Ұлы көлдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Ұлы көлдер біздің жер шарымызыдың тағы бір таңғажайыптарының біріне жатады. Шынында да, бұл көлдер өзіндік табиғатымен ерекше. Бұл су алабы басқа көлдерден өзінің жағалық сызық конфигурациясы, ауданымен, су көлемімен ерекшеленетін жеке гидрографиялық қауымдастыққа жатады. Ұлы көлдер Атлант мұхнан 500 км жерде орналасқан. Гудзонов шығанағынан 700 км жер. Сонымен Ұлы көлдер Әулие Лаврентия өзен бассейнінің жоғарғы және төменгі бөлігінде орналасқан Солтүстік Америка континентінің ең үлкен көл жүйесі. Ұлы көлдер Солтүстік Американың шығыс аудандарының кеме жолдарының бірі.
Ұлы көлдер — Сотүстік Американың шығысындағы Әулие Лаврентия өзені алабындағы ірі көлдер тобы. Жоғарғы көлі, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио көлдері кіреді.
Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су. Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ . Ал дүние жүзі бойынша тұщы су қорының 18 пайызы осы Ұлы көлдер аймағында шоғырланған. Қазіргі таңда бұл көлдің суын 36 миллионға жуық адам пайдалану үстінде (8.5 миллион адам Канада тұрғыны, 27.5 миллион адам Америка тұрғыны). Сонымен қатар адам көп шоғырланғандықтан өндірістік өнеркәсіптің даму қарқыны жоғары. Ал бұл көлдің экологиялық жағдайын төмендетуге үлкен ықпалын тигіздіріп келеді. Қазіргі таңда бұл аймақта полихлорирланған бифенилдер (ПХБ) мен хлорорганикалық пестицидтер, ДДТ(дихлордифенилтрихлорэтан) және тағы басқа улы химиялық заттырдың көптеп таралуы байқалуда.
Бұл курстық жұмыста Ұлы көлдерге жалпы сипаттама беріліп, Ұлы көлдердің экологиясы және мәселелері жайлы сөз қозғалады, сонымен қатар оны шешу жолдары ұсынылған.

Вложенные файлы: 1 файл

великие озера курс фгмо.docx

— 163.68 Кб (Скачать файл)

Ұлы көлдердiң ластануын  азайту мақсатында мол күштер және көптеген заттық шығындар кеткенмен, балық  етінің құрамында сынап пен түрлі  пестецидтердің деңгейі әлі де болса  жоғары, ал оны асқа қолдану қаупі  зиянды болып келеді. Түпкi тұнбаларды сарқып алу тiптi мәселенi шешуге көмектеспедi. Орнықты улағыштық ластағыштардың әсерi азаюына қарамастан,  кейбiр  зерттеулер бойынша (Health Canada 1997 ) Ұлы  көлдердегі балықтың көп мөлшерін пайдаланған  аналардың балалары даму деңгеінде  мешеулiктері байқалғанын растайды. Халықаралық бiрiккен комиссиясының  соңғы есептеу нәтижелерi бойынша  орнықты улағыштық химия қосылғыштары бар қалдықтарды тазалау және малдар мен өсiмдiктердiң ерекше инвазия  түрлерiмен күресу мәселелері бәсендей түсті.

Болашақта Ұлы көлдерде қадала қарауды талап ететiн қоршаған орталардың басқа мәселелерiне тап  болады деген балжамдар жасалынуда. Ауа райының жаһандық жылынуы  ағымдағы жүз жылдықтың ортасына қарай көл деңгейiнiң бiр метрге төмендеуi нәтижесінде көп маңызды  экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк  зардаптарға әкелуі мүмкін. Солтүстік  Америка аумағындағы су тапшылығы  мәселесі өзендер науасының бiр  бөлiгiн жiберу немесе шалағай және жер асты суларының қорлардың  орнықты қолдануына байбаламды құратын  көл суларын қарқынды дуал құру секілді  қажеттiлiктер туындауы мүмкін.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі, Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы—геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000 — 328 б.

2.Қазақ Энциклопедиясы, Алматы: Атамұра, 5 том 2005 –65 б.

3.Балалар энциклопедиясы, Алматы: Атамұра, 5 том 2008 – 346 б.

4.Тайны воды. Реки, озера, моря и океаны: Виктор Калашников — Москва, Белый город, 2003 – 48, 65 б.

5.Верхнее озеро — Словарь современных географических названий, Под общ. ред. акад. В. М. Котлякова. — Электронное издание. — Екатеринбург: У-Фактория, 2006 — 22б.

6.Верхнее озеро — статья из Большой советской энциклопедии, 7 том 1988 ж — 445 б.

  • 7.Советский энциклопедический словарь, Жалпы редакциясын басқарған А. М. Прохорова. М., 1985— 112 б .

  • 8.  Спиридонов А. Четырёхъязычный энциклопедический словарь терминов по физической географии. — М.: Советская энциклопедия, 1980. — С. 296. — 703, 776 с.

    9.http://base.safework.ru

    10.http://www.unep.org

    11.http://www.newacropol.ru

    12. http://www.glakes.ru

    13. http://kutkarushy.kz

        1. http://nex.kz
        2. Разумовский Э.С., Медриш Г.Л., Казарян В.А. Очистка и обеззараживание сточных вод малых населенных пунктов. М.:-Стройиздат, 1986. –173 б.

     

     

     

     


     



    Информация о работе Ұлы көлдер