Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 20:01, курсовая работа
Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.
Мәжбүрлі соттан тыс тәртіпті қолдану мүмкіндігі кепіл туралы кез келген шартта көзделуі мүмкін. Сонымен қатар, заң актілерінде, өндіріп алуды кепіл нысанына аударуды мүліктің кейбір түрлері үшін соттан тыс тәріпте қолдануға, шарт жағдайларына немесе заң актілерінің соттан тыс тәртіпті көздейтін ережелеріне қарамастан шек қою көзделуі мүмкін. Мысалы, жылжымайтын мүліктің ипотекасында қоғам үшін едәуір тарихи, көркемдік немесе өзгедей мәдени құндылығы бар, жылжымайтын мүлік түріндегі кепіл нысанын сатқанда мәжбүрлі тыс тәртіпке жол берілмейді. Жылжымайтын мүліктің ипотекасы үшін басқа адамның немесе органның келісімі керек болған жағдайда да мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте кепіл нысанын сатуға жол берілмейді. Өндіріп алуды кепіл нысанына аудару оны ашық саудада сату арқылы жүзеге асырылады. Кепілге салынған мүлікті сот тәртібінде сату процедурасы жылжымайтын мүлікті сот шешімдерін қанағаттандыру үшін сату ережесіне сай жүзеге асырылады.
Өндіріп алуды кепіл нысанына мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте аудару процедурасы үшінші жақтың — сенім білдірілген тұлғаның болуын көздейді, ол кепіл мүлкін сатуға дайындайды және ашық сауда жүргізеді. Жалпы ереже бойынша, сенім білдірілген тұлғаны кепіл ұстаушы тағайындайды. Сенім білдірілген тұлға жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Сенім білдірілген тұлға кепіл ұстаушының өкілі болып табылады және сауда өткізуге қатысты өз функцияларын жүзеге асыру үшін оның сенімхатын алады. Сенім білдірілген тұлға сауданы, әдетте, аукцион түрінде, алдын ала хабарлаған ереже бойынша өткізеді, ақшаны кепіл ұстаушының негізгі міндеттеме бойынша талаптарын қанағаттандыруға жіберу және қалғанын кепіл берушіге қайтару арқылы түскен ақшаны бөледі.
Кепілге салынған мүліктің құны несие берушінің талабын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда, ол, жалпы ереже бойынша, борышкердің өзге мүлкінен жалпы негіздерде, кепіл ұстаушыға берілетін артықшылықсыз қанағат алуға құқылы. Сатылған мүліктің өзге де келесі кепіл ұстаушыларында да осыңдай құқық болады.
Жылжымайтын мүлік ипотекасының сол ипотека тоқтағанда негізгі шарттың тоқтауына алып келетін кейбір жағдайлары (Ипотека туралы жарлықтың 37-бабының 2-тармағы) жоғарғы ережеге жатпайды.
Кепілдің тоқтауының жалпы негіздерімен қатар жылжымайтын мүлік ипотекасының тоқтауының өзіндік ерекшеліктері де болады. Ипотека куәлігі берілмей ипотека шартымен рәсімделген ипотеканың тоқтауы азаматтық заңнаманың жаңа нормаларында, атап айтқанда, АК-ның 322-бабында көзделген негіздер бойынша, Ипотека туралы жарлықтың 37-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Ипотека шартын ипотека куәлігін беріп рәсімдеген жағдайда, кепіл құқығын тоқтатудың азаматтық заңнаманың жалпы нормаларыңца көзделген негіздерінен басқа реттерде, кепіл құқығы ипотека куәлігінің күші жойылғаннан бастап тоқтайды. Ипотека куәлігінің әрекеті одан туындайтын құқықтар жүзеге асырылғанда тоқтайды, егер одан туындайтын талаптар негізгі шарт бойынша борышкерге негізгі шарттың орындалу мерзімі келгеннен кейін бір ай өткенше немесе ипотека нысаны жоғалған жағдайда қойылмайтын болса.
Негізгі шарт бойынша борышты аудару кепіл құқығы тоқтайтын негіздердің бірі болып табылады.
Кепілмен қамтамасыз етілетін шарт бойынша борышты аудару кепіл құқығын тоқтатады, себебі кепіл берушінің қамтамасыз етуге мүлік беруі борышкердің жеке басымен, оның телем қабілеттігімен, кепіл беруші тарапынан деген оған сеніммен тығыз байланысты. Сондықтан, негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойьшша борышкердің ауысуымен, егер кепіл беруші жаңа борышкер үшін жауап беруге келіспесе, кепіл де тоқтайды. АК-ның өзге келісім болмаған жағдайдағы толықтырушы нормасына сәйкес кепіл құқығы, борышты басқа адамға аударған жағдайда, кепіл беруші негізгі шарт бойынша борышкер болса да тоқтайды, АК-ның 348-бабына сәйкес несие беруші борышты аударуға келісім беру мәселесін шешеді, және, егер ол мұндай келісім берсе, онда кепіл берушімен — бұрынғы борышкермен кепіл шарты тоқтайды.
Кепіл құқығын аудару. Кез келген мүліктік
құқық сияқты кепіл құқығы да кепіл шартының мәнінен туындайтын, беру жөніндегі
ерекшеліктермен берілуі мүмкін.
Кепіл құқығын, оның ішінде заттық кепіл құқығын беруге шарт бойынша несие беруші құқының басқа адамға өтуі үшін белгіленген ережелер қолданылады. Бұл, біздің пікірімізге, кепілдің туындау негізі қамтамасыз етілетін шартқа қосымша және оған тәуелді айрықша шарт болып табылатындығымен байланысты. Кепіл заң актісі негізінде туындаған жағдайда, оған да, егер заң актілерінде тікелей өзге көзделмеген болса, шарт негізінде туындаған кепіл туралы ереже қолданылады.
Кепіл туралы шарттың акцессорлығы (қосымшалығы) және оның негізгі қамтамасыз етілетін шартқа байланыстылығы себепті, сондай-ақ, кепіл ұстаушы тек негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша несие беруші ғана болуы мүмкін болғандықтан кепіл ұстаушы құқығының басқа адамға өтуі несие берушінің негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша құқықтары сол адамға өтпейінше мүмкін емес. Кепіл ұстаушының кепіл туралы шарт бойынша құқығын беруге көнуі сол адамға негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша құқық та берілмей заңды деп танылмайды.
Аталып өткендей, шартты қамтамасыз ету әдістері құқықтық реттелуі АК-ның 18-тарауында жан-жақты қарастырылған тұрақсыздық айыбымен, кепілпұлмен, кепілдікпен, кепіл болушылықпен немесе кепілмен ғана шектелмейді. АК-ның өзінде және кейбір заң актілерінде қамтамасыз етудің ұстап қалу және кепілдік жарна сияқты тәсілдері туралы айтылған.
АК-ның 292-бабында ұстап қалу міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретінде айтылғанмен, АК-ның 18-тарауында оның құқықтық реттелуі келтірілмеген. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретінде борышкер мүлкін ұстап қалудың мәні — несие берушінің заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда, мәміле нысаны болып табылатын мүлікті беруді борышкер шартты орындағанға дейін кейінге қалдыру немесе несие берушіге борышкерден тиесілі ақшаны немесе ақша сомасынан өзге мүлікті немесе несие берушіге борышкер есебінен келіп түскен өзге мүлікті ұстап қалу құқығы.
Кепілге қарағанда, кепілдік жарнада ақша несие берушіге негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша беріледі, ол қамтамасыз етілген міндеттеме тоқтағанда, оның ішінде, шарт тиісінше орындалғанда, жалпы ереже бойынша, кепілдік жарнасын қайтаруға міндетті, ал негізгі шарт орындалмаған жағдайда оны қайтармауға құқылы. Кепілдік жарнасында, кейбір тұстарда, кепілпұлдың сипаты бар, одан аванстық төлем функциясын табуға болады. Мысалы, аукционға (оның ішінде кепіл мүлкі сатылатын саудаға) қатысу үшін төленген кепілдік жарна аукцион жеңімпазының сатып алу бағасының есебіне жартқызылуы мүмкін, бірақ оның кепілпұлдан айырмашылығы сол, ол сауданы ұйымдастырушы қандай да бір ақша сомасын төлеу жөніндегі өз міндеттерін бұзғанда, оған, енгізілген кепілдік жарнасын қайтару жөнінде көтеріңкі міндет жүктелмейді. Қатысу кепілдік жарнасымен қамтамасыз етілген бірқатар жағдайларда, мысалы, тауар жеткізу жөнінде мәміле жасауға теңдерлерде, кепілдік жарнасы мәлімдеушілердің тендер жүргізуге қатысуын, тендер жеңімпазының тауар жеткізу шартын жасауын қамтамасыз етеді жөәне онда аванстық төлемнің ешқандай функциясы болмайды.
Ұстап қалудағы сияқты, кепілдік жарнаны қамтамасыз етудің әдісі ретінде арнайы құқықтық реттеудің болмауы шарт тараптарына АК-ның 380-бабына сәйкес қамтамасыз етудің бұл түрінің ережелерін өз бетімен келісуіне мүмкіндік береді.
Егеменді еліміз Қазақстанда шарттың орындалуын қамтамасыз ету қоғамдық қатынастардың барлық үлкен топтарын реттей отырып кедергісіз кеңейіп келеді деп айтуға мүмкіндік туды.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шартты орындауға немесе тиісінше орындауға әсер ететін мүліктік сипаттағы шаралар болып табылғандығы анықталған. Осы шарттың орындалуын қамтамасыз ету барлық шарттарға қолданылса болады.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері шартты толық орындауға мүмкіндік береді. Сол әдістердің кең таралған, әрі танымал қолайлы түрі кепіл. Бірақ ол да терең, жан-жақты зерттеуді қажет ететін институт болып табылады. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепіл институтына арналған, зерттеуге бағытталған әдебиеттер, мақалалар өте аз, саусақпен санап алуға болады. Мұның бір себебі кепіл құқығынан туындайтын даулы мәселелердің аздығынан болса керек. Сонымен қатар кепіл құқығын реттейтін нормативтік құжаттардың өзінде иеліктер байқалады. Мәселен, Азаматтық Кодекстің 311 бабының 2-ші тармағында “егер кепіл туралы шарттарда тыйым салынбаса, қайтадан кепілге салуға жол беріледі” деп көрсетілген. Біз бұл пікірді толық қолдаймыз, неге десеңіз шынында да кепілге салынған мүлікті кепіл берушінің басқа міндеттемесі бойынша қайтадан кепілге салуға кепіл туралы шартпен тыйым салынса, онда кепіл беруші кепілге салынған мүлікті қайталап кепілге салуға құқысы жоқ. “Затты кепілге беруші болып меншік иесі не меншік иесінің келісімімен оған шаруашылық басқару құқығы бар тұлға немесе заң құжаттарымен қарастырылған басқа тұлға да бола алады” деп ұсыныс жасайды.
ҚР заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, заттық меншік иесі не меншік иесінің келісімімен оған шаруашылық басқару құқығы бар одан заттың кепіл берушісі бола алады. Бұл норманың деспозициясынан түсінгеніміз, зат құжаттарымен мемлекеттік кәсіп орындарға мүлкін кепілге салуға тыйым салынуы мүмкін екен.
Сол себептен азаматтық құқықтағы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, шартты орындауға қамтамасыз ету әдістері туралы кейбір өзекті мәселелерді ашып кетуге тоқталдым.
Қазіргі уақытта шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері тек қамтамасыз етіп қана қоймай, жауапкершілікті жүктейтін немесе санкция түрінде көрініс тапқан ерекше құралдардың бірі болып саналады.
Осыған байланысты шартқа қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайларын анықтап алу керектігі көп назар аудартады, нақтырақ айтатын болсақ несие берушінің әрекетінің ұйымдық - құқықтық нысанын, олардың теориялық практикалық мәртебесін анықтау және толық түрде бағалау бүгінгі күннің талабына жатады.
Сонымен қатар қаралатын жағдайдың пәні ретінде көрініс тапқан шартты қамтамасыз ету әдістерінің бір жолға қойылып, осы әдістердің қолдану шараларында заң шығарушыларын практикалық және теориялық баға берілуі алынады.
Шартты қамтамасыз ету азаматтардың шарт еркіндігі принципіне негізделіп жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда елімізде көптеген шарттар, атап айтатын болсақ сатып алу-сату, кепіл (жер учаскілеріне және жер пайдалану құқықтарының кепілі, ипотека) сияқты шарттар өз табиғи жағдайларын жоғалтпай, қоғамда ерекше орын алуда. Сонымен қатар жаңа шарттардың түрлері (рента, факторант, франгайзнит, форфейтинг) пайда болуда. Осындай шарттарды реттеуде шартты қамтамасыз ету әдістері нарықтық экономиканы құқықтық реттеуде тиімді және ешқандай күмән тудырмайтын құрал ретінде көрініс табады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі