Мұрагерлік құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:03, реферат

Краткое описание

Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық-қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормаларының жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұрагер мұраны қабылдай отырып,мұраға қатысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Содержание

I.Кіріспе
1.1 Мұрагерлік құқықтың түсінігі
II.Негізгі бөлім
2.1 Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы
2.2 Мұраның ашылуы,мұрагерлікті қабылдау,мұрагерліктен бас тарту
2.3 Өсиет бойынша мұрагерлік
2.4 Заң бойынша мұрагерлік
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

реф кукык.docx

— 33.57 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

Тақырыбы: Мұрагерлік құқық негіздері.

 

 

 

                                                                               

 

 

                                                                Тексерген: Башаева Н.Д

                                                                        Орындаған: Шақабаева А.Қ                                                

 

 

 

 

 

 

Семей  2014ж

Жоспар:

I.Кіріспе

    1. Мұрагерлік құқықтың түсінігі

II.Негізгі бөлім

2.1 Мұраның ашылу орны  мен олардың мағынасы

2.2 Мұраның ашылуы,мұрагерлікті қабылдау,мұрагерліктен бас тарту

2.3 Өсиет бойынша мұрагерлік

    1. Заң бойынша мұрагерлік

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Кіріспе

 

    1. Мұрагерлік құқықтың түсінігі

Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық-қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормаларының жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұрагер мұраны қабылдай отырып,мұраға қатысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болады.

Мұраға ие болудың кезектері:

  1.    Бірінші кезекте, мұраға тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы ие болады.
  2. Заң бойынша мұрагер болу құқығын, екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері ( қарындастары ), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады.
  3. Үшінші кезекте, тең үлеспен мұра қалдырушының  туған немере ағалары мен апалары алады. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасының туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата ( бір туыстық ) дәрежесі деп аталады. Жалпы АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға ие болу кезегі жетіге дейін болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңеледі және т.с.с.  Жақын туыстар деп ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді айтуға болады.

Мұрагерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра ашылғаннан кейін туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды. Азаматтардың меншік оның ішінде жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады.

Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет қорғайды. Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді. Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі.

Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді. Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.

Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.

Жалпы мұрагерлік  құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.

Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.

Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу және т.б. мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мәселелерді өңдеу және оған баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін  дамыту мәселелерінің мәнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды және сот тәжірибесінде азаматтардың мұрагерлік  құқығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелердің онды жолдарын табу қажет.

 

II Негізгі бөлім

2.1 Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы.

Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес, мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қалдырушының тұрған жерін анықтау кейіннен мұрагерлердің мұраға құқығы туралы куәлігін алу үшін қажет. ҚР мұрагерлік кұқығы мұраның ашылу уакытында «күнді» негіз алғаны кейбір қиыншылыктарға себеп болуда. Күн жоғарыда айтылғандай 00:00 сағаттан басталып 24:00 сағат толуымен бітеді. Күн дегеніміз белгілі бір уақыт жиынтығы (сағат, минут, секундтар жиынтығы) болғандықтан, мұрагерлердің өздеріне тиесілі үлесіне қай мезеттен бастап ие болатындығын (АК-тің 1072- бабы) немесе бір күннің ішінде мұрадағы заттар ортаға шыққан пайда, зиянның салдары мен зардабын кім шегетіндігін (АК-тің 123), мұраның құрамын белгілеуде көптеген қиындыктар туғызады (АК-тің 1040).

Мұраның ашылу уақыты өлімнен басқа Азаматтық кодекстің 31-ші бабында айтылған жағдайларда сот адамды өлді деп жариялауы мүмкін. Осылай жариялау өлімнің салдарын туғызады. Бұл жерде талқыланатыны, адамды өлді деп жариялағанда мұраның ашылу уақытын анықтау. АК-тің 1042 бабының екінші тармағы сот шешімінде баска күн белгіленбесе, сот шешімінің күшіне енген күні мұраның ашылу уақыты болатындығын айкындайды. Айтылған баптың «сот басқа күн белгілемесе» деп нені айтқысы келгендігі. Бұған жауапты азаматтық кодексіміздің 31-ші бабының үшінші тармағының екінші сөйлемі, егер адам өлім қатері төнген немесе жазатайым окиғада каза тапты деп жорамалдауға негіз болатындай жағдайда хабар ошарсыз жоғалып кетсе, сот осы оқиғаның болған күнін адамның өлген күні деп тануы мүмкін деген жауабын, беруде.

Мұраның ашылу орны мұра калдырушының соңғы тұрған жері ал, ол белгісіз болса мүлкінің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері. Бұл жердегі тұрған жерден, Азаматтық кодекстің 16-шы бабында айтылған тұрған (тұрғылықты) жерді түсінуіміз керек. Он төрт жасына толмаған адамдар немесе қорғаншылықтағылардың тұрғылықты жері олардын ата-анасының, асырап алушылырының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады. Осымен байланысты соңғы тұрған жерді анықтауға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының маусым 2004 жылғы №11 нормативтік қаулысы көмектесуде. Қаулының екінші тармағында: «Мұра қалдырушының уакытша басқа жерге кету, мысалға, әскери қызметі, оқу, жүмысының жағдайы мен ерекшеліктері, іс саяхаты және емдеу мекемесі, бас бостандығынан айырған жер сияқты жағдайларда мұраның ашылу орны, кетуге дейінгі тұрғылықты жері.» деп айтылған. Осы орайда айта кететін жәйт, азаматтың тұрған немесе тұрғылықты жері мен тіркелген жері әрдайым бір болмауы мүмкін. Сондықтан маңыздысы, мұра соңғы тұрған (тұрғылыкты) жерінде ашылады. Ал соңғы тұрған жері белгісіз болса мұрадағы мүліктің орналаскан жері мүлік әр жерде болса негізгі бөлігінің орналаскан жері, мұраның ашылу орны болып есептеледі.

Мұраның ашылу орнын анықтау, мұрадан бас тарту арызын беруде немесе мұрагерлікке кұкық туралы куәлік беруде қай нотариус кұзыретті екендігін белгілеуде, әлде мұрагерлік құқығынан туындайтын талаптарда қай соттың жер жөнінен соттылығын және т.б. жағдайларды анықтауда маңызы зор. Мұраның ашылған уақыты жергілікті азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдерінің (АХАЖ) қайтыс болу туралы берген куәлігі мен Қазақстан Республикасы “Неке және отбасы” Заңының 197-бабына сай, жергілікті АХАЖ бөліміне қайтыс болу туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге тұрған адамдар, ал, ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері немесе адам қайтыс болған жердегі мекеменің әкімшілігі немесе өлікті тапқан ішкі істер органы жазбаша немесе ауызша түрде хабарлайды. Қайтыс болу туралы мәлімдемені жеті тәуліктен кешіктірмей, ал, адам зорлықпен өлтірілсе, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым жағдайдан өлсе, сондай-ақ, өлік табылған жағдайда өлген немесе өлік табылған кезден бес күннен кешіктірмей берілуге тиіс. Егер мұра қалдырушының өлген күні Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 244—бабының 3 тармағына сәйкес көрсетілетін болса, онда мұраның ашылған күні соттың шешімінде көрсетілген мұра қалдырушының өлген күні болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 31-бабына сәйкес, егер азаматтық тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Ал, егер соғыс кимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметші немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялауы мүмкін. Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні деп жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 32-бабына сәйкес, өлді деп жариялаған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері мәлім болған жағдайда сот тиісті шешімнің күшін жояды. Азамат өзінің қай уақытта оралғанына қарамастан, кез-келген адамнан азамат өлді деп жариялағаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлік қайтарып беруді талап ете алады.

Егер өлді деп жариялаған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олардың мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді. Мұрагерлік құқықта мұраның ашылған жерін анықтау үлкен роль атқарады. Мұраның жері-мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрған жері, ал егер түпкілікті тұрағы белгісіз болған жағдайда, мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің тұрған жері – мұраның ашылған жері деп танылады. Мұра қалдырушының тұрақты мекен-жайынан уақытша кетуіне байланысты: мысалы, әскери қызметіне оқуға, жұмыс жағдайына іс-сапарына кеткеніне, емдеу мекемесіне орналасуына, бас бостандығынан айыру орнына қамалуына байланысты және тағы басқа да жағдайларда-мұранын ашылған жері болып, оның соңғы түпкілікті тұрағы есептеледі.

Мұраның ашылған жері мұраны қалдырушының  түпкілікті тұрағымен сәйкес келуі мүмкін, егер мұраны қалдырушы уақытша басқа тұрақта тұратын болса, онда уақытша тұрақ мұраның ашылған жері болып танылады. Егер тұрғын үйдің бағасы теңге жиынтығынан мөлшері болса, онда мұраның ашылған жері Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңында көрсетілгендей оның соңғы түпкілікті тұрағы болып табылады. Жоғарыдағы көрсетілген азаматтардың әскери борышын өтеу немесе оқу орындарында оқыған уақыттарында тұрғын үйді пайдалану құқығы сақталады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 16-бабына сәйкес бұл азаматтардың ұдайы тұрағы болып табылады. Егер азамат шет елде қайтыс болатын болса, онда мұраның ашылған жері Қазақстан территориясында мүліктің тұрған жері болып табылады. Егер азамат бас бостандығынан айырылып, бас бостандығынан айыратын орындарда отырған болса және сол жерде қайтыс болған болса, онда мұраның ашылған жері болып, сол азаматтың соңғы түпкілікті тұрағы болып есептеледі. Ал, егер мұра қалдырушы қарттар үйінде қайтыс болса, онда мұраның ашылған жері-қарттар үйі тұрған елді мекен болып табылады. 

2.2 Мұрагерлікті қабылдау,мұрагерліктен бас тарту

Мұрагерлікті қабылдау-бұл мұрагер жасайтын біржақты мәміле. Азаматтық заңдар мұраны қабылдаудың екі тәсілін қарастырады:

  1. Мұрагерлік мүлікке нақты түрде билік етуге кірісу;
  2. Мұрагерлік ашылған жердегі нотариалдық органға мұрагерлікті қабылдағаны жөніндегі арыз беру арқылы.

Осы аталған іс-қимылдар да мұрагерлік алынған күннен бастап 6 ай мерзімде жасалуы тиіс. Аталған уақытта өткізіп алу мұрагерліктен айырылуға апарып соқтырады. Бірақ, мұра алушының себептері дәлелді болса, онда сот бұл уақытты ұзарта алады.

Информация о работе Мұрагерлік құқық негіздері