Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 19:03, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде дамып келген Қазақстан экономикасында тұрақты несие жүйесі болмады. КСРО ыдырап, еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін ғана жүйелі түрде қалыптасып, тұрақтана бастаған несие жүйесі әлі даму үстінде. Сондықтан да, қазіргі нарық заманында еліміздегі несие жүйесінің жағдайын, оған әсер етіп отырған факторларды зерттеу, дағдарыс жылдарындағы өзгерісін анықтап, сараптама жасау маңызды мәселе.
КІРІСПЕ...............................................................................................................2
1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
1.1. Несие жүйесі : экономикалық сипаттамасы,қызметі мен мен құру қағидалары................................................................................................................3
1.2. Несие жүйесінің маңызы мен ақша-несие қатынастарында
алатын рөлі...............................................................................................................6
1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері...........................................8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Банктік және банктік емес мекемелер несие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде..........................................................................................................13
2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының»
қызметіне талдау ...................................................................................................23
2.3. Қазақстандағы зейнетақы қорлардың жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстар...............................................................................................................27
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Банкік сектордың дағдарыс кезіндегі даму жағдайы
мен ерекшеліктері.................................................................................................30
3.2. Банктік емес мекемелердің ағымдағы жағдайлары....................................33
3.3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері.............................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42
ҚОСЫМША
Кесте -2
ҚР-ның несие жүйесінің бір тармағы және ең бастысы деп банк жүйесін айтуға болады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» N 2444 Заңынының 3-бабына сәйкес,Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.7 Сәйкесінше, ҚР – ның Ұлттық Банкі еліміздегі айналымға ақша белгілерін эмиссиялау құқығы бар жалғыз банкі болып табылады. ҚР Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты - ҚР- дағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Орталық Банктің басты міндеті – айналымға ақша шығару, банктер арасындағы ақша тауарының саудасы, банктік жүйенің эмиссиялық, несиелік және есеп айырысу қызметін басқару. Мемлекет эмиссиялық құқықты бір банкке (Орталық) ғана береді, өйткені ақша шығару құқығын бірнеше банкке беру жағдайында бүкіл ел бойынша ақша айналымын реттеу мүмкін болмай қалар еді. Эмиссиялық банк басқа банктердің бірінде жоқ ірі қаржыларды иеленеді. Оның пассивтері айналымдағы қолма-қол ақшалардан, бюджеттік кұралдардан тұрады. Бұл жағдай оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметіне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы несие жүйесін басқарушы деп айтаса да болады. Себебі ҰБ барлық басқа қаржы мекемелеріне банктік немесе несиелік қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. Ұлттық Банк көптеген қызметтерді жүзеге асыратын, банктердің банкісі болып табылады.
Қазақстанда эмиссиялық банк болып Ұлттық банк саналғандықтан, қалған банктер, соның ішінде коммерциялық банктер – эмиссиялық емес банктер. Олардың айналымға ақша шығару құқығы жоқ, бірақ та өз клиенттерінің шаруашылық қызметін қамтамасыз етумен байланысқан несиелік, есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ең маңыздылары: уақытша бос ақшалай қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту,несиелеу; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және т.б. жатады.Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты кредиттік есеп айрысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Занға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарту;
- клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен занды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік кредиттер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды жэне басқа да қаржылық міндеттемелерді);
төлем құжаттарын сатып алу, сату жэне сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай түрде орындауды қарастыратын үшінші түлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын жэне бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін кұжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, оның ішінде сату құқынсыз (форфейтинг); .
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды тарту және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік кызметпен байланысты кеңес беру қызметін корсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Бұл ЕДБ жүзеге асыра алатын операциялардың бір бөлігі. Коммерциялық банктер еліміздің әрбір тұрғынына несиелік немесе қаржылық көмек көрсетуде жұмыс істеп келеді және де осы банктік сектор мемлекетіміздегі барлық салалар: мәдени, әлеуметтік, экономикалық, өнеркәсіп және т.б. салаларын қамтиды. Сондықтан Екінші деңгейлі банктер Қазақстан Республикасының Банк жүйесінде де, Несие жүйесінде де маңызды орын алады.
Қазақстандағы парабанктік жүйенің құрамына кіретін мекемелердің, яғни ҚР ҰБ-ның немесе басқа да өкілетті органның берген лицензиясының негізінде өз қызметін жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір қызметтер мен операцияларды көрсететін мамандандырылған қаржы – несие мекемелерінің алатын орны ерекше. Осы мекемелер көбінесе өз клиенттеріне қысқа мерзімге орта және үлкен көлемді ссуда берумен айналысады. Елімізде парабанктік мекемелердің арасында ең дамып отырғаны несиелік серіктестіктер мен ломбардтар болып табылады.
«Несиелік серiктестiктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, несиелік серiктестiк - жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның iшiнде банктiк қызмет көрсетуге деген қажеттерiн олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға болып табылады. Несиелік серіктестік парабанктік мекемелердің ішінде маңызды орын ала отырып, төмендегідей операцияларды жүзеге асырады:
1. Кредиттік серіктестік
өзінің қатысушылары үшін
1) аудару операцияларын:
төлемдер және ақша аударымы
жөніндегі тапсырмаларды
2) қарыз операцияларын:
ақы төлеу, мерзімділік және
қайтарымдылық талаптарына
3) кредиттік серіктестік қатысушыларының төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
4) аккредитивті ашу
(ұсыну) мен растау және ол
бойынша міндеттемелерді
5) сейфтік операцияларды: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттар мен құндылықтарды сақтау жөніндегі қызметтерді;
6) лизинг қызметін жүзеге асыру;
7) кредиттік серіктестік қатысушыларының банк шоттарын ашу және жүргізу;
8) кредиттік серіктестіктің
қатысушылары үшін
9) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) кредиттік серіктестік қатысушысынан, сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды;
10) кассалық операцияларды:
осы тармақта көзделген
2. Кредиттік серіктестік
өз мүлкін пайдаланумен
3. Кредиттік серіктестік инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.8
Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасып, коммандиттік, толық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және акционерлік қоғам формасында құрыла алады. Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:
Несиелік одақтар — бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ, несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.
Олар негізгі екі формада болуы мүмкін: 1) кыска мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған;2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т.б. [4]
Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын үлесінен және пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігінің басқарамасының 2004 жылғы 16 ақпандағы № 43 қаулысы бойынша, ломбард – банк болып табылмайтын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде айрықша қызмет түрі ұлттық валютада мынадай банктік және өзге операцияларды жүргізу болып табылатын заңды тұлға (коммерциялық ұйым):
1) ломбард операциялары: депозитке салынатын жеңіл өткізілетін бағалы қағаздарды және өзге жылжитын мүлікті кепілге салумен қысқа мерзімді кредиттер беру;
2) лизинг қызметін жүзеге асыру;
3) құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдары сатып алу, кепіл зат ретінде қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
4) сейф операциялары: сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету.9
Ломбард акционерлік қоғамнан басқа кез келген ұйымдық құқықтық формада құрылы алады.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болғап. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа) кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік құнының 50—80% мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен катар, олар клиенттердің құндылықтарын сактау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі — мұнда несиелік шарт және кепіл міндеттемелері болмайды. Ссуданы кепілге беру барысында клиент кепілге зат қойғандығын куәландыратын және ссуда алғандығын растайтып құжат немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз алушының реквизиттері және мәміленің басты шарты көрсетіледі.
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Заңына сәйкес сақтандыру ұйымдары (компаниялары) (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады. Өз кезегінде сақтандыру дегенiмiз - сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.10 Қазақстанда сақтандыру міндетті және ерікті деп бөлінеді. Міндетті сақтадыру сыныптарына автомобиль көлігін сақтандындыру, ауыл шаруашылық өндірісін сақтаныдыру, экологиялық сақтаныдыру, т.б. жатса, ерікті сақтандыруға медициналық, ипотекалық, заемдық, өмірді сақтандыру және т.б түрлері бар. Қазақстанда қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан 43 сақтандыру компанияларының барлығы да өз клиенттеріне сапалы да сенімді қызметтерін ұсынуда. Осы компаниялар белгілі бір сақтандыру жайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, соның жәрдемімен жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерін және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түсен қаржы арқылы қалыптасады.
Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде, құрылтайшыларды таңдау бойынша құрылады. Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары шарушылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Садыру резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады.[ 3]
Шағын несиелік ұйымдар 6 наурыз 2003 ж. ҚР «Шағын кредиттік ұйымдар» туралы заңына байланысты қатысушы мүшелердің жарналары және өзінің капиталы есебінен несиелендіруді жүзеге асырады.
Осындай ұйымдарға несиелік кооперативтерді жатқызуға болады және де олардың қызметі ҚР «Несиелік кооперация туралы» заңымен іске асырылады.
Бұл ұйымдардың клиенттері негізінен тек қана ұсақ кәсіпкерлер, фермерлер мен кооперативтер болып табылады.
Шағын несеилік ұйымдар (ШНҰ) - 6 наурыз 2003 ж. ҚР «Шағын несиелік ұйымдар туралы» заңымен белгіленетін тәртіпте шағын несиелерді беру бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.
Шағын несие - шағын несиелік ұйымдардың осы заңның шартында қарыз алушыға ақылылығы, қайтарымдылығы, мерзімділігі және көлемі (мөлшері) мен тәртібі белгіленген ақша қаражаты.