңтүстік Алтай - солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр. Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы Мұзтау (4506 м) . Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қара мен мұздықтар басқан үшкір шыңды бөліп келеді.
Батыс және Кенді Алтай - Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді. Олардың бастылары: Листвяга, Холзун, Көксу және олардың тармақталған Үбі, Иванов, Үлбі жоталары. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған.Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.
Қалба жотасы - Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400-км созылған жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері Сарышоқы шыңы(1606 м). Батысында жота бірте - бірте аласарып,Сарыарқаға ұласып кетті[13].
Қалба жотасының ландшафтық зоналарына саяхат жасау барысында келесі зонаға өту үшін ребустар беріледі.
Солтүстік беткейде орта таулы орманды - шалғынды дала зонасына өту үшін:
,,,,
Оңтүстік беткейде орта таулы далалы зонаға өту үшін:
,,,, ,,
Ы
Пайдалы қазбалары: Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс пен сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек кездесетін металл бар.
Климаты: Климаты қоңыржай континентті. Шілденің орташа t° +19+22°C, ал 1000 метр биіктікте +16+14°C, 2500-2700 метр биіктікте +7+5°С. Қыс айларындағы орташа t° -15°C кей қазаншұңқұрларда -40°С дейін жетеді.
Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм. Тау ішінде 1000-1500 мм дейін жетеді.
Өзендері мен көлдері: Алтайдың ең басты өзені – Ертіс. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма,Үлбі т.б өзендер құяды.
Алтай көлге бай.Бұқтырма, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл. Ең үлкені Жайсан (ауданы 5510км²).
Алтай тауында 328 мұздық бар.Жалпы ауданы 89,6 км².
Өсімдіктері мен жануарлары: Орман алқаптарында: май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын. Жануарлары: аю, қабан, бұғы,таутеке, қар барысы мекендейді[14].
IV. Оқушылар білімін бекіту
Географиялық диктант
1. Алтай ........ ойпатының басталып, ........... көліне дейінгі аралықты алып жатыр.Оның оңтүстігін ............... өзені мен .......... көлі, батысы ..........жотасы.
2. Жер бедерінің ерекшелігіне қарай .............. Алтай ....... ауданға бөлінеді.Олар - ..........., ............... және ................
3.Алтайдың қазақстандық бөлігінінің климаты.......................
4 .Алтай өлкесі аңға бай.Орманда .................... өсіретін шаруашылықтары бар.Шығыс қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын қорғау мақсатында .............. жылы .................. қорығы ұйымдастырылды.
5.......................... - Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен ........... биіктікте орналасқан.
Сөзжұмбақ «Алтай»:
А |
|||||
Л |
|||||
Т |
|||||
А |
|||||
Й |
1.Алтайдағы жота
2.Ертіс өзенінің солтүстігіндегі жота
3.Алтайдағы басты өзен
4.Жоталардың бірі
5.Алтайдағы көл
V. Үйге тапсырма:
1. Кескін картаға Алтайдың тау жоталарының орналасуын және пайдалы қазбаларын түсіндер.
2. Алтайдың биіктік белдеулерін көрсететін сызба бойынша белдеулерін орналасу себептерін талдаңдар.
VI. Қорытынды: Оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағаланады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктері айтылады.
Қорытынды
Жұмыстың алдына қойылған міндеттер орындалды:
Қалба жотасы Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай созылған жалғасы болып есептеледі.Жотаны Алтайдан Ертіс өзеннің аңғары, батыс бөлігін Сарыарқадан Шар және Көкпекті өзендерінің аңғары бөліп жатыр. Ең биік нүктесі – Сарышоқы (1558м).
Қалба ауданы орта палеозой түзілістерінің кең таралуымен ерекшеленеді. Шөгінді жыныстардың ішінде девон және карбон (палеозой эрасындағы) дәуірлерінде пайда болған сазды тақтатастар, құмтастар, әктас және вулкан әрекетінен пайда болған граниттер мен туфтар маңызды роль атқарады. Әсіресе пермьдегі сазды тақтатас, құмтас, әктас пен конгломерат айрықша көзге түседі[20].
Табиғи – антропогендік ландшафтардағы экологиялық жағдай көптеген факторларға байланысты: табиғи жағдайлар мен геожүйенің техногенезге төтеп бере алу дәрежесіне, антропогенездің сипаты мен қарқындылығына, тұрғындардың әсеріне (соның ішінде халық тығыздығына да), техногенездің бой көрсетуіне және басқалар.
Қалба ауданы экологиялық тұрақсыздық көрсеткіші бойынша қолайлы аймаққа жатады. Экологиялық тұрақсыздықтың қолайлы деңгейіндегі аймақтар геожүйелерде антропогенезбен байланысты кері экологиялық өзгерістердің мүлдем болмауымен, болған жағдайдың өзінде әлсіз байқалуымен сипатталады. Геожүйелер құрылымындағы шағын өзгерістер негізінен экстремалды табиғат жағдайларымен байланысты[21].
3.Қалба жотасынына байланысты «Алтай» тақырыбын Қазақстанның физикалық география курсы бойынша оқытудың сабақ жоспар құрылды.
Жаңа технологияны пайдаланып, жоғарыда аталған талаптарды жүзеге асыруға болатындығына көз жеткізу мақсатында сабақ жоспары ұсынылды.
Пайдаланылған әдебиетер тізімі
Информация о работе Қалба жотасының физикалық географиялық сипаттамасы