Мемлекеттик баскару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:38, контрольная работа

Краткое описание

Мемлекетіміздегі экономикалық өзгерістер салдарынан, құрылған көптеген корпорациялар, ұйымдар мамандырылған, жоғары интелектті, қаржы, құқық, психология жағынан жетілдірілген жақсы басқарушы мамандарды – менеджерлерді қажет етеді. Менеджерлер жаңа технологияларды, басқару ғылымының құралдарын, кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыратын, кәсіпорынның тауарларын тиімді жолмен өндіруді қамтамасыз ететін, сонымен қатар, қызметкерлердің жұмысын басқаратын специалисттер болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Басқарудың әлеуметтік құбылыс ретіндегі ұғымы және мазмұны
Басқарудың субъектісі, функциялары
Атқарушы билік. Билікті бөлу теориясы.
Атқарушы биліктің құқықтық нысандары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Мем баскару контр.doc

— 152.50 Кб (Скачать файл)

Шетелдік социологтар  екі арал-мемлекет: Ұлыбритания мен  Жапонияның өндіріс мәдениетіндегі ұқсас белгілерді атап көрсетеді. Мысалы, патернализм, бip кәсіпорында өмір бойы жұмыс icтey дәстүрі, адамдарға сол кәсіпорындағы жалпы жұмыс стажын ескере отырып aқы төлеу жүйесі т.б. Осындай ұқсастықтарға байланысты мамандар жапондық; басқарудың құнды белгілерін Англияда қолдануды ұсынады. Жапондықтар да басқа елдерден керегін алып жатыр. "Сапаның үйірмелік теориясын' алғашында америкалық, ғалымдар В.Деминг пен Д.Юран жасағаны белгілі. Бipaқ бұл теория ic жүзінде 1961 жылы Жапонияда қолданылды. Ол неге өз отанында өркен жаймады? Мүмкін АҚШ өз өнімдері сапасының жақсаруын каламайтын шығар? Егер осылай болса, олар бұл салаға орасан зор капитал жұмсамаган болар еді. Жаңа теорияның Жапонияда жүзеге асуына сол елдің ұлттык дәстүрі, яғни қызметкерлерді басқару  ісіне қатыстырып, мәселені көп болып шешу үрдісі қолайлы жағдай жасады.

Ұлыбритания мен  АҚШ-та "тартысты өшіру ғалымы", яғни дауды eкi жаққа да пайдалы eтіп, бейтарап үшінші жақтың көмегімен шешу үрдіске айналып келеді. Мұның да тамыры Жапонияда жатыр. Дәл осы елде "ұтыс-ұтылыстың" методологиясы жасалынған. Ешкімді де ренжітпеуге ұмтылу тәртіптің ұлттық, стиліне, дау-дамайлардьң жігін табуға сәйкес келеді. Мұндай ерекшеліктер кейіннен іскерлік қарым- қатынастардың өзегіне, екі жақтың да қолайлы жағдайда табыс табуға ұмтылуына айналды. Америкада бұрын даулы мәселелерді сот арқылы шешу үрдіске айналған еді. Бұл бip жағынан ұтып, екінші жағынан ұтылуына әкеліп соғады.

Жапон компаниялары әртүрлі деңгейдегі басқарушылар мен  бағыныштылардың арасындағы кедергілерді жоюға ұмтылады. Ал америкалық, не ағылшындық фирмаларда басқаша. Нәтижесінде жапондықтар басқару істеріне қатардағы жұмыскерлерді тиімді тарта білді, ал олардың мұхиттың арғы жағындағы әріптестерінің бұл ретте біршама қиындықтарды басынан өткеруіне тура келеді.

        Біз ұлттық мәдениет ерекшеліктеріне байланысты басқару ісінің стилі мен типтерінің кейбір нәзік жақтарын қарастырдық. Қазақстан да тарихи дәстүрлерге бай ел, соларды қазіргі кезеңдегі нарықтық экономикада қолдануға әбден болады. Сонымен бірге біздің мемлекетіміздің басшылары АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония сияқты елдерге тән басқарудың кейбір стилі мен түрлерін үйреніп қана қоймай, тәжірибеде қолдануы да қажет.

                        

  1. Басқарудың субъектісі, функциялары

 

Әкімшілік құқықты оқуды бастамастан бұрын, оның "басқару" сияқты кең тараған әлеуметтік құбылыспен байланыстылығын қарастыру қажет. Латын сөзінен  шыққан администрация - әкімшілік - басқару  терминінің қоғамдық маңызды мақсаттарға  жету үшін жасалынатын іс-әрекеттерді сипаттау үшін жан-жақты құрал болып табылатындығымен байланысты болып келеді. Кең мағынасында басқару  қандайда біреуге немесе бір нәрсеге жетекшілік ету  дегенді білдіреді. Дәл осындай түсінікте қазіргі уақытта да қолданылады. Бірақта дәл осындай  ұйғарыммен шектеліп қана қоймай, оның  мән-маңызын, мазмұнын, мақсат - міндетін  ашып көрсету қажет.  

Әкімшілік құқықтың пәнін мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан  қоғамдық қатынастар құрайды, сондықтан  мемлекеттік басқарудың  мәнін қарастырып өткен жөн.

Басқарылатын  жүйенің бірнеше түрі бар:

1)     механикалық – басқарылатын машиналар, технологиялық процестер;

2)     биологиялық  – тірі ағзалардағы   болып жатқан процестер;

3)     Әлеуметтік – адамдар мен олардың ұжымдарының мінез-құлықтарын басқару.

Басқару- бұл нақты бір  нәтижеге жету үшін жүзеге асырылатын, мақсатқа жетуге  көзделген екі немесе одан да  көп адамдардың, олардың бірлестіктерінің (қоғамдық ұйымдардың) келісімді әрекеттері. Басқару кез келген адамзат қоғамында болады, өйткені адамзат қоғамы өздігінен  басқарыла алмайды, сондықтан алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін, барлық міндеттерді  үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету  басқаруда  қажеттілік туындайды. Кез келген басқарудың мәні – мақсатты түрде  реттеушілік ықпал ету, тәртіпке келтіру.

Өз мазмұны бойынша  басқару  қоғамдық қатынастарды  ретке келтіруге, қоғамдық өмірдің әртүрлі құбылыстарын реттеу, адамдардың күшін бір бүтінге біріктіруге, ортақ өмір тәртібін орнатуға саяды.  Қоғамды басқару адамдарды басқару, адамдардың  әлеуметтік  қатынастарын басқару. Бұл қалыпты қоғам өмірі болып табылады. Адамдардың бірлескен қызметінің бір түрі болып  әлеуметтік басқару табылады.

Әлеуметтік басқару -бұл  адамдарға қатысты мақсатқа сай  және өкімді түрде адамдармен жүзеге асырылатын басқару, яғни қоғам істерін  басқару.

Келісім мен жетекшілікті қажет ететін адамдардың біріккен қызметі болса, онда әрқашанда басқаруға қажеттілік туады. Сөйтіп, басқару  адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру. Адамдардың мінез-құлықтарын басқару үшін нақты  өктем өкілеттіліктер болуы керек.

Әлеуметтік басқару элементтері:

1) басқарудың  мақсатын анықтау;

2) нақты билігі  немесе өктемдігі бар басқару  субъектісі (басқарушы). Әлеуметтік  басқару субъектісі - бұл мемлекеттік  немесе қоғамдық органның  рөлінде қатысушы  адамдар ұжымы немесе лауазымды тұлға.  Оның өз еркіне басқарылатындардың мінез-құлқын бағындыратын қабілеті болады. Басқаруды жүзеге асыру үшін сәйкес өкілеттілік беріледі;

3) Басқару объектісі  (басқарылатын адам );

4) Басқару бойынша  қызмет (субъект пен объект арасындағы  тура байланыстар);

5) Басқару  субъектісі мен объектісі жұмыс істейтін орта;

6) Басқарудағы  адам факторлары (психика, эмоция, көңіл-күй);

7) Басқару  еңбегінің нәтижелері (алдыға қойған мақсатқа жету).

Басқару процесі  белгілі бір жүйеде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік  басқарудың  мынадай түрлері бар:

1) мемлекеттік  басқару (мемлекеттің істерін  басқару);

2) Қоғамдық басқару  (қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың  істерін басқару).

Сонымен, әлеуметтік басқару - бұл адамдардың бірлескен  қызметінің процесінде алдыға қойған мақсатқа жету үшін қажетті жағдайлар тудыратын ұйымдастыру қызмет жүзеге асыру. Оның маңызды міндеті  адамдардың  ынтымақтастығын  қолдау, сүйемелдеу, нығайту және дамыту. Мемлекеттік басқарудың қоғамдық басқарудан айырмашылығын қарастырамыз.

Мемлекеттік басқару -  қоғамды дамытуда қоғамдық процестерді тікелей, практикалық ұйымдастыру бойынша  атқарушы және бұйырушы қызмет.

Мемлекеттік басқаруды  мемлекеттік органдардың барлығы  жүзеге асырады және  оған мыналар жатады:

- заңдарды орындау  бойынша қызмет;

- әртүрлі объектілер мен адамдарды күнделікті басқару қызметі және бұл  солар үшін міндетті заң күшіндегі актілерді шығарумен байланысты болады.

Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері:

1) басқару қызметінің  атқарушы және бұйырушы сипатта  болуы. Атқарушы - басқару органдарын  құрайтын билік ;

2) басқарудың  заңды - өктемдік сипаты оның  мемлекет атынан  іс асырылуын және қажетті өктемді өкілеттіліктер  берілетіндігін білдіреді. басқару объектісінің басқару субъектісіне  бағыныштылығ білдіреді, сондықтан да  басқару қатынастары  өз сипаты бойынша  субординациялық, өктемді-бұйырушы болып табылады.

3)  басқарудың ұйымдастырушылық сипатта болуы. Көптеген адамдардың еңбек ұжымдарының бірлескен қызметін үйлестіру, алдыға қойған мақсатқа жетуді басқару аппараты мен оның звеносын ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету осының көмегімен жүзеге асырылады.

4) Басқарудың  күнделікті және үздіксіз сипатта  болуы. 

5) мемлекеттік  басқарудың заң күшінде және  бақылауда болуы. Бұл басқару  органдары шығаратын барлық құқықтық  актілер  заңның талаптарына сай келіп, заңға қайшы келмеуі тиіс екендігін және де басқарудың барлық құрылымдарын билік органдары өздерінің шешімдерін жүзеге асыру үшін  құратындығын білдіреді., ал мемлекеттік басқарудың  бақылауда болуы  билік органдарының нығайту үшін және әкімшілік  бассыздыққа жол бермеу үшін жүзеге асырылатындығын білдіреді.

Мемлекеттік басқару  функциялары - бұл басқару қызметінің мақсатымен анықталатын басқару  қызметінің дербес және жеке бағыттары.

Атқарушы билік  органдары атқарушы - бұйырушы қызметті жүзеге асырады. Оның мәні мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының орындалуын тікелей, күнделікті ұйымдастыру.

Мемлекеттік басқару  функцияларының мынадай түрлері  болады:

а) жалпы;

б) арнайы;

в) қосалқы.

Жалпы функциялар кез келген әлеуметтік басқару субъектілері мен  объектілері  арасындағы  басқарушылық сипаттағы өзара әрекет етуде орын алады және кез келген басқарушылық ықпал ету  процестерінде болады.

Оларға мыналар жатады:

1) болжау - алынған мәліметтер  мен ғылыми жетістіктердің нәтижесінде  қандайда бір оқиғалар немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын ала көру. Бұл функцияның  басқарудағы барлық функциялардың табысты орындалуына  маңызы зор.

2) жоспарлау - бұл 

3) ұйымдастыру - бұл басқаратын  және басқарылатын жүйелерді  қалыптастыру, олар бір басқару  жүйесінің құрамды  бөліктері болып табылады. Басқару жүйесінің құрылымын құру, жұмысшыларды тағайындау, олардың  өзара қарым-қатынастарының тәртібін белгілеу, мысалы, ұйымдар мен органдарды құру, қысқарту, тарату, біріктіру және бөлу, олардың бағынушылық функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, өзара қарым-қатынастарын, құрылымы мен штаттарын белгілеу,  материалды және ақшалай қаражаттар бөлу, кадрларды таңдау және орналастыру.

4) Реттеу -  қандайда бір қызметке тәртіп белгілеу, қандайда бір әрекеттерді жасаудың тәртібін белгілеу немесе оларға жанама жолмен ықпал ету.

5) Ортақ басшылық - басқарушылардың  қызметінің бағыты ретінде түсіндіруге  болады, ол оның мазмұнынан туындайды,  мысалы, нұсқаулар , жарлықтар беру,  ережелерді белгілеу, үйлестіру сияқты.

6) қолма-қол бұйыру - басқарылатын объектілердің қолма-қол қызметтерінде ықпал ететін ағымдағы нұсқауларды беру.

7) Бақылау - басқарылатын  объектінің оған алдын - ала  берілген жағдайына факт жүзіндегі  жағдайы сай немесе сай еместініе  анықтау (мемлекеттік басқару органдары басқарылатын объектілерге тексеру жүргізеді), сөйтіп бақылаудағы объекттің қызметіндегі бұзушылықтарды анықтайды, кінәлілерді жауапкершілікке тартады, түзетулер енгізеді).

8) Есепке алу - ресустардың  (адамдар, материалды, ақшалай, шешімді  орындау бойынша қызметтердің нәтижелері туралы құжаттардың бары және қозғалысы туралы) бар болуы және шығындары туралы мәліметтерді сандық түрде көрсету.

Арнайы функциялар - нақты  бір мемлекеттік басқару органының  ерекшеліктерін білдіреді, мысалы, техникалық және әдістік   басқару, техникалық бақылау, бақылаудың  ерекше түрлері және т.б.

Қосалқы функциялар - басқару  ықпалын тікелей көрсетпейді, тек  жалпы және арнайы функциялар шегінде  басқару процесінде  қызмет көрсетуге арналған, мысалы, іс қағаздар жүргізу, кадрларды дайындау, қайта даярлау,  қаражат бөлу және т.б.

Профессор Д.Н.Бахрахтың  пікірі бойынша, функцияларды 3 топқа бөлуге болады:

1)  Жүйеге бағыт көрсетуші:

а) болжау;

б) жоспарлау;

в) нормативті реттеу;

г) әдістік басқару.

2) Жүйені қамтамасыз  ету:

а) кадрлық;

б) материалдық-техникалық;

в) қаржылай;

г) ұйымдастыру - құрылымдық;

д) ақпараттық.

3) Жүйені  қолма-қол басқару:

а) қызметті тікелей  реттей (бұнымен кәсіпорынның өндірістік және диспетчерлік бөлімдері, ЖОО оқу  бөлімдері айналысады, бұл жұмысты істеу барысында ақауларды болдырмаумен байланысты).

б) есепке алу;

в) бақылау;

г) бағалау (барлық жұмыстарды,  жекелеген жұмысшыларды, жекелеген тапсырмалардың орындалуын және т.б.).

Мемлекеттік басқару  қағидалары-  бұл негізгі басқарушы бастаулар және солардың негізінде басқару құрылады, басқару аппараты қызмет етеді, сонымен қатар нақты ереже түрінде тұжырымдалуы қажет. Олар заңдарда, бұйрықтарда, жарғыларда, нұсқауларда бекітілген.  Мемлекеттік басқару қағидалары 2 топқа бөлінеді: 1) әлеуметтік - құқықтық; 2) ұйымдастырушылық.

Әлеуметтік  - құқықтық қағидаларға мыналар жатады:

1) демократиялық  централизм (демократиялық бір орталықтан  басқару жүйесі) - бір орталықтан  басқару, бірақ толық және жеке  емес, тек төменгі органдарға орталықтың қаулыларын жергілікті жағдайларды есепке ала отырып, өмірге енгізу  мүмкіндіктері және олардың дербестігін жергілікті маңызы бар істерді шешуге ынта білдіруге мүмкіндік беру.

2) ұлттардың  тең құқылығы - барлық ұлттар мемлекетті  басқаруға қатысуға құқылы, ешкім  ешқандай дискриминацияға  ұшыратылмайды (ҚР Конституциясының 14 бабы).

3) жоспарлылық  - мемлекеттік басқару органдарының  қызметі жоспарланады  және экономикалық, әлеуметтік дамудың бекітілген жоспарларын орындауға бағытталған, осы жоспарлардың жобасы мемлекеттік басқарудың сәйкес орындарымен жасалынады;

4) басқаруда  көпшіліктің қатысуы, жариялылық  және қоғамдық пікірлерді есепке  алу - қоғамды демократизациялау  жолдарының бірі.

5) заңдылық қағидасы - мемлекеттік басқару аппаратын  ұйымдастыру  мен оның қызмет етуі, халықтың еркін білдіретін құқықтық нормалармен реттеледі және осы нормалар қатаң сақталады.

Информация о работе Мемлекеттик баскару