Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 11:07, дипломная работа

Краткое описание

Аталған жоба инвестиялау сомасы бойынша онша үлкен емес, алайда әлеуметтік-экономикалық мәні бойынша ол өз алдына біздің облыстың дамытуда өзінше өте қажетті сатыда тұр:
• Серіктестікте 20-ға жуық жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз етеді, осылайша әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетеді;
• Қазақстан Республикасын импорт ауыстыратын өнімдермен қамтитын басқа мемлекеттерге тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді;
• Сатып алушылардың сұранысын қанағаттандырады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі............................................................................................................................5
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар........................................................................................8
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі.........9

2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты............................16
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..............23
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері................................................................31

3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру».......................................................................................34

Қорытынды..............................................................................................................41
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................................43

Вложенные файлы: 1 файл

Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару.docx

— 117.50 Кб (Скачать файл)

Серіктестіктің  жарғылық қорында  оның құрушылары болып «Аяз» ЖШС заңды тұлғасы - 25%, жеке тұлғалар үлесі - 75% табылады.

 

  3 кесте

 

 

Кәсіпорынның  техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің куәләндірілуі

 

 

Көрсеткіштер

2003 жыл

2004 жыл

1 жартыжылдық

2005 жыл

Жұмысшылар  саны

22

25

26

Шығарылатын өнім көлемі

13070

19829

5573


 

 

Өнімнің тауарлық көлемін ұлғайту үшін «Ақанай» ЖШС ең алдымен негізгі өнім түрлерін: мехты куркалар, жылытылған костюмдерді, жұмыс киімдерінің, киіз үйлердің және палаткалардың комплектісін шығаруды жоспарлайды.

5.2. Серіктестіктің  несиелік тарихы – оның  өндірістік қызметі бастал-ған күннен бері серіктестіктің  жеке қаражаты есебінен дамыды, алайда заемды қаражаттар да тартылған болатын.

  1. 2004 жылдың басында ( «Аяз» ЖШС-ның өндірістік ғимаратына кепілдік ретінде) құны 2 000 000 теңге болатын несиелік линия ашылып, кейін бұл сома 2004 жылдың қазан айында уақытынан бұрын өтелген болатын. 16% жылдық ставкамен.

  1. 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 16% жылдық ставкамен АО «Қазақстан Халық Банкінде» құны 15 000 000 теңге болатын несиелік линия ашылды.

5.3. Серіктестіктің  корпоративті құрылымының сипатталуы.

2005 жылдың сәуір айнан  бастап директоры ретінде Кудабаева  Тимиргуль Даулетбаевна кәсіпорының  қызметін басқарады. 1982 жылы Саратов  Жамбыл техникалық жеңіл және  тамақ өндірісінің институтын  инжинер – экономист мамандығы  бойынша бітірген. өзінің өндірістік  қызметін тері илейтін Землячка  зауытында экономист болып бастаған. «Уральскснабконтракт» специалист  болып жұмыс істеген. 2001 жылдан  бері «Аяз» ЖШС-да қамсыздандыру  бөлімінің менеджері болып қызмет  еткен.

Несиелік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын, қаржы ағымдарының бағытын қадағалау, уақытылы және сенімді есептеу серіктестіктің  бас бухгалтері Дусаева Гульжан Жумажанқызына жүктелген. Бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Академиясын бітірген.

 

 Материалдық үстел бойынша 19 жыл бухгалтер болып оның ішінде 9 жыл «Аяз» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары жұмыс жасаған. 2001 жылы  «Ақанай» ЖШС-на бас бухгалтер қызметіне алынған болатын.

Қалған мамандар контракт бойынша тартылған болатын.

Әкімшілік басқару  персоналы толығымен квалификациясы жоғары мамандардан  жиналған.

Жобада өндірісті  ұйымдастыру үшін саны 20 адам болатын  штатты персоналды жұмылдыру қарастырылған.

 

 4 кесте

5.4. Серіктестіктің  басқару құрылымы.

 

 

   

Қолда бар персонал

 

Административті персонал

1

Директор 

1

2

Цех бастығы

1

3

Бас бухгалтер

1

4

Жабдықтаушы инженер

1

 

Барлығы

4

 

Өндірістік  персонал

7

Еден жуушы

1

8

Жөндеуші слесарь

1

9

Жұмысшылар 

20

 

Барлығы

26


 

 

5.5. Серіктестіктің  қазіргі кездегі және болшақтағы  мақсаты,  алдағы  жылға, перспективаға  қойылатын мақсаттар, мақсатқа  жету стратегиясы.

Серіктестіктің  мақсаты: жеңіл өндірісті қамтамасыз ету және мейлінше толық қанағаттандыру, пайда табу және қосымша жұмыс орындарын құру.

 

 Серіктестіктің  қызмет  бағдарламасы:

1. Серіктестіктің  шаруашылық қызметі мен басқару  жүйесін  өзгермелі  сыртқы және  ішкі экономикалық жағдайларға  мейлінше тез үйрету.

2. Серіктестіктің  салалық және оның мақсатты  нарықтарында  тұрақты  қаржылық және материалды жағдайды  қамтамасыз ету.

3. Несиелік ресурстарды  қайтару үшін, жаңа технологияларды  меңгеру  үшін және жұмыс істеп  тұрған өндірісті ұлғайту үшін  пайда өсімін ұлғайту.

Серіктестіктің  стратегиясы:

1. Аталған өнім  бойынша Қазақстандық және шетелдік тұтынушыларын күнделікті іздестіру.

2. Эффективті  жарнама есебінен қолданыстағы  ішкі нарықтың  үлесін  арттыру.  Өткізудің жаңа каналдарын меңгеру.

3. Сыртқы нарыққа  шығу. Шығарылатын өнімнің бәсекелестікке  қабілеттілі -гін арттыру.

4. Шикізаттарға, материалдарға, жанармайға, энергияға және басқада  ресурстарға жұмсалатын шығындардың  азаюы есебінен шығынның төмендеуі. Жеткізуді оптимизациялау. Ресурс cақтаушы  технологияларды енгізу.

5. Өнімнің жаңа  түрлерін меңгеру. Жаңа өнімдерге  маркетинг кешенін құрастыру.

6. Шығарылатын өнім, оның характеристикасы.

Лагерге арналған палаткалар.  ҚР ТО 657 сәйкестігі – 39157628-01-03

Лагерге арналған екіқабатты, төртскатылы палатка. Ағаш тіреулі 10 адамға арналған өлшемі – 4,7х4,7х4,7х1,7 (3,0). Еденінің ауданы 22,09 м2. Ауа кубаторы 47,47 м3. Салмағы 44 кг-нан аспайды. Бүйірлерінде клапаны бар екі (40х40) терезелері, 50х50 өлшемді әйнекке арналған рама бар.           Терезенің үстін бойлай рулондалған жапқыш тігілген. Жайылған күйінде жапқыш бүйір беттерінде орналасқан клеванттарға ілінеді. Алдыңғы скатында орналасқан арнайы тесік пеш мұржасына арналған. Есіктің ені 1,2м. Сыртқы кабаты су өткізбейтін палаткаға арналған матадан, АРТ С3120-ЕХ қалыңдығы 270 г/м2 болатын қатқыл х/б-дан жасалған. Ішкі қабаты ағартылған бөз. Палатка комплектісінде палаткалық жабдықтар (қазықтар, найзалар, бағандар және т.с.с.) қарастырылған.

Киіз үйлер  диаметрі 5м, 8м. ҚР ТО 657 сәйкестігі – 38520340 ЖШС-13-01

Киіз үйлер  тұрмыста, арнайы шараларда, халық шаруашылығында қолдануға арналған. Біздер шығаратын киіз үйдің басты айырмашылығы үйлер бұрынғыдай ағаш емес, темір каркастан жасалған, бұл оны тез әрі жеңіл құрастыру үшін және қолдану ауқымын кеңейтуге арналған. Каркасы (25х3,2)мм болатын болат трубалардан жасалған. Температура-ның тез түсіп кетуінен және уақыттың аздығы салдарынан арнайы бекітулер арқылы желге қарсы тұра алатын киіз үйді 1-2 сағатта құрастыруға болады. Киіз үйдің сырты мыналардан құралған:

- сыртқы бөлігі  су өткізбейтін палаткалық матадан  істелген  кровельді  тент;

- ішкі бөлігі жел өткізбейтін  мата;

- киізді бөлігі  – жылытқыш есебінде таза теріден  істелген.

Киіз үйдің  ішінде жылытқыш құралдардың кез-келгенін қолдануға болады. Жаз мезгілінде ыстықтан қорғайды, ішінде вентиляцияны жеңіл орнатуға болады. Бұл киіз үйлер шабандардың тұрақтарында, тиристтік лагер, қалаларда кафе ретінде сонымен қатар қала ішіндегі және қала сыртынғы үйлердің аулаларында қолданылады. Есігі ағаштан істелген.

Киіз үй формасы  күмбез тәрізді жоғарғы және цилиндр  тәрізді төменгі бөлігінен тұрады.

Мехты астары бар куртка М-120. ГОСТ сәйкестігі 28503-90

Бүйірінде орталық  қапсырмалы қос ілгегі және желден қорғайтын клапаны бар қос  қалталы: кеуде тұсында орналасқан 2 қапсырмалы. Кнопкалы клапаны бар  қайырма жаға, оған ілмегі бар металл қармақ қыстырылған. Қостігісті жамалған жеңді, құрастырылып тігілген тамыр тартқыш жеңді.

Ерлерге арналған ағытылатын капюшоны бар куртка М-206. ГОСТ сәйкестігі 27575-87

3 қабатты ағытылатын  синтепонды астары бар. Бүйірінде  орталық қос  қапсырма бар желден  қорғайтын клапанды «велькро» қапсырмасы бар, кеуде тұсында орналасқан қос қалталы, 2 жапсырмалы қалтасы бар, белінде линия бойымен кулисасы бар, арқасында кокеткасы бар. Қостігісті жамалған жеңді, жеңнің бүйірінен эластикалық лента жапсырылған. Қапсырмалы капюшон. Куртка төменгі 35–400 С температурада киюге арналған.

2 қабатты синтепонмен  жылытылған шалбар М-077. ГОСТ сәйкестігі 27575-87

Белі сырып  тігілген белбеуге арналған орны бар, бүйірінде қос және артқы оң жағында  бір жасырылған қалтасы бар.

Куртка М-24. Қайырма жаға, бүйірінде орталық ілгекті, сыртынан жапсырылған «велькро» қапсырмасы бар екі қалта, құрастырылып тігілген тамыр тартқыш манжетті жеңі бар. Куртканың төменгі жағында белінде және манжеттерінде эластикалық лентамен жапсырылған.

Шалбар М-2. Белі сырып тігілген белбеуге арналған орны бар, артқы жағында белі эластикалық лентамен тартылған, бүйірінде қос және артқы оң жағында бір жасырылған қалтасы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 Әр бағдарлама немесе жоба дамудың 4 кезеңінен өтеді. Олардың бәрі бірігіп, бағдарламаның немесе жобаның тіршілік ету циклын құрайды. Жеке таңдаулар мен бағдарламаның немесе жобаның қолданылу аясына қарай олар әртүрлі аталады: концептуалдық жоспарлау, жасақтама, орындау мен аяқтау, немесе идея, жоспарлау, жүзеге асыру мен жабу.

Тіршілік циклы  – Бағдарламаның, Жобаның, Үрдістің немесе Өнімнің идеяның туындауынан  бастап, жүзеге асырылудың аяқталуына дейінгі іске асырылуының циклы. Әдетте олар тұтастық пен толымдылық қасиеттеріне ие болуы тиісті.

Бағдарламаның мен жобаның циклының өзара байланыстылығының  үш тұжырымдамасы бар:

1. Бестік  (Бағдарлама – Жоба – Портфель – Үрдіс - Өнім) тұжырымдамасы жобалар портфелін толықтыру негізінде өнімді немесе қызметтерді жаңарту мен шығаруға бағытталған мекемені дамыту моделінің негізін құрайды.

2. Төрттік (Бағдарлама – Жоба – Үрдіс - Өнім) тұжырымдамасы өнімді шығару мен қызметтерді ұсынуға бағытталған ірі ауқымды кез-келген жүйені дамыту моделінің негізін құрайды.

3. Үштік (Жоба – Үрдіс - Өнім) тұжырымдамасы жоба арқылы өнімді немесе үрдісті жаңарту аясындағы мекемені дамыту дамытудың моделінің негізін құрайды.

Сонымен қатар  назар аударатын жайт, кез-келген жүйені дамыту нәтиже беретін жүйенің  қасиеттерін жақсартуға бағытталған тіршілік циклді көрсететін спираль тәрізді модельді айналдыру негізінде жүреді.

Бағдарлама  мен жобаны басқару моделін қалыптастыру барысында жүйелік көзқарастар  қолданылады.

Дегенмен инвестициялық  жобаның бизнес-жоспарын жасақтаудың әртүрлі қаржы мекемелері дайындаған стандарттары міндетті ғана емес, сондай-ақ қарызға алу үшін де пайдалы. Олар жоба бойынша барлық мәліметтерді жүйелеуге мүмкіндік беріп, бизнес-жоспар аспектілерін талдауға көмектеседі.

 «Ақанай» ЖШС бизнес-жоспарын директоры Кудабаева М.Д. 10 000 000 теңге шамасында айналымдағы қаражаттарды толықтыру үшін несиелік ресурстарды тарту мақсатында ұсынады. Бұл жоба өзіне жалпы құны 10 000 000 теңге болатын негізгі материалдарды (мата, брезент, киіз, палаткаға арналған мата т.с.с.) сатып алуды қамтиды.Қазіргі кезде қаладағы ұлттық киіз үйлермен лагерге арналған палаткаларды шығарумен айналысатын жалғыз ғана кәсіпорын болып табылады. Несие алғаннан соң кәсіпорын нарықта тұрақтап қалуы үшін шығарылатын өнімді ұлғайтуы қажет, оның кейінгі қызметінің мақсаты болып тұрақтылығы жоғары табыс табуы мен өткізу нарығын кеңейтілу болуы керек.

 

        Батыс Қазақстан облысымен  Қазақстанның басқада облыстарындағы  халықтың аталған өнім түрлерін  өспелі түрде қолдану кәсіпорынды  өз алдына жеке өндірісін кеңейту  мәселесін алға қойды.Аталған  шараларды іске асыру көрсетілген өнімдермен аймақтың сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі мақсаты  болып жергілікті шикізаттарды, еңбек  ресурстарын және халық тұтынатын  тауарлар нарығында белгілі бір  бөлігін жаулап алуды максималды түрде қолданып, максималды пайда табу үшін тігін өнімдерін шығару болып табылады.

 

        Қаржыландырудың жеке  қаражаттарымен басқа көздерінің  жоқ болуынан жобаның ұйғарылған  қаржыландыруы инвестициялар немесе  несиелік займдар есебінен жүзеге  асырылады.

 

        Қаражаттар 1 жылға 16%-бен алынады.

Аталған жоба инвестиялау  сомасы бойынша онша үлкен емес, алайда әлеуметтік-экономикалық мәні бойынша ол өз алдына біздің облыстың дамытуда өзінше өте қажетті сатыда тұр:

  • Серіктестікте 20-ға жуық жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз етеді, осылайша әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетеді;

  • Қазақстан  Республикасын импорт ауыстыратын өнімдермен қамтитын  басқа мемлекеттерге тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді;

  • Сатып алушылардың сұранысын қанағаттандырады.

Бүгінгі күні серіктестік  жұмысының негізгі мақсатында Орталық  және Солтүстік Қазақстанның нарығына шығу, Батыс Қазақстандағы позициясын орнықтыру сонымен қатар экспорт  үлесін ұлғайту болып табылады.

Информация о работе Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару