Мемлекеттің саяси режимі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 22:24, реферат

Краткое описание

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.Мемлекет нысандарының мазмұнын талқылай келе, олардың арақатынасын, жалпы әлемдік тарихтағы орнын қарастыру болып табылады. Сондықтан да, мемлекет нысандарының жалпы сипаттамасына, түсінігі мен мазмұнына тоқталуды жөн санадым.

Содержание

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1)Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы,
ұғымы мен түрлері және дамуы

2)Мемлекеттің басқару нысаны.Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері

3)Мемлекеттің саяси режимі

III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 35.29 Кб (Скачать файл)

 

Конфедерация – бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын.Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы.Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды:азаматтығын,заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын.Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек.Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері кездеседі: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын,бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді.Вашингтон бұл федерацияны құмнан істелген арқан деп атады.Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті:әскер,ақша,шет істер,басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді.Германияда конфедерация 1815 – 1866 жылдары, Швейцария – 1815 – 1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды.Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация субъектілері халықаралық қарым – қатынастардың субъектілері болып қала береді.Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес.

 

Достастық – бұл  ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

 

Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.

 

   Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы мемлекетті басқару нысандарының ерекшеліктері.Мемлекетті басқару нысаны мынадай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:

  • Мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
  • Жоғарғы және басқа  мемлекеттік органдардың арасындағы қарым – қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
  • Жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым – қатынас қалай құрылған;
  • Жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді;

 

Президенттік басқару  нысандары әр елде әр түрлі болады.Президенттік басқаруға тән мынадай сипаттарды айтуға болады:

  • Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
  • Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
  • Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттегінің көбірек кеңдігі;

 

Президенттік Республика қазіргі  кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан  Республикасында парламентаризммен  қатар, Президенттің қолына мемлекеттің  басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.

 

  Қазақстан Республикасы  Конституциясының 40 – бабы бойынша:

 Қазақстан Республикасының  Президенті – мемлекеттің басшысы,мемлекеттің  ішкі және сыртқы саясатының  негізгі бағыттарын айқындайтын,ел  ішінде және халықаралық қатынастарда  Қазақстанның атынан өкілдік  ететін ең жоғарғы лауазымды  тұлға. 

 1998 жылғы қазанда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.Осы заңның негізінде,мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру,сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау,Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттілігін кеңейтіп,еліміздің саяси өміріндегі атқаратын ролін көтеру бекітілді.Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып,Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру,соттық құқықтық жүйені,мемлекеттің қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді.33 – баптың   14 – тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды.Ендігі жерде,өмірлік тәжірибесі бар,білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.

  Мемлекет нысанынан көп жағдайда,қоғамдағы  саяси өмірдің өзі,мемлекеттік институттардың беріктігіне тәуелді.

Құқық нысанына – оның құрылымы,әлеуметтік – экономикалық факторлар, сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық – тарихи және діни ерекшеліктер,қоғамның мәдени деңгейінің амуы әсер етеді.

Мемлекет нысандарының құрамдары:

–Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік  органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртібі.Олардың бір – бірімен  және тұрғындар мен қарым – қатынастары сипатталады.Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.

 

–Мемлекеттік құрылым нысанында – мемлекеттің аумақтық құрылысын,мемлекет пен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым – қатынастары көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттер жатады;

 

     Мемлекет нысанының  соңғы элементі – саяси режим.Бұл режим деген сөзді екі мағынада қолданады.Бірінші – саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады,ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады.Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері,азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері,демократиялық институттарды қолдану.

 

       Саяси  режимнің мынандай түрлері болады:деспотиялық,аристократиялық, шектелген демократиялық,теократиялық,әскери -  полицейлік, формалды – демократиялық,либералды – демократиялық, патерналистік, бонапаристік, әскери, авторитарлық,пролетарлық және т.б.Саяси режимдердің негізгі бөлінуі: демократиялық және демократияға қарсы режимдер.

 

     Демократиялық  режим –бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолданған режим.Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын,сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар, демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер демократия формалдық түрінде енгізілген.

 

  Демократияға қарсы  режимдер – халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын режим.Фашистік режим (Болгария,Германия,Жапония, Италия).Халықтың саяси құқықтары шектеледі, жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады, әскер басқа құқық қорғау органдары күшейеді,мемлекеттің экономикасы және сыртқы саясаты соғыспен байланысты болады.Әскери режим мемлекеттік төңкеріс өткеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп әскер мемлекеттің негізгі функциясын басып алады.Расистік режим осы әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы қолданады.Феодалдық мемлекеттерінің көбінде шіркеудің күшті режимі құрылады.Шіркеу мемлекетпен қатар күшті рөл атқарады.Ол монархтың таққа отырғанына қатысады,мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады,оған қарсы істелген қылмыстарды өзі өте қатты жазалайды.Бұл араб халифатының, Еуропа феодалдық мемлекеттерінің саяси режимдері.Авторитарлық режимдер бір адамның билігімен байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. - Қарағанды. 2002

2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері - Алматы, 2001

3. Дулатбеков Н. Мемлекет және құқық негіздері. - Астана, 2001

4. Жоламан Қ. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы, 2004

5.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекетімен құқығының негіздері.

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекеттің саяси режимі