Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 17:42, курсовая работа
Қоғамдағы өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси , әлеуметтік , экономикалық, мәдени,спорт,өнер ,кино ,денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебаб құрал болғандықтан журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы Бақ-тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз.
Бір қызығы австралиялық
магнат Рупер Мэрдок Англияның
барлық басылым нарығын
"Рупер Мэрдок Таймсті"
20 пенске дейін арзандатты. Ол
газет беттерінде әртүрлі ұтыс
ойындары мен сыйлықтарды
Радионың шығу тарихы
Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Хабарлағышқа орнатылған ұшқындық аралық тербелмелі контур жіберіп - таратушы антеннамен индуктивті байланыста және онымен резонанстық күйге келтіріледі. Сигналды тіркеу тәсілдері әуе толқындар (радиотолқындар) арқылы жіберген сигналды (хабарды) қабылда алады. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан - А. С. Попов.
Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары бір түрі.
Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа). Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалға драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.
Қазақ радиосы – Қазақстан тұрғындары
Республиклық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар .