Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 22:34, курсовая работа
Ұлы көлдер біздің жер шарымызыдың тағы бір таңғажайыптарының біріне жатады. Шынында да, бұл көлдер өзіндік табиғатымен ерекше. Бұл су алабы басқа көлдерден өзінің жағалық сызық конфигурациясы, ауданымен, су көлемімен ерекшеленетін жеке гидрографиялық қауымдастыққа жатады. Ұлы көлдер Атлант мұхнан 500 км жерде орналасқан. Гудзонов шығанағынан 700 км жер. Сонымен Ұлы көлдер Әулие Лаврентия өзен бассейнінің жоғарғы және төменгі бөлігінде орналасқан Солтүстік Америка континентінің ең үлкен көл жүйесі. Ұлы көлдер Солтүстік Американың шығыс аудандарының кеме жолдарының бірі.
Ұлы көлдер — Сотүстік Американың шығысындағы Әулие Лаврентия өзені алабындағы ірі көлдер тобы. Жоғарғы көлі, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио көлдері кіреді.
Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су. Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ . Ал дүние жүзі бойынша тұщы су қорының 18 пайызы осы Ұлы көлдер аймағында шоғырланған. Қазіргі таңда бұл көлдің суын 36 миллионға жуық адам пайдалану үстінде (8.5 миллион адам Канада тұрғыны, 27.5 миллион адам Америка тұрғыны). Сонымен қатар адам көп шоғырланғандықтан өндірістік өнеркәсіптің даму қарқыны жоғары. Ал бұл көлдің экологиялық жағдайын төмендетуге үлкен ықпалын тигіздіріп келеді. Қазіргі таңда бұл аймақта полихлорирланған бифенилдер (ПХБ) мен хлорорганикалық пестицидтер, ДДТ(дихлордифенилтрихлорэтан) және тағы басқа улы химиялық заттырдың көптеп таралуы байқалуда.
Бұл курстық жұмыста Ұлы көлдерге жалпы сипаттама беріліп, Ұлы көлдердің экологиясы және мәселелері жайлы сөз қозғалады, сонымен қатар оны шешу жолдары ұсынылған.
Бірнеше ластаушы көзі бар бастапқы ластану.
Бастапқы ластануға қарағанда,
бұл ластануда қандай өндіріс
орны кінәлі екенін табу қиынға соғады.
Себебі, мұндай ластануға бірден бірнеше
ластауыш көзі бар ластануды айтамыз.
Сарапшы, ғалымдар мен экологтардың
болжамы бойынша бұл ластану
Ұлы көлдердің экологиялық
Атмосфералық ластану
Атмосфералық ластану
немесе оны басқаша ауалық ауысымы
деп атайды, бұл да ластаушы бірнеше
көзі бар ластану түрі болып табылады.
Алдыңғы ластану түрінен
Зардаптары:
Экожүйенің бұзылуы;
Кейбiр дереккөздер бойынша,
Ұлы Көлден ұсталған балықтарды ұзақ
пайдаланған адамдарда
Ұлы Көлдердiң ауданындағы шоғырланған сынап және кейбір пестицидтер деңгейінен асып түсіп жабайы аңдарға зиянды әсер тигізді. Балықпен қоректенетін құстардың жұмыртқаларында улы қосулардың концентрациясы жоғары[11].
Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.
Мұнан басқа ірі өндіріс
орындарының өндірісте
Дистильденген су — айдау
арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша
жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген
су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек
өндірісінде және автокөліктердің
аккумуляторларына
Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.
Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды.
Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады.
Әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар.
Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген.
Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады[13].
Ұлы көлдер экологиясының ластануы ұлғаюының катастрофалық процестерi жəне осы негативтi əсерлердi жоюға жұмсалып жатқан шығындарға байланысты қазiргi заманғы өнеркəсiптегi технологиялық процестердi комплекстi экологиялық жəне экономикалық жағынан бағалаудың қажеттiгi туындап отыр.
Технологиялық процестердiң
экологиялық тиiмдiлiгiн
Соңғы кездері аэробты және анаэробты микроағзалар арқылы сарқынды суларды биологиялық тазарту көптеген ғалымдардың жұмыстарында жарық көруде, бұл да қызығушылық тудырады. Осыған осы аймақта мұндай тазарту жолдарын ұсынғым келеді.
Органикалық заттарды аэробты және
анаэробты микроағзалар арқылы деградациялау
жинақталған реакция
Анаэробты деградация кезінде глюкозалар 8 % энергияны биомассаның өсуіне, 3%-ы жылу жоғалуына ал қалған 89 % метанға жұмсалады. Сонымен анаэробты микроағзалар баяу өседі және жоғары мөлшерлі субстратты қажет етеді.
Енді осы аэробты және анаэробты процестердің болу жағдайларын сұлба түрінде қарстырайық.
1. Аэробты процесс:
С6Н12О6 +6О2--> 6СО2 +6Н2О + микробты биомасса + жылу;
2.Анаэробты процесс:
С6Н12О6--> 3СН4 + 3СО2 + микробты биомасса + жылу
Аэробты микроқұрам белсенді тұнбада қалыптасып, әр түрлі микроағзалардан тұрады. Олар бір-бірімен байланыссыз органикалық заттарды тотықтырады.
Соңғы жылдары жаңа микроскоп көмегімен
бірнеше түрлі бактериялар
Аэробты микроағзалар арқылы өтетін процесті нитрификация процесі және анаэробты микроағзалар арқылы өтетін процесті денитрификация процесі деп аталатынын ескерсек, онда нитрификация және денитрификация процестерінің өту қарқындылығына мына факторлар әсер етеді: рН, температура, ерітілген оттегінің мөлшері, аммонийлы азот мөлшері, белсенді тұнба мөлшері, нитраттар және нитриттер мөлшері, белсенді тұнба жасы, т.б.
Сонымен биологиялық тазарту процесінің теориялық негізіне сүйенсек, төменгі мөлшерлі ластанған сарқынды суларды биологиялық тазарту үшін нитрификация және денитрификация процестері бірге өтетін ғимараттарды дамытудың маңызы зор. Ал анаэробты микроағзалар арқылы болатын денитрификация процесін қалыптастыру үшін әр түрлі конструцияларда жүктеме түрлерін жетілдіру қажет. Ұлы көлдер аймағына мұндай биологиялық тазарту түрін де ұсына аламыз[15].
Ұлы көлдердің суларын тазарту мақсатында тағы бір тазарту жолы – бұл қалдықсыз өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстарды неғұрлым тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қабылдау үшiн қажет.
Территориялық-өндiрiстiк
комплекстер iшiндегi энергия мен
заттар ағынына талдау нəтижесi, əрбiр
келесi кезеңде алынатын өнiмнiң массасы,
алдыңғы кезеңдегi өнiмнiң массасынан
түрлi: қатты, газ, сұйық күйдегi қалатын
қалдық мөлшерiне аз болатынын көрсеттi.
Ал бұл қалдықтардың өзiн де белгiлi
мақсатта пайдалануға болады. Өндiрiстi
интенсивтендiруге байланысты қалдықтар
мен қосымша өнiмдердi өндiрiсте
қайтадан пайдалануға мүмкiндiк беретiн
жаңа экологиялық таза технологиялар
пайда болды. Қалдықтардың түзiлуiн
азайта отырып, өндiрiстiң рентабельдiгiн,
ресурстарды пайдалану
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiнiң мəнi жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы Ұлы көлдер экологиясының ластануына жол бермеу. Практика жүзiнде қалдықсыз өнiм өндiрудi жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнiм өндiруге технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың тиiмдiлiгiн арттыру, рекуперацияны пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялық процестердi анағұрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмастыру, т.б. арқылы жетуге болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiн енгiзуден бiз не күте аламыз? Практика көрсеткендей, олар: Ұлы көлге келетiн шығындытөмендету, шикiзат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу, шикiзат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығындыазайту, т.с.с.
Қалдықсыз өнiм шығару технологиясының ең жақсы мысалы хромдау гальваникалық цехының қазiргi заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сiңiрiлiп, хромдау ваннасына қайтып келедi, ал тазартылған технологиялық сухромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндай мысалдарды көптеп кездестiруге болады.
Сонымен, қалдықсыз өнiм өндiрiстерi болашақта өнеркəсiптiң Ұлы көлге зиянды əсерiн түгелдей жою, табиғи ресурстарды өндiру, қайта өңдеу жəне пайдалану, өнiм өндiру кезiндегi келтiрiлетiн шығындарды толығымен жою проблемаларын шешедi деп ойлаймыз[14].
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыдағы аталған курстық
жұмыстың мақсатын ескере отырып, Ұлы
көлдердің экологиялық
Атап кеткендей, Ұлы көлдер бассейні – Жер бетіндегі ең ірі су жинау алабы, дүние жүзі тұщы суларының 18 пайызы осында орналасқан. Ұлы көлдер — Солтүстік Американың шығысындағы Әулие Лаврентия өзені алабындағы ірі көлдер жүйесі болып келеді. Құрамына Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио көлдері кіреді. Көлдер екі үлкен державалы мемлекеттің, яғни АҚШ пен Канада жерінде орналасқан.
Қазіргі таңда мұнда екі
мемлекеттің ең ірі өндірістік өнеркәсіптер
торабы шоғырланғандықтан, бұл аймақтың
экологиялық ахуалын