Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 20:08, курсовая работа
Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.
Кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша талаптарды орындау, орындау мерзімі талап ету кезімен анықталатын шарт сияқты, жалпы ереже бойынша, жеті күндік мерзімде жүргізілуі тиіс, егер басқа мерзімде орындау міндеті заңнамадан, кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе негізгі шарттың мәнінен туындайтын болмаса.
Заң актілеріне сәйкес кепілдігі немесе кепіл болушылықты мезгілсіз тоқтатудың өзге де жағдайлары белгіленуі мүмкін. Бұл ережелерде белгіленген мерзімдердің өтуі сот арқылы қорғану құқығын тоқтатып қана қоймайды, сонымен қоса кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтатады. Сондықтан, бұл көрсетілген мерзімдер тыйым салушылық рөл атқарады, талап қою мерзімін қалпына келтіру ережесі бұларға қолданылуы тиіс емес.
Кепіл ұғымы. Мүлік айналымында несиенің маңызы зор. Несиелік шарттың орындалуын борышкердің барлық мүлкімен жауап беруі принципімен қамтамасыз ету несие берушіні барлық уақытта бірдей қанағаттандыра бермеуі мүмкін, себебі борышкердің мүлкін өндіртіп алуға айналдыру кезінде оның құны несие берушінің талабының мөлшерінен кем болуы немесе сол борышкердің басқа несие берушілерінің сол уақытта жарыса талап қою қаупі бар. Осының барлығы қоғам мен құқықтың дамуының белгілі бір кезінде қамтамасыз ететін шаралардың ерекше түрін қалыптастырды, ол кепіл деп аталды, ол белгілі бір адамның (борышкердің, кепіл болушының) жеке басының қасиетіне емес, борышкердің белгілі бір мүлкінің құнына сенуге, және онымен өз талаптарын қалайда қанағаттандыру мүмкіндігіне негізделді. Уақыт өте келе кепілге борышкердің ғана емес, заттық кепіл болушы деп ат алған үшінші жақтың мүлкі де беріле бастады, ал несие берушінің талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігі заттардан басқа мүлікке — "тәнсіз заттар" деп аталатын мүліктік құқықтарға да таралды.
Кепіл (кепілдік құқық) деп несие берушінің шарт бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болушының белгілі бір затының не өзге мүлкінің құндылығы есебінен канағаттандырудағы айрықша құқығы танылады.
Кепіл құқық қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік актілер — Азаматтық кодекс, атап айтқанда оның 18-тарауының 3-параграфы және жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы Жарлық. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу, қажеттігіне байланысты жылжымайтын мүлік ипотекасы мен жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтың кепілін (мысалы, жалдау құқығының кепілі, сенімгерлікпен басқару құқығының кепілі және т.б.) тіркеу Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы Жарлықпен реттелуге жатады [9]. Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеудің кейбір жақтары арнайы заң актісіңде — Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы" Заңында реттелген.
Жер учаскелері және жер пайдалану құқығы кепілінің ерекшеліктері (мысалы, жер учаскесінің, жер учаскесін жалдаудың мүліктік құқығының кепіл берушісі кімдер екендігіне қарай) жер туралы заңнамадан, атап айтқанда Жер туралы заңнан туындайды.
Жер қойнауына құқық кепілінің, сондай-ақ пайдалы қазбалар кепілінің ерекшеліктері жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада, атап айтқанда Жер қойнауы туралы және мұнай туралы Жарлықтарда көзделген.
Бағалы қағаздар кепілінің ерекшеліктері бағалы қағаздар туралы заңнамада, атап айтқанда, 1997 жылғы 5 наурыздағы Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы заңмен, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы заңымен реттеледі. Вексельдер кепілінің ерекшеліктері 1997 жылғы 28 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы" ҚР Заңында көзделген.
Валюталық құндылықтар кепілін құқықтық реттеудің ерекшеліктері 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Валюталық реттеу туралы" Заңмен, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі №115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу Ережелерінде (Әділет министрлігінде 2001 жылғы 3 шіддеде тіркелген, №1561), сондай-ақ валюта операцияларын реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген.
Кепіл жөніндегі сыртқы экономикалық шарт бойынша қолданылатын құқыққа қатысты коллизиялық нормалар АК-ның VII бөлімінде реттеледі.
Соңдай арнайы заң актілерінің бірі — Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Заңы, оның 203-221-баптары теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің кепілінің (кеме ипотекасы) ерекшеліктерін көздейді. Бұл заң актісімен кепілдің екі түрі қарастырылған: заң актісі негізінде туындайтын кепіл - кеменің (тұрғызылып жатқан кеменің) теңіз кепілі, сондай-ақ шарт негізінде туындайтын кепіл — кеме (тұрғызылып жатқан кеменің) ипотекасы. Кепіл жөнінде АК-да көзделген жалпы нормалардың заң актісі негізінде туыңдайтын кепілге таралу мәселесі АК-ның 300-бабының 2-тармағында реттелгендіктен, АК-ның 299-бабының 3-тармағы, тиісінше, АК-ның кепіл туралы жалпы нормаларының кемелердің шарттық кепіліне — кеме ипотекасына таралу мәселесін ғана реттейді. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заңның 209-211-баптарында кеме ипотекасын белгілеудің, кеме ипотекасы нысанын анықтау тәртібінің, кеме ипотекасын тіркеудің, кеме ипотекасымен қамтамасыз етілген талаптарды қанағаттандыру тәртібінің ерекшеліктері белгіленген, кеменің занды және шарттық кепілінің кепіл ұстаушылары құқықтарының коллизиялық мәселесі және басқа да бірқатар мәселелер шешілген. Сонымен қатар, бұл көрсетілген заң актісінде шарт жасасу, кепіл құқығын іске асыру, кепіл нысанын мәжбүрлеп сату мәселелері шешілмеген, және "Саудамен теңізде жүзу туралы" заңмен реттелмеген мәселелер бойынша теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің ипотекасына АК-дағы кепіл туралы жалпы нормалар қолданылады.
АК-ның 299-бабының 3-тармағына сәйкес "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заң мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің кепілінің ерекшеліктерін, сондай-ақ тұрғызылып жатқан теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" жүзу кемелерінің кепілін белгілейтін бірден бір заң актісі емес, және мұндай ерекшеліктер әуе кемелерінің құқықтық режимін реттейтін өзге де заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Айта кететін бір жағдай -әуе кемелері кепілінің ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы" Заң күші бар Жарлығында және 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" ҚР Заңында көрсетілген ерекшеліктері әуе кемелері кепілінің міндетті мемлекеттік тіркеуіне ғана қатысты, ол әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу талаптарынан және АК-ның 308-бабының 1-тармағынан орынды туындайды.
Жылжитын да, жылжымайтын да, пайдаланылатын да, пайдаланылмайтын да заттар, әдетте, кепіл объектісі ретінде алынады. Бөлінбейтін зат тұтастай кепілге беріледі. Бөлінетін заттың бөлігі кепіл құқығының өзінше объектісі бола алады.
Ақшаны қамтамасыз ету заты ретінде пайдаланудың өзгедей шарттық және заңнамада көзделген тәсілдерін ақша кепілінен ажырату керек. Мысалы, ақша қамтамасыз етудің кепіл мүлкін АК-ның 319-бабының 4-тармағына сәйкес сату кезінде саудаға қатысудың кепілдік жарнасы, АК-ның 915-бабының 6-тармағына сәйкес конкурстық міндеттемелердің кепілдік жарнасы ретінде пайдаланылады. Бұл мысалдар сияқты кепілдік жарнасы, қамтамасыз ету тәсілі ретінде, өзге жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін.
Кепілге қарағанда, кепілдік жарнада ақша несие берушіге негізгі шарт бойынша беріледі, ал ол негізгі шарт орындалмаса қайтарылмай қалады.
Қамтамасыз ету заты ретінде ақша қамтамасыз етудің кепілзат сияқты дәстүрлі тәсіліңде де пайдаланылады. Кепілге қарағанда, кепілақының ақшалай сомасы, кепілдік жарнадағы сияқты, негізгі міндеттеме бойынша несие берушіге тікелей беріледі.
Кепіл нысанын несие берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін сату қажеттігі кепілге берілген нәрсенің иеліктен шығарылу мүмкіндігін көздейді. Сондықтан да кепіл нысаны ретінде өзінің табиғи құндылығымен қатар кепіл ұстаушының өндіріп алуды соған аударғанда сатуға болатындай нәрсе берілуі тиіс. Бұл талап ақшаға таралмайды, себебі оны сатудың қажеттігі жоқ, өндіріп алуды оған аудару оның өз құнымен тең болады. Ақшаның ол ережеге кірмеуі оның мүліктің айрықша түрі — белгі қойылған нәрсе екендігінде, оның құндылығы әлеуметтік функциямен анықталады және ол нәрсенің талап ету құқығына ие екендігінен туындайды.
Кепіл туралы және кепіл нысаны туралы заңнамада мүліктің кейбір түрлерінің кепіліне заң актілері арқылы тыйым салу немесе шек қою мүмкіндігі туралы ереже бар. Бұл ереже заң актісі бойынша кез келген нәрсенің кепіліне тыйым сала алады, себебі мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдалануға тыйым салудың немесе шек қоюдың негізге алынатын критерийлері белгіленбеген. Мұндай тыйым салу немесе шек қою тек заң актілерімен ғана белгіленеді.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар: өмір, денсаулық, ар-ождан, жақсы атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұғылмайтындық, жеке және отбасы құпиясы, есімге құқық, авторлыққа құқық, шығармаға қол сұғуды болдырмайтын құқық және басқа материалдық емес құқықтар мүлікке жатпайды және кепіл нысаны бола алмайды.
Кепіл қатынастарының тараптары. Кепіл қатынастарына кемінде екі адам — кепіл ұстаушы және кепіл беруші қатысады.
Кепіл ұстаушы, әдетте, негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша несие беруші болады. Негізгі шарт бойынша несие берушінің ауысуы, егер алғашқы және жаңа несие берушілер арасында құқық ауысқанда басқадай айтылмаса немесе заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, әрқашанда кепіл ұстаушының құқықтарының жаңа несие берушіге ауысуына әкеп соғады.
Кепіл беруші негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша борышкер де, заттық кепіл болушы ретіндегі үшінші жақ та бола алады.
Кепіл ұстаушыға қойылатын басты талаптардың бірі — ол кепілге берілген нысанның меншік иесі болуы тиіс немесе ол нысанды кепілге беруге мүмкіндік беретіндей онда өзгедей заттық құқық болуы тиіс, не, мүліктік құқықты кепілге салғанда (мысалы, интеллекгуалдық меншікке жататын не тауарлар беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөніндегі шарттық қатынастардан туындайтын және т.б.) сол мүліктік құқықтың иесі болуы керек.
Кепіл туралы шарттың күшінде болу кезеңінде кепілге салынған мүлікті пайдалануға жол беру туралы жағдай, әрине, елеулілер қатарына жатпайды, себебі заңнамада кепіл нысанын ипотека және кепілақы үшін пайдалану тәртібін реттейтін нормалар бар. Сонымен қатар, мүліктік құқықтың кепілі үшін, сондай-ақ, шарт талаптарынан оның кепілақы немесе ипотека екенін дәл анықтау мүмкін емес жағдайларда, кепілдің күші бар кезеңде кепіл мүлкін пайдалануға жол беру туралы жағдай кепіл туралы шарттың елеулі жағдайларына жатады, және осы шарт негізінде кепіл құқығының табысқа және кепіл мүлкін пайдаланудан түскен өзге есімге таралу шегі, тараптардың кепіл мүлкінің жойылуы, жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауапкершілігі, сондай-ақ тараптардың өзге құқықтары мен міндеттері анықталады.
Кепіл туралы келісімнің формасы. Кепіл туралы шарт жазбаша формада жасалуға тиіс. Жазбаша формада жасалмаған кепіл шартты заңсыз деп танылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын өзге жылжитын мүліктің кепіліне қатысты, егер заң актілерінде өзгедей көзделмесе, кепіл туралы шартты тіркеген кезден бастап оларды жасау презумпциясы күшіне кіреді.
Егер тараптар мұндай жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы келісімге келсе, онда тіркеу туралы жағдай шарттың елеулі жағдайына айналады. Тіркеу жасамау, бұл жағдайда, кепіл туралы шарттың заңсыздығына әкеп соғады, бірақ ол тіркеу талаптарын бұзғандықтан емес, шарттың елеулі жағдайларын бұзу негізінде болады.
Бұл заң, сондай-ақ, жылжитын мүлікті кепілге қайта салуға тыйым салу туралы жағдайлар көзделген сол мүліктің кепілі туралы шарттың міндетті түрде тіркелуін қарастырады. Бұл шартты тіркеу туралы ережені бұзу тыйым салу туралы талаптарды заңсыз етеді, бірақ жалпы кепіл туралы шарттың заңсыз деп танылуына ықпал етпейді.
Мұндай салым шарты салымдар туралы ережеге бағынады, ол кепіл берушіге ақшамен қамтамасыз етілген шарт тиісінше орындалған жағдайда ғана қайтарылады. Сондықтан, мұндай салымнан ақшаны несие ұстаушыға беру кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген шартты орындамауы жағдайында болады.
АК-ның 301-бабында көзделгеніне қарамастан, ақша кепілі АК-ның 765-бабына Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңымен толықтырулар енгізілгенше мүмкін болмады, себебі, сол кезге дейін банк салымының шарты бойынша салымшының кез келген мерзімді немесе шартты салым бойынша, салымды қайтару үшін келісілген мерзім немесе мән-жай болғанға дейін салымды қайтаруға сөзсіз құқығы болды. Бұл жағдайда банктегі ақшаны кепілге салу мүмкін емес еді, себебі салымшы, банкпен арадағы қандай да бір шарттарға қарамастан, салымды кез келген уақытта қайтарып алуына мүмкіндік беретін, АК-ның 765-бабыңда алдын-ала белгіленген құқығына сүйеніп салымды қайтарып ала алатын. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңынан АК-ның 765-бабына 6-1-тармақ түрінде толықтыру енгізілді, оған сәйкес банк салымын сөзсіз қайтару ережесі ақша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін салынған жағдайға, яғни ақша кепілі жағдайына таралмайды.
Ақшаны банк есепшотына кепіл нысаны ретінде, ятни банк есеп-шотының шартын пайдаланып банкке салуға болмайды, себебі банк есепшоты міндеттемесінің конструкциясы клиенттің банк есепшоты шарты бойынша банкте жатқан ақшаға билік етуінің сөзсіз құқығын, сондай-ақ клиенттің банк есепшоты шартын кез келген уақытта бұзуға және бұл жағдайда ақшаны алуға не үшінші жақтың пайдасына аударуға сөзсіз құқығын көздейді.
Шартта, соңдай-ақ АК мен заң актілерінде көзделген жағдайларда кепіл ұстаушы кепілдегі мүлікті сауда еткізу (аукцион) жолымен жөне сауданы даярлаудың жөне жүргізудің айрықша процедураларын сақтай отырып мәжбүрлі сотган тыс тәртіпге өз бетімен сатуға қүқылы. Мысалы, жалпы ереже бойынша, ақша қарызын қамтамасыз ететін кепіл нысанын сату жөніндегі кепіл ұстаушы - банк кепіл мүлкін мәжбүрлі сотган тыс тәртіпте сатуға құқылы.