Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2015 в 19:56, курсовая работа
Краткое описание
Жұмыстың мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру. Осы мақсатқа жетудегі міндеттер: - Инвестициялық саясатының жалпы түсінік ретінде экономикалық мәнін ұғу; - «Қазагро» Ұлттық басқарушы холдингі мысалы ретінде инвестициялық саясатын талдау; - Қазақстан Республикасында инвестицияларды қаржыландыру ерекшеліктерін анықтау; - Қазақстандағы жағымды инвестициялық климаттың қалыптасуына әсер ететін жағдайларды қарастырып, перспективаларын анықтау;
Содержание
КІРІСПЕ І. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 1.1 Мемлекеттің инвестицялық саясаты түсінігі және оның мәні 1.2 Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясатының қалыптасу көздері ІІ «ҚАЗАГРО» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЫСАЛ РЕТІНДЕ 2.1 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыру 2.2 Қарағаднды қаласының аылшаруашылық өндірісін дамытудың инвестициялық саясаты ІІІ ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИВЕСТИЦИЯЛЫҚ
САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инвестицялық
саясаты түсінігі және оның
мәні
1.2 Мемлекеттің құрылымдық
инвестициялық саясатының қалыптасу көздері
ІІ «ҚАЗАГРО» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ
ХОЛДИНГІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЫСАЛ
РЕТІНДЕ
2.1 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы
холдингінің инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру
2.2 Қарағаднды қаласының аылшаруашылық
өндірісін дамытудың инвестициялық саясаты
ІІІ ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Инвестициялық саясат дегеніміз
– халық шаруашылығының әр түрлі салаларында
пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал
жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді
пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға
шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте
тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын
көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы.
Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе,
әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық
табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.
Инвестициялық саясат күрделі қаржыны,
қорларды өндіретін , өндейтін және ол
өнімдерді пайдаланатын салалар арасында
дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек.
Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс
орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық
жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға
бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған
күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру
көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу
кезінде инвестициялық саясат сұранысты
қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Мемлекеттің технологиялық
мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың
шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция
нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде
мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс
таңдау басымдығы қашанда арта түседі.
Өйткені мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы,
болжам жасай алуы және сабақтастық инвестициялық
жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға
қажетті жағдай туғызады. Соның бір көрінісі
Қазақстандағы отандық және шетелдік
кәсіпкерлерге қолайлы ортаның жасалып
отырғандығы деуге болады.
Инвестициялық саясат – инвестициялардың
неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын
шаралар жүйесі; өндірісті, кәсіпкерлікті
дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі
нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші
субъектінің (кәсіпорынның, фирманың,
компанияның, т.б.), аймақтың, елдің ішінде
де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де
қаражат (инвестиция) салудың көлемін,
құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық
шешімдерінің жүйесі.
Жұмыстың мақсаты – тұрақты
экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында
бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы
және ғылымды қажетсінетін өндірісті
дамытуға басым тәртіппен бағытталатын,
сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына кіруіне
барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын
ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары
деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі
қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық
саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік
баға беру.
Осы мақсатқа жетудегі міндеттер:
Инвестициялық саясатының жалпы түсінік ретінде экономикалық мәнін ұғу;
«Қазагро» Ұлттық басқарушы
холдингі мысалы ретінде инвестициялық
саясатын талдау;
Қазақстан Республикасында
инвестицияларды қаржыландыру ерекшеліктерін
анықтау;
Қазақстандағы жағымды инвестициялық
климаттың қалыптасуына әсер ететін жағдайларды
қарастырып, перспективаларын анықтау;
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының
инвестициялық саясаттағы басты мақсаты
– ұлттық мүдделерін сақтай отырып шетелдік
инвестициялардың келуін ынталандыру
мен шетелдік және отандық инвестицияларды
экономиканың басым салаларына тарту
үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсаттан
туындайтын Қазақстандағы ең басты стратегиялық
міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық
өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік
беретін тікелей және «қоржындық» инвестицияларды
тарту болып келді. Қазақстан шетелдік
инвесторларға күрделі қаржылардың, технологиялардың,
басқару мен маркетинг саласындағы тәжірибенің
маңызды көзі ретінде қарай отырып, дәйексіз
және бұлыңғыр саясат нәтижесінде өзінің
ұлттық мүдделеріне қысым жасалуына жол
бермеуге тиіс.
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИВЕСТИЦИЯЛЫҚ
САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инвестицялық
саясаты түсінігі және оның мақсаты мен
міндеттері
Инвестициялық саясат
мемлекеттің экономикалық саясатының
бір бөлігі, сонымен қатар, мемлекеттің
экономикасына,шаруашылық субъектілерінің
кəсіпкерлік қызметіне əсер етуші құрал
болып табылады.
Мемлекеттің инвестициялық
саясаты – бұл инвестициялық қызметті
жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің
тиімділігін арттыру, əлеуметтік мəселелерді
шешу жəне басқа да əр түрлі жағдайларды
жасау бойынша шаралар жиынтығы.
Инвестициялық саясаттың
міндеттері:
• қаржы-несие саласын
түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды
жүзеге асыру жəне төлемсіздік дағдарысын
шешу;
• жекешелендіруді
аяқтау жəне бəсекелі экономикалық
ортаны құру;
• құрылымдық қайта
құруды жүзеге асыру, тиімді ұлттық экономиканы
құру;• жоғары технологияларды енгізу
негізінде өндірісті жетілдіру;
• инвестициялық климатты
жақсарту жəне қор нарығын дамыту мақсатында
заң шығаруды жетілдіру;
• салық жүйесін, несиелерді,
кеден, баж салықтарын пайдалана отырып,
инвестициялық белсенділікті экономикалық
реттеудің жаңа жəне нарықтық əдістерін
енгізу.
Мемлекеттік инвестициялық
саясатының стратегиялық мақсаты экономикалық
өсудің нақты, тұрақты жəне үдемелі қарқынын,
прогрессивті құрылымдық жылжуды, өндірістің
мо- дернизациясын қамтамасыз ете алатын,
əлеуметтік мəселелерді жəне елдің экономикалық
қауіпсіздігі мəселесін шеше алатын инвестициялық
ресурстарды құру мен тиімді пайдалану
үшін ұйымдастыру шылық-экономикалық
жəне нормативтік-құқықтық/жағдай туғызу
болып табылады.
Инвестициялық саясаттың
құрылымы келесілерден тұрады:
• салықтар жəне салықтық
жеңілдіктер;
• несие саясаты
• кəсіпорындар мен
ұйымдардың инвестициялық қызметін реттеу
нысандары мен құралдарын таңдаудағы
банктің функцияларын кеңейту;
• амортизациялық
саясат;
• монополияға қарсы
шаралар;
• инвестициялармен
танысу;
• орталықтандырылған
инвестициялау;
• жер мен жер қойнауы
ресурстарын пайдалану шарттары;
• бағалы қағаздар
шығару жəне олардың айналымы.
Инвестициялық саясаттың
тиімділігі – инвестициялық климатты
жағымды жағына қарай өзгерту дəрежесімен
анықталады.
Мемлекет келесідей
саясаттар арқылы инвестициялық белсенділікке
əсер етеді:
• амортизациялық
саясат;
• ғылыми-техникалық
саясат;
• шетелдік инвестицияларды
тарту бойынша саясат;
• салық саясаты.
Амортизациялық саясат
дегеніміз – мемлекеттің амортизация
лық аударымдарды есептеу мен пайдалану
тəртібін бекіте отырып, ұдайы өндіріс
жылдамдығын жəне сипатын реттеуі болып
табылады. Мемлекеттің ғылыми-техникалық
саясаты деп – ғылыми-техниканың дамуы
жəне олардың нəтижелерін халық шаруашылығына
енгізетін шаралар жүйесін айтамыз. Шетелдік
инвестицияларды тарту бойынша саясат
дегеніміз– қолайлы инвестициялық климат
құру арқылы елімізге шетелдік инвестицияны
тарту болып табылады. Салық саясаты –
деп белгілі бір жеңілдіктер беру арқылы
инвестициялық саясатқа əсер ету, сонымен
қатар салықтық жəне кедендік баж салығы
бойынша ынталандыру мен жеңілдіктер
беруді айтамыз. Инвестициялық саясаттың
негізгі мақсаты – отандық экономи каның
өсуіне жəне қоғамның өндіріс тиімділігін
көтеруге бағытталған инвестициялық қызметті
белсендендіру болып табылады.
1.2 Мемлекеттің құрылымдық
инвестициялық саясатының қалыптасу
көздері
Ең алдымен аса маңызды
екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек:біріншіден,халық
шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне
нарықтық механизм әсер ете алмайды,сондықтан
бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан
реттеу қажет;екіншіден,өзгерістерді
инвестициялық процестермен және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің инвестициялық
белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста
қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық
реттеу мәселесін шешу мүмкін емес.Сондай-ақ,болашақтағы
ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің
қажеттілігі-әсіресе экономиканы басқарудың
жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер
қабылдауға қатысты мақсатты сипатта
болады.
Экономикадағы құрылымдық
өндірістерді сипаттайтын көрсеткіштер
жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің
экономикалық саясатын жүзеге асыру мен
болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға
қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық
шараларға байланысты.
Басқаша айтқанда,
жалпы мемлекеттік экономикалық саясат-макроэкономикалық,салық
және аймақтық деңгейлерде құрылымдық
саясатты қалыптастыру негізі болып табылады.
Макроэкономикалық
тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты
қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды
қамтамассыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер
жатады.Олар:қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері
арасындағы,аралық және дайын өнім,өнеркәсіптегі
өндіріс құралдарының өндірісі(«А» өнімі),ұлттық
табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау,өндірістік
және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау,
құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс
жабдықтарына шығын жұмсау аралығындағы
қатынастар.Олардың негізінде тиімділікке
қол жеткізу дегеніміз-қоғамның табиғи-шикізат,
материалдық-техникалық және интеллектуалдық
қорларын қолдана отырып,халықтың материалдық
және мәдени қажеттіліктерін,жақсы тұрмыс
жағдайын қамтамассыз ету. Мұнда аталған
мәселені шешуді тездетудің негізі әрдайым
аз шығын жұмсап көп нәтижеге қол жеткізуге
бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық
модулі.
Макроэкономикалық
салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының
салалық құрамына да әсер етеді.Өйткені
мұнда өндірістерді жүзеге асырудың маңызды
тетігі макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай
әсер ететін салалық басымдықтарды ғылыми
негіздеу болып табылады.Республикамыздың
жағдайында салалық құрылымның тиімді
жағдайын анықтау-экономиканың шикізаттық
бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен
тығыз байланысты.
Болашақтағы салалық
өзгерістерді негіздеу де ескерілетін
маңызды фактор-жиынтық сұраныс құрылымы
жайлы болжамды мәліметтер. Олар ішкі
қорлармен импортты алмастыратын өндірісті
ұйымдастыру есебінен тиісті жиынтық
ұсыныс құрылымын қажет етеді. Әлемдік
тәжірибе, басқа елдерден алынатын ресурстар
экономикалық егемендікті нығайтуға септігін
тигізбейтіндігін дәлелдеп отыр. Ал, егерде
мәселе азық-түлік өнімдеріне деген сұранысты
өтеу жөнінде болса,онда импортқа бағытталу
елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін
айтарлықтай нашарлатады.
Дағдарысты жағдайдан
шығу және экономиканы дамыту-ұлттық табыстағы
өндірістік қор жинау үлесін арыттыруға
байланысты. Ал бұл, өз кезегінде әсіресе
барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын
шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын
арыттыруды қажет. Мұнда да шетелдік технологиялық
инвестицияларға бағытталуға болады және
бағытталу керек деген жаңсақ пікірлер
бар. Шетелдік технологиялық инвестицияларға
толықтай бағытталу, біріншіден, отандық
машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру
мен автоматтандыруды қамтамассыз ететін
салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін,
екіншіден, елде техникалық процестің
негізгі бағыттары бойынша күрделі және
қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге
қажеттілік төмендеуі мүмкін. Бұл екі
жағдайда да өндірісте интеллектуалдық
ұтылыс анық байқалады, ал оны болдырмау
үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын
қалыптастыруда халық шаруашылығының инфрақұрылымдық
және әлеуметтік салаларының өндірістік
негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін
арттыру мүдделерінің көзделуі тиіс.
Мұндай саясатты қалыптастыру
қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре
отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді
игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл
республиканың экспорттық әлуетін арттыру
–шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға
сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік
беруі қажет. Сол арқылы экономиканың,
оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттың
бағытын жою мүмкін болар еді.
Мемлекеттің құрылымдық
саясаты, ең алдымен макроэкономикалық
деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап,
жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық
және инвестициялық саясаттарды тығыз
байланыстырғанда ғана шынайы болады.
Инвестициялық саясат
маңызды үш бағытта жүргізіледі:
мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану
арқылы;
ішкі несие қорлары
мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын
тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
шетелдік инвестициялар
тарту мен тиімді пайдалану механизмі
арқылы;
Осы бағыттар ішінен
басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының
барынша тиімді аймақтық – салалық құрылымын
қолдау мақсатында олардың үйлесімін
қамтамасыз ету –мемлекеттің инвестициялық
саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру
барысында Қазақстан Республикасының
Президенті бекіткен күрделі ұлттық бағдарламаларды
іске асыру қажеттілігі де ескеріледі
Іс жүзінде, белгілі
мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің
құрылымдық – инвестициялық саясатының
бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан
айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша
анықталуы тиіс. Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер,
ресурстық база, механизмдер, объекті
мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің
өзі де салалардың, аймақтар мен тұтастай
халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік
даму жоспарларында көрініс табатындығын
білдіреді.