Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында тиімді пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:16, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3 1 Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................5
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні..............................................................5 1.2 Шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктері..........................9
1.3 Инвестицияны қолданудың халықаралық тәжірибесі................................13
2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту және оны қолдануды талдау................................................................................................21
2.1 Инвестицияны Қазақстанға тарту қажеттілігі..............................................21
2.2 Қазақстанға инвестицияны тартуды қолданудың қазіргі жағдайы............23
2.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау.......29
3Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында тиімді пайдалану ..........................................................................32
3.1 Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан экономикасында тиімді қолдану..........................................................................32
3.2 Инвестицияны Қазақстанға тартумен пайдалануды жетілдіру..................37
Қорытынды..........................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................42

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая инвестиция (1).docx

— 142.72 Кб (Скачать файл)

     Инвестициялардың жағымды жақтарымен  қатар, жағымсыз жақтары да бар. Мұны әр түрлі сауалнамалардан да көруге болады.

    АҚШ-тың  қоғамдық пікірі шетелдіктердің  пайдасына негізделмеген. 78% пайыз американдықтар бизнес пен жылжымайтын мүлікке шетелдік инвестицияны шектейтін заң қабылдау керек деп есептейді.

     Әлемнің көптеген елдерінде шетелдік инвесторларды өз территориясына енгізуге кедергі жасайды. Халықаралық валюталық қордың өз құрамына кіретін 187 мемлекеттін инвестициялық саясатын зерттеуі мынаны көрсетеді: 78.3% пайыз мемлекеттер капитал импортына шектеулер қояды. Шетелдік инвестиция объектісі бола отырып, кез-келген ел белгілі бір ақша сомасын алып қана қоймайды, заимдарға қызмет көрсету, қоржынды және тура инвестициялардың салымдарының белгілі бір пайдасын шетелге аударуды есептегенде оны үлкен көлемде қайтарады.  Егер заимдар өсетін болса, елден табысты сыртқа шығару жүйесі құрылады, ал бұл табыстарды банктік сфераға тартса артық болмас еді немесе жаңа өндіріс құруға, болмаса бар өндірісті модернизациялауға болады. Сондай-ақ шетелдік капиталға бағытталған экономика одан тәуелді болып қалады. Кез-келген инвестициялық құлдырау тепе-теңдіктің бұзылуына, тіпті оның тоқтауына әкеледі. Өкінішке орай, халықаралық бәсекелестікпен салыстырғанда төмен деңгейлі өндірісі бар елдер ішкі нарықта отандық инвесторларға қарағанда импорттық қатысушыларға жағдай жасауға мәжбүр болып отыр.

     Тура инвестициялар қатысуымен  әрекет ететін өнімді шетелдік  жеткізушілер ереже бойынша шекаралық  кедергілерден айналып өтеді. Біріншіден, өз территориясында сәйкес кәсіпорын құру және өнімді үшінші ел арқылы экспорттау арқылы. Бұл жағдайда дифференциалдық кедендік баж енгізіледі. Ол жеткізуші мемлекетке байланысты бір тауарға әр түрлі ставканы қарастырады. Мұндай жағдай бәсекелестігі төмен ел үшін күшті қарсыластарына қарсы тұруға және экономикасы жақсы дамымаған елдің нарығын жаулап алуға мүмкіндік береді. Екіншіден, елде өзінің кәсіпорынын ұйымдастыру. Бұл кезде шекара арқылы тауарды өткізу талап етілмейді. Екеуі де аз салым арқылы көп пайда табуға мүмкіндік береді.

      Шетелдік инвестициялар – қабылдаушы мемлекеттің тауар және қызмет көрсету нарығын жаулап алудың және одан отандық жеткізушілерді шығарып тастаудың тиімді құралы.

       Инвестицияның жағымсыз жақтарына  келетін болсақ, отандық фирмалармен  бәсекелесетін шетелдік компаниялар  бәсекелестерін жою үшін жергілікті  кәсіпорындарды сатып алу арқылы  қабылдаушы ел экономикасының  дамуын тежейді. Өтпелі экономикасы бар елдердің саясаты дамыған елдерге қарағанда либералды болып келеді. Бұны шетелдік  инвесторлар қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығы үшін қауіпті өндірісті енгізу арқылы пайдаланады. Сонымен бірге, шетелдік инвестициялар елдің ұлттық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін жоюға да кейде қолданылады. Сол себепті кейбір елдердің  капитал импорты, технология мен тауар инвестицияларына деген сенімсіздігі мен теріс көзқарасы қалыптасады.

         Импорт капиталының тағы да  бір мәселесі елдердің инфляциялық  үдерісіне әсер етуі болып  табылады. Шетелдік инвестициялау акция немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алуға, жаңа кәсіпорындар салуға, барын иемденуге белгілі бір ақша сомасы мен займды салумен басталады. Былай қарасақ, шетелден ақша ағынының келуі ақша массасының көлемінің ұлғаюы мен инфляцияның ұлғаюына әкелуі тиіс. Шынында ақша формасындағы капитал импорты негізінен ақша массасын емес, тауар мен қызмет көрсетудің ұсынысын арттырады.

Қорытындылай  келе шетелдік инвестициялардың артықшылықтары кемшіліктеріне қарағанда көбірек. Сондықтан біз ол артықшылықтарды  барынша қолдануымыз керек. Соның  арқасында ғана еліміздің экономикасы  көркейіп, дамыған 50 елдің қатарына кіре алады.

 

1.3  Инвестицияны  қолданудың халықаралық тәжірибесі

 

 Ұлттық инвестициялық саясат шетел инвестицияларын реттеудің құралдары мен ерекшелігінің жиынтығынан тұрады. Инвестициялық саясат- макроэкономикалық саясаттың негізгі құралы және ол жеке бағыттарға сәйкес келеді. Ол сондай-ақ шетелдік инвестициялардың жүзеге асуының негізгі шарттарын, салалық шектеулер, бақылау тараптары мен стандарттау режимін анықтайды. Ұлттық инвестициялық саясаттың бөлінбес сипаттамасы мынау  болып табылады: ұлтттық режимі мен неғұрлым қолайлы режимдер, әділ және біркелкі режимдерді ұсыну арқылы шетелдік инвесторлар құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға кепілдік беру.

        Капитал ағымын реттеудің мемлекеттік  және мемлекетаралық тәжірибеде  инвестициялық режимнің 5 түрін қолданылады:

  • Неғұрлым қолайлы жағдайлар режимі;
  • Ұлттық режим;
  • Дискриминациялық емес режим;
  • Әділ және тең құқық режим;
  • Анықтылық режимі.

  Инвесторлардың  құқықтарын қорғау көздері елдегі  қолданылатын  құқық жүйесіне  байланысты әр түрлі болып  келеді. Құқықтың жалпы жүйесі бар елдерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, көптеген африкалық мемлекеттер мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері) инвесторлық құқықтар неғұрлым қатаң қорғалады. Аралық жағдайда өзге мемлекеттер тобы қолданылады. Германдық азаматтық құқық жүйесін Германия және роман-герман тілдер тобына кіретін мемлекеттер  қолданылады.

 

Құқықтық  режимдегі либерализацияның Корей  Респубикасының  тікелей     шетел инвестицияларына әсері

Инвестициялардың  келуіне рұқсат беруді мемлеккеттік реттеудің саясаты 1962 жылы билік  басына Чон Ду Хванның келуімен байланысты болды. Ол оңтүстіккореялық экономиканы түпкілікті реформалаудың негізін салушы болып табылады. Одан  кейінгі кездерде тікелей  шетел инвестицияларын тартуды ынталандыру мен көлемін арттыруға  пассивті түрде қарады, себебі олар экономиканың негізгі салалары  шетелдік трансұлттық компанияларға тәуелді болып қалады деп есептеген. Мемлекет тікелей шетелдік инвестицияларды емес, ссудалық капитал ағымын бақылады. Мұндай саясат 80  жылдар басына дейін созылды.

80 жылдар  басында Үкімет инвестициялық  саясатқа әсер етудің негізгі  бағыттарын анықтады, ол негізінен ұлттық компанияларды қолдау мен тәкелей шетелдік инвестициялардың келуін қатаң қадағалаумен сипатталды.

1996 жылы  Корей Республикасының ОЭСР-ға  енуі инвестициялық саясаттың  жаңа кезеңінің-тікелей шетелдік инвестициялардың келуін либерализациялау мен оны таратудың ынталандыру шараларын жүзеге асырудың бастамасы болды.

Корей Республикасының  жаңа инвестициялық саясаты шетелдік инвестиция мен капитал туралы заңы және шетелдік инвестицияны тарту туралы заңында анықталды. Сол арқылы шетелдік инвесторларды унификация және әкімшілік процедураларды қарапайымдату, салық жеңілдіктерін ұсыну негізінде тарту көзделді.

Ұлттық  инвестициялық саясаттың негізгі  мақсаты-экономикалық құлдырауды жою  мақсатында  тікелей шетелдік инвнтицияларды ынталандыру. Жаңа заңдар ұлттық саясаттың-тікелей шетелдік инвестицияларды бақылау мен реттеуден инвестицияны тартуды қолдау бағытына түпкілікті өзгеруімен байланысты болды.

Жаңа  заң қабылданғанға дейін шетелдік капитал салымын тартудың негізгі  кедергілері мыналар болды:

  • Анықтылықтың болмауы;
  • Валюта операцияларына шектеулер;
  • Капитал қозғалысына шектеулер;
  • Жабық ішкі нарық;
  • Қатаң реттелетін шетел нарығы.

      1998 жылдан бастап корпоративтік  және қаржы секторын өнеркәсіптік  қайта құру саясаты жүргізіле  бастады. Ол кейіннен өнеркәсіп, еңбек нарығы, валюта операциялары, капитал нарығының дамуына мүмкіндік берді. Бұл саясаттың негізгі құраушысы тікелей шетелдік инвестициялар тартуды либерализациялау туралы жаңа заңның қабылданумен қарапайым, оның құқық жүйесінің жасалуы болды.

     Корей Республикасының инвестициялық  саясатының негізгі бағыттары:

  • Нарықтық механизмдерді енгізу;
  • Бұрын жабық болған салалардың ашықтығы;
  • Фирмалардың халықаралық бірігуі мен  толық либерализациялануы;
  • Капитал нарығын либерализациялау.

     Инвестициялық саясаттың негізгі принциптері:

  • Инвесторлар тұрғысынан қолайлы тікелей шетелдік инвестицияны қолдау жүйелерінің шектерін анықтау;
  • Тікелей шетелдік инвестициялар жүйесін құруда  биліктің жергілікті органының орталық рөлді алуы.

     1998 жылы тікелей шетелдік инвестицияларға 21 сала толығымен және 31 сала жартылай жабылды. Жаңа заң жүйесінің енгізілуі ұлттық  эконоиканы либерализациялады, нәтижесінде толығымен жабылған салалар саны 7-ге, жартылай жабылғандар 15-ке қысқарды. Осылайша, Оңтүстік Корея экономикасының 1148 секторының тек 7-уі тікелей шетелдік инвестициялар толығымен жабылды. Олар – ішкі суларда балық аулау, жағалаудағы суларда балық аулау, етті жаппай сату (2000 жылы қаңтарда тікелей шетелдік инвестициялардың үлесі 50%-ға өсті)  телебағдарламалар тарату, бұқаралық ақпарат көздері  (2000 жылы қаңтарда тікелей шетелдік инвестициялар үлесі 25% өсті), мал өсіру.   

     Жартылай жабылған 15 сала болды:  газет шығару  (либерализациялау  деңгейі 30% төмен), журнал шығару (25% төмен), телекоммуникация саласы (33 %), кабельдік радио тарату (33%), электр энергиясын өндіру, авиациялық тасымалдау, дәнді дақыл өндіру (күріш, арпа).

        Қазір шетелдіктер қолдағы облигацияларды қандайда бір шектеусіз инвестициялай алады. Шетелдік инвесторларға жерді иемденуге шектеулерді жойды. Егер резидент емес  физикалық тұлғалар бұрын меншікке жердің бір бөлігін ғана алатын болса ( үй салу үшін 60 м² кем емес, коммерциялық  емес мақсатта 165 м² кем емес), енді ол шектеулер алынып тасталды. Шетелдік заңды тұлғалардың жер учаскесін сатып алуға лимиттер жойылды.

         Осы және өзге шаралар ұлттық  экономиканың ашықтығының дәрежесін  99,4% жоғарлатты. Сонымен бірге оңтүстіккореялық инвестициялық саясаттың мынандай сипатын да атап кетуге болады: инвестицияларды тартуға рұқсат беру процедурасының жеңілдеуі. Осыдан кейін қорғаныс саласынан басқаларға капитал салуға мемлекеттің рұқсаты қажет емес. Барлық рұқсат етілген инвестицияның формалары Үкіметке шетел валютасы Банкі мен инвестициялық қызметкер жөніндегі Корей орталығы арқылы жеткізіледі.  Шетелдік капиталды салу кезінде дайындайтын құжаттардың жартысы қысқарады.

        Осылайша, 90 жылдары жасалған жүйе   неғұрлым қарапайымдалған. Оңтүстіккореялық инвестициялық саясаттың тағы бір белгісі –анықтылықтың жоғары деңгейі. Жаңа ереже бойынша Қаржы және экономика министрі  жыл сайын тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың әрекет етіп жатқан шектеулерін жариялайды. Осындай алғашқы хабарлама 1999 жылы қаңтарда жарияланған. Оңтүстіккореялық үкіметтің оң инвестициялық климатты қалыптастыру бағытында жасаған шаралары батыс инвестициясының көптеп тартылуына әкелді. 1993-1998 ж.ж. тікелей шетелдік инвестициялар өсімінің орташа қарқыны 50%құрады. Ең жақсы нәтижелерге 1997 жылы ОЭСР-ға ену және либерализациялау арқылы қол жеткізілді.

        Осымен бірге негізгі рол мұнай  химиясы, туризм, қаржыға бағытталды. Негізгі инвестор АҚШ, Жапония, ЕО мемлекеттері болды. Олардың экономикадағы капитал салымдары үнемі өсуде. Егер 1996 жылы осы мемлекеттердің инвестициялық үлесі 68% болса, 1998 жылы 71,9% болды. Екі жыл ішінде жапондық тікелей шетелдік инвестициялар 89%-ға өсті - 266 млн. доллардан  503 млн долларға. ЕО мемлекеттерінен келген инвестиция көлемі 25% өсті, ал АҚШ-тан келген тікелей шетелдік инвестициялар 67%-ға төмендеді(3190 млн.доллардан 2976 млн долларға).

2003 жылы  Кореяға 6,3 млрд АҚШ доллары  тікелей шетел инвестициясы құйылса, 2008 жылы ол 11,7 млрд АҚш долларын  құрады. 2011 жылы Оңтүстік Кореяның ЖІӨ-і дүниежүзі бойынша 12-ші орынға ие[3].

 

Шығыс Еуропа мемлекеттерінде инвестицияларды  ынталандыру мен мемлекет иелігінен  алу

     Шығыс Еуропаның үш мемлекеті - Венгрия, Чехия, Словенияның көптеген ортақ белгілері бар:

 - ашық экономика;

- дамыған инфрақұрылым;

 - жұмыс күші квалификациясының жоғары деңгейі;

 - ЕО мемлекеттерімен ортақ шекараның болуы;

 - ЕО қатысты адекватты сауда саясаты.

      Бірақ аталған мемлекеттер өз экономикасының трансформациясының түрі мен сипаттамасы және 90ж. кездескен экономикалық мәселелері бойынша ерекшеленеді. Венгрияда үлкен сыртқы қарыз көлемі қалыптасса, Чехия мен Словенияда қарыз көлемі көп емес болды.

       Бұл үш мемлекет кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың әр түрлі тәсілдерін қолданды. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық - ірі мемлекеттік компанияларды мемлекет иелігінен алу мен осы процестің масштабы болды.

        Венгрияда жекешелендіру мына бағыттар бойынша жүргізілді:

  • шетелдік инвесторлар үшін қолайлы құқықтық режимді қолдану;
  • «саse-by-case» принципі бойынша ірі мемлекеттік кәсіпорындарды сату;
  • қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу.

         Чехияда мемлекет иелігінен алу  екі процеске негізделді:

-  360 ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке сату;

-  қалған ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындарды ваучерлік бағдарлама негізінде сату.

         1980 ж. аяғында Венгрия мен Чехия қатаң орталықтанған бақылау және мемлекеттік жоспарлаумен ерекшеленді. Олардан өзгешелігі Словения нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік салаға бағытталғаны негізінде әр түрлі жеке меншік формасын қолданды. Мемлекет басшылығы ішкі мемлекет иелігінен алу жолымен жүрді: акцияның бақылау пакеті ұлттық кәсіпкерлер қолында сақталды. 1990ж. ішінде қаржы қызметтері мен телекоммуникация нарығы либерализацияланбай қалды.

         Үш мемлекеттегі кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың түрлі жолдары тікелей шетелдік инвестициялар тарту көлеміне әсер етті. Шетелдік инвесторларды белсенді түрде іздестірумен айналысқан Венгрия өтпелі экономикасы бар елдер ішінде бірінші орынға шықты, Чехия екінші орында болса, ал Словения олардан қалып қойды (мемлекет иелігінен алудың сыртқы түрі бұл елдерде тікелей шетелдік инвестициялар тартудың негізгі кедергісі болды).

Информация о работе Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында тиімді пайдалану