Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 19:03, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде дамып келген Қазақстан экономикасында тұрақты несие жүйесі болмады. КСРО ыдырап, еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін ғана жүйелі түрде қалыптасып, тұрақтана бастаған несие жүйесі әлі даму үстінде. Сондықтан да, қазіргі нарық заманында еліміздегі несие жүйесінің жағдайын, оған әсер етіп отырған факторларды зерттеу, дағдарыс жылдарындағы өзгерісін анықтап, сараптама жасау маңызды мәселе.
КІРІСПЕ...............................................................................................................2
1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
1.1. Несие жүйесі : экономикалық сипаттамасы,қызметі мен мен құру қағидалары................................................................................................................3
1.2. Несие жүйесінің маңызы мен ақша-несие қатынастарында
алатын рөлі...............................................................................................................6
1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері...........................................8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Банктік және банктік емес мекемелер несие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде..........................................................................................................13
2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының»
қызметіне талдау ...................................................................................................23
2.3. Қазақстандағы зейнетақы қорлардың жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстар...............................................................................................................27
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Банкік сектордың дағдарыс кезіндегі даму жағдайы
мен ерекшеліктері.................................................................................................30
3.2. Банктік емес мекемелердің ағымдағы жағдайлары....................................33
3.3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері.............................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42
ҚОСЫМША
5 ШНҰ – несие қоржыны ШНҰ-ның жалпы активінен 75 пайыздан да аз;
4 ШНҰ – байқауға өткізген
құжаттарының толық еместігі, немесе
жалған қаржылық ақпарат
Сонымен, байқаудың бірінші қорытындысы бойынша, сұралған несие көлемі – 4 035 млн. теңгемен 45 ұйым таңдалып алынды.
2008 жылдың 4 қыркүйегіне дейінгі Қордың жағдайы:
- ұйымдардың 984,6 млн. теңге құрайтын 18 жобасы қабылданды,
- арыз иесінің еркімен 280 млн. теңге құрайтын 4 жоба қайтарылынып алынды,
- несие қоржыны туралы жалған ақпарат бергендігі үшін 1 506,6 теңге құрайтын 11 жобаны қаржыландырудан бас тартты.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда барлығы 486,8 теңге құрайтын 10 арыз Қордың қарауында жатыр. Шағын несиелік ұйымдар қазіргі кезде тез дамуда және халықтың сеніміне кірген бірден бір маманданған банктік емес ұйым болып табылады.
3.3 Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері
Орта мерзiмдi перспективада несие жүйесінін дамытудың негiзгi мақсаттары
мен мiндеттері мыналар болып табылады:
- халықтың банк өнiмдерiне қатынауын
кеңейту және қаржы қызметтерiн тұтынушыларды
қорғау деңгейiн арттыру;
- халықтың банк және банктік емес секторына
сенiмдiлiгiн арттыру мақсатында отандық
екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң және
мамандандырылған қаржы несие мекемелерінің
айқындық деңгейiн арттыру;
- бәсекелестiктi дамыту және шетелдiк
банктердiң отандық қаржы нарығына қатынауын
ырықтандыру;
- үздiк халықаралық практика негiзiнде банктiк қадағалауды жетiлдiру және елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру.
Әлемдiк экономикаға неғұрлым тығыз кiрiгу жолында отандық банк жүйесiн одан әрi жетiлдiру түйiндi рөл атқарады. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда озық шетелдiк тәжiрибенi енгiзуге, менеджмент сапасын және тиiсiнше, банк жүйесiн дамыту деңгейiн арттыруға ықпал етедi.
Отандық несие жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктік және банктік емес мекемелер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты – жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша – кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау мақсатында уәкілетті орган банктердің қызметін, оның ішінде:
- пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар белгілеу;
- банктер орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығару;
- банктердің қызметін тексеру;
- банктің қаржылық жай-күйін қалпына келтіру бойынша ұсынымдар беру;
- банктерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану;
- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар салу жолымен реттеуді жүзеге асырады.Ал банктік емес мекемелер үшін:
- несиелік
серіктестіктердің санын
- зейнетақы
қорлары мен сақтандыру
- Қазақстанда баяу дамып жатқан инновациялық, инвестициялық және ипотекалық компаниялардың ел нарғында ырықтандыру және тағы да басқа міндеттерді болашақтағы несие жүйесінің дамуына айқындап отыр.
Алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіретіні ескеріліп, екінші деңгейдегі банктердің, басқа да несиелік ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын көтеру және олардың бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында осы мекемелердің жарғылық капиталын арттыру үшін барынша қызмет етуде.
Екінші деңгейдегі банктерді қаржыландырудың ішкі базасын дамытуды қарастрайық. Егер қаржыландырудың ішкі көздері туралы айтар болсақ, клиенттер (жеке және заңды тұлғалардың) депозиттері олардың негізгілері болып табылады. Қазіргі кезде халықтың республикадағы банк секторына деген сенімінің сақталғанын және тұрақты түрде өсу үрдісін атап айтуға болады. Банктер үшін қаржыландырудың басқа көздері ретінде институционалды инвесторлардың (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы және инвестициялық пай қорлары және басқалар) қаражаттары және т.б. қызмет ете алады. Болашақта, қолданыстағы нормативтік базаға тиісті түзетулер қабылданғаннан кейін банктердің секьюритилендіру мәмілелерін қолдану үшін мүмкіндіктері кеңейеді, бұл тәуекелдерді табыстауды объективті бағалау жағдайында капитал жеткіліктілігін көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттің арнайы мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржы нарығындағы салым құралдары туралы хабардар болу деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін халықтың инвестициялық мәдениетін және қаржылық сауаттылығын көтеру жөніндегі саясатты жүргізуінің маңыздылығын атап өткен жөн.
Негiзгi шаралар:
- Шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына
кiруiн ырықтандыру.
Жаһандандыру процесiн, Қазақстан Республикасының
ДСҰ-ға кiру перспективасын ескере отырып,
банк жүйесiнде ырықтандыру және бәсекелестiктi
арттыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру
орынды болып табылады.
- Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру
және оның әлемдiк нарықтарға кiруiн жеделдету
мен белсендi халықаралық ынтымақтастық
үшiн ұлттық банк секторының айқындылығын
қамтамасыз ету.
- Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру
және банк секторында айқындылықты қамтамасыз
ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау,
меншiк иелерi құрылымы, аффилиирлендiрiлген
тұлғалармен қарым-қатынас жасасу бөлiгiнде
банктердiң заңнама талаптарын орындауын
қамтамасыз етуге бағытталған банктiк
қадағалау рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады.
- Жылжымайтын мүлiкке кредит беру көлемiнiң өсуiне, банктердiң сыртқы нарықтарға экспансиесiне, тұтыну кредитiн беруге және шағын бизнеске кредит беруге, сондай-ақ банк қызметтерiнiң тiзбесiн дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тәуекелдерiн азайту үшiн шаралар қабылдау.
- Халықаралық стандарттарды ескере отырып
банк заңнамасын жетiлдiру.
- Қадағалау ақпаратымен алмасу үшiн шетелдiк
мемлекеттердiң қадағалау органдарымен
өзара iс-әрекет жасасу.
- Депозиттердi мiндеттi кепiлдендiру жүйесiн
дамытуды жетiлдiру.
Елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын
басқару тиiмдiлiгiн арттыру.
- Қаржы статистикасын жетiлдiру.
Экономиканың қаржы секторының ұзақ мерзiмдi кредит беру статистикасының жоқтығы банк жүйесiнiң өнеркәсiптiң негiзгi құралдарын құру және жаңғыртуға инвестициялық кредит беруiн тиiсiнше бағалауды жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан да әлемдік тәжрибеге сүйене отырып, несиелеудің жаңа түрлерін еліміздің несие жүйесіне енгізу керек.
Несие жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін керекті басты ұсыныстар келтірдім. Қазіргі даму қарқынын жоғалтпай, әлемдік несие жүйесінің тәжрибесінен керек жақтарын алып отырса, еліміздің несие жүйесі дағдарыстан шығып, өз дамуында әлемдік деңгейге жетер деген үміттемін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жазған жұмысымды қорытындылай келсем, мен өзімінің курстық жұмысымда еліміздегі несие жүйесі ұғымының барлық мазмұнын ашып, қазіргі заманда болып жатқан дағдарыс кезіндегі жағдайлармен , сонымен қатар несие жұмысын оңайланжыру үшін ұсыныстармен ұштастыра оттырып, қай жағынан болсын, мәнін аша алдым деп ойлаймын.
Қазақстандағы несие жүйесі еліміз егемендік алғаннан кейін ғана, яғни 90- жылдарың аяғына қарай дами бастады. Әрине, әлемдік тәжрибеге сүйене отырып, елімізе банктік және парабанктік (банктік емес) секторлардан тұратын несие жүйесі құрылған болатын. Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан сан алуан реформалардың, заңнамалардың арқасында банктік сектор қазіргі кезде тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр десем болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі– еліміздегі банктік жүйенің бас деңгейі, ал 37екінші деңгейлі банкті жәнк оның 376 филиалын біріктіретін коммерциялық банктер – мемлекетіміздің банк секторының екінші деңгейі болып табылады. Әрине, кез келген несие жүйесі банктік емес, яғни арнайы мамандандырылған қаржы – несие мекемелерінсіз өз қызметін толықтай жүзеге асыра аламас еді. Елімізде парабанктік мекемелер жыл сайын көбеюде. Мәселен, 01.11.2009 жылғы жағдай бойынша, Қазақстанда 43 сақтандыру компаниясы, 14 жинақтаушы зейнетақы қорлары, 200 –ден астам несиелік серіктестіктер, 250- ден астам шағын несиелік ұйымдар, 95 ломбард және 7 ипотекалық компания бар екен. Осының өзі нарықтық қатынасқа кіргеніне көп уақыт болмаса да, өзінің несиелік жүйесін тұрақтандыра алған Қазақстанның аз уақыт өтпей, әлемдегі жүйелі банк және банктік емес секторы бар мемлекетке айналатынын көрсетеді.
Еліміз алдағы жылдарда ДСҰ-на мүшелікке кіреді, 2010 жылы Еуропалық Ынтымақтастық және Қауіпсіздік ұйымына мүше болады, 50 бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына да кірер. Сол үшін Қазақстан халқы мәдени тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да, рухани тұрғыдан жоғары дамыған болуы керек. Осының бәрі ел экономикасының қарқынды дамуның нәтижесінде келеді. Ал қарқынды экономикалық дамудың негізгі компонетінің бірі – тұрақты жұмыс істеп тұрған несие жүйесі. Егер де біз өз несие жүйемізді дәл қазіргі қарқанмен дамыта отырып, мемлекет тарапынан қолдап отырсақ, қазіргі дағдарыстан өтіп, әлемдік деңгейге дейін дамитынына кәміл сенемін!!!!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ