Радионың ерекше қасиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 18:38, реферат

Краткое описание

Радионың ерекше қасиеті — тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестетіні белгілі. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп келеді. Дала абыздары том-том кітапқа пара-пар дастандарды жатқа оқып, ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан. Күйшіден домбырашының абыройы биік болған деседі. Яғни, күйді шығарған адамнан, оны бұлжытпай орындап, ары қарай насихаттап, таратқан адамның жауапкершілігі жоғары дегенді аңғартса керек.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................2-3 бет
I.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері........................3-6 бет
II. Бейнелеу және айқындаушы құралдар .......................................7-11 бет
III. Көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі.............................11-14 бет
VI. Көркемдік шығарма – радиоочерк............................................14-17 бет
Қорытынды..........................................................................................18-22 бет
Әдебиеттер тізімі........................................................................................23 бет

Вложенные файлы: 1 файл

Радиорепортаж КУРС ЖУРН.doc

— 95.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

          Курстық жұмыста сөз етілген радиоочерк ақпаратты- талдамалы жарнлар функциясын атқара отырып, қамтитын тақырыбының ауқымында, бейнелейтін нысанасын тереңінен дәйектеу дәрежесіне қарай деректі-көркем жарнларға келіп топтасады.Алғашында радиоочерк газет жанрларының  сөйелу тіліндегі байланысы ретінде қабылданады.Очерк жанрының радиоға бейімделінуі біртіндеп іске асырылды. Кейін оған талап күшейіп, тіпті, тікелей әсер алу, дауыс ырғанының нанымдылықы сақталған жағдайда автордық очеркті жай оқып шыққанының өзі белгілі бір оң нәтиже беретін болды" деп мәлімдейді зерттеуші М. Барманқұлов. Радиоочерктің негізгі нысанасы адам, проблема, кейде оқиға болып табылады. Оның ең басты ерекшелігі - кейіпкердің немесе оқиға куәгерінін деректі-жанды үлгімесі. Сондықтан да, радоочерк шынайы дерекке, толыкқанды дәйекке құрылады. Өйткені, оның кейіпкері нақты үмірдегі адамның өзі. Ауыз екі сөйлесудің негізгі пішіні – диалог, яғни нақты бір проблеманы шешудің жолдарын бірлесе іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта білетін ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесе бірнеше адамның әңгімесі және ойы.8 

     Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам мен тыңдаушы арасын кеңістік бөліп тұрады, тікелей байланыс жоқ болсада, радиоочеркта образ арқылы белгілі бір ой қалыптасады. Бірақ журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды ойша елестетіп, алдын-ала оның реакциясын бақылап, ойын түсініп, очерк барысында туындайтын бейнелікті елестетіп, екеуара әңгімелесіп, бетпе-бет отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін құрып алады. Радиоочеркт диалогтың, яғни ауыз екі сөйлеу стилінің элементтерін қолдану арқылы шынайы, әрі тартымды етіп құруға болады, ауыз екі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам сөйлеп отырып қажетті сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта қолдану.

Мысалы радиоочерктің радиоәңгімеден рекшелігі: радиоәңгіме - монологқа құрылатын деректі-кәркем жанр. Оған да радиоочерктегі тәрізді өмірлік дерек өзек болады. Сондықтан да, радиоәңгіме деректік сипаталады. Ал көркемдік деңгейі тұрғысынан келетін болсақ, бұл жанр әдебиеттегі әңгіме жанрының белгілерін тұтас қамтиды да радионың табиғатына тән көркемдік элементтерді бойына сініреді, әңгіменің негізгі жанрлық элементі ең алдымен, жанды сөз, содан соң музыка. келесі кезекте дыбыс эффектілері. Радиоәнгіменің мазмұнымен қатар эфирден берілу тәсілі, естілу ерекшелігі де тыңдармандарды тартып, оның көңіл-күйіне әсер етіп. дыбыс арқылы оқиға көрінісі, кейіпкер бейнесі сомдалуы қажет. Радиоәңгімедегі еңбасты қызмет атқаратын нәрсе —сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адамның жанды даусы , оның ырғақтары мен ән реңдері — әңгіме мазмұнын жандандыратын ең басты құрал. Радиоәңгіме - автордын микрофон алдындағы емін-еркін тіл қатуы аркылы, керек жерінде зсерлі, бейнелі өткір тілмен, енді бірде логикалық жағынан ұтымды ойлы да, оралымды тілмен сойлей алатындығы нәтижесінде радионың диапазонын кенейте түскен жанр.

Қазак радиосынын әуе толқынынан ұзақ жылдар бойы үзілмей жалғасып келе жаткан "Сыр сандық"' айдарынан берілетін белгілі радиожурналист Дүйсенбек Қанатбаевтың әдебиет және өнер қайраткерлерінің тағдыры мен шығармашылығы жайындағы радиоәңгімелері аталмыш жанрдың өздік үлгілері болып есептеледі. Деректі драма-бұл сюжеттік желісі өмірде болып жатқан оқиғалар мен фактілерден құралатын журналистің баяндауындағы шежіре. Онда сөз болатын оқиғаға қатысушыдардың түпкілікгі аты-жөндері айна қатесіз сақталады да, деректік материал мәтінмен астастырылып, тікелей шығарманың дыбыстық құрамына енеді.

Деректі драмада автордан басқа адамдардың рөлдерін актерлер орындайды. Автор, яғни, журналист деректі драманы тыңдарманға ұсьшатын тұлға. Ағылшын, немісжурналистерінің деректі драмаларының "Мең сіздерге мына бір жайды баяндап берейін", "Мен келе жатып, таңғажайып оқиғағатап болдым",

"Бірде маған бейтаныс кісі  қоңырау шалды'" деп басталуы  дәстүрге айналған.

Радиожурналистиканың бай тәжіріибесінде деректі драманын екі түрі қалыптасты.

Біріншісі - қоғамдық маңызы, әлеуметтік мәні бар адамңа немесе қандай да бір проблемақа назар аударту мақсатында мейлінше терең психологиялық желіске құрылатын сюжеттік тарих. Бұл шынайы өмірде өзінің шарықтау шегі бар аяғталған, яғни шегіне жеткен деректі тарих, кейіпкердің өзі, кәдімгі өмірдегі адам. Көбінесе, мұндай деректі драманың соңында актер рөлінде ойнаған, өзінің өмір тарихы туралы ең соңынан нақты тұлғаның өзі сөз алады. Сөйтіп, деректі драманың соның өз сөзімен түйіндейді.

Екіншісі - аяқталмаған деректі драма. Бірінші деректі драмаға қарама-қайшы. Мұнда керісінше ең бір шешуші тұсына келген кезде кілт үзіледі де, соны не болғаны белгісіз аяқталмастан қалады. Мұнын ақыры не болатынын әр тыңдарман өз алдына елестете алуы үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Сонымен қатар деректі драманың бір түрі аудитория назарын аударып алудың бірден-бір тәсілі.

Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны жөн, әр түрлі көзқарастар мен дәйектемелердің жан-жақтылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар мазмұны өз мәнінде ашылғаны дұрыс.9

Радиожурналист ең бастысы сөз құдіретін бағалайтын, сөздің адам ойының негізгі көрсеткіші екенін түсінетін маман болуы, әрі ол “Сөздің асыл болуы ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының келістілігімен, мағына жағының күштілігімен жағатынын, сөз көркемдігі әуезділігінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан екенін” әрқашанда көңіліне түйіп жүруі керек. 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Н.Омашев Радиожурналистиканын жанырлары мен формалары. Алматы1999ж.

2. Н. Омашев Радиожурналистика. Алматы-1995г.

3.Н. Омашев . Казах радиосының тарихы. Алматы-1992г.

4. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

5.М.Барманкулов Особенность и специфика документальных жанров печати, телевидения и радио. Алматы- 1990г.

6. М.Барманкулов Телевидения: деньги или власть. Алматы-1999г.

7. М.Барманкулов Журналистика для всех.

8. М.Барманкулов. Искусство современной информации, Алматы- 1997г.

9.М.Барманкулов Жанры печати, радиовещания и телевидения, Алматы-1974г.

10. С.Г. Корконосенко Основы теории журналистки. СПб-1995г.

11. В.В. Ворошилов Журналистика и рынок. Проблемы маркетинга и менеджмента СМИ.

12. В. Дубровкин К истории советского радиовещания. Л-1972г.

13. Барноу Б. Как писать для радио. М., 1990.

14. Беркли-Ален Мадэлин. Забытое искусство слушать/ пер. с англ. СПб., 1997.

 

 

 

 

1   Н.Омашев Радиожурналистиканын жанырлары мен формалары. Алматы1999ж.

 

2   Н.Омашев Радиожурналистиканын жанырлары мен формалары. Алматы1999ж.

 

3  Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

4  * Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.

5 М.Барманкулов Особенность и специфика документальных жанров печати, телевидения и радио. Алматы- 1990г.

6. М.Барманкулов Телевидения: деньги или власть. Алматы-1999г.

 

6  М.Барманкулов. Искусство современной информации, Алматы- 1997г.

М.Барманкулов Жанры печати, радиовещания и телевидения, Алматы-1974г.

 

7  В. Дубровкин К истории советского радиовещания. Л-1972г.

Барноу Б. Как писать для радио. М., 1990.

 

8  Н.Омашев Радиожурналистиканын жанырлары мен формалары. Алматы1999ж.

 Н. Омашев Радиожурналистика. Алматы-1995г

9  * Н.Омашев Радиожурналистиканын жанырлары мен формалары. Алматы1999ж.

 Н. Омашев Радиожурналистика. Алматы-1995г



Информация о работе Радионың ерекше қасиеті