Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:44, курсовая работа
"Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеоло гиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білі гіне байланысты. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негіздел ген жаңа заманға бастайтын жаһан дану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздері нің әрбір сөзі үшін моральдық жауап кершілікті терең сезінуі керек",- деді Н.Назарбаев. Елбасының пайым дауынша, "сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқан дайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауап кершілігі деп те танығанда рыңыз жөн".
Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Баспасөз және баспасөз бостандығы ........................................................ 6
1.1. Қазақстандағы баспасөз саласының қазіргі жағдайы ................. 8
1.2. Баспасөз саласындағы көкейкесті мәселелер ............................... 9
2. Сөз бостандығы саласындағы «сөз шектеулер» ................................... 13
2.1. Сөз бостандығы саласындағы көкейкесті мәселелер ................ 13
2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығының жағдайы ...................... 15
Қорытынды ................................................................................
Хат-хабардың орны бөлек деп жиі айтқанымызбен, оның уақыт ағымынан қалып бара жатқанына көзіміз жетіп отыр. Интернетке төтеп беру мүмкін емес. Балаларымыз негізінен интернетке үңілсе, біз сияқты орта және аға буын өкілдері газетті парақтап оқығанды ұнатады. Сондық тан 20-30 жылдың көлемінде баспасөз жоғалады дегенге келіспеймін. Мерзімді басылымға жазылушылар саны күрт төмендеуі мүмкін, әрине. Газет пен хат тасымалы біздің байырғы саламыз болған дықтан, қазіргі жағдай жұмысы мызға әсер етпей қоймайды. Әр аймақта орналасқан байла ныс бөлімшелерін жинақтауға әкеп соқтыруы, штаттық бірлік қысқаруы ықтимал.
Материалдық
базалары сын көтермейтін,
Нарықтық
экономика қатынасының
2. Сөз бостандығы саласындағы «сөз шектеулер».
2.1. Сөз
бостандығы саласындағы
«Сөз бостандығы» дегеніміз «Ақпарат бостандығы» атты атау алған барынша жалпы құқықтың құрамдас бөлігінен тұратын азаматтың саяси құқықтары мен адамның негізгі жеке құқықтарының бірі. Өзінің пікірін (ойларын) жария түрде (ауызша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайда лана отырып жазбаша) білдіру мүмкіндігі түрінде көрінеді. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналис тердің қыз метін реттейтін заңнамасы айтарлықтай деңгейде халықаралық стандарт тарға сәйкес келмейді. Онда мемлекеттік шекарадан тәуелсіз ақпа ратты еркін тарату қағидасы бекітілмеген.
ҚР Қылмыстық кодексінде ел Президенті, Парламент депутаттары, билік өкілдерін қоса алғанда, лауазымды тұлғалардың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғаудың күшейтілген шараларын қарастыратын бес бап бар. Жала жабу мен қорлау қылмыс санатына жатқызылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазаларының бір түрі ретінде қарастырылады.
БАҚ мен журналистерге жасалатын жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау жөніндегі шағымдар бойынша шағымдану ескілігінің мерзімі жоқ, моральдік зиянды өндіріп алу сомалары анықталмаған. Әкімшілік заңна мада бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың қырықтан астам дербес құрамдары бар.
Сонымен қатар, көпшілік жағдайда, санкциялар ретінде БАҚ шығарылымын (шығуын) тоқтата тұру және тоқтату қарастырылған.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң БАҚ мемлекеттік органдардың тарапынан жүргізілетін рұқсатнамалық тіркеуден өткізуді қарастырады.
БАҚ қызметі және сөз бостандығын қамтамасыз ету заңнамасын реформалау қарамақайшы әрекет болды. Либералды жаңартпалармен қатар, сөз бостан дығын шектейтін нормалар да қабылданды.
Сөз бостандығының жай-күйіне зерттеу жасап отырған «Әділ сөз» ұйымының пікірінше «Қазақстандағы сөз еркіндігінде өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілік байқалмайды, есесіне қорқыту-үркіту, неше түрлі келеңсіз жағдайларға бару жылдан-жылға артып келе жатыр» 2012 жылдың 4 айында 2011 жылға қарағанда журналисттерді сөз бостандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту оқиғалары көбейді. Қазақстан Республикасының жеткен жетістігі мен артып отырған үміті - жаңадан дайындалған БАҚ туралы заңмен байланысты. Аталмыш заң парламентке жолданған қалпында қабылда натын болса, онда журналистті қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы бап алынып тасталмақ. Егер жүзеге асатын болса бұл үлкен жетістік болар еді.
«Әділ
сөз» ұйымының деректеріне
Қазақстандағы сөз бостандығының жай-күйі алаңдарлық жағдайда екендігі Баспасөз бостандығы күні қарсаңында жарияланған халықаралық «Фридом Хауз» ұйымының биылғы жылғы баяндамасында да айтылды. Аталмыш ұйымның "Баспасөз бостандығы-2007" деген баяндамасында Қазақстан, Ресей және Әзірбайжанда экономика біршама жақсарып жатқанымен, сөз бостандығы барған сайын нашарлап жатыр деп көрсе тіледі. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың пікірінше Қазақстанда белгілі бір деңгейде сөз бостандығы бар, алайда, қысым көретін телеарналар мен басылымдар да бар екенін, сөз еркіндігі шектелетінін де айтады. «Әр журналисттің іштей өз цензурасы бар, ол көзге көрінбейді. Себебі, кейбір журналистер батыл тақырыптарға бармайды, оны көтермейді», - дейді Сейітқазы Матаев.
Дүниежүзілік
Баспасөз бостандығы күні ЮНЕСКО бастамасымен
2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні.
1992 жылдан бері БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен Африка елдерінің тәуелсіз баспасөзі өкілдерінің ұсынысы бойынша атап өтіледі.
Мамырдың 3-і текке таңдап алынбаған, 1991 жылы нақ осы күні Намибияның астанасында қол қойылған, бүкіл әлем мемлекеттері үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук декларациясының» құрметіне орай, 1993 жылғы желтоқсанның 21-індегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. Декларацияда кез-келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігін ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз құрайтыны атап көрсетілген.
1986-ншы
жылы қаза болған колумбиялық
журналист Гильермо Кано
Сөз
бостандығы және адам
Демократиялық елдердің заңнамасы мен сот тәжірибесі, сөз бостандығын теріс пайдаланушылыққа жол бермеу мақсатымен оны шектеудің жүйесін жасап шыкты. Атап айтқанда, әлемнің көптеген мемлекеттерінде сөз бостандығын заңды билікті күштеп кетіруге, мемлекеттік құпияны жариялауға, қылмыс жасауға арандатуға, ұлттық, нәсілдік, діни және басқа араздасуды тоқтату үшін пайдалануға, басқа адамдарды қорлау және оларға жала жабу үшін пайдалануға, қоғамдық мораль мен адамгершілікке қастандық жасау құралы ретінде пайдалануға тыйым салады. Бұл тізімдер ауқымы ТЖ режимі әрекеті кезеңінде недәуір кеңуі мүмкін.
Сөз бостандығы және адам құқығының бұзылуы – күллі әлемнің басын қатырып отырған күрделі сауал. Елімізде құқықтар мен бостандықтар саласында көптеген мәселелерді шешуге тиісті 2009-2012 жылдары Ұлттық іс-шаралар жоспары белсенді түрде насихатталып келеді. Барлығымызға мәлім, 2007 жылдың 15 қарашасында Мадридтегі ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлер Кеңесі Қазақстанның Ұйымға төрағалық етудегі өтінішін қарау барысында Марат Тажин елімізді демократиялау бойынша сөз қозғаған болатын. Сол кезде делегаттардың бірқатары төрағалық демократиялық қоғам құрудағы алға басушылықта Қазақстан үшін айтарлықтай стимул болатындығынан үміттенді. Дегенмен, Мадридтегі кездесуден кейін Қазақстандағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталуы бойынша ахуалдар жақсара қоймады деген де әңгіме бар. Айталық, республика бойынша баспасөз бостандығы, адам құқығын қорғауда әлі де іске асырылмай жатқан жағдайлар ара-тұра кездесіп жүр. Бұл туралы Астана Саммиті кезінде ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятович та қынжыла мойындаған болатын.
Осы күнге дейін сайлау жүйесіне демократиялық реформалар жүргізуде Копенгаген және ЕҚЫҰ-ның басқа да құжаттары бойынша республика міндеттемелеріне сай келетін ешқандай нақты қадамдар жасалмады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде, әсіресе «оппозициялық» деп жекешеленіп кеткен басылымдар әр түрлі мемлекеттік құрылымдар тарапынан қысымға ұшырауы толастар емес. Тілшілер қауымы сот бары сында өз құқықтарын қорғауға әрекет жасағанымен, ол ешқандай нәтиже бермей жататыны анда-санда жер-жерде қылаң беріп жүр. Оған осы жылы жабылған 2 газеттің бұлыңғыр тағдыры дәлел бола алады. Азаматтардың бейбіт жиналыстарын өткізуге тыйым салу «тәжірибесі» әлі жалғасып келеді. Тіпті, бейбіт жолмен жиналуларды өткізуге рұқсат алудың құқықтық механизмі халықаралық стандартқа қайшы келіп жататын сәттері де аз емес.
БҰҰ-ның
арнайы баяндамашысы Манфред
Новактың айтуынша, түрмеде жазасын
өтеушілерді азаптау әрекеті
тыйылар түрі жоқ. Барлығы да
бәз-баяғыдай, жыл басынан бері
еліміздегі түзеу
Қорытынды
Бүгінгі таңда кейбір тәуелсіз басылымдар бұқараның санасына мемлекттік және ірі саяси партиялардың газеттерінен артық ықпал ете алатынын аңғару қиын емес. БАҚ-тың саны артып, олардың 80 пайызы мемлекеттік емес нысанда болуы азат журналистика жайында оптимистік ойға жетелегенімен оның тек сандық көрсеткіш ғана екендігін естен шығармауымыз қажет. Егер оған БАҚ қызметін, мақалалар мен эфир бағдарламаларының мазмұнына үкімет тарапынан және саяси, бизнес топтарынан көрсетілетін тікелей, жанама түрдегі қысымдарды қоссақ, мүлде басқаша көрініске тап боламыз. Балама ақпарат таратқан баспа сөздің журналистері түрлі қысымдарға ұшырап келгені жасырын емес. Олардың арасында соққыға жығылдары, тұтқынға алынып, қылмыс іс қозғалғандары, бас бостандықтарынан айырылғандары бар.