Баспасөз және сөз бостандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

"Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеоло гиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білі гіне байланысты. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негіздел ген жаңа заманға бастайтын жаһан дану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздері нің әрбір сөзі үшін моральдық жауап кершілікті терең сезінуі керек",- деді Н.Назарбаев. Елбасының пайым дауынша, "сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқан дайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауап кершілігі деп те танығанда рыңыз жөн".

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Баспасөз және баспасөз бостандығы ........................................................ 6
1.1. Қазақстандағы баспасөз саласының қазіргі жағдайы ................. 8
1.2. Баспасөз саласындағы көкейкесті мәселелер ............................... 9
2. Сөз бостандығы саласындағы «сөз шектеулер» ................................... 13
2.1. Сөз бостандығы саласындағы көкейкесті мәселелер ................ 13
2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығының жағдайы ...................... 15
Қорытынды ................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

БАСПАСӨЗ ЖАНЕ СОЗ БОСТАНДЫГЫ.doc

— 246.50 Кб (Скачать файл)

«Баспасөз және сөз бостандығы» 

курстық жұмыс 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ................................................................................................................. 3

1. Баспасөз және  баспасөз бостандығы ........................................................ 6

1.1. Қазақстандағы  баспасөз саласының қазіргі жағдайы  ................. 8

1.2. Баспасөз саласындағы  көкейкесті мәселелер ............................... 9

2. Сөз  бостандығы саласындағы «сөз  шектеулер» ................................... 13

2.1. Сөз бостандығы  саласындағы көкейкесті мәселелер  ................ 13

    2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығының жағдайы ...................... 15

  Қорытынды ...................................................................................................... 19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     

   "Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеоло гиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білі гіне байланысты. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негіздел ген жаңа заманға бастайтын жаһан дану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздері нің әрбір сөзі үшін моральдық жауап кершілікті терең сезінуі керек",- деді Н.Назарбаев. Елбасының пайым дауынша, "сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқан дайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауап кершілігі деп те танығанда рыңыз жөн".

     Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам дағы, экономикадағы және іскер топтар дағы күштердің ара салмағын да айқындайтын құрал. Газеттер жеке тұлғалар мен корпорациялар дың иелі гінде болса да, сөз бостандығы тек халық тың құзырында. Жарқын бейнесі ұлттық теңгемізде әдіптелген Отырардан шыққан ұлы бабамыз, философ Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің "Ізгілікті қала тұрғындарының игілікті ұстындары туралы" әйгілі трактатында: "Ізгілікті халықтың арасында өзара татулық пен келісім орнығуы үшін тәртіп пен береке-бірлік қажет. Сонда бүкіл жер бетіне шапағат нұры шашылып, адамдар бір біріне бақытқа жету жолында көмек қолын созатын болады" деген екен".

    Қазақстан  тәуелсіздік алып, демократиялық журналистиканың негізі қаланған кезден бастап баспасөз бостандығы көрініс тапты.  Марат Қабанбай, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Сейдахмет Құттықадам, Сапа Мекебаев, Шәріп Құрақбаев, Жүсіпбек Қорғасбек, Тұрсынжан Шапай, Мырзан Кенжебай, Ермұрат Бапи, Әміржан Қосанов, Ақас Тәжутов, Дәурен Қуат, Ораз Әлімбеков, Бақытжан  Қосбармақов, Жұлдыз Әбілда, Еренғайып Қуатайұлы сынды еркін ойлы тәуелсіз  журналистердің жазу шеберліктерінде пайда болған еркіндік пен сапалық ілгерілеушілік  жанрлардың айырмашы лықтарын мейлінше азайтып, олардың бір-біріне сіңіп кетуіне жол ашты.

    Мерзімді  баспасөзде әртүрлі жанрлардың  сипатын көрсететін аралас тұрпаттағы  материал дәл осы тәуелсіздік  жылдарында көбейді. Сонымен қатар  бұрынғыдай жанрлардың белгілі  топтарына жатқыза салуға келмейтін немесе бәріне ортақ сипатта жазылатын туындылар да жасалып келді.

      Сонымен қатар БАҚ бейтараптыққа бейімделіп, журналистер қауымы үшін шығармашылық бостандықтың нақты көріністке айналуы журналистика жанрларының мазмұнын тереңдетумен бірге формасы мен тәсіліне де  айтарлықтай ықпал етті. Оның сыртында журналистер мен зерттеуші-ғалым дардың жанр атты ұғымға өзгеше тұрғыдан қарай бастағаны тағы бар. Журна листиканың күнделікті тәжірибесінде жанрлар таза қалпында даралануды қойды. Керісінше, жанрлар бір-бірінен туындаған немесе мидай араласқан гибрид тұрпатта кездесіп жатады. Сондықтан, жанрларды анықтағанның өзінде дәл қай түрінің басым түсіп жатқанымен санасуға тура келетін жағдай туды. Жаңа ақпараттық сананы қалыптастыру үрдісі күрделі жағдайға, қиындық пен кедергілерге тап болып отырғанын қазіргі Қазақстан журналисти касының өмірі айғақтауда. Бұрынғы позициялары мен бағыт-бағдарларына біржолата көз жазған тәуелсіз елдердің барлығының журналистикасы үшін ортақ мәселелер мыналар болды:

1. ақпарат нарығын  тиімді әрі оңтайлы үйлестіру;

2. тәуелсіз баспасөзді шынайы мазмұнына сай құру;

3. ақпарат құралдарының дербестігін қамтамасыз ету;

4. БАҚ жүйесінің құқықтық ахуалын дұрыс қалыптастыру;

5. ақпарат құралдарын журналист мамандармен қамтамасыз ету.

 

       Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы баспасөз саласының қазіргі күйін қарастыру, баспасөз нарығындағы көкейкесті мәселе лерді зерттеу.

 

        Курстық жұмыстың мақсатына жету  үшін келесі міндеттер белгіленген:

Қазақстандағы баспасөз саласының қазіргі жағдайын, сөз бостандығы сала сындағы көкейкесті мәселелерді зерттеу, дүниежүзілік баспасөз бостандығы ның жағдайын қарастыру.

 

      Курстық жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасындағы баспасөз саласы мен сөз бостандығын орнатуға байланысты қоғамдық қарым – қатынастар.

 

Курстық жұмыстың пәні: Қазақстандағы БАҚ бір саласы болып табылатын баспасөз саласы.

 

Курстық жұмысты  әзірлеу барысында қисынды, тарихи, салыстыр малы әдістер пайдаланылған.

 

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, курстық жұмыс тың тақырыбын ашатын екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Баспасөз және  баспасөз бостандығы.

1.1. Қазақстандағы  баспасөз саласының қазіргі жағдайы. 

 

    Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.

      Баспасөз бостандығы — мемлекеттегі конституция кепілдік беретін адам құқылары мен бостандықтарының бірі. Ол баршаға ортақ әлеуметтік еркіндіктің — пікір айтып, сөз сөйлеу бостандығының құрамдас бөлігі ретінде саналған. 1789 жылы Францияда қабылданған Адам және азамат құқыларының бостандығы декларациясында (қара Француз революциясы) тұңғыш рет жарияланған Баспасөз бостандығы ұғымы баспасөз басылымдарын (газеттерді, журналдарды, т.б.) емін-еркін ашып, кез келген баспа өнімдерін қалауынша шығарып, таратудың, сондай-ақ, цензураға тыйым салудың мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Кейбір демократиялық мемлекеттердің арнаулы заңдарында асыра сілтеп, артық кететін өрескелдікке жол бермеу үшін Баспасөз бостандығына бірқатар шектеулер қойылады; бұл шектеулер сөз бостандығына қойылатын шектеулермен бірдей болады (қара Сөз бостандығы). ҚР Конституциясының 20-бабында сөз бен шығарма еркіндігіне кепілдік берілетінін, цензураға тыйым салына тынын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға қақылы екендігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, “республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеу меттік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді” делінген. Дүние жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлері (теледидар, радио хабарлары, интернет, т.б.) көбейе түсуіне байланысты “Баспасөз бостандығы” деген ұғым ескіріп, соңғы кезде қабылданып жатқан заңдарда “бұқаралық ақпарат бостандығы” атауын қолдану дәстүрге айналды.

    Аталмыш проблемада қарқынды болмаса да белгілі деңгейде алға жылжу бар. Қысқа мерзім ішінде ақпарат құралдарының саны күрт өсті, бүгінде ресми тіркелген 7000-ға жуық БАҚ-тың 2500-ге жуығы тұрақты жұмыс істеп отыр. Оның 80 пайызының мемлекеттік емес нысанда болуы ақпарат құралдарының дербестігі шынайы көрініске айналғандығының белгісі деуге негіз бар. Олардың арасындағы «Жас Алаш», «Дат» жобасы бойынша жарыққа шыққан және шығып келе жатқан газеттер, «Қазақстан», «Свобода слова», «Время» секілді тәуелсіз ойлы, оппозициялық ұстанымдағы газеттер жұрт назарын көбірек аударатыны жасырын емес. Сондай-ақ, «Түркістан», «Алтын Орда» (М. Ақдәулетұлы, Д.Қуат басқарған тұстағы), «Жас қазақ» (Т.Ешенұлы, Д.Қуат басқарған тұстағы), «Айқын» (журналист А.Көшкенова, К.Тасболат т.с.с) сынды газеттер жекелеген журналистерінің өз деңгейіндегі дербестігімен, бей тарап бағыттағы еркін ойларымен, салмақты салиқалы пікірлерімен оқыр мандардың ықыласына бөленіп келді. Мерзімді басылымдардың сыртында жекеменшік теле, радиоарналардың саны өсіп, қарқынды даму бағыты байқалғанымен әзірше баспасөзбен бәсекеге түсуге қабілетті емес.

   Қазақстандағы  еркін ақпарат ағынындағы жалпы  үрдіс БАҚ-тың ішкі мазмұнынан бұрын сыртқы келбетіне басымдық беруге әуестеніп барады. Сан жағынан бір-біріне дес бермеген баспасөз енді өзге елдермен бірлесіп қазақ-орыс, қазақ-түрік сипатындағы («Известия-Қазақстан», «АиФ-Қазақстан», «Қазақстан-Zaman») үлгіге көшті.

 

 

 

 

 

 

 

1. 2. Баспасөз  саласындағы көкейкесті мәселелер. 

 

    Әлемді  ақпарат билеген заманда дәстүрлі  медианың болашағы алаңдатпай  қоймайды. Өйткені бүгінде қандай  жаңалықты болмасын, оқырманға һәм  көрерменге әп-сәтте жеткізуші  электронды БАҚ-тың дәурені жүріп тұр. Әсіресе, интернеттің алдағы 20-30 жылда газет-журнал атаулыны ақпарат кеңістігінен ығыстырып тастауы мүмкін. Отандық БАҚ-тың дәстүрлі форматтан мультимедиялық форматқа көшу жолындағы жанталасы осыған саятындай.  Газеттер біртіндеп өз орнын интернетке беретін болады. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 7 миллиондайы күн сайын бір рет интернетті пайдаланады екен. Интернет барлығын қамтиды, сондықтан оның танымалдығы мен функционалдығы әу бастан жоғары. Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың пікіріне сәйкес: «Мен еліміздегі қағаз ақпарат тасымалдаушылары тек алдағы 10 жыл емес, 50 жылда да болады деп есептеймін. Сондықтан ертең газеттер жоғалады екен деп ойламау керек. Әрқайсының өз орны бар. Бірақ біздің барлығымыз интернетке назар аударуымыз керек. Келешек – сонда. Бүгінде Қазақстан халқының 25 пайызы – интернеттің белсенді пайдаланушы лары және ол көрсеткіш жыл сайын өсе береді», – деген пікірде.

Статистикаға  сүйенсек, ғаламтор қолданысқа енгеннен кейінгі алғашқы 5 жыл ішінде оны 50 млн. адам қарап үлгеріпті. Радио мұндай аудиторияны 38 жылда, телевидение 13 жылда жинап үлгерген. Алаңдататыны – мерзімді басылымның болашағы. Күллі жұрттың көңілі интернетке ауған шақта оқырманнан айрылып қалу қаупі еселене түсті. Өркениет көшіне ілеспесе тағы болмайды. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің твиттеріндегі: «Блоггерлер – мерзімді баспасөзді жерлеу шілер», – деген тосын пікірі ақпаратты ғаламторға орналастырудың тиімді лігін көрсететіндей. Оның үстіне, бүгінде қатары көбейген блог жүргізу шілері дәстүрлі журналистердің алдын орап әкететін болды. Алайда, блог ресми БАҚ саналмайды және сенімді ақпарат көзі деуге келмейді. Әрі жаңа технология ауылдарға әлі жете қойған жоқ. Газет-журнал шығарушылардың әзірше бір үміті – осы ақпарат нарығы күн санап жаңа газет-журналдармен толыға түсуде. «Қазпочта» арқылы жазылушылар үлесі соңғы есеп бойынша 1 000 данаға шаққанда 262-ден келіп тұр. Ал республикалық көрсеткіш 200-ге де жетпейді. Жазылушы лардың да саны көбейіп келеді. 2010 жылдың І жартыжылдығында – 166 мың болса, 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында 173 мың данаға жетті. Барлық көрсет кіштің 45-46 пайызы – ресейлік және республикалық, ал қалғаны – жергілікті газеттер. Соның ішінде қоғамдық-саяси басылымдарға сұраныс тың көптігі байқалады.

Информация о работе Баспасөз және сөз бостандығы