Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 10:43, дипломная работа
Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.
І. Кіріспе 2-4бет
ІІ. Негізгі бөлім
1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі. 5-10 бет
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
3. Қаржылық инвестиция есебі. 19-32 бет
ІІІ. Қорытынды. 32-33 бет
ІV. Қолданылған әдебиеттер.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісім- шартын жасайды. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанында жүзеге асыруына болады:
Бірлесіп бақылайтын өндіріс – заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерлі пайдалануын топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиеслі шығындарын алады және олар алдын ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процестің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы- материалды запастардың және т.б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер – жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланылады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі рқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.
Қатары № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы,теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің мына игіліктерді салу арқылы инвестициялары жасалынды: -тауарлар , негізгі құралдар, материалдық емес активтер - ақша қаражаттары - есеп беретін адмдарға - еншілес, тәуелді және бірлесіп -заңды және жеке тұлғалардан |
300000 50000 600000 450000 |
2200-2310 2200-2310 2200-2310 2200-2310 |
1000-1050 1251-1254 3320-3330 3310,4170 |
Жиыны |
1600000 |
|||
2. |
Заңды және жеке тұлғалардан тегін түскен инвестициялар |
|
|
6260 |
3. |
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын төмендеткен:
|
150000 |
7450-7470 |
2200-2310 |
5. |
Тәуелді немесе еншілес серкітестіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсүімен байланысты инвестицияның құны өскен |
|
|
|
6. |
Инвестицияны үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алған кезде инвестордың алатын дивидендтер сомасына инвестицияның құны азаяды. |
|
|
|
7. |
Тәуелді немесе еншілес серкітестіктердің шеккен зияны инвестордың үлесін кемітуімен байланысты инвестициның құны азаяды |
|
|
|
8. |
Егер де инвестицияның балагстық құнынан зиян асып түссе, онда ол баланстан тыс шоттарда есепке алынады. |
|
|
|
9. |
Тәуелді немесе еншілес серкітестіктердің таза
табысында инвестордың үлесі өсүімен |
|
|
|
10. |
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің инвестициясы сатылды:
|
700000 |
12602120-2130 |
|
3. Қаржылық инвестициялардың есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 1100”Қаржылық инвестициялар “ бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. 1100-1150 шоттарында « Акциялар», « Облигациялар», « Басқа да қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.
1100-1150 шоттар активті, күрделі,
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны
мен оның сатып алынған құнының арасындағы
айырмашылықтары (сатып алу кезіеде пайда
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу қөұнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқы мерзімді қаржылық инвестициця ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы, инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керіснше өзгерсе, онда оның баланстқ құнын келесі негізде анықтайды:
бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық)бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда - табыс ретінде танылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялады қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау үшін қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төменлеген жағдайда азайту сол инвестициясының үстеме бағасының сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді . Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияялар құқны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицмяланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, оны оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердің немесе дилердің қызметі) ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбеген табысқа жатқызылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық иневстиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.
Егер инвестиция бұрын қайта бағ,аланған болса, онда қайта бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады.
Бұл арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау
Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда : олар сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.
Енді біз бұл қалай есептелетіндегі туралы, бір мысал қарастырып көрейік:
1100 «Қысқа мерзімді қаржы
Акцияларды алған кезде 1100 «Қысқа мерзімді
қаржы инвестициялары» шотының дебеті
бойынша және төмендегі шоттардың кредиті бойынша
Акция алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 1150-шоттың дебеті, 1050-«Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты»,шоттарының кредиті – шет мемлекеттердің банкілер мен компанияларының акцияларын алғанда;1040-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары», 1010-«Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары»- Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағжайларда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 7410-«Активтердің шығуынан болған шығыстар» деген шоты дебеттеледі де, және 1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кредиттеледі, сосын ол шотының дебеті бойынша және 6210 шоттың кредиті бойынша көрсітіледі.
Облигация дегеніміз- ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация – жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және дауыс беруге де құқысы жоқ.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 1130 «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар» шотында жүреді.
1130 «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар» шотында мемлекеттік және жергілікті заимдардың проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құымен есептелінеді. Облигация – белгіленген нақты (номиналдық) құны бойынша иесіне процент төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап етушіге арналған; проценттік және проценттік емес , еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.
Облигацияның төмендегідей реквизеттері
болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің
тұрған жері ( облигацияны айналымға
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.
Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номианалдық құны бойынша , немесе облигация сыйлығымен немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.
Депозиттер - бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше депозиттер және шартты депозиттер(шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайдлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.
Бондар – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәспорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары суррогаттарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының ролін атқарады.
Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олрадың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген (номиналдық) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.
Қазыналық ноталар- қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі( асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстыруға жатпайды) ; ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.
Шартты бағалы қағаздар - бұл опциондар, варанттар, қаржылық фьючестер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
Опцион – опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.
Опциондық шарт жасалынған ұсынысты ескерілген мерзімі ішінде өз күшінде сақтап тұруды түсіндіреді. Опционды сатып алушы опцион мерзімі ішінде акциялар курсының қозғалысына байланысты, ол өз құқын іс жүзіне асыруы немесе асырмауы мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының табысы болып есептелінеді. Опцион сатып алушының пайдасы(«колл»), ағымдағы биржалық бағам (курс) опционда ескерілген бағамнан жоғары болса ғана қалыптасуы мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан соң ол акцияны сатып алады, яғни опционның екінші типі («путы») жасалады, бірақ бұл ағымдағы биржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса ғана жүзеге асады.
Информация о работе Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелу