Мұрагерлік құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:03, реферат

Краткое описание

Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық-қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормаларының жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұрагер мұраны қабылдай отырып,мұраға қатысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Содержание

I.Кіріспе
1.1 Мұрагерлік құқықтың түсінігі
II.Негізгі бөлім
2.1 Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы
2.2 Мұраның ашылуы,мұрагерлікті қабылдау,мұрагерліктен бас тарту
2.3 Өсиет бойынша мұрагерлік
2.4 Заң бойынша мұрагерлік
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

реф кукык.docx

— 33.57 Кб (Скачать файл)

Мұрагерліктен бас тарту. Алты ай мерзім ішінде мұрагер мұрадан бас тарта алады. Бұл жағдайда мұра дүние-мүлік басқа адамдар арасында тең бөлінеді.

Мұра қалдырушы өз меншігіндегі дүние-мүлкін мұрагерлеріне қалдырумен қатар, оның белгілі бір бөлігін басқа біреулерге қалдырғысы келуі мүмкін. Ол осыған орай мұрагерлеріне тиісті әрекеттер жасауға міндеттейді. Бұл өсиет тапсырмасы деп аталады. Бірақ ол жасы толмаған немесе еңбекке қабілетсіз өз балаларын ( оның ішінде асырап алған балаларын да ), сондай-ақ өлген адамның еңбекке қабілетсіз ерін немесе зайыбын, ата-аналардың ( бала асырап алушыларын да ) және қарауында болған адамдардың ақшасыз, мүліксіз қалдырмауы тиіс.

Осы жағдайды ескеріп, өсиеттің мазмұны қандай болса да, мұраға ие болу кезінде соң аталғандардың әрқайсысына тиісті үлестің ( міндетті үлестің ) кеміңде үштен екісіндей мөлшеріне ие болуды қарастырады. Міндетті үлестің мөлшерін белгілегенде үй жиһаздары мен бұйымдардан тұратын мұралық мүліктің құны да есепке алынады. Сонымен, мұрадағы міндетті үлес- өсиеттің мазмұнының қалай екеніне қарамастан берілетін заң бойынша тиісті үлестің бір бөлігі.

2.3 Өсиет бойынша мұрагерлік

Әр адамға тірісінде өз дүние мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз-заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезіңде жасалған ерікті тапсырмасы.

Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:

  1. Заңға сай мұрагерлер;
  2. Заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөте адамдар;
  3. Мемлекет пен жеке ұйымдар.

Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде ( 6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап ) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.

Өсиет бойынша мұрагерлік - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлер біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу қүкығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра калдырушы өзінің кез келген мүлкі, онын ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да әкімі бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердін мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әр түрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уакытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудін себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиет жазбаша түрде жасалады.  Ол нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілікпен расталуы тиіс. ҚР Азаматтық  кодексінің 1051- бабының 1-3 - тармақтарына сәйкес нотариалды түрде куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушының өзі немесе  өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуы тиіс. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті  қол қойылғанға дейін нотариус пен куәнің  қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді. Өсиет қалдырушының өсиетті өзі оқи алмауының себептері  көрсетіліп, бұл туралы өсиетте тиісті жазба жасалады.  Егер нотариалды түрде куәландырылған өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте куәнің тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетіледі. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға да қатысты  енгізілуі тиіс. Өйткені өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Белгілі себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс.

2.4 Заң бойынша мұрагерлік

Заң бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі XII кесте заңына апарады. Заңда мұрагерліктің 3 кезеңі реттелінген. XII - ші кесте заңында I- ші кезектілерге мұра қалдырушының қоластында саналатын балалары, алдында қайтыс болған балаларының балалары, яғни немерелері кірген. Бұлар «қажетті мұрагерлер» деп есептелген. Егер «қажетті мұрагерлер» болмаған жағдайда мұраға өлген адамның агнаттық туыстары шақырылған. Ол мұраны қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай сәтте құқық ауылтырылмаған деп саналған. Егер мұра қалдырушының еш жақыны болмаса мұра III -ші кезектегі болып саналатын когнаттық туыстарына өткен. Тек IV- ші кезек ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне тиген.

Бізде өсиет бойынша мұрагерліктен гөрі заң бойынша мұрагерлік жиі кездеседі. Өйткені адамдар артындағы мүлкіне өсиет жазып қалдыруға дағдыланбағандықтан да өсиет жазуға үлгермейді. Ал кейбір адамдар үшін бұл белгілі бір шеңберден шығумен тең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Қорытынды

 

Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар. Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.

Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты. Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.»

Кез келген адамның өмірінде мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу қажеттілігінің туындайтыны әбден мүмкін жағдай. Біздің елімізде азаматтар артындағы дүниемүлкіне өсиет жазуға әдеттенбеген деуге болады. Сондықтан да болар бірге туған ағайындардың мұраға таласып, бір-бірімен араздасып жататын ыңғайсыз жағдайлар аз кездеспейді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Батырбаев Н.М., Аманқожаев А. «Мұрагерлік құқық». Оқу құралы. Алматы. 2006 ж.

2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарындағы мұра мен мұрагерліктің қоғамдағы рөлі А. Смағұлова. — // Заң. — 2005. — №9.

3. Құқық негіздері. Оспанов Қ.И. Алматы 2006

4. Мұрагерлік мұраты — бірлік. Тарих тағылымы / А. Смағұлқызы // Заң газеті. — 2005. — №125, 13 қазан. Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 20 маусым 2003 ж.

5. Төлеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы. Оқу құралы. Алматы 2001 ж.

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мұрагерлік құқық негіздері