Радионың ерекше қасиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 18:38, реферат

Краткое описание

Радионың ерекше қасиеті — тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестетіні белгілі. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп келеді. Дала абыздары том-том кітапқа пара-пар дастандарды жатқа оқып, ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан. Күйшіден домбырашының абыройы биік болған деседі. Яғни, күйді шығарған адамнан, оны бұлжытпай орындап, ары қарай насихаттап, таратқан адамның жауапкершілігі жоғары дегенді аңғартса керек.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................2-3 бет
I.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері........................3-6 бет
II. Бейнелеу және айқындаушы құралдар .......................................7-11 бет
III. Көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі.............................11-14 бет
VI. Көркемдік шығарма – радиоочерк............................................14-17 бет
Қорытынды..........................................................................................18-22 бет
Әдебиеттер тізімі........................................................................................23 бет

Вложенные файлы: 1 файл

Радиорепортаж КУРС ЖУРН.doc

— 95.00 Кб (Скачать файл)

      Тікелей эфир қызметкерлерін басқа барлық редакция ұжымдарындағы сияқты міндетті жауапкершілік тұрғысынан басқарушы топ,атқарушы топ ретінде екігі бөлуге болады.

Әдетті, қалыптасқан тәртіп бойынша бас редактор,директор,үйлестіруші редактор нұсқаушылық, ұйымдастырукшылық қызметтерді ретке келтірсе, жүргізуші журанлисттер, тілшілер, аудармашылар, узыкалық жүргізушілер, дыбыс инженерлері өз тарптарынан орындаушылық қызмет атқарады.

 Жалпы радиожурналистикадағы жұмыс процесін эфирге дейінгі,эфир кезіндегі деп екіеге бөліп қарастыратын болсақ,эфирге дейінгі жұмыс процесі ұжымдық үйлесім үлесіне тимек.

   Шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесімді жүзеге асырудың ең басты критерийі кадр мәселесіне келіп тіреледі.Бұқаралық ақпарат құралдарына қызмет ететін басқарушы топ, атқарушы топ өкілдері үшін де ең алдымен журанлисттік қабылет,кәсіби білім деңгейі қажет.Ал қазіргі заман талабы тұрғысынан журанлмтика мамандығы бойынша жоғары блім міндетті түрде талап етілетіндігі өте құптарлық мәселе.

   “Біз өмір сүріп отырған кезең-ақпарат ғасырында,сол ақпаратты өңдеу мен оны елге жеткізудің бар салмағы мамандарға түсетіні белгілі”.

    Жалпы радиожуранлст өз ойын стилистикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білу үшін эфирлік материалдарды әзірлегенде,өңдегенде эфирді жүргізгенде тілдің барлық мүмкіндіктерін белсенді түнрде пайдалануы қажет.Сонымен қатар,радиодағы журналисттік шығармашылықтың өзіне тән ерекшеліктерін меңгеру тиіс.Және де ол қоғамдағы радиожуралистиканың қоғамға ролі мен орны журналистиканың құқықтық негізгілері,радиохабар техникасын туралы мәселелерінен хабардар болуы тиіс.Тікеей эфирге шығудың өзіне тән ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін принципті негізде үйреніп,біліп алу үшін сол жылдары Қазақ радиосының Ақпарат Бас Редакциясын басқарған А.Солдатенко мен осы Редакция журанлисті б.Табылдиев Мәскеуге барып тжірибе алмаып қайтты.1987 –1988 жылдары қазақрадиосында “кері байланыс”деген термин пайда болды.Өйткені тыңдаушылардың тікелей қарым-қатынас жақсарды.Телефон арқылы реадкцияға келіп түскен ақпараттың бәрі дерлік яғни,студияның телефоны берілмейтін ,негізінен,редакция телефон ұсынылып,таңертеңгі 10,00-ден кешкі сағат 18.00-оператор арнйы кезекші болатын.

   Дәл осындай тікелей эфирге қызу дайындықты Қазақ радиосының Ақпарат Бас редакциясы 1988 жылдың қараша айынан бастады.Күн сайын таңертеңгі сағат 6.00 де бір кешкі 21.00+де бір 10 минуттан небәрі екі мәрте эфирге жаңлықтар деген ұсынатын бұл ұжфмға тікелей эфир орасан зоршығармашылқ мүмкіндіктер тудырды.Бұрын сол теңіз теңеіз тамшысындай 10 минттық ақпаратты директорлар ғана оқитын.Оның ішінде небәрі 1-2 минуттық дыбыстық жазбалар,яғни журанлстер даярлаған сұхбат,репартаж жанырындағы кадырлар берілетін.Сондықтан да редакция ұжымы таспаға түсірілетін ондай айтулы оқиғаға бірінің алдын бірі кесіп өтпей,өз ретімен кезекпен баратын.Өйткені жаңалықтар легніде өзі жасаған материалды ұсыну-қа йжуранлист үшін де үлкен мәртебе.Эфирден үні естіледі.аты аталады.Ал қаншама журанлст сол кездеде эфирдің сыртында жасырын жұмыс атқарып жүретін.Ал тікелей эфирге даярлық ең алғаш Мәскеуге барып тәжірибе алмаып келегн журналисттер қазақ тілінде Қайрат Мұсақұлов,орыс тілінде Болат Жұмағалиевтің кешкі сағат 21.00-дегі микрафон алдында оқулармен басталды.Ол кезде тек жалаң  жаңалықтарды оқылады да арасында дыбыстық жазба  беріледі.Алғашқы кездері басында,аяғында және ауа райын оқыған кезде музыка берілетін болды.Соның бәрі алдын ала әзірленіп сценарилік мәтінге “Музыка,жүргізуші,музыка,ауа райы”деп арнайы белгі соғылатын.Сол кездегі “Соңғы хабарлар”деп аталатын ақпарат бас реадкциясының жаңалықтар желісін эфирге алып шығатын режисер Б.Түлкібаевжұмыс процесіндегі ыждахаттылық пен жауапкерілікке бірінші күнне мән берді. Қазақстан радиожурналистикасындағы ресми сипаттағы әуе толқуынатұрақты түрде берілген тікелей эфирді.Қазақ радиосыныңАқпарат бас редакциясы тұңғыш рет өмірге әелді.Екі сағаттық эфирдің арнайы “сеткаы”,кестесі әзірленді.Деректі құжат ретінде эфрлік сетканың Қазақ радиосының мұрағатында ақталған нұсқасы пайдаланды:

 

III. Деректі -көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі

 

Радиохабарлардың түрлері бар,радиожанрлар бар және радио пішіндер бар екені белгілі. Мұның бәрін хабар дайындау барысында журналистердің өздері жіктеп отырады.Сонымен бірге хабарлардың сипатына қарай тіл  қолданыстары да түрліше болыпкеледі.Мәселен радиохабарлар түрлері: қоғамдық саяси хабарлар,мәдени хабарлар,музыкалық хабарлар,әдеби – драмалық хабарлар,жаңалық хабарлар т.б. 5

Ал радиопішіндер : радіожурнал, радиокөпір, радиоүндесу, радиоойын, радиодиспут т.б. Сондай-ақ радиожанрлар: радиоочерк, радиофельетон, радиосұхбат, радіорепортаж, радиокорреспонденция,радиозаметка т.б.

Бұлардың бәрінде өзіндік тіл қолданыстары бар.Мәселен ақпараттық хабарларда тіл бояулары қанық болмайды.Бұған керісінше көркем хабарларда тіл бояуы барынша пайдаланылады.Жанрларға да осындай қасиеттер тән. Радиозаметка телегравтық стильде келсе,радиоочерк күрделі сюжет тік стильде әрі әдеби тіл қолданылады.Радиозаметка фактлер мен оқиғаны  қысқаша хабарлаумен қарапайым тіл де хабарланса,радиоочеркте көркем тіл кестесі қолданылады,суреттеледі. Әсіресе әдеби- драмалық хабарлар мен музыкалық хабарларда тіл б? кіл әрімен,нәрімен бейнеленіп бері леді.Сөздің эстетикалық мәніне Назар аударылады.Жоғары талам көрініс береді.Радиопъессалар,басқа да радиоқойылымдар да кейіпкерлер өмірі,тұлғасы образды түрде жеткізілеі.

Жанрдың ішінде радиоочерк пен радиофельетон көркем тілі қажет етеді.Талап пен талам қатар өріледі. Тілдік бейнелеу құралдары жанр табиғатына сай шығуы тиіс. Астарлы да, нәзік мағаналы сөздер қолданылуы мүмкін. Мұның өзі хабардың қызықты шығуына ықпал етюді. Сондықтан осы жайларды ескере отырып,хабар түрлері мен жанрдлардың жаратылысына орай тіл бояуларын орынды пайдалану міндеті туындайды. Радиохабарламаларға дауыс немесе дыбыс             ырғағына байланысты өз ерекшелігі мен қолдану      міндеттері туындайды. Себебі, қандай тілде болмасын,электронды ақпарат құралдарында сөйлеген сөздің ауызша бояу реңі әр қилы болып келеді. Міне осы жағдайларды ескере отырып, радоижуранлисттер өздері жүргізетін хабарлардың ролін дұрыс атқара білу керек.Бұл ретте тілдің үндестік заңын ескеру қажет.Әрбір сөздің буындарында немесе дыбыстарында өзіндік айтылу үйлесімі болуы тиіс.Мәселен алдыңғы буын мен кейінгі көршілес әріптерімен қосылып айтылатын кездерінде осы үйлесімідклік шарттарын ескермеуге болмайды.

    Сондай-ақ бірнеше сөздің де белгілі бір екпінмен дауыс ырғағымен құйылып,төгіле жарасымды тұүрде табиғи айтылуы микрафондағы сөздерде ерекше қызмет атқарады.Мұның өзі беріліп отырған хабардың тыңдаушыға әсерін күшейтеді.Сондықтан дауыстың жоғары төмен,баяу не тез айтылуының радиохабар үшін мәні бар.Сол дауыс рығыында байланысты ауызша сөздің бейнеленіп естілуі пайда болады.Мұны аталмыш салада істейтіндер көңіл-күйге әсері бар деп бағалайды тартымдылық үшін қажет деп есептейді.  Қалыптастырған сөз тіркестері адамның         ауызша сөзіне немесе жазбаша сөзге ерекше әсер береді.Ол бейнелеу сияқты көркемділік рол де атақарады, астарлы мағына да береді. Экспертивті түрде  айтылыды, көңіл-күйге әсер береді. Фразелогилық тіркестердің өз алдына бүтін мағынасы болады.

    Мысалы: “Көзді ашып-жұмғанша”, “қас пен көздің арасында”, “тайға таңба  басқандай”, “тонның ішкі буындай” т.б.

    Мұндай сөздің әдебитте ,   публистикада жиі қолданылады. Жазушылар мен журанлисттер әртүрлі жанрларда пайдаланып отырды. Радиохабарларда фразеологиялық тіркестерді ауызша сөздермен тіркетерді әсерлеу үшін,мәнерлеу үшін енгізген.

     Келесі   бір   халық   жасаған   көркем   сөздер         мақал-мәтелдер болып табылады. Алдымен мақалдарға тоқталатын болсақ,бұл да фразеология қатарына жатын оралымдар. Себебі, мұнда да тұрақты тіркестер болғанымен, өзіндік құрылыстар мен мағынасы жағынан фразалық  тіркестерден ерекшелігі де бар.Мақалдар бір немесе бірнеше жол болып та,өлең секілді шағын бір оралымды қамту мүмкін.Мұндай сөздер де халықтың ауызша тілі арқылы, ауыз әдебиеті арқылы дүниеге келіп қалыптасқан. Мақалдар да халықың өмір тәжірибесінен туған, замандар бойы елеп-екшелеп даналық, өсиет-өнерге толы мән-мазмұн жатады.Онда әртүрлі толымды ойлар, терең де,жан жақты ұлағатты, тәрбиелілік астарлар байқалады, қорытындылып жаслады. Мақалдар-көркем сөздер болып табылады. Ол мәдени сөздер блумен бірге, эстетикалық талғамды білдіретін мағыналық сөздер. Аз сөзебен көп мағына берудің үлгісі осы мақаладардан танылады.

    Мысалы: “Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады”, “Еңбек  етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей”, “Тұз астың дәмін келтірсе,мақал сөздің сәнін  келтіреді”,т.б.

    Мақалдар айтуға ықшам,жеңіл блоуымен бірге,адамның көкейінде бірден жатталып қалуға ыңғайлы бьлоып кеоледі.Оның астарлары да,ауыспалы мағынасы болы мүмкін.Жазушылар мен журанлисттер мақаладарды өз материалдарына көп пайдаланады.Ол көркем ой беруге таптырмайтын сөздер.Кейде ол тиянақтау мен тірек,қорытынды жасау үшін публистикада қолданылады.6

   Тағы бір айтар нәрсе-қанатты сөздер.Бұл сөздер де тапқыр,өткір,дәл анық сөздер.Қанатты сөдер екпінді әрі ұшқыр ойлы болып келеді.

   Журналистикада мәтелдер де, қанатты сөздер де кездеседі. Радиохабарларда мұндай сөздердің айрықша қызмет сипаты бар. Бұлар хабардың тілін көріктендіреді, мазмұнын күшейтеді.Сөзге, текке салмақты мағына береді. Тыңадушыға ой салады.  Ойға, сезімге әсер етеді.Сөздің ішкі қуатын ашады.

 

VI.Көркемдік шығарма – радиоочерк және оның түрлері

 

   Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары радионын табиғатын танытып, оның тек бқұаралық ақпарат кұралы ғана емес, үлкен өнер саласы екенін көрсетуге мүмкіндік береді. Дыбысталатын тіл көдіретімен деректі-көркем туындылардын жасауына жол ашты. Өйткені, жанрлардың бұл тобы радиожурналистика мен радиодраматургияның үйлесімі мен үндестігі аясында дүниеге келетін радиотуындыларды қамтиды. Олардың құрылымы деректі және әдеби-көркем элементтердің синтезімен, өзара бірлесіп әрекет етуімен сипатталады.

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары -радиоочерк. радиофельетон,  деректі драма, радиокомпозииия.

Радиоочерк - ақпаратты, талдамалы жанрлар функциясын атқара отырып. Қамтитын тақырыбынын ауқымына, бейнелейтін нысанасын теренінен дүйектеу дәрежесіне қарай деректі-көркем жанрларна келіп топтасады.

"Алқашында радиоочерк газет  жанрларының сөйлеу тіліндегі  байланысы ретінде қабылданды. Кейін  оған талап күшейіп, тіпті, тікелей  әсер алу, дауыс ырғанының нанымдылықы  сақталған жағдайда автордық  очеркті жай оқып шыққанының өзі белгілі бір оң нәтиже беретін болды" деп мәлімдейді зерттеуші М. Барманқұлов. Осы кітап авторы радиоочерк жанрының тарихы негізіне былайша тұжырым жасайды: Очерк жанрының радиоңа бейімделуі біртіндеп жүзеге асты. Деректі жанр акустика әлеміне келіп әдеттен тыс ортаға бейімделді. Жалпы радиоочерктің қалыптасуы ескі бағытта жүрді. Біріншіден, радиоочерктің тілі әдеби-көркем тілге біртіндеп жағындай берді. Екіншіден, очерктің құрылымына радионың табиғатына тән қосымша элементтер келіп қосылды. Бұлар бейнелі, жанды сөзбен етене ұштаса отырып, очерк жанрының мүмкіндіктерін кеңейтті, оны жаңа бейнелеу құралдарымен байытты Радиоочерк жанры 30-жылдардың соңына қарай қазақ радиосынын эфирінен ресми түрде беріле бастады".

Радиоочерктің негізгі нысанасы адам, проблема, кейде оқиға болып табылады. Оның ең басты ерекшелігі - кейіпкердің немесе оқиға куәгерінін деректі-жанды үлгімесі. Сондықтан да, радоочерк шынайы дерекке, толыкқанды дәйекке құрылады. Өйткені, оның кейіпкері нақты үмірдегі адамның өзі. Сол тұрғыдан алғанда радиоочерк өнер туындысы. Көркем шығарма болып есептеледі.

Жанрлың даму тенденциясына байланысты радиоочерктің үш тармағын талдап айтқан жөн.

1.  Алғашықда радиоға тән сипатта  емес, жалпы журналистиканың принциптеріне  сүйеніп жазылған жазушылар мен әдебиетшілердің газет-журнал бетінде жарияланып, эфирден оқылған очерктері.

2.   Тыңдаушыға қалай естілетіні  ескеріліп, музыкамен көркемделетіні  есепке алынатын арнайы жазылған  радиоочерктер эфирден берілетін  болады.

3.   Дыбысталатын көркем мәтінмен бірге кейіпкердің накты әңгімесін таспаға түсіріп алып қоса беретін жанды дерекке құрылған шын мәніндегі шынайы радиоочерктер эфирге шықты, яғни, радионың табиғатына тән радиожурналистиканың дерек-көркем жанры сипатында құрылымдыкқ ерекшеліктері мен айқындалған толыкқанды радиоочерк қалыптасты.

Радиоочерктің жанрлық элементтері: журналистің микрофон алдындағы жанды әңгімесі, дыбыстық деректерінде таспаға түсіріліп алынған оқиға кейіпкерінің өз сөзі, дәйекті деректер мен мәліметтер, жеке адамның тұлғасын сомдау, көркем шегініс пен көркем ойдан қосу, музыка және дыбыс эффектілері.

Бейнелейтін нысанына қарай радиоочерк үш түрге бөлінеді: жолсапар, проблемалық және портрепгтік.7

1. Жоясапаррадиоочерк. Онда журналистін  іс-сапар кезінде күрген-білген фактілері, құбылыстары, оқиғалары туралы адамзат тағдырындаңы сан қилы сәттер жайлы алған әсері, түйген ойы баяндалады. Жолсапар радиоочерк ел мен жер, әлем аясында жасалатын радиосаясат. Ол журналистің болмысты тану және сол тұрғыда түйгендерін тыңдарманға жеткізу әдісі ретінде жүзеге асады.

2.  Проблемалықрадиоочерк. Мұнда  заман ағымындағы. күн тәртібіндегі  проблема негізгі нысанаға айналады  да. журналист нақты деректерге  сүйене отырып соның шешілу  жолдарын сөз етеді, осы орайда  журналистік позициясын танытып өзіндік ой толқайды. Қазіргі заманғы электронды БАҚ-та радиоочерктің бұл түрі журналистік зерттеу деп те аталады.

3.   Портпреттік очерк. Бұл  радиоочерктің кең таралған, әйгілі  түрі. Өйткені, ол жеке адамның  тағдырына, оның өмірі мен еңбек  жолына, бастан өткерген қиындықтары мен қол жеткен табыстарына арналады. Дыбыстық сипаттағы деректер мен көркем образдар негізінде жеке тұлғаның жанды сөзбен сомдалған портреті жасалады.

Әлбетте, радиоочерктің үш түрге бөлінуі шартты қисын екенін ескеру қажет. Өйткені, проблеманың адамңа, адамның проблемаға қатысты болмауы, іс-сапар кезінде адамңа, проблемаға байланысты мәселелердің ұшыраспауы мүмкін емес. Бірақ, кез келген тақырыптын негізгі аспектісі болады. Очерк түрлеріне тән белгілер де содан келіп туындайды,

Радиоочерктің сәтті шығуы журналистің алдын ала жасалған әзірлігіне байланысты. Бұл ретте очерк объектісін қажетті деңгейде зерттеудің маңызы ерекше. Зерттеу нәтижесінде очерктің құрамдас бөліктерін, көркемдік желісін. жалпы біртұтас композициясын ойластыра алады. Радиоочеркті жазу процесі күндерге, айларға, тіпті, жылдарға созылуы мүмкін. Өйткені. автор адамнын жеке тұлға ретіндегі өмірлік белестерін, оқиғаның даму барысын белгілі бір уакытаралығында зерттеуі мүмкін. Қазіргі таңда радиоочерк жанры өкінішке орай өте сирек кездеседі. Эфирдегі дүниенің бәрін айыруға тырысатын қазіргі заманғы радиожурналистер ақпаратты, содан соң талдамалы жанрдан әрі аса алмайды. Негізінде, заманның айтулы оқиғалары мен талантты тұлғалардың өмірі мен еңбегі турасындағы дыбыстық деректерді деректі-керкемтуындыларды Алтын қорда сақтау үшін очерктің үш түрін де қолданыс аясына енгізу қажет-ақ.

Радиофельетон. "Бұл - қоғамдық құрылыста кездесетін зиянды құбылысты ащы әжуаға айналдыратын жанр. Ондағы мақсат жақсы сценарий жазумен қоса, жанрдың акустикалық табиғатынан туындайтын өзіндік ерекшеліктерді дұрыс игергенде ғана жүзеге асады. Радиофельетонның объектісі біздің әлеуметтік өмірімізге, тұрмыс-тіршілігімізге, әдет-ғұрпымыз бен салт-санамызға сай емес. жалпы ілгері дамуымызға кедергі болатын жағымсыз фактілер", - деп зерттелген. Арқау болатын фактілердің сипатына қарай радиофельетондар деректі және деректі қойылымды деп екіге бөліп қарастырылады. Біріншісі — таспаға түсірілген жазбалардан, яғни белгілі бір нақты айғақтан тілшінің, яғни, автордың өзі оқитын мәтіннен тұратын деректі радиофельетон. Екіншісі - эфир сахнасында әртістердің орындауымен жасалатын және типтік деңгейде жинақталған фактілерге негізделетін деректі-қойылымды радиофельетон".

Информация о работе Радионың ерекше қасиеті