Банк ресурстары және қалыптасу көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, банк ресурстарының ұғымы және құрылымы қарстырылған , яғни банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері және капиталдың жеткіліктілігі толықтай қарастырылған.
Екінші бөлімде, банктік ресурстардың орналастырылуы яғни олармен жүргізілетін: пассивтік, активтік, инвестициялық операциялар.
Үшінші бөлімде,банктің тартылған қаражаттары, яғни банктің депозиттік және депозиттік емес операциялары.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І бөлім. Банк ресурстары және қалыптасу көздері.
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы..........................................4
1.2. Банк ресурстарының маңызды бөлігі – меншікті қаражаттар ................7
1.3. Банктің тартылған қаражаттары.............................................................. 18
ІІ бөлім. БАНК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ.
2.1. Банктің меншікті қаражатының динамикасы және оны талдау...........23
2.2. Банктің депозиттік операциясының ерекшеліктерін талдау.................24
ІІІ бөлім. Банктің тартылғын қаражаттары .
3.1. Банктің депозиттік операциялары ..........................................................25
2.2. Банктің депозиттік емес операциялары............................................37-38
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................40

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстары.doc

— 164.50 Кб (Скачать файл)


 


 




                                                                                                                                                          


      

   

    Американдық банктік  тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша       нарығының депозиттік шоты жатады.

Оның мынадай ерекшелігі бар:

    • ақша нарығының  басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің  өзгеруіне

байланысты,әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;

    • шот бойынша ең  төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;

    • салымдардың сақтандырылуы;

    • иемденуші,үшінші жақтан  төлемдер үшін айына шоттан  алты рет аударма жасауына  болады,мұның ішінде үшеуі чекті  көшіріп жазу жолымен,үшеуі телефон  арқылы жүзеге асады.

    Мерзімді депозит ─ бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

    Бұл депозит түрі  алдын ала хабарлаудан  кейін  немесе мерзім бойынша алынуы  мүмкін.  Мерзімді депозиттер  чектің көмегімен пайдаланылмайды,бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады  немесе ағымдағы шотқа  аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

     Бұл салымның ерекшелігі  — талап еткенге дейінгі депозитке  қарағанда, оларға міндетті резервтердің  төменгі мөлшері белгіленеді.

     Депозиттің бұл түрін  алдын-ала хабарлау негізінде  немесе уақыты жеткен кезде  салым иесі ала алады. Мерзімді  депозиттерді чектер арқылы алуға  болмайды. Мерзімді депозиттерді  басқа шоттарға аударуға болады.

    Мерзімді депозиттер  мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді депозиттер;

— алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

    Меншікті-мерзімді депозиттер  сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

    •30 күнге дейінгі;

    •30-90 күнге дейінгі;

    •90-180 күнге дейінгі;

    •180 күннен 360 күнге дейінгі;

    •360 күннен жоғары.

    Мерзімді депозиттер  бойынша, салым иесінен алдын  ала хабарлау депозиті бойынша  міндетті түрде өтінішін талап  етеді.

    Өтініш беру уақыты  алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді.Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

    Мерзімді депозиттердің  мынадай ерекшеліктері болады:

    • есеп айырысу үшін  пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға  ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

    • шоттағы қаражат  баяу айналады;

    • тұрақты пайыз төленеді;

    • пайыз мөлшерінің  ең жоғарғы деңгейі Ұлттық  банкі тарапынан реттеліп отырады;

    • ақшаны алуы туралы  салым иесінің алдын ала хабардар  етуі талап етіледі;

    • бұл шоттағы қаражаттар  бойынша ең төменгі мөлшерде  резервтер белгіленеді.

    Тағы бір кеңінен таралған  депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген,ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

     Банктер үшін мұндай  шоттар қосымша жұмыстарды талап  етеді: операцияны  рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып  алу жағдайына сай екі жақты  тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.

     Мерзімді депозиттер  және жинақ салымдары депозиттік  ресурстардың біршама тұрақты  бөлігін білдіреді.

     Жинақ  салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ  салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

     Жинақ  салымдардың  мынадай ерекшеліктері болады:

    •ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

    •шоттағы қаражатты  алдын ала алу барысында ешқандай  да ескерту талап етілмейді;

    •ақшаны шотқа саларда  немесе шоттан аларда міндетті  түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы  көрсетілетін жинақ кітапшасының  болуын талап етіледі.

    Отандық банктік тәжіребеде  жинақ  шоттары тек жеке тұлғаларға  ашылады. Ал шетел тәжіребесінде  мұндай шоттар коммерциялық емес  ұйымдарға және іскер фирмаларға  ашыла береді.

      Отандық банктік  тәжіребеде жеке тұлғаларға ашылатын  жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне  және мазмұнына қарай                          мынадай түрлерге бөлінеді:

    • мерзімді жинақ  салымдар;

    • қосымша жарна қосатын  мерзімді жинақ салымдар;

    • ұтыс салымдары;

    • ақшалай-заттай ұтыс  салымдары;

    • мақсатты және ағымдық салымдар;

    • алдын ала алуын  хабарлайтын салымдар;

    • валюталық салымдар;

    Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ  салымдарға басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

    Қосымша жарна қосатын салымдар — бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде ( жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с.) толық төленеді.

    Ағымдық жинақ  салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

    Мерзімді депозиттер  мен жинақ салымдардың бір  түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

   Депозиттік және жинақ сертификаты—бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі.

    Депозиттік және жинақ  сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

    —атаулы сертификаттар;

    —мәлімдеуші сертификаттар.

    Атаулы депозиттік және  жинақ сертификаттары бұл салым  иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда  салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың  иесі болып саналады.

    Депозиттік және жинақ  сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

    Әлемдік банктік тәжіребеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

    — аударылатын;

  • аударылмайтын.

    Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

    Аударылатын  депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

    Жинақ сертификаты жеке  тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын  құрайды. Жинақ сертификаты тек  жеке тұлғаларға ғана  беріледі.

    Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен  бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

    Банктердегі депозит  түріндегі бағалы қағаздар төмендегідей  түрлерге бөлінеді:

   • кәсіпорындар және  акционерлік қоғамдардағы банктердің  акциялары мен облигациялары;

   • банкке сақталуға берілген  және ссудамен қамтамасыз етілген  акциялар мен облигациялар;

   • шетелдік валюталармен  жасалатын операциялар бойынша  бағалы қағаздар мен құндылықтар.

    Банктік ресурстарды  тартудың жаңа бір формасына банктің векселдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым векселдерді ғана шығарады.Банк векселдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, векселді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырсуда пайдаланылады; екіншіден, векселдер несие алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден, векселді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден векселдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, векселдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, векселдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, векселдің мерзімі әр түрлі болады.

    Мерзімді салымдардың  талап еткенге дейінгі салымдарға  қарағанда жедел түрде өсуі  банк депозитінің құрамын өзгертті. 1950 жылы талап еткенге дейінгі салымдар барлық депозиттердің 74 пайызын, ал мерзімді салымдар 26 пайыз құрады. 2001 жылы сәкесінше 38 және 62 пайызға дейін теңесті. Бұл ставка жоғары мөлшеріндегі шектеудің әлсіреуімен және пайызды өсіруімен түсіндіріледі.  

 

 

Қорытынды

     Қорыта келгенде жалпы коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар  мен қаржылық қызметтерді  жүзеге асырады. Демек , коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресуртар нарығында ақшалай ресуртарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

    Банк ресурстары нарығының  пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп, банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен факторинг, лизинг басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қатынастар емес, сол сияқты тауарлы -материялдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді.

Жалпы банк ресурстары дегеніміз — бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған бантің меншікті және тартылған қаражатының жиынтығы.

    Банктің меншікті қаражаттары  — банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық  қызметін қамтамасыз ету үшін  құрылған банктің әр түрлі  қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметтің нәтижесіне байланысты және өткен жылдағы бөлінбеген пайдасы.

    Банктің тартылған қаражаттарын  жинақтау тәсілдеріне байланысты  үлкен екі топқа бөлінеді;

    1) депозиттік қаражатар

    2) депозиттік емес тартылған  қаражаттар.

    Жалпы депозит дегеніміз — клиенттердің банктегі белгілі-бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

     Депозиттік емес қаражаттар  — бұл банктің алған қарыздары  түрінде немесе өздерінің меншікті  бағалы қағаздарын сату жолымен  тартылатын қаражаттар.

    Банктік ресурстар пайда табу мақсатында әр түрлі операциялар бойынша орналастырылады, яғни бұл – актив, пассив, инвестициялық операциялар.

    Коммерциялық банктердің  меншікті және тартылған  ресурстары  Ұлттық банкте ашылатын корреспондентік  шотта көрсетіледі.

 

 

                         

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

   

     1. Брук Н. Банковское  дело и финансирование инвестиций.–  Институт экономического развития  Всемирного банка, 1994г.

    2. Банки и банковское дело/ Под ред. И.Т. Балабанова. – СБп: Питер,2001г.

    3.Зачупейко С.Т″ Банковская  система России″ том 1,Москва.,1995г.

    4. Колесников В.И, Кроливецкая  Л.П. Банковское дело  М.: ″Финансы  и статистика″  1999г.

    5. Көшенова Б.А. ″Ақша,несие,банктер″. Валюта қатынастары.

    6. Лаврушин О.И.″ Банковское  дело″ – М:″ Финансы и статистика″.,1999г.

    7. Мақыш С.Б. ″Ақша айналысы  және несие″.Оқу құралы/ жалпы  редакциясын басқарған ҚР  ҰҒА-ның  академигі Сейітқасымов Ғ.С., 2-ші  басылым, қайта өңделген және толықтырылған.– Алматы: Издат Маркет,2004.

    8. Мақыш С.Б. ″Коммерциялық  банктер опрециялары″. Оқу құралы/ жалпы редакциясын бақарған ҚР  ҰҒА-ның академигі Сейітқасымов  Ғ.С., 2-ші басылым , қайта өңделген  және толықтырылған.–Алматы: Издат Маркет,2004г.

Информация о работе Банк ресурстары және қалыптасу көздері