Шарттың жалпы ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 20:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 325.00 Кб (Скачать файл)

Жалпы алғанда ҚР АК 393-бабы елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.

Ережелердің елеулі больп табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:

1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;

2) заңнамада елеулі деп танылған  ережелер. Олар брокер-диллер мен  оның клиенті арасында жасалған  брокерлік шартта мыналар болуға  тиіс:

а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіңдегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;

б) тараптардың, оның ішіңде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғаңдағы, құқықтары мен міндеттері;

в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;

г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;

д)   тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;

е)  бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің есепшотына аударудың, соңдай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы" Заңы);

3) шарттардың осы түрі үшін  қажетті ережелер, мысалы, мүлікті  жалдау шартындағы жалдау ақысының мөлшері;

4)  тараптардың біреуінің арызы  бойынша оған қатысты келісім  болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк  алушы шартта жүкті темір жолмен  емес су көлігімен жеткізу  туралы ереже болуын талап  етеді.

Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп танығандағыдай салдарларға әкеледі АК-ның 157-бабын негізге алуға болады.

Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған болмағандығы шарттың заңдық күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады.

Оған мысалы, баға туралы ереже. Егер тараптар шартта шарт бағасын келіспесе, онда заң актілерінде көзделген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін бағалар (тарифтер, бағалау, ставка және т.б.) қолданылады.

Ал, ақылы шартта баға қарастырылмаған болса және оны шарт ережелеріне сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса, шартты орындау шартжасасқан кезде осыған ұқсас жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі (АК-ның 385-бабы).

Дағдылы ережелер, негізінен, дипозитивтік нормаларда көзделеді және ол шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда қолданылады.

Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.

Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы тиіс (АК-ның 388-бабы).

Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте, өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен де басқа.

Моделдік контракт Үкімет бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған, онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады.

Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. Егер ондай сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде ғана қолданылады. Бұл ретте, ҚР АК-ның 3-бабына сәйкес, мұндай дағдылар заңнамаға қайшы келе алмайды, ал ҚР АК-ның 382-бабына сәйкес олар тараптар арасындағы қатынастарға да қолданатындай болуға тиіс.

Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. ҚР АК 392-бабының 1-тармағына сәйкес, сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні қабылданады. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.

Шарттың қаңдай да бір ережесін түсінуде тараптар арасыңда қайшылық туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік берілген: ол шарттың мәтіні мен оның мазмұнына ғана сүйеніп қоймайды, тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай жағдайға сот шарт мәтіні төңірегіндегі талқылау нәтиже бермегенде барады.

Шарт ережелерін әрқилы ұғынбау үшін көптеген ірі контрактыларда олардың кейбір ережелерін қалай түсіну керектігі арнайы көрсетіледі.

Шарттың жазбаша формасының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат, телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады АК-ның 152-бабында көрсетілген.

Егер заңға жүгінсек ҚР АК-ның 394-бабының 2-тармағына сәйкес, оферта алған адамның шарттың офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу, қызмет көрсету, жұмыс орындау және т.б.) орындау жөнінде конклюденттік әрекеттерді жазбаша формада жасауы шарттың жазбаша формасына теңестіріледі. Мұндай әрекеттерді жазбаша форманы сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада немесе офертада белгіленуі мүмкін.

Шарттардың түрлерінеде тоқталып талдау жасайық. Оларды атап өтетін болсақ нақты және консенсуальдық шарттар, ақылы және ақысыз шарттар, бір жақты және өзара шарттар, бір типті және аралас шарттар, негізгі және алдын ала шарттар, еркін және міндетті шарттар, өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары және өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар болып бөлінеді.

    Азаматтық заңдарда шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі. Міндетемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер топтастырулары да қолданылады.

Біз шарттардың заңнамада және заң әдебиетіңде қолданылатын негізгі топтамаларына тоқталып мазмұнын толық ашып көрсетейік.

Нақты және консенсуальдық шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады.

Азаматтық кодекстің 393-бабының 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. consensus — келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Бұған мысал, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады.

Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүктасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап қана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.

Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта шарт осылай орындалуы тиіс.

Нақты шарттарда тараптардың міңдеттері басқаша анықталады. Оған мысал ретінде сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туыңдайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек.  Консенсуальдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.

Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міңдеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).

Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық — шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.

Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау жатады.

Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын-американ құқығында "considaration" деген атпен кең қолданылады. Оларда considaration кез келген шарттың елеулі ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.

Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады.

Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабыңда қаңдай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.

Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы), демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық формасына айналуда.

Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міңдет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міңдеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті).

Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады.

АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды туындайды. Соңдықтан да, олардың мазмұныңда заңда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.

Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген шикізатты өндеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін қамтиды.

Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса — сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.

Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шартгың айрықша ережелерін алып, оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.

Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туыңдайды. Алдын ала шаут дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).

Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруте міңдеті көзделген шартты. келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады.

Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жекешелеңдіру туралы Жарлықта "саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды" делінген.

Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы сонда, олардың екеуінің формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды жасағаңда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты), оңда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.

Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), аддын ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады.

Информация о работе Шарттың жалпы ережелері